Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі Күшін жойған



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет52/65
Дата27.12.2019
өлшемі0,88 Mb.
#25027
түріКодекс
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   65

 
       3) осы Кодексте көзделген мерзімдер, рәсімдер және талаптар ескерілмей 
жарияланған жағдайда; 
 
       4) адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіретін жағдайларда; 
 
       5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда заңсыз 
болып танылады. 
 
       Осы тармақта көрсетілген негіздердің біреуі болғанда, сот тиісті шешім 
шығарғанға дейін прокурор ереуілді тоқтата тұруға құқылы. 
 
       2. Темір жол көлігі, азаматтық авиация, денсаулық сақтау ұйымдарында, 
халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда (қоғамдық көлік, сумен, 
электр энергиясымен, жылумен, байланыспен қамтамасыз ету) ереуіл жергілікті 
атқарушы органмен алдын ала келісу 
 
 негізінде айқындалатын халыққа қажетті тиісті қызмет көрсетулердің тізбесі мен 
көлемі сақталған жағдайда өткізіледі. 
 
       Үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде ереуіл негізгі жабдықтардың, 
тетіктердің іркіліссіз жұмысы қамтамасыз етілген жағдайда ғана өткізілуі мүмкін. 
 
      3. Ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімді сот Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес қабылдайды. 
 
      4. Ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімді сот жұмыс берушінің немесе 
прокурордың өтініші бойынша қабылдайды.
 
      Сот шешімі қызметкерлерге ереуілді басқаратын орган арқылы жеткізіледі, ол 
ереуілге қатысушыларды сот шешімі туралы дереу хабардар етуге міндетті, ал ереуілді 
басқаратын орган болмаған кезде – тікелей жұмыс беруші жеткізеді.
 
      Жұмыс беруші сот шешімінің мәтінін көпшілікке көрінетіндей қолжетімді 
жерлерде орналастыруды қамтамасыз етеді.
 
      Ереуілді заңсыз деп тану туралы сот шешімі дереу орындалуға, ал ереуіл 
тоқтатылуға тиіс.
 
      Адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда прокурор 
немесе сот тиісті шешім қабылданғанға дейін ереуілді тоқтата тұруға құқылы.
 
      5. Ереуілді басқарушы органның сот шешіміне Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқығы бар.
 
      6. Сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға арандатушы адамдар 
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапты болады.
 
      
Ескерту. 303-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.13 
N 553-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 
2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен 
соң қолданысқа енгізіледі), 03.07.2014 
№ 227-V
 (01.01.2015 бастап қолданысқа 
енгізіледі) Заңдарымен.
 
      304-бап. Ереуілдерді заңсыз деп танудың салдары 
 
      Сот ереуілді заңсыз деп танығанда, жұмыс беруші ереуілді ұйымдастыруға немесе 
өткізуге қатысқан қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тартуы мүмкін. 
 
      305-бап. Локаутқа тыйым салу 
 
      Ереуіл өткізуді қоса алғанда, ұжымдық еңбек дауын реттеу барысында локаутқа, 
яғни қызметкерлердің ұжымдық еңбек дауына немесе ереуілге қатысуына байланысты, осы 
Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 19) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, 
солармен жасалған еңбек шарттарын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға тыйым 
салынады.
 
      
Ескерту. 305-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
   5-БӨЛІМ. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ  
   33-тарау. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ  
 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ  


 
      306-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
 
                саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі
 
                бағыттары 
 
      Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат: 
 
      1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан 
Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге және қабылдауға;
 
       2) 
алып тасталды - ҚР 03.07.2013 
№ 124-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
 
       3) еңбек жағдайларын, оның қауіпсіздігі мен қорғалуын әзірлеу және жақсарту, 
қауіпсіз техникалар мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті қорғау, 
қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өндіру жөніндегі қызметті 
экономикалық ынталандыру жүйелерін құруға және іске асыруға; 
 
       4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті жүзеге 
асыруға; 
 
       5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми 
зерттеулер жүргізуге; 
 
       6) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды есепке алудың 
бірыңғай тәртібін белгілеуге; 
 
       7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы 
заңнамасының сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауға; 
 
       8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің 
құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру 
тәртібін нормативті түрде бекітуге; 
 
       9) өндірістегі жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан зардап шеккен 
қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғауға; 
 
       10) ауыр жұмыс және өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы 
техникалық деңгейінде жойылмайтын зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдайлары 
бар жұмыс үшін еңбекақы төлеу шарттарын белгілеуге; 
 
       11) еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау жөніндегі отандық және 
шетелдік озық жұмыс тәжірибесін таратуға; 
 
       12) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды даярлауға 
және олардың біліктілігін арттыруға; 
 
       13) 
Алынып тасталды - ҚР 2010.03.19 
№ 258-IV
 Заңымен.
 
       14) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы біртұтас ақпараттық 
жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге; 
 
      15) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық 
ынтымақтастыққа бағытталған.
 
      
Ескерту. 306-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.19 
№ 258-IV
; 03.07.2013 
№ 124-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      307-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
 
               саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау және
 
               қадағалау
 
      Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, 
бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, еңбек жөніндегі 
уәкілетті мемлекеттік орган, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган және өз 
құзыретіне сәйкес өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
 
      
Ескерту. 307-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013 
№ 102-V
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
 
      308-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
 
                жөніндегі талаптар 
 


жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау