Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі Күшін жойған



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет13/65
Дата27.12.2019
өлшемі0,88 Mb.
#25027
түріКодекс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   65

 
        2. 
Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап қолданысқа 
енгізіледі) Заңымен. 
 
        3. Жұмыс беруші қызметкердің еңбек кітапшасына (ол бар болған кезде) 
ұйымдағы еңбек қызметі туралы тиісті жазбалар енгізуге міндетті. 
 
      4. Еңбек кітапшасына еңбек шартын тоқтатудың себептері туралы жазбалар осы 
Кодекстің нормаларын көрсете отырып жүргізілуге тиіс.
 
      Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 
      36-бап. Еңбек шартындағы сынақ мерзімі туралы талап 
 
       1. Еңбек шартында қызметкердің тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің 
сәйкестігін тексеру мақсатымен сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін. Бұл 
талап еңбек шартында болмаса, қызметкер жұмысқа сынақ мерзімінсіз қабылданды деп 
есептеледі. 
 
        2. Сынақ мерзімі еңбек шарты күшіне енген кезден басталады. 
 
        3. Сынақ мерзімі кезеңінде қызметкерлерге осы Кодекстің нормалары, еңбек 
шартының, ұжымдық шарттың талаптары қолданылады. 
 
        4. Сынақ мерзімі қызметкердің жұмыс стажына қосылады және үш айдан аспауға 
тиіс. Қызметкер жұмыста іс жүзінде болмаған кезең сынақ мерзіміне есептелмейді. 
 
        5. Жұмысқа қабылдау кезінде: 
 
       тиісті лауазымға орналасуға конкурс бойынша жұмысқа қабылданатын адамдарға; 
 
      он сегіз жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта 
білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 
білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген, алған мамандығы бойынша жұмысқа алғаш 
кіретін, бірақ оларды бітірген күннен бастап бір жылдан кешікпей кіретін адамдарға;
 
       мүгедектерге сынақ мерзімі белгіленбейді. 
 
      Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 
N 320 
(қолданысқа 
енгізілу тәртібін 
2-баптан 
қараңыз), 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
09.02.2015 
№ 286-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн 
өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      37-бап. Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ нәтижесі 
 
      1. Сынақ мерзімі кезеңінде қызметкердің жұмысы теріс нәтиже берсе, жұмыс 
беруші сынақ мерзімі аяқталуына күнтізбелік жеті күн қалғаннан бастап қызметкерге 
жазбаша түрде ескертіп, бұл қызметкерді сынақ мерзімінен өте алмады деп тануға 
негіз болған себептерді көрсете отырып, онымен еңбек шартын бұзуға құқылы. 
 
       2. Егер сынақ мерзімі аяқталса және тараптардың ешқайсысы еңбек шартының 
бұзылуын талап етпесе, онда қызметкер сынақтан өткен болып есептеледі. 
 
       3. Жұмыс беруші сынақ мерзімі аяқталғанға дейін қызметкерді одан жоғары 
лауазымға тағайындаған жағдайда да қызметкер сынақтан өткен болып есептеледі. 
 
      38-бап. Еңбек шарты қолданылуының басталуы 
 
      1. Еңбек шартының қолданылуы оған тараптардың қолы қойылған күннен не шартта 
белгіленген күннен басталады. 
 
       2. Қызметкерді жұмысқа нақты жіберу еңбек шартына тараптардың қолы 
қойылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. 
 
      3. Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты болмаған және (немесе) тиісті үлгіде 
ресімделмеген жағдайда, ол Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен 
жауаптылықта болады. Бұл жағдайда еңбек қатынастары қызметкер жұмысқа кіріскен 
күннен бастап туындады деп есептеледі. 
 
      39-бап. Еңбек шартының жарамсыздығы 
 
      1. Еңбек шарты: 
 
        1) алдау, күш көрсету, қауіп төндіру арқылы ықпал етіп; 
 


 
        2) нақты немесе заңды салдар туғызу ниетінсіз (жалған еңбек шарты); 
 
        3) әрекетке қабілетсіз деп танылған адаммен; 
 
        4) осы Кодекстің 30-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген 
жағдайларды қоспағанда, он төрт жасқа толмаған адаммен; 
 
        5) ата-анасының біреуінің, қамқоршысының, асырап алушысының келісімінсіз, 
он алты жасқа толмаған адаммен жасалған жағдайларда, сот оны жарамсыз деп таниды. 
 
        2. Еңбек шартының жұмыс берушінің кінәсінен жарамсыз деп танылуы бұрынғы 
қызметкердің еңбегіне ақы алу, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған 
күндері үшін өтемақы төлемін, өзге де төлемдер мен жеңілдіктер алу құқығынан 
айрылуына әкеп соқпайды. 
 
        3. Еңбек шартының жұмыс берушінің немесе қызметкердің кінәсінен жарамсыз 
деп танылуы олардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылығына әкеп 
соғады. 
 
        4. Еңбек шартының жекелеген талаптарының жарамсыз деп танылуы еңбек 
шартының тұтастай жарамсыздығына әкеп соқпайды. 
 
      40-бап. Еңбек шартында келісілмеген жұмысты орындауға 
 
              тыйым салу 
 
      Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды 
қоспағанда, жұмыс беруші қызметкерден еңбек шартында келісілмеген жұмысты орындауды 
талап етуге құқылы емес.
 
      40-1-бап. Лауазымдарды қоса атқару (қызмет көрсету
 
                 аймағының ұлғаюы) және уақытша болмаған
 
                 қызметкердің міндеттерін орындау
 
      Қызметкерге оның жазбаша келісуімен еңбек шартында айқындалған жұмыспен 
қатар, осы Кодекстің 131-бабына сәйкес қосымша еңбекақы үшін басқа немесе осындай 
лауазым бойынша қосымша жұмысты атқару тапсырылуы мүмкін.
 
      Қызметкерге басқа лауазым бойынша тапсырылатын қосымша жұмыс лауазымдарды 
қоса атқару жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Қызметкерге өзінің лауазымы бойынша 
тапсырылатын қосымша жұмыс қызмет көрсету аймағын ұлғайту жолымен жүзеге асырылуы 
мүмкін. Уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін еңбек шартында айқындалған 
жұмыстан босатпай орындау үшін, қызметкерге басқа, сондай-ақ сол өзінің лауазымы 
бойынша қосымша жұмыс тапсырылуы мүмкін.
 
      Қызметкердің қосымша жұмыс атқаратын мерзімін, жұмыстың мазмұны мен көлемін 
жұмыс беруші қызметкердің жазбаша келісуімен белгілейді.
 
      Басқа тарапты үш жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша нысанда ескерте отырып 
қызметкердің қосымша жұмысты атқарудан мерзімінен бұрын бас тартуына, ал жұмыс 
берушінің оны орындау туралы тапсырмасының күшін мерзімінен бұрын жоюына құқығы 
бар.
 
      
Ескерту. Кодекс 40-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
Заңымен.
 
      41-бап. Қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру 
 
      1. Қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру деп: 
 
        1) қызметкер жұмысының (еңбек функциясының) өзгеруі, яғни жұмысты басқа 
лауазым, мамандық, кәсіп, біліктілік бойынша орындау; 
 
        2) орындау кезінде еңбек шартында келісілген еңбек жағдайлары (жалақы 
мөлшері, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, жеңілдіктер мен басқа да 
жағдайлар) өзгеретін жұмысты тапсыру; 
 
        3) жұмыс берушінің оқшауланған құрылымдық бөлімшесіне ауыстыру; 
 
        4) жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру есептеледі. 
 


жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау