Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі Күшін жойған



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет38/65
Дата27.12.2019
өлшемі0,88 Mb.
#25027
түріКодекс
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   65

 
еңбек және (немесе) ұжымдық шартқа сәйкес күнтiзбелiк отыз күнге дейін ұзартылуы 
мүмкін.
 
      Теңіз кемелері экипаждарының мүшелері үшін қызметкердің келісімімен вахтаның 
ұзақтығы күнтiзбелiк бір жүз жиырма күнге дейін ұзартылуы мүмкін.
 
      
Ескерту. 212-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 
N 369-IV
(алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, 
өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      213-бап. Вахталық әдіспен жұмыс істеу кезінде жұмыс 
 
                уақытын және тынығу уақытын есепке алу 
 
      1. Жұмыстың вахталық әдісі кезінде айлық, тоқсандық немесе өзге де неғұрлым 
ұзақ, бірақ бір жылдан аспайтын кезең ішіндегі жұмыс уақытының жиынтық есебі 
белгіленеді. 
 
       2. Есептік кезең жұмыс уақытын, демалыс уақытын, жұмыс беруші 
 
 орналасқан жерден немесе жиналатын жерден жұмыс орнына дейінгі және одан кері 
қайту жолының уақытын қамтиды. Бұл ретте, есептік кезеңдегі жұмыс уақытының жалпы 
ұзақтығы осы Кодексте белгіленген нормалардан аспауға тиіс. 
 
       3. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын вахтааралық тынығу кезеңінде бөліп 
беруге жол берілмейді. 
 
       4. Жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін әрбір қызметкердің жұмыс 
уақыты мен тынығу уақытының есебін ай бойынша және барлық есептік кезең бойынша 
жүргізуге міндетті. 
 
   22-тарау. ҮЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  
      214-бап. Үй қызметкерлерімен еңбек шартын жасасу және 
 
                тоқтату ерекшеліктері 
 
      1. Үй қызметкерлері деп, егер жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) жұмыс 
берушінің және (немесе) жұмыс беруші үшін пайда алу мақсатында орындалмаса 
(көрсетілмесе), жұмыс беруші жеке тұлғаларда отбасының бір немесе бірнеше мүшесі 
жүргізетін үй шаруашылығындағы жұмыстарды орындайтын (қызметтер көрсететін) 
қызметкерлер танылады.
 
       2. Жұмыс беруші үй қызметкерін жұмысқа қабылдау не онымен еңбек қатынастарын 
тоқтату туралы акт шығармайды және еңбек кітапшасына оның жұмысы туралы мәліметтер 
енгізбейді. 
 
       3. Үй қызметкерінің еңбек қызметі еңбек шартымен расталады. 
 
      4. Үй қызметкерімен еңбек шарты тоқтатылғаны (бұзылғаны) туралы жазбаша 
ескертудің мерзімі, сондай-ақ жұмысынан айырылуға байланысты өтемақы төлеу 
жағдайлары мен мөлшері еңбек шартында белгіленеді.
 
      
Ескерту. 214-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.12.2013 
№ 153-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі).
 
      215-бап. Үй қызметкерлерінің жұмыс уақыты мен тынығу 
 
                уақытының режимі 
 
      1. Үй қызметкерлеріне осы Кодексте белгіленген жұмыс уақыты мен тынығу уақыты 
ұзақтығының нормалары қолданылады. 
 
       2. Үй қызметкерінің жұмыс режимі, оларға демалыс күндерін, жыл сайынғы ақылы 
еңбек демалысын беру, оларды үстеме жұмыстарға, түнгі уақытта, демалыс және мереке 
күндері жұмысқа тарту тәртібі еңбек шартында айқындалады. 
 
      216-бап. Тәртіптік жазаны қолдану және алып тастау 
 
                тәртібі 
 
      Үй қызметкеріне қатысты тәртіптік жазаны қолдану және алып тастау тәртібі 
еңбек шартымен айқындалады. 
 


 
      217-бап. Жеке еңбек дауларын шешу 
 
      Үй қызметкері мен жұмыс берушінің арасындағы жеке еңбек даулары тараптар 
келісімімен және (немесе) сотта шешіледі. 
 
      218-бап. Үй қызметкерімен еңбек шартын бұзу 
 
      Үй қызметкерімен еңбек шартын бұзу еңбек шартында көзделген негіздер бойынша 
жүргізіледі. 
 
   23-тарау. ҮЙДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ  
 ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  
      219-бап. Үйде жұмыс істейтін қызметкерлер 
 
      1. Жұмыс берушімен жұмысты өз материалдарымен және өзіндік немесе жұмыс 
беруші бөліп беретін не жұмыс беруші қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды
құрал-саймандар мен құрылғыларды пайдаланып, үйде жеке еңбегімен орындау туралы 
еңбек шартын жасасқан адамдар үйде жұмыс істейтін қызметкерлер деп есептеледі. 
 
       2. Қызметкердің жұмысты үйде орындауы еңбек шартын жасасқан кезде, сол 
сияқты еңбек шартының қолданылу мерзімі ішінде еңбек шартына тиісті өзгерістер 
енгізе отырып белгіленуі мүмкін. 
 
      220-бап. Үйде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек 
 
                жағдайлары 
 
      1. Үйде істелетін жұмыс қызметкердің денсаулық жағдайына қайшы келмейтін және 
оларды орындау үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар 
қамтамасыз етілген жағдайда ғана орындалуы мүмкін. 
 
       2. Үйде істелетін жұмыстарды орындауға арналған еңбек шартында: 
 
       1) жұмысты қызметкерге меншік құқығымен тиесілі немесе жұмыс беруші бөліп 
беретін не жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды
материалдарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды пайдаланып орындау; 
 
       2) қызметкерді жұмысты орындау үшін шикізатпен, материалдармен, жартылай 
дайын өнімдермен қамтамасыз ету тәртібі мен мерзімдері; 
 
       3) дайын өнімді алып шығу тәртібі мен мерзімдері; 
 
       4) қызметкерге төленетін өтемақы және өзге де төлемдер туралы талаптар 
міндетті түрде көзделуге тиіс. 
 
      221-бап. Үйде жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс 
 
                уақыты мен тынығу уақытының режимі, еңбек 
 
                қауіпсіздігін және еңбегін қорғауды қамтамасыз 
 
                ету жағдайлары 
 
      Жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, жұмыс берушінің қызметкердің жұмыс 
уақыты режимін сақтауын бақылау ерекшеліктері, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті 
қорғауды қамтамасыз ету және үйде жұмыс істейтін қызметкер үшін осы талаптардың 
сақталуы жөніндегі жағдайлар еңбек шартында белгіленеді.
 
   23-1-тарау. Қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегін реттеудің 
ерекшеліктері 
      Ескерту. Кодекс 23-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
Заңымен.
 
      221-1-бап. Қашықтықтан жұмыс істеу
 
      Қашықтықтан жұмыс істеу жұмыс процесінде ақпараттық және коммуникациялық 
технологияларды пайдаланып, еңбек процесін жұмыс беруші орналасқан жерден тысқары 
жерде жүзеге асырудың айрықша нысаны болып табылады.
 
      221-2-бап. Қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің
 
                  еңбек жағдайлары
 
      1. Жұмыс беруші қызметкерге коммуникация құралдарын (байланыс құралдарын) 
береді және оларды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды көтереді. 


жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау