Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрдігі



жүктеу 1,73 Mb.
бет8/10
Дата29.05.2018
өлшемі1,73 Mb.
#18204
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Індеттік көрсеткіштері. Топалаңға қой, ешкі, бұғы, сиыр, жылқы, түйе, жабайы сүт қоректі жануарлар аса бейім. Шошқа біршама төзімді де, бұл аурумен созылмалы түрде ауырады.

Топалаңның қоздырушысының бастауы – ауырған жануарлар. Олар бациллаларды нәжіс, несеп, сілекеій арқылы бөліп шығарады.

Микроб әсіресе өлер алдында контаминирленгендердің табиғи тесіктерінен аққан қанды сұйықтықта көп болады.Қоздырушының ең басты берілу факторы – топалаңнан өлген малдың өлексесі.Топыраққа түскен топалаңның спорасының тағдыры топырақтың түріне байланысты.Микробтың ұзақ сақталуына гумусы мол, рН бейтарап топырақ аса қолайлы.

Патологоанатомиялық өзгерістер. Топалаңнан өлген малдың өлексесі тез бүлінеді, әдетте кебініп, сіресуі болмайды немесе әлсіз дәрежеде байқалады.Табиғи тесіктерінен қанды сұйық, кейде қан ағады. Қан қара -қошқыл түсті ұйымайды.Сірі қабатының көп жері қанталаған. Көкбауыр шектен тыс ұлғайып, оның пульпасы жұмсарады, кесілген жерінен қара май тәрізді мол қырынды алуға болады. Жүрек аймағын қара қошқыл қанға толы, эндокард қанталаған.Ауыз қуысының ұлпаларында қанталаған жалқақтар болады.Желке және бас миы өзгерген және қанталаған.

Балау. Диагноз қою үшін міндетті түрде індеттанулық деректер, клиникалық белгілер, өлексені көрудің нәтижелері ескеріледі. Бірақта түпкілікті диагноз лабораторлық зерттеуге негізделуі керек.

Емі. Емдеу үшін топалаңға қарсы қан сарысуы мен иммуноглобулиндер қолданылады. Гамма – глобулиннің әсері сарысудан күштірек. Оны қойларға тері астына 20-40 мл енгізеді, алдын алуда. Ол 14 күн сібір жарасына қарсылық жасайды.

Дауалау және күресу шаралары. Топалаңды дауалаудың басты бағыты бейім жануарларды вакциналау және індет жайлаған жерлерді толық есепке алу және сауықтыру, санитарлық шектеу шараларын жүргізу. Қауіп жоғары деңгейде деп есептелінетін аймақта вакциналау жылына екі рет жүргізіледі. Өлген мал өлексесі сойылмайды, міндетті түрде өртеледі. Карантин ең соңғы ауырған мал сауыққан соң немесе өлген соң, егер егілген жануарларда асқыну болмаса, 15 күн өткеннен соң алынады.

Әдебиеттер:


  1. Конопаткин А.А. Эпизоотология и инфекционные болезни животных. М.: Колос, 1984. 147-156 бет.

Бақылау сұрақтары:

  1. Сібір жарасына анықтама беріп, қоздырғышын сипаттаңыз?

  2. Сібір жарасы қандай белгілермен өтеді?

  3. Ауру қандай жолдар механизмі арқылы жұғады?

  4. Ауру қандай формада өтеді және қандай клиникалық белгілер әрқайсысында болады?


8-тақырып. Ауылшаруашылық малдардың Ауески ауруы.

Мақсаты: Диагностикалық әдістерін және симптомдарын,эпизоотологиясын,этилогиясын оқу.ІҚШ

Жоспар: 1.Этиологиясын анықтау.Ауру кезіндегі індеттік ерекшіліктері.

2.Клиникалық белгілері,патологоанатомиялық өзгерістері,Иммунитет.

3.Алдын ала сақтау шаралары және күресу шаралары.

Ауески ауруы.(Моrbus Aujeszky)-жіті өтетін,өкпе қабынған,орталық жүйке жүйесі зақымданған ,шошқа,күзен және бұлғыннан басқа жануарларда денесі қышынған белгілермен ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Этиология.Қоздырушысы- ДНҚ бар герпес вирустар тұқымдастығына жататын ,торшаның ядросында көбейетін вирус.Жетілген вириондары 180-190нм,липопротеидті қабығы бар.Қолдан жұқтыруға үй қояны өте сезімтал.

Төзімділігі.Оншама ерекшелігі байқалмайды,50-60С кезінде 30-45 минутта,тура түскен күн сәулесінен 12-48 сағатта,ультракүлгін сәуледен 1 минутта зарарсызданады.Жемшөп пен көнде,топырақта және басқа заттарда қысқа 21-60 күн,көктемде 35күн,жазда 20күнге дейін сақталады.Шіріген өлекседе 10-28 күн, ал кемірушілердің кепкен өлексесінде 8 ден 175 күнге дейін сақталады.Көнді биотермиялық зарарсыздандырғанда 8-15 күн ішінде күшін жояды.Күйдіргіш натрийдің 3% ыстық ертіндісі,1% формальдегид,жаңадан сөндірілген 20% әк вирусты 5-20 мин ішінде өлтіреді, ал креолин мен карбон қышқылының әсері төмен.

Індеттік ерекшеліктері.Табиғи жағдайда ауруға ең жиі шалдығатындар:шошқа, ит, мысық және синантропты кемірушілер.Сирек ауыратын жануарлар ірі қара мен терісі бағалы аңдар. Жұмыр тұяқтылар мен приматтар төзімді келеді де, табиғи жағдайда сирек ауырады.Кей жағдайда адам да ауырады. Барлық жануарлардың жас төлдерінің әсіресе торайлардың ересектерімен салыстырғанда ауруға бейімділігі өте жоғары.

Ауру қоздырушысының бастауы-ауырған жануарлар.Олар вирусты тұмсығымен, көзінен, қынаптан аққан сорамен, несеппен және сүтпен бірге бөліп шығарады.Бұл ауру сиыр,қой,ешкі,ит, мысықта өте ауыр өтеді де, әдетте ауырған жануар өледі.Сондықтан да олардың арасында вирус алып жүру орын алмайды да,індеттің қаулауы одан ары өрбімей тез өліп қалады.Шошқа мен синантропты кемірушілер жеңіл ауырады. Жазылып кеткеннен соң ұзақ уақыт бойы шошқа 2-3 жылға дейін, кемірушілер бірнеше ай бойы вирус алып жүреді.Сондықтан олардың инфекция қоздырушысының бастауы ретінде ауру таратудағы маңызы зор.



Дерттенуі.Вирустың денеге ену жолына,жануарлардың түр және жас ерекшеліктеріне қарай дерттің дамуы әртүрлі өтеді.

Ауыз бен тыныс жолдарының кілегейлі қабықтары арқылы енгенде вирус инфекция қақпасында шошқаның денесінде тез, ал басқа жануарларда баяу көбейеді. Аз уақыттан кейін ол жүйкемен сөл жолдары арқылы миға жетеді де,вирустың көбеюі ми мен оның қабықтарының жіті қабынуына әкеп соғады. Бұндай жағдай жануарларда әсіресе ет қоректілерде сонымен қатар торайларда энцефаломиелиттің клиникалық белгілері білінеді.Тері арқылы енген вирус кірген жерінде тез көбейіп,гемагендік және лимфогендік жолмен денеге тарағанымен миды онша зақымдай қоймайды.



Өтуі мен симптомдары.Инкубациялық кезең негізінен 1-8 күн,кейде 3аптаға дейін созылады. Оның ұзақтығы жануардың түріне, жасына және табиғи төзімділігіне және вирустың уыттылығы мен енген жеріне байланысты.Ауру жіті өтеді.

Шошқада аурудың клиникалық белгілері ең алдымен жасына байланысты.Ересек шошқада негізінен зілсіз өтеді,1-3 күн бойы аздап ыстығы көтеріледі, жабырқау тартып, тәбеті бұзылады,кейде құсады. Жануардың көпшілігі елеусіз түрде ауырады. Кей жағдайда ересек шошқалардың ауруы күшті болуы да мүмкін.Онда аталған белгілерімен қоса мұрнынан сора ағып, жөтел,ентіге дем алу,теңселіп жүру, сілекей ағу,аяғы,жұтқыншағы мен көмейі салдану байқалады. Жануар есеңгіреген күйінде өліп кетеді.Бордақыдағы үлкейген торайларда, егер тұмаудың вирусы, салмонеллалар мен пастераллалар қабаттасса,өкпесі қабыну жиі байқалады. Мегежіндердің сүті қайтып,жаппай іш тастайды, не өлі туады. Ауру еметін және енесінен бөлінген торайларда өте зілді өтеді.

Ауруды өлі тиген, эпилепсиялық, дел-сал және аралас түрлерге бөледі. Жаңа туған торайларда 10 күнге дейін ауру менингоэнцефалиттің белгілерімен өтеді. Ауырған торайдың жылжуға,емуге және дыбыс беруге шамасы келмейді.Қалшылдап,сілекейі ағып, жұтқыншағы сіреседі. Бір күннің ішінде өліп қалады.

10 күннен 4 айға дейінгі торайларда аурудың өлі тиген және менингоэнцефалит түрлері аралас өтеді. Бас кезінде дененің ыстығы 41С және одан да жоғары көтеріледі,жабырқау тартып, әлсіреп құсады, шөлдейді.Кейінірек орталық жүйке жүйесінің зақымданған белгілері байқалып, не қозу(эпилепсия), не тежеу(дел-сау) процестері басым болады.



Патологоанатомиялық өзгерістер.Шошқа,күзен және бұлғыннан басқа өлген жануарлардың денесінде үйкелген жерлерінің жүні түсіп,терісі бүлінген,тері сатындағы шел жалқақтанып,қанталаған. Жоғарғы тыныс жолдарының кілегейлі қабықтары домбыққан, толық қанды. Ет қоректілердің қарны көп жағдайда желінбейтін заттармен аралас қоректік заттарға толы болады. Қарын мен ішектің кілегейлі қабығы гиперемиялы қанталаған.Үлпіршек ағзаларда қан іркіліп,эпикардтың асты жолақтанып қанталаған,қуық несепке толып,кілегейлі қабығы қанталаған. Ми қабығының қан тамырлары білеуленіп,ми мен оның қабығы домбыққан.

Шошқада,негізінен, өліеттеніп ойылған тонзилит және өкпенің домбығуы, қатарлы бронхопневмония ошақтары кездеседі. Әртүрлі үлпіршек ағзаларда, лимфалық ұлпаларда, оның ішінде жұтқыншақ сөл түйінінде жекелеген немесе көптеген бозғылт-сары ұсақ өліеттенген ошақтар кездеседі.

Екі айға дейіегі торайларда әдетте ми мен жұлын қабынып,ми домбығады, ал оның бүйіріндегі қарыншаларында едәуір сұйық зат жиналады.

Балау.Алдын ала диагнозды індеттанулық және клиникалық белгілері, патанатомиялық тексерудің нәтижесі арқылы қояды.

Емі.Өзіне тән емдік дәрмек ретінде Ауески ауруына қарсы гипериммунді сарысу мен иммунді глобулин қолданылады.Емдеу уақтылы, жануар ауыра ьастсғанда жүргізілсе ғана нәтижелі болады. Қосалқы микробтарды тежеу үшін антибиотиктер мен сульфаниламид және симптоматикалық ем үшін витаминдер қолданылады.

Иммунитет.Ауырып жазылған жануарда бірнеше жылға жететін күшті иммунитет қалыптасады.Аурудан жазылған шошқаның қан сарысуында вирусты бейтараптаушы антиденелердің титрі 1:32-1:256 шамасында болады.Енесін еміпжүрген торайларда уыздан ауысқан коластральді иммунитет болады. Бірақ оның күші мен ұзақтығы шамалы ғана.

Дауалау және күресу шаралары.Аурудың алдын алу шаралары мал фермаларында және оның маңайында індеттің синантроптық және антропургиялық жасырын табиғи ошағы пайда болатындай кең территорияда жүргізіледі. Сондықтан ауруды дауалаудың маңызды алғы шарты үй және жабайы жануарларды тегіс қамтитын жаппай жоспарлы түрде індеттанулық бақылау жүргізу. Әсіресе мұндай шаралардың кемірушілерді қамти отырып, шошқа шаруашылықтарының территориясында іске асырылуының маңызы зор.Ондай шаруашылықтарда шошқаны вирус алып жүрушілікке биосынама және серологиялық реакциялар тексереді.Сау шаруашылықтағы жануарлардың қанында ауруға тән антиденелер болмайды.

Ауру шыққан жағдайда шаруашылыққа (фермаға)карантин қояды.Шошқаларды әкеліп, әкетуге орын ауыстыруға тиым салып,ұрықтандыруды,салмағын өлшеуді,танба салуды,бір орталықтан жем беруді тоқтадады.Ағымдағы дезинфекция,дератизация және басқа да індетті тоқтатуға бағытталған шаралар жүргізіледі.Барлық жануарларды қара шығып,ішінара ыстығын өлшейді. Ауырған және күдікті жануарларды бөліп алып иммуноглобуллинмен, антибиотиктермен, симптоматикалық дәрі- лермен емдейді.Клиникалық сау жануарларды егіп,сонымен қатар сыртқы ортаны зарасыздандыру шараларын жүргізеді.Ауру жануарларды оқшаулаған қора-жайды күн сайын, ал жануарлар тұрған жерді апта сайын дезинфекциялайды.Көң мен төсенішті биотермиялық жолмен зарасыздандырады,-ал садыраны хлорлы әкпен (12 кг/м3) дезинфекциялайды.Лажсыздан сойылған шошқаның терісін алмайды,оны үйітеді,немесе қайнаған ыстық сумен шылайды.Өлекселерді өртейді немесе утильге жібереді.

Ауру басылған соң,ауырып жазылған малды түгел әкеткеннен кейін,барлық сауықтыру шаралары орындалған соң карантинді бір ай (аң шаруашылықтарында 15күн) өткен соң алады.Карантин алынғаннан соң бір жыл бойы шектеу сақталып,барлық жануарлар егіледі.Жас төлге вакцинация,ересек шошқаға ревакцинация жасалып, кемірушілер түгел құртылады.Егілген жануарларды індеттік жағдайы тақылеттес шаруашылықтарға карантин алынған соң 1 жыл өткеннен кейін ғана апаруға рұқсат етіледі.

Әдебиет:

1.Конопаткин А.А.Эпизоотология и инфекционные болезни животных.М.:Колос,1984.-стр 189-196.



Бақылау сұрақтары.

1.Аурудың зтиологиясы

2.Ауески ауруы қандай белгілермен көрінеді.

3.Аурудың жұғу жолдары.



Құтырық__Мақсаты'>9- тақырып Құтырық

Мақсаты: Диагностикалық әдістерін және симптомдарын, эпизоотологиясын, этилогиясын оқу.ІҚШ

Жоспар: 1.Этиологиясын анықтау.Ауру кезіндегі індеттік ерекшіліктері.

2.Клиникалық белгілері,патологоанатомиялық өзгерістері,Иммунитет.

3.Алдын ала сақтау шаралары және күресу шаралары.

Құтырық (Rabies,бешенство)- орталық жүйке жүйесін зақымдап, шашыранды полиэнцефаломиелит арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін жұқпалы ауру.

Этиология Қоздырушысы рабдовирустар тұқымдастығының лиссавирустар туыстастығына жатады.Барлық рабдовирустар секілді оқ пішінді.Вириондарының ұзындығы 180 нм,көлденеңі 75-80 нм. Өсіп келе жатқан тауық және үйрек эмбриондарында,кейбір торшалардың өсінінде өсіруге болады.

Төзімділігі. Құтырық вирусы 60 С кезінде 10 минут өткенде, 100 С-та бірден белсенділігін жояды.Төменгі температураға төзімді болады да, тоңазытылып қатырылған мида айлап сақталады.Шіри бастаған материалда 2-3 апта бойы тіршілігін жоймайды.Қолданылып жүрген дезинфектантардың кәдуілгі концентрациясы: 1-2% лизол ертіндісі, 2-3% сілтілер, формалин және хлорамин вирусты тез арада белсенділігінен айырады.

Індеттік ерекшіліктері.Құтырықпен барлық жылы қанды үй және жабайы жануарлар,сонымен бірге адам да ауырады.Ит тектестер (түлкі, қасқыр,қорқау қасқыр,енот тәрізді ит),сусур тектестер,жарғант,кемірушілердің көптеген түрлері және үй мысығы аса бейім.Бұлардан адам мен төтрт түлік малдың бейімділігі төмен,ал құстардың бейімділігі өте төмен.Жас жануарлар ересектерінен гөрі құтырық вирусына сезімтал келеді.Құтырық табиғи ошақты жұқпалы аурулардың қатарына жатады.Құтырық түлкі, қасқыр,қарсақ және иттерге бір-бірінен тістеген сәтте жұғады.Ал алиментарлық жолмен жұғуының індет тудырарлықтай маңызы түпкілікті айқындалған жоқ.

Дерттенуі.Вирус денеге түскен соң аз уақыт енген жерінде сақталады да, жүйке талшықтары арқылы орталық жүйке жүйесі бағытында алдымен жұлынға,соңынан миға өтеді.Қоздырушының мидың сұр затында өсіп-өнуі іріңсіз шашыранды энцефалиттің өрбуіне әкеп соғады.Мидан вирус қайтадан орталықтан кері бағытта сілекей бездеріне келіп түседі. Онда жүйке түйіндерінде көбейе келіп,жүйке торшалары бүлінген кезде вирус бездің түтігіне өтіп, сілекеймен араласады.Мидан қоздырушы сонымен қатар көздің тор қабаты мен мүйіз қабатына, бүйрек үсті безіне жетеді,бәлкім оларда да өсіп өнеді.

Клиникалық белгілері.Жасырын кезеңі бірнеше күннен бір жылға дейін, кейде одан да артыққа созылады, әдетте 2-3 апта аралығындай болады. Оның ұзақтығы құтырған жыртқыштың тісінен болған жарақаттың шамасы мен түскен орнына, вирустың мөлшері мен уыттылығына , таланған малдың төзімділігіне байланысты. Инкубациялық кезең жас төлде ересек малға қарағанда әдетте қысқарақ болады.

Құтырық жіті өтетін ауру. Әртүрлі жануарларда оның клиникалық белгілері ұқсас болады, әсіресе иттің құтыруы жан – жақты зерттелген. Итте құтырық өршіген және бәсең түрде өтеді.

Өршіген құтырықтың 3 кезеңі болады: біліне бастаған, көтерілген және дел- сал. Біліне бастаған кезең 12 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады, бұл кезде жануардың мінезінің өзгеруі байқалады. Ит көңілсіз, немқұрайлы болып қараңғы бұрышқа немесе үйшігіне тығылады, иесінің шақыруына ықлас білдірмейді. Кей жағдайда иесіне тым еркелеп, қолын, бетін жалауға тырысады. Бұл кезде иттің сілекейінде вирус болғандықтан, өте сақ болған жөн. Біртіндеп ит мазасызданып, тез шошынып, ызақорланады, орынсыз жүгіре береді. Есінің ауысқан белгілері біліне бастайды: бұрыннан үйреншікті нәрселерге ызалана үріп, аузымен ауаны қабады (шыбын ұстағандай). Тәбеті бұзылып үйреншікті тамақты жемей, ағаш, шүберек сияқты заттарды жей бастайды. Кейде таланған жері өте қышынып, оны жалап, үйкеп, тіпті тістелей бастайды. Біліне бастаған кезеңнің соңында жұтқыншақ бұлшық еттерінің салдануы нәтижесінде жануар жұтына алмай, бір нәрсеге қақалғандай әсер туғызады. Сілекейі ағып, үргенде дауысы қырылдап, ұли береді. Иттің кенеттен өшпенділігі артып, орынсыз басқа жануарларға, адамға, тіпті өз иесіне де ұмтылуы мүмкін.Бұл белгілер аурудың көтерілген кезеңі басталғанын көрсетеді. Бұл кезең 3-4 күнге созылады. Иттің қорқыныш сезімі жоғалып, шынжырын тістеп, бұлқынып, үзіп кетуге тырысады, босанып алса кісіге шауып, бет алды жүгіріп, қашып кетеді. Құтырған ит бір күн ішінде ондаған шақырым қашықтыққа жүгіріп, кездескен мал мен адамға шабады. Ұмтылған кезде үрмей, үндемей қабады. Егер ит торға қамалса, онда темір шыбықтарды тісінің сынғанына қарамастап тістеп, әлсіреп құлағанша бұлқына береді. Кез-келген сыртқы әсер елірменің қайтадан ұстауына әкеп соғады. Бұдан кейін әлі бітіп құлайды. Біртіндеп бұлшық еттері жансызданып, аурудың үшінші, дел-сал кезеңі басталады.

Дел-сал кезең 1-4 күнге созылады. Бұлшық еттерінің салдануы нәтижесінде дыбысы мүлдем өшіп ( афония), жағы салақтап, көзі шапыраштанады. Артқы аяғы басуға келмей, сүйретіліп, кейіннен тұла бойы еттері мен алдыңгы аяқтары да салданып, ит мүлдем қимылсыз қалады. Аурудың жалпы ұзақтығы 8-11 күнге созылады, кейде жануар 3-4 күн ішінде өліп кетеді.

Паталогоанатомиялық өзгерістері. Өлексені сырттай қарағанда арықтағаны, тістелінген, үйкелген орындары көрінеді. Басындағы мойнындағы жүндері сілекейленген. Сойып қарағанда ішкі ағзаларында қан іркілген. Қарны бос ет қоректі жануарлардың қарнында жеуге жарамсыз заттар болады. Күйіс қайтаратын жануарлардың дүңгіршек және жалбыршақ қарнындарында тығызданған жын болады. Кейде қарын мен ішектің кілегейлі қабықтары қабынып, кей жерлері қанталаған. Ми мен ми қабақтары домбығып әр жерінде қанталаған өте үсақ нүктелер кездеседі.

Мида шашыранды іріңсіз энцефалитке тән мынандай гистологиялық өзгерістер: гиперемия, қан тамыры маңындағы ұсақ қанталаулар, мезенхима элементтерінің көбеюі ұшырасады. Диагноз қою үшін нейрондардың цитоплазмасында Бабеш- Негри денешіктерін табудың маңызы зор.



Балау. Алдын-ала диагнос індеттік және клиникалық белгілері бойынша қойылады. Осы жердегі және көршілес территориядағы індеттік жағдай ескеріледі. Анамнезі бойынша құтырған немесе күдікті жабайы жыртқыштар мен иттің қапқаны немесе жанасқаны анықталады. Клиникалық белгілерінің ең маңыздысы – ешбір себепсіз өшпенділік білдіруі, денесінің салдануы. Клиникалық-- індеттанулық диагнос адамдар мен жануарларға ауру жұғуын сақтандыратын жедел шаралар жүргізуге негіз болады, бірақ оны лабораториялық зерттеу арқылы түпкілікті анықтау керек.

Емі. Құтырған жануарды емдемейді, тез арада өлтіреді, өйткені оның адамға ауру жұқтыру қаупі зор.

Иммунитет. Құтырған жануар іс жүзінде қайта қатарға қосылмайды, ауруға қарсы жасанды берсенді иммунитет тудырудың практикалық маңызы аса зор. Сонымен қатар имунді қан сарысуы арқылы құтырық вирусіне қарсы енжар иммунитет қалыптастыруға да болады.

Ит пен мысықты құтырыққа қарсы егу үшін қойдың миынан даярланған құрғақ антирабикалық фенол вакцинаны қолданады. Бірақ бұл вакцинаның иммуногендік күші басқа жануарлар үшін әлсіз. Ауыл шаруашылық малдарын, әсіресе сиырды егу үшін осы препараттың біршама жетілдірілген түрі АЗВМ антирабикалық тірі вакцинасы пайдаланылады. Сонғы кезде өлтірілген өсінді вакциналар шағарыла бастады.

Дауалау және күресу шаралары. Құтырықтың алдын алу үшін бірнеше мамандық иелерінің, тұрғындар мен әкімшіліктің үйлестірілген іс - әрекеттері қажет. Барлық иттерді есепке алып, иесіз жануарларды жою керек. Иттер жыл сайын егіліп, егілмеген иттерді аң аулауға, күзетке, мал бағуға пайдалануға тиым салынады. Аңшылық және орман шаруашылығының қызметкерлері жабайы аңдардың арасында құтырыққа күдік тудыратын жағдай болса, ветеринария мекемелеріне хабарлауы, өлген жыртқыштардың өлексесін лабораторияға тексеруге жеткізуі керек. Жабайы жыртқыштардың санын реттеп, шектен тыс көбеюіне жол бермей, артығын атып отыру қажет. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне қарағанда түлкінің орналасу тығыздығы 10 км2 жерге 1-2-ден асырмай шектегенде құтырықтың таралуы тоқталады.

Үй жануарларын құтырықтан сақтандыру шаралары оларға жабайы жыртқыштардың шабуына жол бермеу, күзет үшін егілген иттерді ғана пайдалану болып табылады. Құтырықтың табиғи ошақтары бар жерде жайылымда бағылатын ірі қараны бұл ауруға қарсы егу керек.

Ауырған жануар тұрған қора-жай 10% күйдіргіш натриймен, немесе 4% формальдегидпен дезинфекцияланады. Арзанқол күту жабдықтары, жем-шөп қалдықтары, көң өртелінеді. Жануарлардың бөлінділерімен ластанған топырақ құрғақ хлорлы әкпен араластырылып қопсытылады да, дезинфекциялаушы ерітінді құйылады.

Аурудан сау емес мал отарлары мен табындары тұрақты бақылауда болып күніне 3 рет ветеринариялық тексеруден өтеді. Ауру жұқтыру қаупі бар бағалы жануарларды ( таланған немесе ауру жануарлармен жанасқан) егуге рұқсат етіледі. Мұндай жануарлар 60 күн бойы оқшауланып, бақылауда болады. Ауру белгісі жоқ малды союға рұқсат етіледі. Ондай малды шаруашылықтың өзінде сойып, етін жалпы ережеге сәйкес пайдаланады. Клиникалық тұрғыдан сау сиырдың сүті қайнатқаннан немесе пастерлегеннен соң пайдаланылады. Құтырықтың шығуына байланысты енгізілген барлық шектеу шаралары ең соңғы ауырған жануар өлгеннен немесе сауыққаннан соң 2 ай өткеннен кейін алынады.



Әдебиет:

1.Конопаткин А.А.Эпизоотология и инфекционные болезни животных.М.:Колос,1984.-стр 180-189.



Бақылау сұрақтары.

1.Ауруға анықтама беріңіз және этиологиясын айтыңыз.

2.Індеттік ерекшеліктері және дерттенуі.

3.Құтырық қандай белгілермен көрінеді.

4. Патологоанатомиялық өзгерістері.

10- тақырып Ауылшаруашылық малдардың туберкулез ауруы

Мақсаты: Диагностикалық әдістерін және симптомдарын, эпизоотологиясын,

этилогиясын оқу.ІҚШ



Жоспар: 1.Этиологиясын анықтау.Ауру кезіндегі індеттік ерекшіліктері.

2.Клиникалық белгілері,патологоанатомиялық өзгерістері,Иммунитет.

3.Алдын ала сақтау шаралары және күресу шаралары.

Туберкулез (лат. Tuberculosis, грек. phthisis) – созылмалы түрде өтетін, әр түрлі мүшелермен ұлпаларда өзгеше іруге бейім бұдырмақтар (туберкулалар) пайда болумен ерекшеленетін жұқпалы ауру.



Этиология. Қоздырғышы Mycobacterium туыстастығына жатады.Бұл туыстастыққа ауру қоздыратын микробтың негізгі үш түрі бар:M.tuberculosis(адамды ауыртады), M.bovis(ірі қараны), M.avium(құсты).Сирек кездесетін 4-ші түрі-M.piscium балықты ауруға шалдықтырады. Жалпы алғанда бұл микробтың 31 түрі бар деп есептейді.Микобактериялар жіңішке, аздап иілген таяқшалар,кейде бұтақтанған, жіпше созылған немесе кокктар тәрізді дөңгеленген бөлшектері болады.Грам әдісімен нашар боялса да, грам оң болып есептелінеді. Қозғалмайды,спора мен капсула түзбейді.Айрықша қасиеті-қышқылға төзімділігі, ол микробтың құрамына микол қышқылының болуының нәтижесі. Циль-Нильсен әдісімен бояудың зор диагностикалық мәні бар.Бұл әдіс бойынша микобактериялар ашық қызыл, ал басқа микробтар көк түске боялады.

Төзімділігі.Өте жоғары.Өсіндіде 8-10 ай өткен соң өледі.Қақырықта 5-6ай, ірі қараның тезегінде жазғы жайылымда 2 ай, қыста 5ай,тұздалған етте 45-60 күн,майда45-100 күнге дейін,сүтте 10күнге дейін сақталады.Ең төзімді түрі –M.avium.Кептіруге, шіруге,төменгі температураға өте төзімді.Күн сәулесі және жоғары температура тез жойып жібереді.70С-қа дейін сүтті қайнатқанда туберкулез қоздырғышы 10мин ішінде өледі.Туберкулезқоздырушысы дезинфектанттарға төзімді. Зарарсыздандыру үшін хлорлы препараттар, олардың ішінде хлораминнің 3-5% ертіндісі,5% белсенді хлоры бар хлорлы әк, формальдегидтің сілтілік ертіндісі(3% формальдегид және 3% күйдіргіш натрий) пайдаланылады.Қораны зарарсыздандыру үшін хлорлы және жаңадан сөндірілген әктен ағартуға болады.

Індеттік ерекшеліктері.Туберкулезге 50-ден астам үй және тағы хайуандар,20 дан астам құстар шалдығады,олардың ішінде ең сезімталдары:теңіз тышқаны, маймыл, ірі қара және тауық. Сирек ауыратын жануарларға ешкі,ит, құстардан-қаз, өте сирек ауыратындарға қой, жылқы және мысық жатады

Туберкулезге адам аса бейім келеді.Инфекция қоздырушысының бастауы-туберкулезбен ауырған жануар.Олар микобактерияларды нәжіспен,қақырықпен,сүтпен, сирегірек жағдайда шәуітпен бөліп шығарады.Ауру малдың бөлінділері сыртқы ортаны,қораны,ауланы, жайылымды,суатты ластайды. Сондықтан қоздырушының берілу факторларына жем, шөп,су,төсеніш,көң т.б жатады.

Микобактериялар сау малдың денесіне ас қорыту жолы және тыныс жүйесі арқылы енеді.Бұзауға негізінен сүтпенен алиментарлық жолмен,ал ересек малға сонымен қатар аэрогенді жолмен жұғады.Шошқа мен құсқа негізінен алиментарлық жолмен жұғады. Тауықтың жұмыртқасы арқылы одан шығатын балапанға трансовориальдік жолмен де беріледі.

Дерттенуі.Денеге енген ауру қоздырушысының төңірегінде торшалардың пролиферациялық өсуі және экссудат бөліп шығаруы нәтижесінде қабыну процестері өрбиді.Ол маңға көп ядролы алып торшалар мен эпителиоидты торшалар шоғырланып,олардың сыртын лимфоидтық торшалар қоршайды. Торшалардың арасында іркілген экссудат ұйып, фибриннен тұратын тор түзеді, соның нәтижесінде тамырсыз туберкулез бұдырмағы- туберкула пайда болады. Бастапқыда оның түсі бозғылт,формасы домалақ болып, үлкендігі түйреуіштің басындай немесе бидайдай болады.Біраздан соң бұдырмақ дәнекер ұлпалы капсуламен қоршалады. Капсуланың ішіндегі ұлпа қоректік заттар келмеген соң және микробтың уының әсерінен өліеттеніп,ірімшік тәрізді құрғақ езілген массаға(казеоз) айналады.


жүктеу 1,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау