Ќазаќстан Республикасыныњ бiлiм жєне ѓылым министрлiгi


технологиялық платформасы



жүктеу 1,77 Mb.
бет2/17
Дата24.12.2017
өлшемі1,77 Mb.
#5633
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

технологиялық платформасы



2.1 ЭАЖ жобалаудың приниптері
Автоматтандырылған ақпараттық жүйені жобалауы ізделінді ақпаратты нәтижелілік алу мен түрлендіру жүйесін ұйымдастыруымен байланысты техникалық құжаттаманы құрастыру процессін айтады. Жобалау процессінде алынған құжат жобалау атына ие болады. Жобалаудың мақсаты: техникалық қамтуды және ақпараттық, математикалық, программалық, ұйымдастырушылық қамтуды қалыптастыру.

Экономикалық жүйелерді жобалау мен функционалдануы ААЖ құрастырудың жүйелі техникалық принциптерінде негізделеді: жүйелік, дамутышылық, үйлесімділік, тиімділік, унификация мен стандартизация.



Ашық жүенің түсініктемесі:

Жүйе құрастыруында стандарт пен технологияны таңдау шешімі жүйе пайдалануының жеістіктерін анықтайды, реинжиринг мүмкіндіктерін, қызмет ету уақыттың, соңында басқа жаңа технологияның түрлеріне көшу.

«Реинжиринг» термині консалтинг облысындағы Майкл Хаммер және Джеймс Чампи американдық мамандарыен енгізілді.

Реинжиринг – фирма қызметін жақсартуына жету үшін арналған іс процесстерінің қайта құрылуы. Бұл –жұмсалған қаражатты түсіру, өнімнің сапасын көтеру және тұтынушылардың сұраныстарын толық қанағаттандыруына бағытталған операцияларды қайта жоспарлау мен қызмет ететін бизнес процедуралардың комплексті өзгертілуі.

Тиімді басқару орындалу үшін негізгі принцептерден басқа бірнеше жеке принцептер шығарылады. Әр жеке принципінің орындалуы анық бір экономикалық тиімділігін береді. Бұл келесі принциптер: декампозициясы, алғашқы жүргізушінің принцептері, жаңа есептердің принципі, ақпараттық ағымдар мен құжат айналымын автоматтандыру принципі.

Келтірілген принциптерін орындау ААЖ мен ААТ құру және жұмыс істеудің барлық сатыларында қажет болады, яғни олардың барлық өмірлік цикл кезенінде.

2.2 АЖ өмірлік циклінің түсініктемесі. Жобалаудың кезеңдері
АЖ жобалау әдістемесінде базалық ұғымдарының бірі – оның программалық қамтудың өмірлік цикл ұғымы (ПҚ ӨЦ). ПҚ ӨЦ - бұл оның құрылу туралы шешім қабылданғаннан бастап экплуатациядан толық шығау уақытына дейінгі үзіліссіз процесс. Қазіргі уақытында екі негізгі ӨЦ моделі кең таратылуда:

каскадтық моделі

спиралдық моделі.

ӨЦ каскадтық моделінің қолданылуы барлық жобалау процессі кезеңдерге бөлінуін болжамдайды. Бір кезеңнен келесі кезеңге көшу ағымды кезеңдегі жұмыс аяқталған соң орындалады. Әр кезең құрастыру басқа құрастырушылар командасымен жалғастыруына жеткілікті болтындай құжаттаманың толық комплектін шығаруымен аяқталады.

ӨЦ спиралдік моделі ӨЦ бастапқы кезеңдеріне негізделеді: талдау және жобалау. Бұл кезеңдерінде техникалық шешімдердің өтімділіг прототиптерді құру жолымен тексеріледі. Әрбір спираль бөлігі ПҚ версиясын немесе фрагментін құрастыруын сәйкес келеді.

Жобалаудың негізгі кезеңдері: алдын ала зерттеу, жобалау (техникалық жоба, қызметтік жоба), жүйені жұмыс істеуіне ендіру, жүенің орындалуы, өндірістік эксплатация.

Алдын ала зерттеу.


  • Стратегияны анықтау

Стратегияны анықтау жүйенің тексерілуін болжамдайды. Тексерілудің басты мақсаты - жобаның ағымды көлемін бағасы, оның есептері мен мақсаты, сонымен қатар жоғары деңгейде функциялар және мәндерді анықтау.

  • Талдау

Талдау кезеңі бизнес – процесстерді және оларды орындауына қажет ақпараттың толық зерттеуін қарастырады. Осы кезеңде ақпараттық модел құрастырылады, ал келесі жобалау кезеңінде – деректердің моделі.

Стратегияны анықтау кезеңінде жиналған жүйе туралы барлық ақпарат талдау кезеңінде формалданады және анықталады.



Кезең 2. Жобалау. Техникалық жоба. Бұл кезеңде ААЖ жобасы қағазда құрастырылады, негізгі компоненттерінен (техникалық, программалық, қпараттық қамту және т.б.) әр қайсысы бойынша жобалау шешімдер таңдалады және негізделеді.

Кезең 3. Жүйені іске қосу.

Іске қосуға дайындау: техникалық құралдарды эксплуатацияға орнату мен ендіру, персоналды оқыту, деректер қорын жүктеу.

Тәжірибелік эксплуатацияны жүргізу – жүйенің әр түрлі бөліктернің өңделуі.

Кезең 4. Өндірістік эксплуатацияға тапсыру. Жүйенің күнделікті жұмыс істеуі: қызмет ету мен администрациялау.
2.3 АЖ жобалау әдістері мен тәсілдері
Қазіргі кезде практикада экономикалық ақпараттық жүйелерді жобалауын ұйымдастыруында екі жолын шығарады:


  • жобалау мекеменің ішкі құрамына кіретін програаммистермен жүргізіледі;

  • жобаның құрастырылуымен нақты пәндік облысында программалық өнімдерді жүргізу, сату, құрастыруында жұмыс тәжірибесіне ие болатын арнайы фирмасы орындайды.

Жобалаудың рационалды жолдарын іздеу келесі бағыттары бойынша жүргізіледі:

  • типті жобалау шешімдерін құрастыру (ҚПД),

  • экономикалық есептерді ҚПД ендіру мен функционалдану шарттарына байланысты шешу,

  • жобалаудың автоматтандырылған жүйелерін құрастыру.

ААЖ облысында типтік жобалау шешім (ТЖШ) в области АИС представляет комплект технической документации, содержащий проектные решения по части объекта проектирования, включая программные средства и предназначенный для многократного применения в процессе разработки, внедрения и функционирования АИС с целью уменьшения трудоемкости разработки, сроков и затрат на создание АИС.

ҚПД мысалдары:



  • бухесебі үшін «1С-бухгалтерия», «Бэст», «Инфо- Бухгалтер»;

  • «Гарант», «Консультант» анықтамалық және ақпараттық қамтуы;

  • Экономикалық және қаржылық қызметі «Мекеме, фирма қызметінің экономикалық талдауы мен болжамы» /«Экономический анализ и прогноз деятельности фиры, организации»/ (құрастырушы ИНЕК фирмасы;

  • «Мекеменің қаржылық анализі» /«Финансовый анализ предприятия»/ Инфософт фирмасы.

Ендіру мен функционалдануының нақты шартарына экономикалық есептерді ҚПД көмегімен шешу әр түрлі өндіргіштердің бірнеше дестелерін келістіру жолымен бірыңғай ақпараттық процессті қалыптастыруын болжамдайды.

Жобалаудың негізгі екі тәсілін шығарады: құрылымдылық және объектіге – бағытталған жобалау. Құрылымдылық жолы АЖ құрастыру кезінде автоматтандырылған бөлімдерге бөлінуінде негізделеді: жүйе функционалдық ішкі жүйелерге бөлінеді, олар ішкі функцияларға, ал одан кейін есептерге және т.с.с.

Объектіге - бағытталған жобалау жүйенің объекті декомпозициясын болжамдайды. Объект – берліген пәндік облысында маңызды функционалды тағайындауына ие болатын нақты мән.
2.4 ААТ-ның экономикалық тиімділігі
Техниканы сатып алуы, жобаларды дайындау, дайындық жұмыстары, кадрларды дайындау болса да, АТ енгізуі капиталдық салымдармен байланысты. Сондықтан да енгізудін алдында АЖ жөнінің экономикалық негіздемесі анықталуы қажет. ААЖ қолдануының тиімділігі есептелуі керек.

Мәліметтердің қалыптасу, өңдеу кезіндегі есептеу техника амалдарының қолдану жөнің экономикалық ақпараттың автоматтандырылған өндеуінің тиімділігі деп атайды. Есептелген және фактілік тиімділікті ажыратады. Есептелген жобалау кезеңінде анықталады, фактілік – жобаны енгізу нәтижелерінен кейін.

Есептеу техниканы енгізуіне байланысты экономикалық нәтиже тiкелей және жанамаға бөлінеді.

Тірі еңбектің шығының үнемдейтін көрсеткіш (сағ):



) Тэкрм абсолюттік көрсеткіш

2) салыстырмалы көрсеткіш

Тэк - тірі енбектің шығының үнемдейтін көрсеткіш, сағ

Тм - машиналық әдісі бойынша өндеуінің енбек көлемі

Тр - қол әдісі бойынша өндеуінің енбек көлемі



Тп - енбек өнімділігінің өсу (рост) индексі
, С - өндеу бағасы ,
Сз - шығындарды өзгерту индексі

Шығындардың өтiмдiлiк мерзімі = ААЖ құрұлуына қажет жалпы шығындардың қосындысы / ААЖ енгізілуіне байланысты, кірістін жылдық артуы (прирост).


Бақылау сұрақтары:

  1. Автоматтандырылған экономикалық ақпараттық жүйелердi жобалау дегенiмiз не?

  2. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердi (ААЖ) құру ұстанымдарын атап және оларға сипаттама берiңiз.

  3. Реинжиниринг дегенiмiз не?

  4. Тиiмдi басқарудың жеке ұстанымдарың атап өтiңiз

  5. Программалық қамтудың өмірлік циклына анықтама беріңіз. Өмірлік циклдің моделдеріне сипаттама беріңіз.

  6. Жобалаудың негізгі кезеңдері қандай? Олардың мінездемесі.

  7. Экономикалық ақпараттық жүйелерді жобалауына әдістері және оларға байланысты сұрақтар.


3 Операциялар журналы. Модульдер түсініктемесі
3.1 Шаруашылық операциялар журналы

Шаруашылық iс әрекетiн тiркеу және оларды құжаттау шаруашылық операциялар журналы арқылы iсе асырылады. Есептiн белгiлi бөлiгiне жауаптының күнделiктi жұмысы, керектi журналды ашу, командалар менюынен керектi операциялармен жұмыс iстеу, бастапқы документтердi құрастыру. Егер бұл операциялар қатесiз болса, онда программа бас журналында бухгалтерлiк шоттар корреспонденциясын откiзедi.

Керектi журнал меню- Операции арқылы ашылады. Журнал алты бағанадан тұратын кестеге еңгiзiледi.

Дата - шаруашылық операцияның откiзу уақыты белгiлейдi

Дебет – Шотты және дебеттiн субшоттарының кодтарын белгiлейдi

Кредит - Шотты және кредиттарының субшоттарының кодтарын белгiлейдi

Сумма – шоттардың соммасын белгiлейдi

N – шоттар еңгiзiлгенорынның номерi белгiленедi.

1С Кәсіпорын жүйесінің конфигурациялары өзіне конструкторлар жиынтығын қосады. Олар конфигурацияның типтік элементтерін тез және жеңіл түрге жасау үшін қосымша инструмент ретінде қолданылады. Конструкторлар қазметіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді. 1-сі болып шығару конструкторы – анықтамалардың, құжаттардың, журнал құжаттарының басу формасын шығару үшін қолданылады. Есеп беру макетін тағайындау конструкторы. Мета берілгендердің объектілерінің басу формасының шаблонын автоматты түрде жасау үшін қолданылады. Бухгалтерлік сұраныс тағайындау конструкторы. Есеп беруді автоматты түрде шығару үшін қолданылады. Сұр-тар конструкталары. 1С Кәсіпорын жүйесінің модульдерді өңдеуді жеңілдету үшін қолданылады.


3.2 Модульдер түсініктемесі
Модуль деп 1С Кәсіпорын жүйесінде кірістірімен тілдегі бағдарламаларды айтамыз. Модульдер метаберілгендердің құрылымының объектілері көрсеткен жерге орналасады және орындалуы үшін 1С Кәсіпорын жұм-ды алдын ала шақырады.

Гл. модуль деп 1С Кәсіпорынның қосқан жағдайда автоматты түрде орындалатын модульді айтамыз. Гл. модульде проц-лар және функциялар қолданылады. Пр-дың функциялары гл-дік модульдің гл-дік контекстің гл. құрамдық бөлігі болып саналады. Гл. модуль конфигурациясының бөлігі бола отыра конфигурацияның құрамына сақталады.

Кестелер жалпы кестелердің механизмі баспа беттерінің формасының шаблонын жасауға мүмкіндік береді. Ағымдағы конфигурацияның кез-келген модулімен қол жетім болып табылады.

Мысалы, жалпы кестелерді қолдану. Гл-дік модуль арқылы құжаттардың кестелерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.



3.3 1С Кәсіпорын бағдарламасының тілінің синтаксисі
1С тілі Бейсик тілімен өте ұқсас. 1С бағдарламасында барлық кілттік сөздерді орыс тілінде жазуға болады.


1С тілінің құрылысы

Ескерту

Процедура РассчитатьНалог(Сотрудник, НекаяДата)

КонецПроцедуры

Жай процедура. КонецПроцедуры сөзінен кейін ешқандай белгі керек емес, өйткені обұл оператор емес ал операторлық жақша

Функция РассчитатьНалог(Сотрудник, НекаяДата)

Возврат Налог;

КонецФункции

Бұл функция әр уақытта жауапты қайтару керек.

Если Оклад > 10000 Тогда
......Результат = "Нормально";
Иначе
......Результат = "Плохо";
КонецЕсли;

Жай шарт. КонецЕсли сөзінен кейін нүкте мен үтір болу керек, өйткені осылай Если операторы аяқталады.

Результат = ?(Оклад > 10000, "Нормально","Плохо");

Қысқартылған Если.

Если Оклад > 10000 Тогда
......Результат = "Нормально";

ИначеЕсли Оклад > 5000 Тогда
......Результат = "Средне";

Иначе
......Результат = "Плохо";
КонецЕсли;

Көптік шарт. Егер бірінші шарт орындалмаса, онда екінші шарт тексеріледі. Егер де екінші шарт орындалмаса, онда үшіншісі тексеріледі. Егер де шарттардың біреуі де орындалмаса, онда Иначе блогы орындалады.

Если (Оклад > 10000) И (КодКатегории = 2) Тогда

КонецЕсли;



Жақшалар болу керек.

Пока Номер <= 50 Цикл

КонецЦикла;

Пока жай циклы (қайталанулардың саны белгілі емес цикл). КонецЦикла сөзінен кейін нүкткмен үтір болуы керек, өйткені бұлай Пока операторы аяқталады.

Для Номер = 1 По 50 Цикл

КонецЦикла;

Для жай циклы (қайталанулардың саны белгілі емес цикл).

Перейти ~метка;

<...>

~метка:


Бұлай шартсыз өтудің меткалары мен операторы жазылады (GOTO). Меткалардың саны аз болғаны жақсы.

Пока <условие> Цикл

Если <условие> Тогда


........Продолжить;
КонецЕсли;

КонецЦикла;



Продолжить операторы басқаруды циклдың басына береді.

Пока <условие> Цикл

Если <условие> Тогда


.........Прервать;
КонецЕсли;

КонецЦикла;



Прервать операторы циклынан шығуды іске асырады. Басқару циклынан кейінгі операторларға беріледі.

Перем Сотр;

Айнымалыны хабарлау.

Номер = 1;

Айнымалыларды хабарлау керек емес. Бірінші белгінің берілуінен кейін жаңа айнымалы пайда болады.

ФИО = Фамилия + " " + Имя + " " + Отчество;

Жолдардың қосылуы

( конкатенация)



НекаяДата = '01.01.2002';

Күнді сақтайтын айнымалы.

Перем глТекущийПользователь Экспорт;

Глобалді модульде глобальдіқ айнымылының хабарлануы. Бұндай айнымалылар конфигурацияның кез келген жерінде бар.

Попытка

а = 10 / 0;



Исключение

Предупреждение("Деление на ноль!");

КонецПопытки;

Кез келген жағдайларды өңдеу.

Егер операторларды орындау кезінде Попытка және Исключение сөздерінің арасында қате болса, онда басқару Исключение және КонецПопытки сөздерінің арасындағы операторларға беріледі.

Егер қате болмаса, онда басқару КонецПопытки сөзінен кейінгі операторларға беріледі.


//это комментарий

Бұлай комментарийлер беріледі.

СпрСотр.ВыбратьЭлементы();

Объект әдісін шақыру, нүкте арқылы жүзеге асырылады.


Бақылау сұрақтары:

1. Шаруашылық операциялары туралы түсініктеме

2. Конструкторлар қызметі

3. Модульдер түсініктемесі

4. Глобальдік модуль

4 Тауарлы - материалдық қорлардың есебі
4.1 Тауарлық-материалдық қорлар жайлы түсiнiгі
Кәсiпорындар мен ұйымдарды қызметi барысында өздерiнiң өндiрген дайын бұйымдары, сату сату үшiн сатып алған тауарлар, сатып алған бiрақ әзiрге ұйымға келiп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндiрiс, басқаларға көрсеткен қызметтерi, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қазметтердi көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектерi, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабтикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлық-материалдық қоры түрiндегi ағымдағы активi болып табылады.

Материалдарды есептеудiң негiзгi мiндеттерi:

Дайындалған, келiп түскен және өндiрiске немесе сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептеп, кiрiске алу немесе есептен шығару.

Материалдардың қоймада және тасымалдау кезiнде түгел сақталуын бақылау.

Материалдық қорлар қалдығының белгiленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуiн бақылау.

Материалдарды өндiрiсте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған мөлшерiн және тұтыну мөлшерiнiң қорын анықтау.

Материалдардың өндiр iсте ұтымды пайдалануын бақылау.

Дайындалған материалдардың өзiндiк құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылған материалдар құнын әр объектiнiң шығынына қосу.

Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемдi пайдаланылуына көмегiн тигiзедi. Материалдардың түгел және дұрыс сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшiн алдын ала мыналарды жасау қажет:

тиiстi түрде жабдықталған материалдық қорларды сақтайтын қойма немесе бөлме болуы қажет және бөлмелердiң әрқайсысы материалдардың белгiлi бiр түрiн сақтауға арналған болуы керек;

материалдар қойманың әр бөлiгiнде өздерiнiң түрлерi, сорттары, өлшемдерi бойынша керектi кезiнде тез алуға және босатқаннан кейiнгi кезде қалдығын тексерудi қамтамасыз ететiндей етiп орналастырылуы керек.

Материалдардың есебiн дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшiн мыналар керек:

материалдардың бiрiңғай номенклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу бағасын белгiлеу;

құжат айналымының дәл жүйесiн белгiлеу және материалдарды есепке алу мен есептен шығару операцияларының тәртiбiн сақтау;

бiрiңғайланған алғашқы есеп құжаттары нысандарының түрлерiн белгiлеу және олармен ұйымның барлық бөлiмдерiн қамтамасыз ету.

Сонымен қатар материалдарды алдағы уақыттарда пайдалану үшiн өндiрiске босату және басқа жаққа берiлетiн мөлшерiн белгiлеп, оларды жетiлдiрiп отыру керек. Белгiленген тәртiп бойынша материалдардың қалдығын жаппай түгендеу, бақылау арқылы тексерiп және олардың нәтижесiн дер кезiнде есепке алып отыру қажет.


4.2 Тауарлық-материалдық қорлардың жіктелуі
Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі – оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қара материалдар:

шикізат;


негізгі материал;

көмекші материал;

жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып бөлінеді.

Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары, тағы да басқалар есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй-жайларды жылытуға пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.

Ұйымның бухгалтерлік есепшоттар кестесінің арнайы бөлімінде «Қорлар» есебі мына аналитикалық шоттарда жүргізіледі:

шикізат пен материалдар;

сатылып алынған жартылай фабрикаттар;

отындар;


ыдыс және ыдыстық материалдар;

қосалқы бөлшектер;

басқадай материалдар;

өңдеуге берілген материалдар;

құрылыс материалдары.
4.3 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау
Кәсіпорындар мен ұйымдарда материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етужұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар ұйым бойынша келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап, жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт жасайды. Яғни жабдықтау бөлімінде келген құжаттар М-1 түрлі «келген жүкті есептеу» журналына тіркеледі. Одан кейін бұл құжаттарды материалды алып келетін экспедиторға береді. Сонымен қатар экспедиторға материалдарды ашу үшін сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүкқұжаттары мен сенімхатты алғаны үшін М-1 түрлі журналға қол қояды.

Жабдықтаушы мекемеден және жүк тасымалдаушы ұйымдардан материалдарды немесе жүктерді алу үшін кәсіпорыннан тағайындалған экспедиторға немесе жүкті алатын басқа адамға үлгілі түрі М-2 немесе М-2А сенімхаты беріледі.

Егер келіп түскен материалдардың нақты саны, көлемі, сапасы онымен келген құжаттағы дерекке сәйкес келмесе үлгілі түрі М-7 «қабылдау актісі» жасалынады. Сонымен қатар үлгі түрі М-7 «қабылдау актісі» жіберу құжатынсыз келген материалдарға да толтырылады. Материалдар кәсiпорындар мен ұйымдардың iшiндегi цехтарына, бөлiмшелерiне, өзiнiң аумағы сыртындағы шаруашылықтарына, сондай-ақ басқа ұйымдарға үлгiлi түрi М-15А материалдарды босату (iшкi ауыстыруды) “талап ету жүкқұжаты” бойынша босатылады.

Материалдарды босату (iшкi ауыстыруды) “талап ету жүкқұжаты” екi дана етiлiп жазылып, оған бас бухгалтердiң немесе ол сенiм бiлдiрген тұлғаның қолы қойылуы арқылы шешiледi.

Егер материалдар қоймадан кәсiпорынның өзiнiң шаруашылықтарына (цехтарына, бөлiмшелерiне) босатылатын жағдайда үлгiлi түрi М-15А материалдарды босату (iшкi ауыстыруды) “талап ету жүкқұжаты кейiннен бухгалтерияға табыс етiледi. Үйлердi, ғимараттарды, құрылыстарды бұзғаннан, бөлшектегеннен алынатын iске жарамдыматериалдарды кiрiске алу үшiн үлгiлi түрi М-35 санды акт толтырылады.

Кәсiпорындар мен ұйымдардың өндiрiсiнде жиi пайдаланылатын материалдық құндылықтар үшiн толтырылатын талап ету қағаздарының санын кемiтiп, есеп жұмысын жеңiлдету үшiн және материалдарды өндiрiске босату лимитiнiң сақталуына ағымдағы бақылау жүргiзу үшiн лимиттiк-заборлық (шектеу карталары) карталарды қолдануға болады. Лимиттiк-заборлық картаға барлық бiр дана болып жазылатын бухгалтерлiк құжаттар негiзделiнiп жасалады.


4.4 Материалдардың бухгалтериядағы есебi
Материалдардың бухгалтериядағы талдамалық есебi сандық және ақшалай өлшемде жүргiзiледi. Мұндай есептi ұйымдастырудың көп қиындығына байланысты бухгалтерияда талдамалы есептi ұйымдастыру жұмыс үздiксiз жетiлдiрiлiп келедi. Есеп жұмысына есеп тiркелiмдерiнiң өте ұтымды жаңа түрлерi еңгiзiлiп, есеп жұмысының тәртiбi жақсартылып, есеп машиналары пайдаланылып, есеп беру жұмысы қысқартылып, жеңiлдетудiң басқа да түрлерi қолданылуда. Соңғы кезгi уақыттарға дейiн ұйымдардың бухгалтерияларында материалдардың талдамалық сорттық, сандық, бағалық есебiн карточкаларда жүргiзiп келдi. Жалпы бухгалтерияда материалдардың әр номенклатуралық номiрiне бөлек карточка ашылады. Материалдардың кiрiс етiлуiне, босатылуына жасалған әр құжат деректерi тиiстi карточкаға жазылуы керек. Ай бiткеннен кейiн немесе ай соңында әр карточка бойынша материалдардың кiрiске алынуы мен шығыс етiлуiнiң қорытындысы шығарылып, олар материалдардың айналым тiзiмдемесiне жазылады. Материалдардың есебiн одан әрi жетiлдiру негiзiнде оперативтiк-бухгалтерлiк (жедел-сальдолық) әдiсi пайда болды.

Материалдар қалдығының қоймалық карточкаларынан үлгiлi түрi М-20 түрлi тiзiмдемеге дұрыс толтырылуын бухгалтерия қызметкерi мiндеттi түрде тексерiп, қол қояды.

Қазақстан Республикасында осы күнгi қолданылып жүрген ереже бойынша кәсiпорындар жылына кем дегенде бiр рет өздерiнiң меншiгiндегi материалдық қорларына түгендеу жұмысын жүргiзу керек.

Түгендеу – бұл барлық материалдардың әрқайсысын бiртiндеп санап шығып, одан кейiн материалдардың нақтылы қалдығын бухгалтерлiк баланстағы қалдығымен салыстыру. Түгендеу жұмысы материалдардың түгел сақталуын қамтамасыз етудiң басты құралы болып табылады. Салыстыру тiзiмдемесi түгендеу кезiнде анықталған нақтылы қалдығы, оның бухгалтерлiк есептегi қалдығына сәйкес келмейтiнi тауарлық-материалдық қорлар бойынша жасалады. Салыстыру тiзiмдемесiнде артық немесе кем шыққан материалдық құндылықтар бухгалтерлiк есепте көрсетiлген бағасымен есептеледi. Түгендеу комиссясы барлық артық немесе кем шыққан материалдар жөнiнде оларға жауапты тиiстi адамдардан жазбаша түсiнiк алуға тиiс.

Кәсiпорындағы материалдық қорларды түгендеу нәтижесi бухгалтерлiк есепте түгендеудiң бiткен айына көрсетiлуi тиiс. Кем шыққан және бүлiнген материалдардың құны кiнәлi адамнан қағида бойынша бөлшек сауда бағасымен өндiрiледi.


Бақылау сұрақтары:

  1. ХҚЕС 2 “Қорлар”.

  2. Тауарлы-материалдық қорлардың жiктелуi;

  3. Өзiндiк құнының ең кiшi бағасы және нарық құны;

  4. Материалдардың кiрiсiнiң құжаттары және ретi;

  5. Тауарлы – материалдық қорлардың қозғалысының құжаттық ресiмделуi;

  6. Тауарлы-материалдық қорлардың есебiнiң жүйесiн ұйымдастыру: мерзiмдi түгендеу және ағымды түгендеу;

  7. Үздiксiз жүйесiнiң есебi кезiнде тауарлы-материалдық қорлардың есебi;


5 Анықтамалықтар
5.1 Анықтамалықтардың құрылымы
Талдамалы есеп жүргізу және алғашқы құжаттарды құру барысында анықтамлықтардың құрылымын пайдалану ең негізгі ақпарат болып саналады. 1С:Бухгалтерия жүйесінде көп деңгейлі анықтамалықтар (10 деңгейге дейін ) ұйымдастыруға болады. Жүйеде бағынышты анықтамалықтар механизмі қарастырылған. Мұндай механизм әр түрлі анықтамалақтардың элементтерін бір-бірімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Бағынышты анықтамалықтардағы әр бір элемент негізгі анықтамалықтың нақты бір элементімен байланысты. Жұмыс барысында бағынышты анықтамалық терезесінен таңдалған элементтер жиынтығы негізгі иеленуші анықтамалықтың ағымдағы элементі болып табылады.

Анықтамалықпен жұмыс екі режимде жүреді:

1. Анықтамалықпен элементті таңдау,

2. Анықтамалықтағы элементтерді түзету және қарап шығу.

Қарап шығу және таңдау режимінде анықтамалықтарды программаның басты менюінен, құралдар тақтасынан, басқа арқылы ашуға болады. Таңдау режимінде субконто мәнін, тұрақтыларды, басқа анықтамалық деректемелерін немесе құжат деректемелерін енгізу үшін, F4 пернесін немесе кнопкасын басу арқылы анықтамалықты ашуға болады. Бұл екі режимнің айырмашылығы сонда таңдау режимінде анықтамалықтан курсорды керекті элементке қойып, ENTER пернесін немесе құралдар тақтасынан керекті кнопканы басу арқылы түзетілетін деректемені (реквизитті) немесе тұрақтының мәні ретінде ағымдағы элементті енгізе аламыз. Анықтамамлық формасына программаны басты менюдегі «Амалдар (Операции)» пунктінен «Анықтамалық (Справочник)» бөлімін немесе құралдар тақтасынан кнопкасын таңдау арқылы қол жеткізуге болады. Экранға жүйедегі тізімге бар

анықтамалықтар тізімі шығады. Маустың немесе перненің көмегімен тізімнен керекті анықтамалықтың атауын таңдап OK кнопкасын басыңыз. Экранға жүйеде бар анықтамалықтар тізімі шығады. Егер анықтамалық көп элементтен жолдан және көп бағанадан тұрса, онда анықтамалық кестесіне оның нақты бөлігі (тек экранға сыйған) шығады, кестенің сол жағына төменгі бөлігіне қарау (оқу) сызығы шығады. Егер ағымдағы анықтамалық үшін менюдің әрекет пунктіндегі сатылы тізім командасы таңдалған болса, онда анықтамалық бағанасының сол жағына жолдың типін көрсететін шартты белгілер шығады.

Анықтамылықтағы жолдың екі түрі болуы мүмкін:анықтамалықтың элементі және анықтамалық тобының атауы. Анықтамалықтағы топты ашу келесі тәсілдердің бірімен орындалуы мүмкін:

Кестедегі керекті топ атауының таңбасына маустың көмегімен екі рет басу немесе Курсорды керекті топ атауына қойып Ctrl + немесе Курсорды керекті топ атауына қойып программаның басты менюдегі «Әрекет» пунктінің «Келесі деңгей» командасын таңдау. Топтың бұтақ тәріздес түрін қарап шығу. Топтың бұтақ тәріздес түрінің құрамы анықтамалықтағы топтың атауынан тұрады және ол біріншіден, анықтамалықтың құрылымын қарап шығу үшін, екіншіден, анықтамалықтың нақты тобына кіретін элементтерге тез өту үшін ыңғайлы. Бұтақтағы «+» таңбасы осы бұтақтың ішінде қосалқы бұтақ барын білдіреді. Топтың ашу маустың көмегімен таңбаға екі рет басу арқылы орындалады «+» таңбасы «-» кеауысады. Ал топты жабу үшін «-» таңбасын маустың көмегімен екі рет басу жеткілікті.
5.2 Анықтамалықтардың элементтері
Анықтамалық терезесі көруге немесе элементтерді таңдауға ашылғанда оның коды, элементтердщің атауы немесе кез келген деректемесі бойынша реттеуге болады. Реттеуді программаны басты менюіндегі «Әрекет» пунктінің «Реттеу» командасын таңдау арқылы орындалады. Реттеуді жылдамдату үшін келесі пернелер қосындысы қолданылады:

Ctrl +1 элементті коды бойынша реттеу

Ctrl +2 элементті атауы бойынша реттеу

Ctrl +3 кез келген деректеме бойынша реттеу.



Анықтамылыққа жаңа элемент енгізу.

Анықтамалыққа жаңа элемент жүргізу үшін келесі амалдар орындалады:

Анықтамалық тезесіндегі құралдар тақтасынан кнопкасын таңдаңыз немесе Ins пернесін басыңыз немесе Программаның басты менюіндегі «Әрекет» пунктіндегі «Жаңа» командасын таңдаңыз. Анықтамалықтағы элементтерді түзету үшін курсорды түзетілетін ұяшыққа қойып ENTER пернесін басыңыз немесе маустың көмегімен сол элементке екі рет басыңыз. Анықтамалық элементтерін қарап шығу үшін курсорды жолдың кезекті элементіне қойып, келесі іс-әрекеттердің бірін орындаңыз:

Анықтамалық терезесіндегі құралдар тақтасынан кнопкасын таңдаңыз немесе Программаны басты менюіндегі «Әрекет» пункті бойынша «Қарау» командасын таңдаңыз. Анықтамалықтың элементтерні жою (жоюға белгілеу) Анықтамалықтан элементтерді жою және жоюға белгілеу үшін курсорды керекті элементке қойып келесі іс-әрекеттердің бірін орындаңыз:

Del пернесін басыңыз немесе Менюдің Әрекет пунктінің Жою командасын таңдаңыз. Жойылуға белгіленген белгіні алып тастау. Анықтамалық элементтеріндегі белгіні алып тастау үшін курсорды кңеректі элементке қойып, келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

Del пернесін басыңыз немесе Программаның басты менюінің Әрекет пунктінің Жоюдағы белгіні алып тастау командасын таңдаңыз.



Анықтамалық элементін көшіру.

Жаңа элемент немесе элементтер тобын көшіру, анықтамалықта бар элементтерді немесе элемент тобын көшіру арқылы енгізілуі мүмкін. Ол үшін курсорды керекті элементке немесе элементтер тобына қойып, келесі әрекеттердің бірін орындау жеткілікті:

F9 пернесін басыңыз немесе Программаның Әрекет пунктінен Көшіру командасын таңдаңыз.

5.3 Тұрақтылар анықтамалығы
Кәсіпорын жайлы барлық ақпарат Тұрақтылар тізіміне енгізіледі. Анықтамалықтың ыңғайлығы сонда, оған ақпарат бір рет енгізіліп, құжат құру, нәтижелерді есептеу, есеп беру қүұжаттарын алу барысында көп рет қолданылады. Тұрақтылар анықтамалығы экранға программаның басты менюінің Амалдар пунктінен Тұрақтылар бөлімін таңдаңыз.

Тұрақтылар мәні тарихын қарап шығу үшін керекті тұрақтыны таңдап келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

F5 пернесін басыңыз немесе Программаның басты менюінің Әрекет пункті бойынша тарихи мәні командасын таңдаңыз.

Жаңа жол енгізу үшін келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

Ins пернесін басыңыз немесе Басты менюдің Әрекет пунктінің Жаңа жол командасын таңдаңыз. Кестеге күннің және тұрақтының мәнін енгізуді сұраған Жаңа жол енгізіледі. Тұрақтылар тарихына Жаңа жол енгізілген бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.
Бақылау сұрақтары:


    1. Анықтамалықтардың жалпы түсінігі

    2. Анықтамалықтардың түрлері

    3. Анықтамалықтардың қасиеті

    4. Анықтамалықтардың элементтері

6 Табыстар мен шығындардың танылуы
6.1 Жылдық жиынтық табыстың есебі
Табыс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады; олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім шартта (контрактіге) анықталады. Ал, мәміледе шығатын табыс сомасы бағасынан немесе сатудан жасалатын жеңілдіктерін ескере отырып, олардың (мәміленің) құндарын өлшейді. Сатып алушылардың алған активтер үшін төлеген сомасын сату құны деп атайды. Тауарды сатқаннан түскен табыс келесі жағдайды сақтаған кезде табылады: табыс сомасын үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарап та мәмлеге қатысқан кезде , сатушы қандай соманы сұрап отырғанын және қандай соманы сатып алушы төлейтіндігін білген жағдайда; мәмілемен байланысты экономикалық олжаның және соны субьектінің алу ықтималдығы бар болуы мүмкін.

Келесі шарт сатушыдан сатып алушыға өтетін меншік құқығы болып табылады., бұл әдетте берілген кезден басталады, ал егер сатушы меншік иесі ретінде құқығын және міндеттемесін сақтаған болса,онда ол сатылған болып табылмайды және табыс танылмайды.; мәміле бойынша күтілетін шығын үлкен нөлдік деңгейдегі бағалауды қажет етеді.

Көрсеткен қызметте және орындалған жұмыстан алынған табыстар, мына жағдайларда қоспағанда, тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде танылады:

-есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезенін үлкен деңгейдегі дәлдікпен анықталса;

- мәмілені жүргізу кезінде жұмсалған шығыстары да, мәмілені аяқтаушы үшін қажет шығыстары да үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағаланса.

Мәміленің сипатына қарап оның аяқталу кезеңін анықтаған кезде мына әдістердің бірін пайдаланады:

-белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша жасалған шығыстардың пайыздық қатынасы ;

- белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша орындалған қызметтің пайыздық қатынасы;

-орындалған жұмысты талдау.

Аралық негізде жасалатын төлемде , яғни сатып алушылардан алынған аванстар, табыс болып танылмайды.

Қызмет көрсетутін, яғни мәміленің нәтижесінде үлкен деңгейдегі дәлдікпен табысты анықтау мүмкін болмаған жағдайда, табыс жұмсалған шығыс мөлшерінде танылады, яғни сол шығыстың орынын жабады.

Негізгі қызметтерден түскен табыстардың есебі «Негізгі қызметтен түскен табыстар» шоттарында ұйымдастырылады. Бұл топқа төмендегі синтетикалық, әрі пассивтік шоттар жатады.

Субъекті қаржылық есеп берген түсіндірме жазбасын бірге тапсырады, онда: көрсетілген қызметтен түсетін табыстарды анықтаудың жолдары; дивиденттер, роялти, пайыздан алынатын табыс, көрсетілетін қызмет, тауарды сатудың нәтижесінде пайда болатын табыстарымен қоса есептік кезең үшін танылатын табыс түрінің әрбір мәнді сомасы ашылуы тиіс. Тауарды айырбастау немесе қызмет көрсету нәтижесінде пайда болатын табыстар сомасы бөлек ашып көрсетіледі.
6.2 Сатылған тауарлардың (қызметтердің және жұмыстардың) өздік құнының және негізгі емес қызметтердің шығыстарының есебі
Сатылатын тауардың (қызметтердің, жұмыстардың) өздік құнының есебі. Сатылатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын есепке алуға «Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны» деп аталатын бір топ шоттары арналған.

Жыл аяғында шығындардың барлығы табыс (зиян) шотына көшірілгеннен кейін, шот жабылуы тиіс.

Бағам айырмашылығы бойынша шыққан шығындары жөнінде жасалатын шоттар корреспонденциясы төменде келтірілген.

Өнім өндіруне кеткен шығыстар болады және олар өндіріс көлеміне тәуелді емес. Шаруашылық жүргізуші субьект, еш нәрсе өндірмесе де, белгілі бір кезеңдердің барысында кезең шығыстарын жасайды.

Кезең шығыстарына мыналар жатады:

-жалпы және әкімшілік шығыстар;

-пайыз бойынша шығыстар;

-тауарлы –материалдық запастарды сату бойынша шығыстар.

Жалпы және әкімшілік шығысы. Шығыстың бұл түріне бүкіл және өндірістік-шаруашылық қызметін басқару байланысты кезеңдік шығыстар жатады..

Қажет болған жағдайда болған жағдайда кәсіпорын осы келтірілген типтік номенклатураны толықтыра алады немесе кәсіпорын олардв әрбір экономика саласының ерекшеліктеріне қарап қысқартуға да, біріктіруге де құқы бар. Жалпы және әкімшілік шығыстары жиынтық табысқа есептен шығарылғаннан кейін, жабылуы тиіс.

Пайыздар (проценттер) бойынша шығысқа банк несиесі және жабдықтардың берген несиесі бойынша, мүлікті жалға беру бойынша төленетін пайыздар жатады.

Пайыздар (марапаттау) –несие алушының ақша капиталын несиеге алғаны үшін несие берушіге төленетін табыстың бір бөлігі. Пайызды өтеудің көзі қарыз капиталын пайдалану процесінен туындайтын құн болып табылады.

Пайыздардың барлық түрлерінің төлемі 684-шотының дебеті және:

-пайыздар арнаулы шоттардан төленгенде 423 –«Банкідегі арнаулы шоттардағы ақша» шотының;

-пайыздар валюталық шоттардан төленгенде 431, 432-шоттарының;

-пайыздар нақты ақшалай төленгенде 451-шотының кредиті бойынша көрініс береді.



6.3 Басқа ұйымдардың қызметіне үлестік қатысудан түскен табыстар
Басқа ұйымдарға үлестік қатысудан түскен табыс (зиян)» шотта жүргізіледі.

Шот күрделі және оның талдамалы (аналитикалық) есебі әрбір ұйымдар бойынша жүреді, өйткені ол сол ұйымдармен бірлескен қызметін немесе өз капиталын салуын жүзеге асыруы мүмкін.

Жыл соңында шот бойынша қалдық қалмауы тиіс.
Бақылау сұрақтары:

1.Табыс пен шығын түсініктері.

2.Жеткізудегі кірісті тану, жеткізуге дейін тану, жеткізуден кейін тану, ұзақ мерзімді келісім-шарттар.

3.Жұмыс және қызмет көрсету, тауарды сату бойынша шығындар есептемесі.

4.Қызметті сатудан түскен табысын тану.

5.Шығындарды тану.




7 Құжаттар және оларды қолдану тәсілдері
7.1 Құжаттар
Құжат —1С:Кәсіпорын жүйесінің негізгі түсініктерінің бірі болып саналады. Құжаттардың көмегімен жүйеге шаруашылық іс-әрекеттерде орындалып жатқан ақпаратты енгізеді.

1С:Кәсіпорын жүйесінде құжат негізгі есеп берудің бірлігі болып саналады. Құжаттың әрқайсысы шаруашылық операциясы жайлы нақты ақпаратты сақтайды және оны нөмірмен, датамен және уақытпен сипаттайды. Дата мен уақыт — құжаттың ең маңызды сипаттамаларының бірі, өйткені олар жасалатын операциялардың тізбегін сақтауға мүмкіндік береді.

Құжаттарды жасаған уақытта бірнеше жалпы реквизиттер жасалуы мүмкін. Ондай рекви­зиттар, бірақ рет жасалынып, барлық құжаттардың қолданылуына қолжетім болады. Құжаттың құрылымын өңдеу шапка реквизитімен және кесте бөлімінің реквизиттерінің жиынтығына байланысты.

Конфигураторда құжаттармен жұмыс жасау үшін бірнеше журналдар жасалынуы мүмкін. Құжатты жасаған уақытында, құжат сақталынатын журналдың атын беруге болады. Құжаттар мен жұмыс жасау үшін арнайы жасалған жалпы журналдарды қолдануға болады. Қарапайым журналдардан ерекшелігі, құжаттарды мәні және қолданушының көрсетуі бойынша тандайды.

Қарапайым жағдайда 1С:Кәсіпорын жүйесінде құжаттар кейбір мәліметтерді енгізу үшін және оларды баспа бетіне шығару үшін қолданылады.

Бір-ақ, көп жағдайда мекеменің шаруашалық өмірінде болып жатқан жағдайларды, 1С:кәсіпорын жүйесі қолдайтын әртүрлі механизм есептерінде бейнелеу үшін қолданады. Құжаттың берілгендерін әртүрлі есеп беруде бейнелеу құжатты өткізгенде көрсетіледі.



Құжаттың модулі 1С:Кәсіпорын жүйесінде кірістірілген тілде берілген бағдарлама түрінде көрсетілген. Форманың модулінен ажыраттатын бірнеше ерекшеліктері бар.

Құжаттың модулі құжатты өткізу үшін шақырылады және «ОбработкаПроведения» процедурасы орындалады. Тек қана құжаттың модулінен ғана регистрларды, анықтамалықтардың реквизиттарын өзгертуге болады. Сондай-ақ құжаттың модулінен ғана операцияларды және операциялардың проводкаларын ғана қалыптастыруға болады. Проводкалар бухгалтерлік қорытындыларды өзгертуге әкеп соғады.



Нумератор құжаттардың нумерациясын дұрыс сақтау үшін қолданылады. Нумератордың негізгі міндеті — құжаттың әртүрлі типтеріне нумерациялауды қамтамасыз еті, бұл үшін бұндай құжаттарға бір нумератор тағайындалады. Нумераторға арнайы құжаттардың ішінен орын берілген.

7.2 Форманың диалогы

жүктеу 1,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау