Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне ѓылым Министрлігі



жүктеу 1,65 Mb.
бет6/9
Дата10.12.2017
өлшемі1,65 Mb.
#3790
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек: Тренингті ұйымдастыру принциптері: мақсаттылық принципі; белсенділік принципі; диалог принципі; мәселелік принципі; топтық және жекелей жұмыстарды байланыстыру принципі; зерттеу принциптерін студенттерге түсіндіру.


Тақырыптың негізгі ұғымдары: тренинг, тұлға аралық қабылдау, интроспекция, перцепция, тренингтік топ.

Әдебиеттер:

1.Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

2.Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений.М.,1983.

3.Козлов Н.И. Лучшие психологические игры и упражнения М:1997.

4.Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.



Тақырып: Тренингтегі тренер рөлі./ 1 сағат

Мақсаты: Тренингтегі тренер рөлі туралы түсінік беру және тренердің қызметімен таныстыру.


Жоспар:

1.Тренер - белсенді басшы.

2. Тренер – кеңесші.

      Психологиялық  тренингті  өткізудегі маңызды рольді  тренердің  тәртібі атқарады, яғни ол оның теоретикалық бағдарының маңызды  деңгейімен анықталады. Тренингтің жетістігін тренердің тұлғасы анықтайды.

      Тренер:


  • топ қатысушыларына өз іс-әрекеттерінде  қандай ережеге негізделетінін, арқа  сүйейтінін  ақпараттау;

  • жұмыстың басында  топтың  зейіні  неге  концентрацияланатынын  түсіндіруге;

  • топқа  қандай материал  беруді, іс-әрекеттің  қандай түрлерінде  ойнауды  шешуге;

  • топтағы қатысушыға  қатысты  тұлғалық материал  қатынасында конфиденциялдық принципінің маңыздылығын  анықтауға;

  • қатысушылардың  өз проблемасы мен атмосферадағы  эмоцияларын  ашық ұстауға  жағдай жасауға ;

  • қатысушылар өз  жетістіктерін  талқылап,  тренер болса топтың  эффективтілігін  бағалауы үшін  қосымша  кездесулерді  жоспарлауға міндетті:

Тренинг кезінде  мынадай қиын  ситуациялар  туындауы мүмкін:

1. Қатысушы  өзін агрессивті  көрсетеді. Бұл  қатысушыны  шеңберден  тыс  артына қаратып  отырғызу  тиімді. Тренер бұл  ситуацияны  этикалық  және психологиялық  міндет ретінде  талқылайды.

2. Пассивті  қатысушалрдың  болуы. Бұл жағдайда  әдетте  ұзақ үнсіздік болады. Бұл үнсіздік қысымның төмендеуіне  әкеліп соғады.

3. Қатысушылардың  өздері жайында  айтқысы келмеді.  Бұл жағдайда тренер топтағы  мақсаттар мен міндеттерді талқылауды стимулдау қажет.

4. Жеке  жеткіншектердің  топшаларға  бірігуі – топтық жұмыстан  бас тарту  формасы. Тренер  әр қатысушыны  эмоционалды қабылдайды, топқа  нақты  талап қояды.  Мұнан топтағы өзара  қатынастың  қысымы мен  нығыздығын үнемі   бағалау қажеттігі  көрінеді.  «Лидерс А.Г. психологический тренинг с подростками».

Тренердің немесе басқарушанаң негізгі қызметтері:
-тренинг тақырыбын таңдау

- бағдарламасын құру;

- қатысушылар тобын анықтау және құру;

- топтағы тәртіп нормаларын анықтау;

- топта сенімділік, белсенділік атмосферасын құру;

Тренер рөлдерін классификациялау:

Белсенді лидер, басшы- адамдардың белсенділігін анықтайды, олардың әрекеттерін бағыттайды, түсіндіреді, басқарады, талдайды.

Аналитик – қолданылған әдістерге, топтағы адамдардың іс –әрекетіне талдау жасайды.

Делдал немесе эксперт– топта болып жатқандарға толық жауап бермейді, көбінесе қажет кезде ғана көмекке келеді.

Кислинг-зонтаг бойынша тренерлік рөлдер классикасы

Мұғалім- құжаттармен жұмыс жасауда және әдістерді таңдауда профессионал, білімдерін тиімді қолдана алады.

Эксперт – ақпарат, кеңес береді; теория мен техниканы жақсы біледі.

Оқу бойынша серіктес– сұрақтар мен жауаптарға және ортақ оқуға қызығады, қатысушыға бейімделуге тырысады, топтағы қатынас динамикасына сезімталдықпен жауап қайтарады.

Спаррингсеріктес– қатал шынайылықпен таныс, қатысушыға рөлдік ойында серіктес бола отырып, тәжірибеге дайындалуға көмектеседі.

Модератор – топтағы процестерде әдістемелік көмекші, жұмысты құрастырушы; нейтральды бола отырып, топта позитивті қатынас орнатуға көмектеседі.

Коуч – процестер мен қарым қатынасты басқару сферасында шебер, жеке қатысушылардың дамуына сәйкес келеді.

Бірге жүруші–қиын жағдайларда табылып, болып жатқандарға құлақ асады, қызығушылығы ортақ адамдарға сфера құра алады.

Жүргізушінің жұмыс істеу стилі топты басқаруда еркін және директивті

(бағлдарлы) болады. Еркін басқару формасы пасивті түрде көрінуі мүмкін.

«Сыртқы пасивтіліктің» болуы қатысушыларда сенімділіктің болмауында

туады, өйткені тренер қатысушыларға мақсатты, жетістікке жету құралдарын

айтпайды. Тренердің сыртқы «пасивтілігі» ашық көрінгендіктен кей кездері

қытысушыларға ызаландыруды тудыру мүмкін. Жүргізуші ешқандай әрекет

етпей «тек қана тындайды». Топта ұзақ уақыт пауза болуы мүмкін. Жүргізуші

бірақ ешкімді сендірмей және ештене түсіндірмеу мүмкін. Ол қатысушылардың

сұрақтарынан, талаптарынан қашқақтауы мүмкін. Топта қысымдылық пен

белгісіздік пайда болады. Бұл топты басқарудың ең қиын формасы. Мұнда

жүргізушіден жоғары кәсібилікті, эмпатикалық тындаудың жеткілікті

техникасын меңгеруді, әр қатысушыдан шыққан вербалсыз ақпаратты көру

қабілетін, топты қабылдау мен «сезіну» қабілетін білу және топты жалпы

басқара алуы керек. Әйтпесе қатысушылар тарқап, не үшін келгендігін,

жиналғандарын білмеулері мүмкін. Бірақ берілген форма (техника ретінде)

жақсы нәтижеге жеткізуі де мүмкін. Егер, бұл форма техника түрінде

қолданылатын болса, онда басында мәселе анықталып алынуы тиіс. Бұндай

форманы сонымен қатар кейбір тақырыптық немесе кәсіби топтарға қолдануға

болады, бұл жерде жүргізуші өзіне басынан бастап кеңесші рөлін алады да оған

тек қажетті болған кезде ғана назар аударады. Бұл жағдайда топқа еркіндік

беріліп, олар проблема мен оның шешу жолдарын таңдайды. Басқарудың басқа

ақырғы формасы- бұл бағдарламалар, онда топты басқаруды қатаң түрде

директивті стиль қолданылады. Бастаушы тренерге шынайы топтық жұмысты

жүргізуі үшін компромисстік форманы қолданған пайдалы. Сабақтын жоспары

мен тренингтің құрылымын ұстану және әр уақытта топтың барысын,

қатысушылардың көңіл-күйін қарау, қажет болса жұмыстың жоспарланған

мазмұнынан ауытқуға, бірақ бастапқы мақсатты ұстану дайын болуы қажет.


Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:Тренингтегі тренердің рөліне тоқталу. Тренер рөлдерін жіктеу. Рөлдер ішінде тиімдісін таңдау.

Тақырыптың негізгі ұғымдары:тренинг, тренер, басшы, кеңесші, делдал, талдаушы, коментатор, топ мүшесі.

Әдебиеттер:

1.Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

2.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.

3. Петрусинский В.В. Игры обучение, тренинг, досуг. М:1994.

4.Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.



Тақырып: Тренерге әдістемелік нұсқаулар./ 1 сағат


Мақсаты: Тренерге берілетін әдістемелік нұсқаулармен таныстыру.

Жоспар:

1.Дәріс даярлау.

2.Жекелей және шағын топтардағы жұмысты ұйымдастыру.

3.Тренинг мақсаттарын қою.



Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек: Тренерге берілетін әдістемелік нұсқаулармен таныстыру жүреді. Жекелей және шағын топтардағы жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстырылады.Тренинг мақсаттарын қоюды үйренеді.

Тақырыптың негізгі ұғымдары:тренинг, тренер, мақсат, пікірталас, дәріс, қызығушылық.

Әдебиеттер:

1.Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

2.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.

3. Петрусинский В.В. Игры обучение, тренинг, досуг. М:1994.

4. Самаукина А.С. Практический психолог в школе. М:1997.

5.Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. М:1991.


Тақырып: Тренингте топтардың қалыптасуы./ 1 сағат

Мақсаты: Тренингте топтардың қалыптасуымен таныстыру және тренинг топ туралы түсінік беру.


Жоспар:

1.Тренинг топтыњ маќсаттары.

2.Топтыќ нормалар.Ролдік позициялар.

3.Топтыњ бірлігі туралы түсінік. Топтаѓы лидер.

4.Тренинг топтарындаѓы гомогендік жєне гетерогендік.

Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек: Тренинг топтыњ маќсаттары. Топтыќ нормалар.Ролдік позициялар.Топтыњ бірлігі туралы т‰сінік. Топтаѓы лидер.Тренинг топтарындаѓы гомогендік жєне гетерогендік сұрақтарын жан-жақты ашып көрсету.

Тақырыптың негізгі ұғымдары:топтыќ динамика,топтыќ динамика т‰сінігініњ негізгі бес элементі.

Тренинг топтың қалыптасу тарихы

Т – топтың тууы белгілі әлеуметтік психолог Курт Левиннің есімімен байланысты. Ол 1933 жылы Германиядан Америкаға қоныс аударылып, топтық динамика және әлеуметтік әрекет мәселесінен шұғылданды. Осы кезеңде әлеуметтік психологтар алдында көптеген сұрақтар туды. Топтық әдістерімен басқару медицина, педагогикада кеңінен таралды. Топтық қарым-қатынас феномені – ғылыми түсініктемесіз болады. Осыны түсіндіру үшін Левин өмірлік кеңістік- полясы теориясын жасады. Ол мынаны түсіндірді «тіршілік етуші және бірлескен факторлардың жиынтығы – берілген уақыттағы индивидтің мінез-құлқын көрсетеді». Бұл факторлардың жиынтығы жеке адамды, оның психологиялық қоршауын қамтиды, бір тұтас психологиялық поля жасай отырып. 1939 жылы «Әлеуметтік кеңістікте эксперименттер» деген мақаласында Левин бірінші рет «топтық динамика» терминін қолданады, кейінен ол жалпы қолданылатын терминге айналды. Шынын айтқанда Т – топ өз бастауын Левин басшылық жасаған оның әріптестерінің лабароториялық тренинг сабақтарынан алады. Т- топтың пайда болған дәл анық айтуға болады. 1945 жылы АҚШ-та топтық динамиканы оқу орталығы ашылады, онда қоғамдық ғылымдар мамандары, Левин – топтық динамика тренинг жасаушы – қызмет етті.

1946 жылы топаралық қатынас шеберханасының жұмысын ұйымдастырушылар оқыту және бір мезгілде топтың динамиканы зерттеу үшін жаңа әдісті ойластырады. 1947 жылы АҚШ-та Тренингтің ұлттық лабароториясы жасалады, ол қазірде қызмет етуде. Топпен психологиялық жұмыстың көптеген түрлері Т-топтарымен бірге іске асады. Оларды әлеуметтік-психологиялық тренинг түсінігіне біріктіреді.

«Т- топ» термині шет елде қазіргі уақытта кең спектірлі топтарға жатады, олардың мақсаттары әр түрлі. Оларға басқарушылар тренингін, бірлескен мінез-құлыққа қатынасушыларды тәрбиелеу және топта бірлескен қатынасты қалыптастыру, синзетивті топтар жекелей даму және т.б. кіреді.

Шейн мен Бейнес (1965) лабароториялық тренингтің мақсаттары мына аспектілерден тұрады деп, көрсетеді:


  1. Психологиялық қорғану барьерлерін төмендету және жекелей дәрежеде сенімсіздікті жою есебінен өзін-өзі тануын дамыту.

  2. Топтық қызмет жасауына кедергі келтіретін немесе жеңілдететін шарттарды түсіну.

  3. Басқалармен нәтижелі бірлескен әрекет жасау үшін топта бірлескен қатынастың дәрежесіне жету.

  4. Ұйымдастырылған топтың, жекелей мәселелерді диагностикалау іскерлігін игеру. Мысалы, топтағы тартысты жағдайды шешуі немесе топтың бірігуін нығайту.

Т- топтың әр түрлі бағыттарын олардың жалпы принциптері мен топтық динамиканың элементтері байланыстырады.

Топтық динамика түсінігіне негізгі бес элемент кіреді:



  1. Топтың мақсаты.

  2. Топтың нормасы.

  3. Топтың құрылымы және лидер мәселесі.

  4. Топтың бірлігі.

  5. Топтың даму фазалары.

Г.С.Абрамова өзінің еңбегінде мынадай тұлғалық қасиеттердің даму әдістерін көрсетеді:



Т-топтар (тренинг-топтар) – адамгершілік қарым-қатынастардың тренингі топтары, алғашқылары 1946 жылы ұйымдасқан болатын. Мұндай топтар «енді және осында» қағидасын ұстанып, лабораторияның ерекше оқытылатындары сияқты назарларын қауіпсіз жерде іс-әрекеттің жаңа түрлерін сынаумен бекітті. Оқытылатын цикл келесі кезеңдерден құрылады: өзін-өзі таныстыру – кері байланыс – тәжірибе өткізу. Ашықтық – мұндай топтағы іс-әрекеттің негізгі аспектісі болып табылады. Т-топтағы адамдар вербалды және вербалсыз түрде басқа адамдарға өз сезімдерін білдіруге тырысып, оқып үйренеді. Қатысушылардың өзара қарым-қатынастарын зерттеу бойынша өзара жұмыс жасауға кіргізу үшін жетекшінің маңызы өте зор, содан кейін жетекшіліктен бас тарту қажет. Кездесу топтары. Т-топтардан айырмашылығы бұл топтарда топтың динамикасын оқып үйренуге қарғанда, бөлек тұлғаның әлдеқайда тез дамуына бағытталған. Соынмен қатар, олар тұтас сезімге немесе белгілі бір міндетке бағытталған топтарға бөлінеді. Кезедесу топтың басты бағыты қарқынды қарым-қатынасты қалыптастыру, әдетте, нақты тақырыптар пікір-сайыс үшін арнайы жоспарланбайды, топтағы қатысушылар тудырған өзара түрлі қарым-қатынастар талқыланады. Жоспарланған жаттығулар мен тәсілдерді жетекші қолданбайды. Ол тұлғада біртіндеп еркіндік пайда болып, қорғаныш кішірейген кезде, психологиялық қауіпсіздік климатын туғызу үшін жауап береді.

Гештальт-топтары. Олар психоталдау, экзистенционалдық философия, гештальт-психология және В.Райхтың теориясы негізінде әзірленді. Кездесу топтары мен Т-топтарынан айырмашылығы – жетекшінің зор белсенділігінде. Ол топтық жаттығулардан бастап, ерікті қатысушыға «жағымды орынды» иеленуді ұсынады. Ерікті қатысушы «енді және осында» қағидасын ұстанып және өз санасының мазмұнына жауап беру қажет.

Жетекші ерікті қатысушының іс-әрекеттерін түсіндірмейді, керісінше, оның әңгімесіне еріп, өзіндік сезімдерін түсіну талаптарына көмек көрсетіп жәрдемдеседі. Бұл арқылы жетекші мен ерікті қатысушы «қазіргіні» сезінуге жағдай туғызады. Табысқа жету үшін топтың жетекшісі топ мүшелерінің қажеттіліктеріне сай қазіргі сәттегі гештальт тәжірибелерді шығармашылық түрде таңдайды. «Қазіргіні» сезіну ерікті қатысушының не жасап жатқанын, сонымен қатар осы сәтте нені сезініп жатқанына бағытталған зейіні арқылы жүзеге асады. Бұл ым-ишара, жүріс-тұрыс, өз дауысының дыбысы, қолданылатын сөздер, ішкі дененің сезімдері, демалу, ой, қиял және көптеген тағы басқа іс-әрекеттер болу мүмкін. Ең алдымен қарым-қатынастың түрлі вербалсыз элементтеріне көңіл аударылады.



Психодрама. Бұл топтық үрдісте адамның ішкі әлемін зерттеуде драмалық импровизация құралдары қолданылады. Психодрамада ең бастысы - өз қалауы бойынша рольдық ойындар ойнау. Психодрамада көптеген қолданылатын терминдер театрмен байланысты болса да, рольдық ойындарға арнайы дайындалу жаттығулары қолданылмайды, актерлік тек кедергі болады. Нақты психодрамалық іс-әрекеттердің субъектісі болатын топтың мүшесі өз өмірінен оқиғаларды бейнелейді («протагонист»). Онымен жұмыс жасағанда, «протагонисттің» өмірінен басқа да маңызды адамдарды бейнелеу үшін, басқа қатысушылар да қосылады. Кейбір топтарда мұндай «көмектесетін "Мен"» маңызы, рольге тез ену үшін арнайы дайындалған маман-актерлер орындайды. Топтың басқа да мүшелері сабақтың қорытынды сәтінде болып жатқан жағдайға өз қатынастырн көрсетеді.

Кездесу топтары мен Т-топтарының психодрама мен гештальт-терапияның айырмашылығы – ең алдымен қатысушылар болып жатқан жағдайға жауапкершілікпен кірісіп, белсенділік танытады, ал топ жетекшісінің белсенділігі маңызды рөл атқармайды. Яғни, топтағы тренинг және топтық тренинг жайлы сөз қозғауға болады.

Осыдан басқа «лайфспринг» сияқты топтық жұмыс жасаудың түрін айтуға болады, оның мақсаты түрлі тапсырмалардың көмегімен жеткілікті сандық топтағы дербес тиімділікті арттыру, сонымен қатар, В.Эрхардтың ЭСТ-терапиясы. Ол топтың маңыздылығына ерекше көңіл бөлінетін, әрбір қатысушыда бұрын қолданылмаған немесе жай бейтаныс ресурстарды ашуға көмектесетін семинар түрінде өткізіледі.

Ресейдегі әлеуметтік психологияның құзіретін дамуына бағытталған психологияның тәжірибелік топтық саласы «әлеуметтік-психологиялық тренинг» (ӘПТ) атаққа ие болды. Терминнің авторы – М.Форверг. Мұндай төтенше кең ұғыммен түрлі әдіс-тәсілдердің сандық мөлшерін бейнелейді. Отандық психологияда бұл, Г.А.Андрееваның, Н.Н.Богомолованың, А.А.Бодалевтың, Ю.Н.Емельяновтың, А.С.Золотнякованың, Г.А.Ковалевтың, Л.А.Петровскаяның, Т.С.Яценконың және т.б. еңбектерінде нақтылай қарастырылған. Әлеуметтік психологияның топтық психотерапия (Г.Л.Исурина, Б.Д.Карвасарский) және шетел тілін қарқынды оқыту (Г.Л.Китайгородская) сияқты салаларымен байланысты психологиялық ықпалдың мұндай түрлері белсенді түрде әзірленуде. Сонымен қатар, мұндай әдіс жанұялық қатынастарды түзету және жасөспірімдердің бейімделуі тәжірибесінде табысты орынды иеленді. Лабораториялық тәжірибеде және нақты элементтерді өзінде біріктірумен қатар, тұлғалық қасиеттердің даму саласында міндеттердің кең шеңберін шешуге мүмкіндік беретін әлеуметтік-психологиялық тренинг психологиялық ықпалдың тиімді тәсілі болып табылады.

Әдебиеттер:

1.Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

2.Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений.М.,1983.

3.Кьел Рудестам. Групповая психотерапия.




жүктеу 1,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау