Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат


Ата-аналар мен оқытушыларды балалар мен жасөспірімдердің психикалық күйзелістеріңің алғашқы көріністерін тану әдістеріне оқыту



жүктеу 2,83 Mb.
бет3/15
Дата20.01.2018
өлшемі2,83 Mb.
#7700
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

5.1.3.48. Ата-аналар мен оқытушыларды балалар мен жасөспірімдердің психикалық күйзелістеріңің алғашқы көріністерін тану әдістеріне оқыту

Осы тармақты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 528 бұйрығын әзірледі.


5.1.4.50. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша әлеуметтік роликтерді кұру және орталық республикалық телеарналарда олардың прокатын камтамасыз ету

Ішкі істер министрлігі конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізді:

- жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері бойынша әлеуметтік роликтер әзірлеуге (2012 жылғы 20 тамыздағы № 354 келісімшарт);

- олардың прокатын орталық республикалық телеарналарда қамтамасыз етуге (2012 жылғы 20 тамыздағы № 355 келісімшарт) келісімшарттар жасады және олар толық көлемде іске асырылды:

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша 6 әлеуметтік ролик (қазақ және орыс тілдерінде) әзірленді:

1. «Бізден қол үзбеңіздер!»;

2. «Абайлаңыздар, темір жол өтпесі!»;

3. «Мас адамды тоқтат!»;

4. «Қарсы жолақ»;

5. «Жаяу жүргіншілер өтпесі»;

6. Рульде ұялы телефон пайдалану.

Аталған бейнероликтердің прокаты «СТВ» республикалық телеарнасында жүзеге асырылды (барлығы 550 шығарылым).

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.
5.1.4.51. Жол қозғалысы қауіпсіздігіне нақты қауіп тудыратын тәртіп бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесу бойынша шараларды күшейту

Жол қозғалысы қауіпсіздігіне нақты қауіп-қатер тудыратын құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша шараларды күшейту шеңберінде жоспарлы жұмыс жүргізілуде. ЖҚЕ бұзушылықтарын фото-бейне тіркеу жүйелері енгізілуде, осылайша бүгінгі таңда олардың саны 219 бірлікті құрайды. Осындай жүйелерді пайдалана отырып, 463 мың жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтар анықталды, нәтижесінде жалпы сомасы 2,7 млрд. теңге айыппұл төлеу туралы 263 мың ұйғарым шығарылды, 1,2 млрд. теңгеге 112 мың ұйғарым орындалды.

Республиканың 500-ден астам жол полициясының патрульдік автомашинасы бейнетіркеуіштермен жабдықталды. Жылдамдықты тіркеудің 100-ге жуық қазіргі заманғы мобильді құралдары (радарлар) сатып алынды.

Республика бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін, ЖҚЕ сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған «Абайлаңыздар – балалар!», «Қауіпсіз жол», «Жаяу жүргінші» және т.б. жедел-профилактикалық іс-шаралары ұдайы өткізіледі.

Ағымдағы жылы барлығы 1,9 млн. жол жүрісі ережесін бұзушылық анықталды, оның ішінде көлік құралдарын мас күйде басқарған 42 мың жүргізуші ұсталды.

Жол жүрісі ережелерін дөрекі бұзғаны үшін сот 35 мың жүргізушіні көлік басқару құқығынан айырды, 5 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік қамауға тартылды.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.
5.1.4.52. Жол қозғалысы қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша республикалық телеарнада арнайы бағдарлама кұру

Ішкі істер министрлігі конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізді, жол қозғалысы қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша республикалық телеарнада арнайы бағдарлама құруға келісімшарт жасалды және толық көлемде іске асырылды (2012 жылғы 27 тамыздағы № 356 келісімшарт).

«Астана» телеарнасында қыркүйек және қараша айлары аралығында эфирге «Қауіпсіз жол» жол қозғалысы қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша 24 мамандандырылған бағдарлама (12 қазақ тілінде, 12 орыс тілінде) шықты. Бағдарлама апта сайын демалыс күндері көрсетілді.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.5.55. Апат медицинасы қызметінің жұмысын жетілдіру

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі апаттар медицинасы қызметінің жұмысын жетілдіру бойынша мынадай жұмыс жасады:

1) «Апаттар медицинасы қызметі туралы қағиданы бекіту туралы» 2010 жылғы 13 қазандағы №354 бұйрығы бекітілді;

2) «Күре жолдық медициналық құтқару пунктінің жауапты аймағында жол көлік оқиғалары кезінде өзара іс-қимыл тәртібі туралы» 2011 жылғы 27 маусымдағы № 274 біріккен бұйрығы бекітілді;

3) «Күре жолдық медициналық құтқару пунктінің жұмысы мен санитариялық әуе қызметімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» №278 біріккен бұйрығы бекітілді.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.5.56. Шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету бойынша трассалық пункттер құру

2012 жылы 6 трассалық медициналық-құтқару пункттері құрылды. Олардың жұмысы үшін шұғыл әрекет ету бригадалары құрылды, ал олардың қызметкерлері апаттан құтқару жабдығымен жұмыс жасау дағдыларын үйреніп, жұмыс жасауға рұқсат алды. Қажетті медициналық жабдық пен дәрі-дәрмек сатып алынды, сонымен қатар ағымдағы жылы медициналық құтқару реанимобильдерін жеткізуге келісімшарт жасалды.

Шұғыл медициналық-құтқару көмекгін көрсету бойынша трассалық пункттерді құруға 378 491,0 мың теңге бөлінді.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.5.56-1. Трассаларда шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету бойынша трассалық пункттердің жұмыс істеуі

2013 жылдың 1 қаңтардағы ахуалына ТМСК бригадалары ЖКА 423 рет барды. 899 зардап шеккенге көмек көрсетілді, оның ішінде 35 балаға. 399 адам емдеуге жатқызылды, оның ішінде 27 бала.

Трассалық пункттердің қызметі үшін 278 174,0 мың теңге бөлінді, игерілгені 277 896,4 мың теңге. Игерілмеген сома – 277,6 мың теңге. Оның ішінде:

- басқа қызметтер мен тауарларды сатып алудан 237,6 мың теңгені үнемдеу;

- өңірде монополиялық жағдайындағы «Мойынқұм РУТ» ұсынушысымен 40 мың теңгеге байланыс қызметіне шарт жасалған жоқ, себебі Тараптар байланыс қызметін көрсету шарт міндеттеріне келісімге келген жоқ.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.




5.1.5.57. Апаттар медицинасы қызметін медициналық жабдықтарымен және парашютті-десантты платформаларымен бірге 1 жиынтықта аэроұтқыр госпиталімен жарақтандыру

Апаттар медицина қызметін медициналық жабдықпен жарақтауға және парашютті-десантты платформаларымен бірге аэромобильді госпитальмен 1 жиынтықта 1 831 574,0 мың теңге бөлінді. Аэромобильді госпитальді сатып алуға конкурс әлеуетті ұсынушыдан өтінім түспегендіктен болған жоқ. 2012 жылға республикалық бюджетті нақтылау кезінде медициналық жабдықты және парашютті-десантты платформаларымен бірге аэромобильді госпитальмен 1 жиынтықты сатып алуға бөлінген 1 831 574,0 мың теңге сома қаржы республикалық бюджетке қайтарылды.


5.1.5.59. Санитариялық тікұшақтарды сатып алу және қызметін қамтамасыз ету

2012 жылы 6 бірлік ЕС-145 тікұшағы сатып алынды. «Ресей тікұшақтары» ОАО келісілген шарты бойынша Ка-32 сериялы санитариялық 2 тікұшақ 2012 жылғы мамырда жеткізілді.

2012 жылы Санитариялық әуе жөніндегі республикалық үйлестіруші орталығымен 1005 ұшу жүзеге асты, 1304 пациентке көмек көрсетілді.

Санитариялық әуені шақыру себептерінің құрамында – бірінші орында акушерлік тәжірибедегі жедел жағдайлар (28% - 370 жағдайлар, 2011 жылы 27% - 103 жағдайлар), сосын балалардағы жедел жағдайлар мен жарақаттар (17%). Жалпы 763 тасымалдау жасалды (2011 жылы - 219). 451 консультациялық қызмет көрсетілді (2011 жылы - 134). 90 операция орнында жасалды (2011 жылы - 27).

2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде (2012 жылғы 15 қазандағы №23 РБК) іс-шара бойынша тікұшақтар үшін жергілікті қызмет көрсету құралдарды сатып алуға жарияланбаған конкурсқа, ұшақжай сатып алу бойынша құрылған үнемділік, тікұшақтарды сатып алу бойынша бағадағы айырма және қосылған құн салығы сома қалдығына байланысты 975 332 мың теңге сомаға шығындар қысқартылды.

Осыған байланысты, 2012 жылы тікұшақтарды сатып алу және пайдалануды қамтамасыз етуге 18 507 642,0 мың теңге бөлінді, нақты орындау 17 898395,0 мың тенге құрады,оның ішінде санитариялық әуе қызметіне 2 208 000,0 мың теңге бөлінді, нақты орындау 1 708 038 мың теңгені құрады.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.
5.1.6.60. Туберкулезбен, АИТВ/ЖИТС-пен және басқа аурулармен ауыратындарға медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру мақсатында қылмыстық-атқарушылық жүйесінің емдеу-профилактикалық мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыруды нығайту

Ағымды жылы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының (одан әрі – Бағдарлама) шеңберінде ҚАЖ емдеу-профилактикалық мекемелеріне конкурс тәсілімен және баға ұсынысы тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша 5 флюороаппараты, 20 рентгенаппараты, 19 ЭКГ аппараты, 7 стоматологиялық қондырғы, 35 ультрадыбыстық диагностика аппараты, 31 гематологиялық анализатор, 1 торокальды хирургиялық жиынтық және 1 фиброгастродуоденоскоп, 2 генекологиялық орындық, үстелдер (медициналық, құралдық, манипуляционды), медициналық ширмалар,, кушеткалар, бактериоцидтты шамдар, ұзақ құйылатын штативтер және де басқалар 1044,5 мың теңгеге сатып алынып, орнатылды.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.6.61. Саламатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған, оның ішінде туберкулез, АИТВ/ЖИТС мәселелері жөніндегі ақпараттық материалдарды басып шығару және сотталғандар арасында тарату

Пенитенциарлық жүйедегі тұлғалар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары үшін саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, сондай-ақ сотталғандар арасында АИТВ/ЖИТС, туберкулездің таралуын болдырмау бойынша ақпараттық-танымдық материалдар жасалынып, таратылды (11 169 плакат, 6 042 буклет және 2 794 брошюра).

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.
5.1.6.62. АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша жұмыс істейтін ҮЕҰ әлеуетін арттыру, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар арасында өзараіс-кимылды нығайту

4 облыста (Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау, Атырау) АИТВ- инфекциясын профилактикалау бойынша инъекциялық есірткілерді пайдаланушы топтармен жұмыс істейтін ҮЕҰ қаржыландыру жүзеге асырылды. 971 ИЕТ-пен білім беру жұмысы жүргізілді, АИТВ-ге 689 ИЕТ тексерілді.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.
5.1.6.64. Бас бостандығынан айыру орындарында АИТВ ннфекциясының профилактикасы бағдарламасын іске асыру және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды әлеуметтік қолдау бағдарламасын іске асыру, Бас бостандығынан айыру орындарында АИТВ/ЖИТС-пен күрес үшін УЕҚ әлеуетін дамыту

Қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі - ҚАЖ) мекемелерінде АИТВ инфекциясының алдын алу бағдарламалары 7 өңірдегі ЖИТС-ке қарсы күрес және оның алдын алу жөніндегі аумақтық орталықтар арқылы және 9 өңірде үкіметтік емес сектор арқылы іске асырылады. Жұмыс 133 аутрич-қызметкер арқылы жүргізілді, олар «Тең теңге» әдісімен 39 540 адамды дайындады. ҚАЖ мекемелерінде тергеуге қамалған және сотталғандар арасында 2012 жылы мыналар таратылды: 696838 дана дезинфициялық таблетка, 661716 дана презерватив, 19301 дана ақпараттық-білім беру материалы. 130 әлеуметтік қолдау қызметі көрсетілді.



Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.
5.1.6.65. Емдеу аяқтаямаған, бас бостадығынан айыру орындарынан босатылған, туберкулезбен ауыратын науқас адамдарды іздестіру және емдеуді жалғастыру тетіктерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу

Ішкі істер министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірге ҚАЖ мекемелерінен босатылатын емдеу курсы аяқталмаған белсенді түрде туберкулез науқастарын емдеу, қадағалау және диспансерлік есепке алу бойынша іс-шаралар Жоспары құрастырылып бекітілді. ҚАЖ медициналық қызметтерімен туберкулез науқастарының босатылуға жатқызылғандарының тізімі алдын ала жасалынады және босатылуға дейін 2 ай бұрын осы тізімдер облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне жіберіледі. Сонымен қатар науқастың паспорттық мәліметтерін, диагнозын, емінің басталуы және т.б. көрсетілумен «Маршруттық карта» бланкі толтырылады. ҚАЖ мекемесінің әкімшілігі сотпен мәжбүрлеп емдеу тағайындалған, бактерия шығаратын науқастарды аумақтық туберкулезге қарсы мекемелерге жеткізілуін және алып жүруін қамтамасыз етеді.

Ішкі істер министрлігімен ай сайын Денсаулық сақтау министрлігіне ҚАЖ мекемелерінен босатылатын туберкулез науқастарының босатылу уақыты және мекен-жайын көрсетумен толық тізімі ұсынылады.

2012 жылдың 10 айында ҚАЖ мекемелерінен емдеуі аяқталмаған 529 сотталған босатылды, соның ішінде аумақтық туберкулезге қарсы ұйымдарынан мәліметтер бойынша 369 науқас (69,8 пайызы) емін жалғастыру үшін диспансерлік емделуге алынды. Мәжбүрлі емдеу фактісі тіркелмеген.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында Денсаулық сақтау министрлігі адам құқықтарын қорғау қоры және «Сәуле үміті» туберкулезбен күресу қоғамдарымен қаржыландырылатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Сотталған туберкулез науқастарын босатылғаннан кейін емдеудегі пенитенциарлық және азаматтық сектор арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету» жобасы бойынша белгілі жұмыстар жүргізілуде.

Жобаны орындау барысында пентенциарлық және азаматтық денсаулық сақтаудың өзара қатынасы сұрақтары, ведомствоаралық өзара қатынас облысындағы қолданыстағы нормативті құқықтық базасы, босатылатын туберкулез науқастарының емін аяқтауға уәждеме бойынша түзеу мекемелерінде іс-шаралар жүргізу, ҚАЖ туберкулезге қарсы мекемелерінен емі аяқталмай босатылғаннан кейін азаматтық денсаулық сақтау секторында зертханалық зерттелуіне және үзіліссіз емделуіне бақылауды қамтамасыз ету және басқа да туберкулезбен аурушаңдылық деңгейін төмендету және алдын алуға бағытталған іс-шаралар зерделенуде.


5.1.6.66. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесіндегі наркологиялық жағдайды бағалау және мониторингі жүйесін құру

ҚР ІІМ ҚАЖ мекемелеріндегі сотталғандарға медициналық көмекті жетілдіру мақсатында Ішкі істер Министрінің 2012 жылғы 5 қаңтардағы № 2 және Денсаулық сақтау Министрінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 650 «Ішкі істер органдары жүйесінде қылмыстық –атқару мекемелерінің емдеу –профилактикалық жағдайда психобелсенді заттарға тәуелділерді емдеу және оңалту диагностика хаттамаларын бекіту туралы бірлескен бұйрықтары әзірленіп бектілді. Қолданылған шаралар нәтижесінде жалпы өлім, ҚАЖ мекемелеріндегі адамдар арасында туберкулез ауруы мен өлімнің тұрақтандыруына қол жетті (жалпы өлім 330 –дан ( 2011 жылы) 288 жағдайға дейін ( 2012 жылы ) азайды, туберкулезден өлім 86 -дан ( 2011 жылы) 77 жағдайға дейін ( 2012 жылы) азайды, туберкулездің жаңа жағдайлар саны 731 –ден ( 2011 жылы) 629 жағдайға дейн ( 2012 жылы), медициналық көмек көрсету мен функциональдік-лабораториялық диагностика жақсарды..

2110-дан ( 2011 жылы) 1736 –ға дейін ( 2012 жылы) туберкулезбен белсенді ауратын саны азайғадығы көрінеді .

Нашақорлықтың медициналық –әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми –практикалық орталығы ІІМ статист дәрігерлерін оқыту жөнінде ҚР Ішкі істер министрлігінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 660 бекітілген қосымшасына сәйкес және Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 888 бекітілген қосымшаға сәйкес бұйрығымен кестелерді толтыру бойынша семинар өткізілді

Осы тармақша бойынша 2012 жылғы шығын 195,2 мың теңге соманы құрады.

Шараны іске асыру жалғасуда.


5.1.7.67. Халықтын Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын диагностиқалау мен профилактикасын жетілдіру жөніндегі әдістемелік нұскаулықты әзірлеу және енгізу

«КҚГҚ-ны эпидемиологиялық қадағалау және оның алдын алу жүйесін жетілдіру туралы» 2012 жылғы 05 сәуірдегі № 82 ҚР ДСМ МСЭҚК бұйрығы.

Әдістемелік ұсынымдарда КҚГҚ кезіндегі іс-қимыл алгаоритмі, КҚГҚ жағдайының стандартты анықтамасы, өткізілетін зертханалық зерттеулердің сапасын бағалау, анамнезінде кене шаққан безгек ұстаған адамдарды қоса алғанда КҚГҚ-ның алдын алу және оның ерте даму сатысында емдеу үшін «рибавирин» дәрілік препаратын пайдаланудың тиімділігін бағалау айқындалған.

Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.
5.1.7.68. Эндемиялық өңірлерде мал басын және малды ұстау үй-жайларына кенеге қарсы тазартуды жүргізу, сондай-ақ құру

Кенеге қарсы өңдеу жүргізу үшін 654,1 млн. теңге бөлінді (Республикалық бюджеттен – 87,6 млн. теңге және жергілікті атқарушы органдар бюджетінен – 566,9 млн.теңге), оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында – 462 млн.теңге, Қызылорда облысында – 110,2 млн. теңге және Жамбыл облысында – 81,9 млн.теңге.

Малға кенеге қарсы өңдеу жүргізілді: ІҚМ басы – 1245464, ҰМ – 4888786, жылқы – 15062 және түйе – 10405 және мал қоралары 63,1 ш.км.

Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.
5.1.7.69. КҚТҚ бойынша қолайсыз елді мекендердің төңірегінде санитариялық-қорғау аймақтарын құру 

КҚГҚ бойынша қолайсыз 282 елді мекеннің айналасына санитариялық-қорғаныш аймақтары және ауданы 187,8 ш. км. және 17,6 ш.км. КҚГҚ бойынша қолайсыз 1003 елді мекенге буферлік аймақ құрылды, тиісінше сондай-ақ ауданы 135 742 ш.м.53 ошаққа өңдеу жүргізілді.



Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.
5.1.7.70. КҚТҚ жұғу жолдары және профилактикасы шаралары туралы халық арасындасанитариялық-түсіндіру жұмыстарын күшейту

КҚГҚ-ны ауруханаішілік жұқтырудың алдын алу мақсатында денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері арасында Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында оқыту семинарлары мен тренингтер өткізілді. Осы облыстарда облыстық денсаулық сақтау басқармалары, мемсанэпидқадағалау департаменттері мен әкімдіктердің ауыл шаруашылығы басқармаларының ветеринариялық қызмет мамандарынан ақпараттық-насихаттау топтары құрылды, олар облыстың ауылдық елді мекендерінде КҚГҚ алдын алу бойынша санитариялық-ағарту жұмысын жүргізеді. Бұдан басқа, 120255 парақша мен буклет, таратылды, базарлар мен супермаркеттерде 300 радиодәріс оқылды, халық арасында 2076 дәріс оқылды, теледидар бойынша 125 сөз сөйленді, 1691 санбюллетень шығарылды, газеттерге 17 мақала жарияланды.



Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.
5.2.71. Ұлттық скринингілік бағдарламаны енгізу

Профилактикалық медициналық тексеріп-қараулардың (скринингтердің) шеңберінде ҚР барлық өңірлерінде 2012 жылы 2 596 104 ересек адам тексеріліп-қаралды:

КЖА ерте анықтау үшін 2 596 105 адам тексеріліп-қаралды, оның ішінде сырқат 209 603 (8,1%) анықталды. Қант диабетін скринингілеуге тексеріп-қаралған 2 604 464 адам, қант диабеті 9 675 (0,4%) адамда анықталды.

Глаукоманы ерте анықтау үшін 1 996 189 адам тексеріліп-қаралды, оның ішінде 6 343 (0,32%) адамда алғашқы рет глаукома анықталды.

Жатыр мойнының ісік алдынғы және қатерлі ісігін ерте анықтау үшін 30, 35, 40, 45, 50, 55 және 60 жастағы 582 566 әйел тексеріліп-қаралды. Нәтижесінде жатыр мойны обыры 194 (0,03%) жағдайда анықталды.

Сүт безінің ісік алдынғы және қатерлі ісігін ерте анықтау үшін 50, 52, 54, 56, 58 және 60 жастағы 459 816 әйел тексеріліп-қаралды, нәтижесінде сүт безінің обыры 633 (0,11%) жағдайда анықталды.

Жуан ішектің және тікішектің ісік алдынғы және қатерлі ісігін ерте анықтау үшін 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 және 70 жастағы 1 174 155 ер адамдар мен әйелдер тексеріліп-қаралды. Обыр 228 (0,035%) жағдайда анықталды.

Іс-шараны іске асыру жалғастырылады.


5.2.72. Перинаталдық көмек көрсету деңгейіне және халықаралық стандарттарға сәйкес балаларға арналған және босандыру денсаулық сақтау ұйымдарын қазіргі заманғы медициналық жабдықпен жарақтандыру

2012 жылы 2, 866 млн. теңге қарастырылды, 2 856,5 млн. теңге сомасына медициналық жабдықтар сатып алынды, өткізілген байқау шараларының жиынтығы бойынша 10,3 млн. теңге сомасында ақша үнемделді.

Балаларға арналған және босандыру денсаулық сақтау ұйымдарыны үшін мынамедициналық техника сатып алынды:

жалпы сомасы 63,0 млн. теңгені құрайтын босандыру ұйымдарына арналған датчиктер жинағы және принтері бар УДЗ аппараттары;

жалпы сомасы 160,6 млн. теңгені құрайтын, мониторингілеудің кіріктірме жүйесі бар шала туылған балаларға арналған инкубаторлар (кювез),

сомасы 170,7 млн. теңгені құрайтын қан газдарын тері арқылы мониторингілеу жүйесі бар жаңа туған нәрестеге арналған мониторлар, ересектерге арналған кереует жанындағы реанимациялық мониторлар;

жалпы сомасы 700,7 млн. теңгені құрайтын ЖСЖ, ЭКГ, сатурацияны, температураны кеңейтілген мониторингілеу арқылы стационарлық жаң туған нәрестелерге арналған өкпені жасанды желдету аппараттары, жоғары жиілікті жөнге салынған ӨЖЖ аппараттары;

жалпы сомасы 125,7 млн. теңгені құрайтын рентгендік диагностикалық жылжымалы аппараттары.

Іс-шараларды іске асыру жалғастырылады.

5.2.74. ӘКҰ циклдарын өткізуді көбейту бөлігінде ТМККК-ні кеңейту

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 (2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 1363 өзгерістер мен толықтырулар енгізу) қаулысымен ЭКҰ ТМККК енгізілді.

ТМККК шеңберінде ЭКҰ жүргізу «Қосалқы репродуктивті әдістер мен технологияларды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 30 қазандағы № 627 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 162 бұйрығымен регламенттелген.

036 «Жергілікті деңгейде қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарлама шеңберінде экстракорпоралды ұрықтандыру циклдарының саны 2012 жылы 600-ге жеткізілді, жалпы сомасы 442,3 млн.теңге. 100% игерілді. ЭКҰ бағалау аяқталған босанулар мен туылған балалардың саны бойынша жүргізіледі.

Осыған байланысты, 2012 жылы жүргізілген ЭКҰ 600 бағдарламасының түпкілікті нәтижелері 2013 жылғы қазанда ұсынылатын болады.

Қазіргі уақытта 2011 жылға ЭКҰ бағдарламасы (350 цикл) толық аяқталды.

Қазақ репродуктивтік медицина қауымдастығы ұсынған деректер бойынша жүргізілген ЭКҰ 350 бағдарламасының нәтижесінде 137 (2010 жылғы 28% қарағанда 39,1 %) жүктілік алынды, оның ішінде 87 (2010 жылғы 13,1 % қарағанда 26.2 %) босанулармен аяқталды, оның ішінде 22 егіздер және 11 үшем. Осылайша, көп ұрықтық жиілігі 32,2 % құрады.

Іс-шараларды іске асыру жалғастырылады.


5.2.76. Қазақстан Республикасында емшек сүтімен тамақтандыруды қорғауды камтамасыз ету, қолдау және ынталандыру бойынша ережені әзірлеу

ҚР ДСМ «Халықтың дұрыс тамақтану және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі әдісіне қалыптастыру» әлеуметтік тапсырысы шеңберінде республикада 2012 жылдан бастап «Емшек сүтімен қоректендіруді сақтау, қолдау және көмек көрсету» республикалық бағдарламасын іске асыруды жетілдіру мен жүзеге асыру» бағдарламасы орындалуда. Аталған бағытта мониторингілеу, медицина персоналын оқыту, босандыру ұйымдарын (перзентханалар, перинаталдық орталықтар, аурухананың босандыру бөлімшелері) «Балаға мейірімділікпен қарау ауруханасы» (БМҚА) ДДҰ мен ЮНИСЕФ халықаралық критерийлерге сәйкес сертификаттау және қайта сертификаттау бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Тағамтану институты бағдарлама шеңберінде мониторинг және «Емшек еметін жастағы және ерте шақтағы балаларды қоректендіруді» бағалау үшін дәрігерлерге, орта медицина қызметкерлеріне арналған нұсқаулық әзірленді.

«Балаға мейірімділікпен қарау ауруханасы» халықаралық Бастамасына (БМҚАБ) сәйкес емшек сүтімен қоректендірудің 10 қағидатын практикаға енгізу нәресте, бала мен ана өлімін төмендетудің, ана мен бала денсаулығын сақтаудың, баланың дұрыс өсуін, физикалық және ақыл ой дамуын қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады. 2007 жылға дейін БМҚА дәрежесіне 32 аурухана,

Денсаулық сақтау практикасына БМҚАБ енгізуді жетілдіру бойынша ереже әзірленді, ол келісу деңгейінде.

Алдын ала деректер бойынша 2012 жылы ерекше емшек сүтімен қоректендіруде 90% астам бала, 3 айлық 76%, 6 айлық 68%, 12 айдан жоғары 26 % бала бар.


жүктеу 2,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау