Ал жүкті көтеретін, қозғалыс беретін бұрандаларда, пайдалы әсер коэффициенті жоғары болуы керек. Бірақ көтерілу бұрышы = 20…25о -тан асқанда бұрандаларды дайындау қиынға түседі. Сондықтан = 18о…25о аралығында болуы қажет. Пайдалы әсер коэффициентін көбейту үшін винтті механизмдерде түрлі амалдар, мысалы, үйкеліс коэффициенті аз металдарды үйкеліс беттерін мұқият өңдеу және майлау, шарикті винт жұбы және т.б. қолданылады.
Бұранда қосылыстарын беріктікке есептеу. Бұрандалы қосылыстардың істен шығуы
Бұрандаларды беріктікке есептеу үшін ең алдымен олардың бүліну түрлерін айта кеткен жөн. Шамадан артық күш немесе бұрандалы қосылыстардың конструкциясы дұрыс құралмағанда және оларды дұрыс пайдаланбағанда бұрандалар екі түрлі жағдайға байланысты істен шығады. Біріншіден, бұранда орамының беріктігінің аздығынан істен шығады. Бұл жағдай көбінесе бұрандалар шамадан артық күшпен тартылғанда орамдардың жаншылуынан және кесілуінен пайда болады. Екіншіден, бұрандалы қосылыс сырықтарының сынуынан істен шығады. Сырықтар көбінесе ауыспалы қимасы бойынша сынады. Сондай-ақ болаттар қалпақшаларының сынып кететіні де байқалады.
Бұранда орамын беріктікке есептеу. Көбінесе стандартталған, бекіту қажетіне арналған, қалыптағы мөлшерлі қадамды бұрандалардың орамын беріктікке есептемесе де болады. Алайда, әдетте бұранда орамдара мынадай жағдайларда беріктікке есептелуі қажет.
1. Винт, бол немес шпилька материалдарының беріктігі олар бұралған бөлшектер материалының беріктігінен әлде-қайда өзгеше (артық немесе кем) болған жағдайда. Мысалы, бөлшектер болаттан, ал қораптар пластмассадан жасалса және т.б.
2. Әдетте, ұсақ бұрандалар орамының қимасы аз болады, сондықтан олардың өлшемдері > 10...12 (d – бұранда диаметрі; Р – бұранда қадамы) болған жағдайда олардың орам беріктігін есептеу керек.
3. Барлық күш, қуат және жүріс беруге арналған бұрандалы қосылыстардың орамдарын да беріктікке есептеген жөн. Жоғарыда көрсетілгендей, бұранда орамында кесілу кернеуі мен жаншу кернеуі пайда болады.
Бұранда орамындағы кесілу кернеуінің шамасын былай табамыз:
,
егер b = KP, H = zP деп алсақ, онда
Достарыңызбен бөлісу: |