Лазерлік принтердің басу сапасы мен жылдамдығы өте жоғары. Басу жылдамдығы орташа есеппен 1 минутта -4 беттен 15 бетке дейін басып шығара алады. Мұнда қағаз ионизацияланады, яғни электр өрісінің әсерімен арнайы жасалған ұнтақ (порошок-тонер) қағазға тартылады да, қатты қызып, оған жабысады.
CD-ROM ақпаратты енгізу құрылғысы. Қолданылуы,жұмыс істеу принципі,техникалық мүмкіндіктері CD- ROM ( Compact Disk Read Only Memory) – сиымдылығы 3 Гбайтқа дейін. Информацияны ӛте жоғары сенімділікпен сақтайды. (сақтау мерзімі 30- 50 жылға дейін). Дискінің диаметрі 5,25 және 3,25 дюим. Дайындау процесі бірнеше кезеңнен тұрады.
Сурет - 3.9. Лазерлік принтерлер түрлері.
Алдымен информация мастер дискіге дайындалады, тираждау матрицасын дайындайды. Жазу мен оқу принципі оптикалық. Магниттік дискінің жолдары концентрлік шеңберлерден тұратын болса, CD-ROM дискінің сыртқы шетінен ішіне қарай бағытталған спираль түріндегі бір ғана физикалық жолы бар. Компакт дискіден информацияны оқу лазерлік сәуленің кӛмегімен жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |