Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі Күшін жойған



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет17/65
Дата27.12.2019
өлшемі0,88 Mb.
#25027
түріКодекс
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   65

 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 
21.06.2013 
N 106-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен 
соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      57-бап. Қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу 
 
      1. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкер жұмыс 
берушіге кемінде бір ай бұрын жазбаша ескерте отырып, еңбек шартын өзінің бастамасы 
бойынша бұзуға құқылы. 
 
        2. Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша осы 
баптың 1-тармағында көзделген ескерту мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін. 
 
        3. Еңбек шартын бұзу жұмысты жалғастыру мүмкіндігінің болмауына байланысты 
жағдайларда, қызметкер еңбек шартын өтініште көрсетілген мерзімде бұзу туралы жұмыс 
берушіге жазбаша ескертеді. 
 
        4. Қызметкер жұмыс берушінің еңбек шарты талаптарын орындамағаны туралы 
оған жазбаша хабарлауға құқылы. Егер жазбаша хабарланған күннен бастап жеті күн 
мерзім өткен соң жұмыс берушінің еңбек шарты талаптарын орындамауы жалғасқан 
жағдайда, қызметкер үш жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс берушіге жазбаша ескерте 
отырып, еңбек шартын бұзуға құқылы. 
 
        5. Қызметкер осы бапта көзделген ескерту мерзімі ішінде еңбек шартын бұзу 
туралы өтінішін жазбаша нысанда қайтарып алуға құқылы. 
 
        6. Осы бапта көрсетілген ескерту мерзімі өткен соң қызметкер жұмысты 
тоқтатуға құқылы, ал жұмыс беруші қызметкерге еңбек қызметіне байланысты құжаттар 
мен оған тиесілі ақшалай төлемдерді беруге міндетті. 
 
      7. Осы Кодексте қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін еңбек шартын 
қызметкердің бастамасы бойынша бұзудың ерекше тәртібі көзделеді.
 
      
Ескерту. 57-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      58-бап. Тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша 
 
              еңбек шартын тоқтату негіздері
 
      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      1. Еңбек шарты тараптардың еркінен тыс мына мән-жайлар бойынша: 
 
        1) 
алып тасталды - ҚР 27.06.2014 
N 212-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен 
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
 
      2) қызметкер не жұмыс беруші-жеке тұлға еңбек қатынастарын жалғастыру 
мүмкіндігін болғызбайтын жазамен сотталған сот үкімі заңды күшіне енген кезде;
 
      2-1) жергілікті атқарушы органдар шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты 
қайтарып алған кезде;
 
        3) қызметкер не жұмыс беруші-жеке тұлға қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ 
сот қызметкерді не жұмыс беруші - жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялаған немесе 
хабарсыз кетті деп таныған жағдайда; 
 
        4) сот қызметкерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі 
деп таныған, соның салдарынан қызметкердің бұрынғы жұмысын жалғастыруға мүмкіндігі 
болмайтын жағдайда; 
 
        5) бұрын осы жұмысты атқарған қызметкер жұмысына қайта алынған жағдайда 
тоқтатылуға тиіс. 
 
      2. Сот үкімінің, шешімінің заңды күшіне енген күні немесе қызметкердің қайтыс 
болған күні осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер 
бойынша еңбек шартының тоқтатылған күні болып табылады.
 
      
Ескерту. 58-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 


 
27.06.2014 
N 212-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн 
өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
 
      59-бап. Қызметкер еңбек қатынастарын жалғастырудан бас 
 
              тартқан кезде еңбек шартын тоқтату негіздері
 
      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      1. Қызметкер еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартқан кезде қызметкермен 
еңбек шарты: 
 
        1) қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа ауысудан бас 
тартқан; 
 
        2) еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты қызметкер жұмысты жалғастырудан 
бас тартқан; 
 
        3) жұмыс беруші - заңды тұлға қайта құрылған кезде қызметкер жұмысты 
жалғастырудан бас тартқан; 
 
        4) еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өндірістік жарақат алған, кәсіптік 
ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өндіріске байланысты емес өзге де зақым келген 
кезде қызметкер уақытша басқа жұмысқа ауысудан бас тартқан жағдайларда тоқтатылуға 
жатады. 
 
        2. Қызметкер еңбек қатынастарын жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан 
кезде ғана еңбек шартын тоқтатуға жол беріледі. 
 
      3. Қызметкердің уақытша еңбекке қабілетсіз болуы (оның ішінде жүктілігі және 
босануы бойынша) және демалысы кезеңінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-
жайлар бойынша еңбек шартын тоқтатуға жол берілмейді.
 
      
Ескерту. 59-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      60-бап. Қызметкердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) 
 
              ауысуына немесе оның лауазымға тағайындалуына 
 
              байланысты еңбек шартын бұзу
 
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында осындай лауазымдарды  атқаратын 
адамдарға ақы төленетін өзге лауазымдарда істеуге тыйым салу белгіленген болса, 
қызметкердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуына немесе лауазымға 
тағайындалуына байланысты онымен еңбек шарты бұзылады. 
 
       Қызметкердің жұмыс берушіні хабардар етуі және қызметкердің жұмысқа 
(лауазымға) сайлану немесе тағайындалу актісі негіз болып табылады. 
 
      61-бап. Еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы 
 
              салдарынан еңбек шартын тоқтату негіздері
 
      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      1. Егер еңбек шартын жасасу талаптарын бұзу еңбек қатынастарын жалғастыру 
мүмкіндігін болғызбаса: 
 
        1) медициналық қорытынды негізінде қызметкердің денсаулық жағдайына қайшы 
келетін жұмысты атқаруға еңбек шарты жасалған; 
 
        2) адамды белгілі бір лауазымдарды немесе белгілі бір қызметті атқару 
құқығынан айырған заңды күшіне енген сот үкімін немесе шешімін бұза отырып жұмысты 
орындауға еңбек шарты жасалған; 
 
      3) белгіленген тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алмай 
немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе алып 
тастауларды сақтамай, шетелдік азаматтармен және азаматтығы жоқ адамдармен еңбек 
шарты жасалған;
 
      3-1) осы Кодекстiң 26-бабының 2-тармағында аталған адаммен еңбек шарты 
жасалған;
 


жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау