§ 1.2 Байланыстар және олардың қарымта күштері.
Кеңістікте еркін қозғалатын кез-келген дене алты қозғалыс жасайды. Үш өс бойымен айналмалы және осы өстер бойымен ілгерілемелі қозғалыстар.
Еркін қатты дене – кеңістікте кез-келген бағытта қозғала алатын дене.
Еркін емес қатты дене– кеңістікте қандай да бір бағытта қозғалысы шектелген дене.
Байланыс-механикалық жүйеге кез-келген күш әсер еткенде, материялық нүктенің немесе қатты дене қозғалысына шектеу қоятын шама. Құрамындағы теңдеулер тек механикалық жүйенің нүкте координатасынан тұратын байланыстар геометриялық байланыстарға, құрамындағы теңдеулер осы нүктелер координатасынан уақыт бойынша туынды алынатын теңдеулерден тұратын байланыстар дифференциалдық байланыстарға жатады.
Қарымта күштер-байланыс тарапынан механикалық жүйеге қарсы әсер ететін күштер. Қарымта күштердің бағыты, байланысты ойша алып тастаған кездегі мүмкін болатын дене қозғалысының бағытына қарама-қарсы бағытталады. Қарымта күштің сандық мәні (модулі) мен бағыты негізінен алдын ала белгісіз болып келеді және денеге әсер ететін белсенді күштер мен олардың бағытына байланысты анықталады.
Белсенді күштер- сандық мәні (модулі) мен бағыты алдын ала берілген және тыныштықтағы денені қандай да бір қозғалысқа келтіре алатын күштер. Енжар күштер-денені өздігінен қозғалысқа келтіре алмайтын, тек оның кейбір бағыттағы мүмкін болатын қозғалыстарына кедергі жасайтын күштер.
Байланыстың кейбір түрлеріне тоқтала кетейік:
1) Жылтыр бет-бірінші жуықтауда үйкелісті елемеуге болатын беттер. Идеал жылтыр беттің қарымта күші әрқашанда жанасушы беттерге ортақ нормаль бойымен бағытталады (1.5,а,ә -сурет).
2) Иілгіш байланыстарға жіп, арқан, шынжыр және сырықтар жатады. Жіптерді (арқан, шынжыр) қарастырғанда қарымта күш жіптің бойымен, ол ілінген нүктеге қарай бағытталады (1.5,б -сурет).
3) Жылжымалы топса. Қарымта күш тіреуші бетке нормаль бойымен бағытталады (1.5,в -сурет).
4) Жылжымайтын тірек. Қарымта күш А нүктесі арқылы өтеді, бағыты алдын ала белгісіз (1.5,г -сурет).
5) Қозғалмайтын қатаң бекітпе. Қозғалмайтын тірекпен салыстырғанда, қарымта күшпен қатар, оның бұрылуына кедергі жасайтын момент пайда болады. Мұндағы қарымта күштің бағыты алдын ала белгісіз және жалпы жағдайда құраушыларға жіктеліп жазылады (1.5,д -сурет):
=х+у . (1.1)
6) Жылжымайтын цилиндр топса. Қарымта күш топса өсіне перпендикуляр жазықтық бойымен бағытталады және жалпы жағдайда қарымта күш құраушыларға жіктеліп жазылады (1.5,ж,е -сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |