Ќазаќстан Республикасыныњ бiлiм жєне ѓылым министрлiгi


OBJECT PASCAL ТІЛІНДЕГІ ОБЪЕКТІЛІ – БАҒЫТТАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАУ



жүктеу 3,6 Mb.
бет2/22
Дата11.12.2017
өлшемі3,6 Mb.
#3940
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

2 OBJECT PASCAL ТІЛІНДЕГІ ОБЪЕКТІЛІ – БАҒЫТТАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАУ


Процедуралық бағдарламалау бағдарламаның негізі алгоритм, берілгендерді өңдеу процедурасы деп тұжырымдайды.

Объектілі - бағытталған бағдарламалау (ОББ) – ол негізінде нақты өмірдің объектісі мен тәртібіне сай келетін, қандай да бір құрылым ретінде қарастырылатын объект түсінігі бар бағдарламаны құрудың әдістемесі.

ОББ әдістемесінің қолданылуымен шешілетін тапсырмалар объект және оларға қолданылатын операциялар деген терминдермен сипатталады. Мұндай түрдегі бағдарлама объектілер жиыны мен олардың арасындағы байланысты көрсетеді.



Кластар мен олардың элементтеріне ат тағайындауда ұсынылатын ережелер:

  • Кластың аты Т префиксінен басталады.

Мысалы: TObject, TForm, TButton және т.б.

  • Кластың өрісі, қасиетке сай келеді (property), әдетте қасиеттің атымен аталады, бірақ F деген префикстен басталады.
    Мысалы: FCount: Integer;
    property Count: Integer read FCount write SetCount;

  • Әдістің параметрі, оның мәні қандай да бір өрістің класына меншіктеледі, өрістің атымен аталады, бірақ А деген префикстен басталады.
    Мысалы: procedure SetCount(ACount: Integer);

  • Әдістің аты, оның көмегімен қасиеттің мәні оқылады, әдетте Get сөзінен басталады.
    Мысалы: function GetParam: Integer;

  • Әдістің аты, оның көмегімен қасиеттің мәні жазылады, әдетте Set сөзінен басталады.
    Мысалы: SetCount әдісі (жоғарыдан қараңыздар).

  • Конструктор әдісіне әдетте Create аты беріледі.
    Мысалы: constructor Create(Owner: TComponent);
    constructor Create(AName: String);

  • Деструктор әдісіне әдетте Destroy аты беріледі:
    Мысалы: destructor Destroy; override;

  • Хабарламаны өңдейтін әдістердің аттары WM префиксінен басталады, хабарламаның типтерінің аттары - TWM , ал хабарламаның индексі - WM_ - префиксінен басталады.
    Мысалы: procedure WMSetFocus (var Message: TWMSetFocus);
    message WM_SetFocus;
    message WM_Quit; {әр кез бағдарламаның орындалуын тез
    арада тоқтату керек болғанда өрбиді}


  • Оқиғаның өңдеуішіне қатынауды жүзеге асыратын қасиеттің аттарына On префиксі бар ат тағайындалады.
    Мысалы: property OnChange: TNotifyEvent read FOnChange write FOnChange;

2.1 Класс және объект туралы түсінік


ООБ – дың негізінде класс (class) және объект деген ұғымдар жатыр. Object Pascal – да класс деп - өріс, әдіс және қасиет деген ұғымдардан тұратын арнайы типті айтамыз. Кластың арғы - тегі болып объект деп аталатын, ескірген Turbo Pascal тілінің типі жатады. Объект Turbo Pascal тіліне Delphi - ді құрғанға дейін кіргізілген ұғым. Object Pascal тілінің жаңа нұсқасында пайда болған Delphi ортасында объектілер ескі бағдарламалық өніммен үйлесімділік үшін сақталған. Қазір объектіні қолдану маңызды емес.

Класс өз кезегінде нұсқағышты береді. Бірақ ол дәстүрлік нұсқағышқа қарағанда ерекше типтің нұсқағышы: онда класқа қатынағанда "^" символын қолдануға болмайды.



Класс –берілгендер мен оларға қолданылатын әрекеттерден тұрады.

Объект – кластың физикалық іске асырылуы (кластың экземпляры).

Класс өзінше бір сипатталатын тип болып табылады және типтерді жариялау бөлімінде жарияланады.

Мысалы:

type

TForm1 = class(TForm) { TForm1- TForm класының ұрпақ - класы}



{Аталық кластың өрісін, әдісін және қасиеттерін иемденеді}

Button1: TButton; {өріс}

Button2: TButton; {өріс}

L1: TLabel; {өріс}

L2: TLabel; {өріс}

procedure Button1Click(Sender: TObject); {әдіс}

procedure FormActivate(Sender: TObject); {әдіс}

private

{ Private declarations }

public

{ Public declarations }

end;

Класс бір жағынан жазба (record) – типіне де ұқсайды, ол берілгендердің өрісінен ғана емес,

Мысалы:

private

FCaption: String; {жолдық типтің өрісі}

FModified: Boolean; {логикалық типтің өрісі}

оларды өңдейтін бағыныңқы бағдарламалардан (әдіс),

Мысалы:

private

procedure SetCaption(Const ACaption: String);

procedure Close;

сонымен қатар өрістер мен әдістердің сипаттамалары бар қасиеттерден тұрады.

Мысалы:

public

property Caption: String read FCaption write SetCaption;

property Modified: Boolean read FModified write SetModified;

Сол себепті класта оның сипаттамалары мен тәртібі сипатталған.



Объект – белгілі бір класқа сай келетін айнымалыны береді және айнымалыны жариялау бөлімінде сипатталады. Мысалы:

var

Form1: TForm1;

Барлық кластарға сай келетін объектіні құра беруге болмайды. Олардың бірқатары әсіресе барлық кластардың иерархиялық ағашының басында орналасқаны бұны орындауға мүмкіндік бермейді, немесе олардың негізінде құрылған объектілер жұмыс істеуге қабілетсіз болып келеді, мысалы TObject ағымды класы. Ол мынамен байланысты, мұндай кластар сол немесе басқа аяқталған объектінің жан – жақты сипаттамасын бермейді (мысалы үшін, жиһаздың тек үлгісін ғана құруға болмайды, ал нақты стөл, нақты орындық және т.б. құруға болады). Мұндай кластар абстрактілі кластар деп аталады, сондықтан оларға абстрактілі әдістер сай келеді. Бұл ерекшелігіне қарамастан, мұндай кластарды құру тиімді, өйткені бұл кластарда барлық ұрпақтарында көп рет қайталамайтындай барлық кластарға тиісті жалпылықты жинақтауға болады.

ОББ үш негізгі қасиеттермен сипатталады:



  • инкапсуляция (encapsulation),

  • туындау (inheritance),

  • полиморфизм (polymorphism).

жүктеу 3,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау