Ќазаќстан Республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі



жүктеу 2,89 Mb.
бет6/8
Дата14.05.2018
өлшемі2,89 Mb.
#13378
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8

1 Тапсырма. Бұлшықет салмағы мен еттің химиялық құрамы арасындағы корреляция коэффициентін есептеңіздер.
2 Тапсырма. Кесте мәліметтерін пайдалана отырып, қойдың тірі кезіндегі ет өнімділігіне баға беріңіздер.
Бақылау сұрақтары.


  1. Ұшаны бағалау қалай жүргізіледі?

  2. Қой еттілігін бағалауды қалай жүргізіледі?

  3. Қойдың еттілігін бағалау үшін корреляциялық байланыстарды білу қажет.



5.3 Тақырып. Етті тауарлық бағалау мен таңбалау

Сабақ мақсаты.

Стандартқа сай ұшаны бөлшектеу мен етті тауарлық бағалауды үйрену.


Жас малдың еті қызғылт, ересектерінікі – ашық – қызылдан қызыл түске дейін, ал кәрі қойдың еті- қою (қошқыл) қызыл болады. Бордақылаған малдардың тері асты майы өте жақсы дамиды, бел бөлігінде, бүйрек аймағында, етті – майлы қойлада – құйыршық негізінде (құйрық) көп мөлшерде жиналады.

Ет комбинаттарында немесе сою пунктерінде сату және өңдеуге жіберілетін әрбір ұшаға, еттің жарамдылығы мен ктегориясы анықталғандығын білдіретін, жуылмайтын азық бояуынан таңба (штамп), қойылады.

Бірінші категория диаметрі 40 мм домалақ таңбамен белгіленеді. Бірінші категориялы қой еті ұшасына бес таңба: жауырын мен жаңбас бөлігінің екі жағына әрқайсысына бір – бірден және бір таңба оң жақ кеудесіне соғылады.

Қой етінің екінші категориялы қоңдылықты жан – жағы 40 мм ұзындықтағы төртбұрышты таңбамен белгілейді. Екінші категориялы қой етіне 4 таңба: ұшаның екі жағына да жауырын мен жамбас бөліктеріне бір – бірден қойылады.

Бірінші және екінші категория талаптарына сай емес қой етін, арық категорияға жатқызады. Ондай еттер сатуға жіберілмей, азықтық мақсаттағы өнеркәсіптік өндеу үшін пайдаланылады және ол 45 50 50мм көлемдегі үшбұрыш таңбамен белгіленеді. Таңба ұшаның бір жағына ғана жауырын бөлігіне қойылады. Қоңдылық таңбасының оң жағына 30мм биіктіктегі ППштампы болуы шарт.

Ұшаның ет категориясы Мемл. Ст. 1935-55 «Ұшадағы қой және ешкі еті» талабына сәйкес бағаланады.


5.3.1 кесте. Қой ұшасының қоңдылық категориясы.


Ет категориясы

Мінездеме

Бірінші категориялы қой еті

Бұлшықеттері қанағаттанарлық дамыған, арқа мен шоқтық аймағында өстік омыртқа сабағы аздап бөлінеді, тнрі асты майы ұшаның арқа және сәл бел бөлігін жұқа қабықпен қаптайды; қабырға, сегізкөз аймағы және жамбастың шығыңқылығы рұқсат етіледі.

Екінші категориялы қой еті

Бұлшықеттері әлсіз дамыған, сүйектері анық білінеді, ұшаның жоғарғы жағының кейбір орындарында өте жұқа қабат түріндегі онша білінбейтін май жиналады, кейде болмауы да мүмкін.

Қой етін жекелеп сату орындарына ұша құйрығымен, аяқтары жеке (жіліншік пен тұсау буынсыз) ұша ішіне салынған бүйрек пен бүйрек маңы майымен бірге тұтастүрде түседі. Сатуға құйрықсыз ұшалар, ал өнеркәсіптік өңдеу үшін – бүйрек және бүйрек маңы майсыз ұшалар рұқсат етіледі.

Әрбір ұшаны 6 бөлікке бөледі (5.3.2. кесте), ол екі: бірінші және екінші (мемл. Ст. 7596-81) аудалық сорттарға бөлінеді. % - пен еттің орташа шығымы: бірінші сорт – 92, екінші – 8.
5.3.2. кесте. Қой ұшасын бөлшектеу сипаттамасы.


Бөлшектер

Сорт

Ұша салағындағы мөлшерінің шығымы%

Бөлшектің азықтық маңызы

Сан – жамбастық

бірінші

28,0

Шашылық, плов, қақтау, қуыру үшін; жамбас – сандық бөлік – нағыз шницель үшін; бел бөлігінң таза еті – эскалоп, нағыз және ұрылған шницель үшін

Белдемелі

бірінші

22,0

Көже, рагу, палау үшін

Жауырын - аралық

біпінші

43,0

Нағыз және ұрылған котлетүшін; еті – нағыз және ұрылған шницель үшін

Қол еті

екінші

3,1

Сорпа үшін

Кесінді

екінші

1,5

Сорпа үшін

Сан еті

екінші

2,4

Сорпа үшін

Еттің сорттық құрамын Мемл. Ст. 7596-81 сәйкес ұшаны бөлшектеу негізі бойынша анықтайды (5.3.1).




5.3.1. Сурет. Ұшаны бөлшектеу сызбанұсқасы.

1 — сан - жамбастық; 2 — белдемелік; 3 — жауырын – аралық (кеудесі мен мойнын қоса); 4 — кесілгені; 5 — қол еті; 6 — сан еті.

Ұшаның морфологиялық құрамы оның негізгі бөліктерінің: бұлшыұет, май ұлпасы, сүйек қатынасымен сипатталады. Ұшаның бұл негізгі бөліктерінің қатынасы оның азықтық құндылығына жағдай жасайды және тұқымына, жасына, жынысы мен малдың қоңдылығына байланысты.
Тапсырма. Ұшаның суретін салып, сорттық бөлшектенуін көрсетіңіздер және I, II сортқа жататын ұша бөлшектерін жазыңыз.
Бақылау сұрақтары.
1. Қой малдарының қандай қоңдылық категорияларын білесіз.

2. Етті тауарлық бағалау қалай жүргізіледі.

3. Еттің бірінші және екінші категориясын қалай белгілейді.


5.4 Тақырып. Ет ақаулары

Сабақ мақсаты.

Етте кездесетін әртүрлі микроорганизімдермен танысу.


Ет микроорганизімдердің дамуы үшін жақсы қоректік орта болып табылады. Ол микробтардың әсерінен тез шіруі мүмкін.

Ет өнімдерінде микроорганизімдерің үш тобы кездеседі.

Бірінші топқа ет және ет өнімдерін шірітетін (шіріткіш микробтар мен зең) микроорганизімдер жатады.

Екінші топ микробтарын ауру тудыратын, адам немесе жануар организіміне еніп, онда көбейетін немсе әртүрлі ауру тудыратын бактериялар құрайды. Мұндай микробтарға сапа, туберкулез, бруцелез, сібір жарасының бациллалары және т. б. бактериялар жатады.

Үшінші топқа жануарлар организімінде болатын, бірақ адамдарда азықтық улануды тудыратын бактериялар жаьады.

Микробтар жасуша пішіндеріне байланысты үш негізгі топқа бөлінеді: шар тәрізді, таяқша тәрізді, және иректелген.

Шар тәрізді бактериялар коккалар ең қарапайым және көбірек тараған пішінді болып келеді. Бұл тұқымдасқа жататын бактериялар жасушалардың орналасуына байланысты: микрококкалар, стрептококкалар, тераккокка, және сарциналар деп туыстарға бөлінеді.

Микрококкалар дұрыс шар тәрізді пішінді болып келеді, бөліну кезінде жалғыз, жұппен немесе ретсіз топпен орналасады. Микрококкаларға жағымды жағдай туған уақытта ет және басқа да сойыс өнімдерін кілегей тәрізденіп, олардың көгеріп шіруіне әкеледі.

Стрептококкалардың жасушалары сәл созыңқы пішінді болады, олар тек бір бағытта қысқа немесе ұзын шынжыр тәрізденіп бөлінеді. Коккалар көбінесе шынжырда жұппен орналасады. Стрептококкалардың көп тарағантүрлері көбінесе қабыну процесстерін, шіру және жалпы асқынуды тудырады.

Сарциналар – үш бағытқа бөлінетін, куб пішінді түрде орналасқан коккалар.

Таяқша тәрізді бактериялар әр түрлі ұзындықтағы созылыңқы пішінді жасушалардан тұрады.

Таяқша тәрізді бактерия тұқымдастарын спора жасушасы ішінде спорасыз таяқшалар (бактериялар) мен споалы таяқшалар (бациллалар) түзу қабілетіне байланысты бөлінеді.

Барлық дерлік бактериялар оттегі болған жағдайда дамуға қабілетті, яғни аэробтар.

Бактерияларға азықтық улануды тудыруға қабілетті ішек таяқшалары жатады; паратифозды таяқшалар, еттен улануға себепкер болады; шіріту таяқшасы (протей), сонымен қатар, көптеген ауру тудырушы микробтар адам және жануарларда да ауру тудырады.

Бациллаларға анаэробтар (оттегісіз дамитын микробтар) жатады. олар топырақта көп тараған.

Анаэробтар көбінесе ет және ет өнімдері топырақпен ластанған жағдайда кездеседі. кейбір анаэробтар ауыр азықтық улануды тудырады, тіпті өлім-жітімге ұшыратады. (мысалы, бацилла ботулинус – өте күшті токсин түзеді). микробтардың ирек пішініне (ұзындығы енінен үлкен) вибриондар, спириллалар және спирохеттар жатады.

Еттің көгеруі жиі кездеседі. Көгерудің (зеңденудің) бастапқы дамуы болып спора табылады, олар өсу кезінде бір немесе бірнеше ұзарып, бұтақталатын жан-жағына сабақталатын, өскіндер береді. бұл бұтақталған өскіндер жіп болып өріледі немесе оларды гифтер деп атайды. Осы аталған гифтер жай көзге көрінетін саңырауқұлақшалар немесе лицелин түзеді. оны көбінесе зеңдену (көгеру) деп атайды.

Мицелин белгілі бір дәрежеде дамығаннан кейін, конидиеносцалар (кониди түзушілер) деп аталатын тұқым түзуші мүше түзе бастайды, соңында конидия деп аталатын көп мөлшерлі споралар түзеді.

Зең саңырауқұлақтары спораларының әр түрлі орналасу ерекшелігіне байланысты әр түрлі қатардан тұрады.

Зеңдер микробтарға қарағанда сыртқы орта жағдайын онша талап етпейді. олар неғұрлым төменгі температурада тұзы өте жоғары, қышқыл ортада дамиды. сондықтан олар тоңазтқыштағы және қақталған еттерде кездеседі. Зең саңырауқұлақтары микробтар дамуына жағымсыз орталарда дамиды.

Зең етке терең енбейді және оның шіруін туғызбайды, алайда еттің құрамы өзгеріп, кей жағдайда азыққа жарамсыз болады.

Адам немесе жануарлар организмінде өмір сүреті, көбеюге қабілетті және қалыпты жағдайды бұзатын микробтарды патогенді немесе ауру тудырушы деп атайды. олар бөлетін токсиндер өте улы болады. Мәселен, 1 г өте улы стрихнина – 10 адамды улауға қабілетті, ал 1 г сіреспе токсині – 4000 астам адамды улайды.

Бірыңғай микробтар, мысалы, бацилла ботулинус - өзі көбейген азығына еркін (бос) токсин (экзотоксин) бөледі; ал басқалары, мысалы, паратифозды бактериялар токсинді ерігеннен және өлгеннен кейін (эндотоксин) бөледі.

Токсиндердің бірыңғай түрлері тек жүйке (нерв) жүйесін (ботулизм, сіреспе токсині), ал басқалары – ас қорыту мүшелерін (етпен уланған жағдайда салмонеллез немесе микробтарынан түзілетін токсиндер) зақымдайды.

Кей жағдайда организмге енген патогенді микробтар зақым келтірмейді. Ондай организмдерді бацилла тасушылар деп атайды. Олар азықтық улануды таратады, сондықтан, бацилла тасушыларды азықтық мекемелерге жібермейді.

Азықтық улануды туғызатын бактериялардың салмонелл тобын, сойылған малды зақымдау кезінде уақытында табу зор маңызға ие. Сальмонеллалар бактериялардың үлкен тобын құрайды; сойылған малдарда көбінесе, Гертнер, Бреслау және суифестифер таяқшалары кездеседі.

Көптеген зерттеулерге сальмонелл тобындағы бактериялар барлық жағдайдың 90% жуығына етпен уланудан болатындығын дәлелдейді. Улану көзі болып, ауру немесе еріксіз сойылған мал еті табылады. Мұндай жағдайда зақымдалған ет дәмі иісі, және сыртқы түрі бойынша күмән тудырмайды. Ал сау малдардың еті сойылғаннан кейін дұрыс сақталмағаннан және кеміргіштермен, шыбындармен ластанған және т.б. жағдайларда зақымдануы мүмкін. Азықпен улану кейде өлім-жітімге ұшыратады.

Барлық сальмонелл тобындағы бактериялар спора түзбей-ақ көбейеді, пішіні таяқша тәрізді болады.

Сальмонелл тобындағы бактериялармен зақымданған ет, ветеринарлық-санитарлық тексеру талаптарына сай, ашық котелдарда 2,5 сағат ішінде немесе жабық ыдыста 2 сағатта бу қысымында (алынған ет 2 кг салмақта, 8 см-ден қалың болмауы керек) тексерілуі тиіс. Осы бактериялармен зақымданған ішкі мүшелерді техникалық мақсаттағы өңдеуге жібереді.

Протеус бактериялары ішек таяқшаларына қарағанда неғұрлым қауіпті. Олар ет қалыңдығында азықтық улануды тудыратын улы өнімдер түзеді. Протеусті өнім шіріген кезде кезде ғана көруге болады.

Азықтық улануды сонымен қатар, Морган таяқшалары да тудыруы мүмкін, ол ішекте кездеседі. Санитарлық режим бұзылған жағдайда ол азықтық өнімдерге түсуі мүмкін.

Етпен уланудың тағы бір себепкері болып табылатын – сарғыш стафилакокк.

Топырақтың беткі қабатында бацилла ботулинус кездеседі. Көбінесе оны ауыл шаруашылық малдарының фекальді салмағынан және кейде адамнан кездестіруге болады.

Бацилла ботулинус ұлпаларда өмір сүре алмайды, ол тек азықтық өнімдерде көбейеді де, уландыруды туғызатын, көп жағдайда өлімге әкелетін күшті токсин бөледі. Бұл токсин әсер ету күші бойынша сіреспе токсиннен 25 есе асып түседі.

Микробтарының көп таралуына қарамастан, ботулизм ауруы сирек кездеседі, өйткені, оның споралары зиянсыз, тек токсині ғана қауіпті, ол организмде емес, қолайлы жағдай туған тамақ өнімдерінде кездеседі.

Бацилла ботулинус токсині 15-25 мин аралығында қайнатқан жағдайда бұзылады. Асқазан сөлінің қышқыл ортасы токсиннің әсерін күшейтеді. Токсинді жарық пен ауа тез бұзады, ал жарық пен ауа болмаған жерлерде токсин 4 жылға дейін сақталады. Сонымен қатар, ботулиндік токсинді алкоголь бұзады және тұндырады. 10%-тік NaCl ерітіндісі ботулинус таяқшасының өсуі мен токсин түзілуін тоқтата алмайды.


Тапсырма. Шар тәрізді, таяқша тәрізді және бактериялардың суретін салыңыздар.
Бақылау сұрақтары.


  1. Микрококка, стрептококка, тетракокка және сарциналарға сипаттама беріңіздер.

  2. Патогенді микробтарға сипаттама.

  3. Азықтық улану нені тудырады?

  4. Бацилла тасушылар жөнінде не білесіздер?


VI Қой бонитировкасы

6.1 Тақырып. Биязы, биязылау және етті-майлы қой бонитировкасы.

Сабақ мақсаты.

Әр түрлі өнім бағытындағы қой малдарына жеке және класстық бонитировка өткізуді ұйымдастыруды үйрену және малдардың конституциясын, өнімділік және экстерьерлік сапасын бағалаудың тәжірибелік жетістіктерін меңгере білу.


Бонитировка — малды конституциясы, экстерьері мен өнімділігі бойынша кешенді бағалау. Мақсаты - өте жақсы малдарды одан әрі дамыту, нашарларын жарамсыздыққа шығару. Бонитировканың екі түрі қолданылады: жеке және класстық.

Жеке бонитировкаға: асыл тұқымды қошқарлар (негізгі, қосымша және сынақшы); асыл тұқымды шаруашылықтағы селекциялық топтағы саулықтар мен қошқарлардан алынған, ұрпағының сапасы бойынша тексерілетін барлық төлдер; басқа шаруашылыққа сатылатын және негізгі отарды жөндеуге арналған барлық асыл тұқымды еркек тоқтылар кіреді. Жеке бонитировкалау кезінде малды бағалаудың барлық көрсеткіштері бонитировкалық кілтпен белгіленіп, арнайы журналға жазылады.

Кластық бонитировка — жекелегенмалдардың сапасын журналға жазуды жүргізбейді, олардың тұқымдық, конституционалдық және өнімділік сапасын эксперттік бағалау негізінде сәйкес келетін бонитировкалық класқа жатқызу арқылы жүргізіледі. Кластық бонитировкаға тауарлық фермадағы барлық малдар, асыл тұқымды шаруашылықтағы – жеке бонитировкаға енгізілмеген барлық қой малдары кіреді.

Кластық бонитировка негізіндегі сұрыптауды топтық немесе кластық деп атайды. Ол жекелеп жұп таңдауды өткізуге мүмкіндік бермейді,тек топтық немесе кластық жұп таңдауды жүргізуге болады.

Бонитировка мерзімі. Негізгі бонитировканы малды әрі қарай пайдалану мақсатында, негізгі бонитировкалау белгілері толық көрінгенде және басты өнімділік түріне дұрыс баға беруге мүмкіндік туған мерзімде, оның өмірінде бір-ақ рет жүргізіледі. Сондықтан, осыған орай, қой шаруашылығы бағыттарына байланысты малды бағалаудың әр түрлі мерзімдері бекітілген. Биязы және биязылау жүнді қойларды бірінші қырқу алдында, көктемде 1 жасында бонитировкадан өткізеді. Қой шаруашылығында елтірі бағытындағы қозыларды 1-3 күндік жасында, тондық бағыттағы қой шаруашылығында жас малды 8-9 айлық жасында бағалайды.

Аталған бонитировкалаудың негізгі мерзімінен басқа, асыл тұқымды шаруашылықөтарда малдың ерте жас шамасында да қосымша бонитировкалауды өткізеді. Ол малдың дамуы жөнінде толық мәлімет алуға және қой малын асылдандыруға пайдалану керектігін, қайсысын етке бордақылауға жіберу керектігін ерте анықтауға мүмкіндік береді. Биязы және биязылау жүнді қозыларды көбінесе, енесінен бөлер алдында және 15-20 күндік жастарындақосымша бағалайды. Осы уақытта малдарды мұқият бағалау оларды әрі қарай пайдаланудың қосымша қорытындысы үшін маңызды. Қозыларды 15-20 күндік жасында бағалау оның дамуында, денсаулық, жүн жабынының жағдайында кемшіліктің бар-жоғын анықтайды. Енесінен бөлу кезінде бағалау жас малдың коеституционалды-өнімділік көрсеткіштерінің қаншалықты көрінетіндігін байқатады, ол бойынша жөндеу дм есептеуге болады.

Роман қой тұқымының қозыларын негізгі бонитировкадан (8-9 айлығында) бұрын енесінен бөлер кезінде (90-100 күнде) дамуын, тірі салмағын, типтілігін, жүн жабыны бояуында ақаудың бар-жоқтығын бағаласа, қозы жүнін қырқу алдында (5-6 айда) дамуы мен тондық сапасын бағалайды.

Құйрықты ұяң және қылшық жүнді қойларды бонитировквлауды алғаш бір жас шамасында көктемгі қырқым мен сапасы бойынша жүргізсе, соңғысын күз мезгілінде, 18 айлық жас шамасында тірі салмақ, жалпы көктемдік және күздік жүн қырқымы мен сапасы бойынша өткізеді.

Асыл тұқымды аталықтарды жыл сайын, конституционалды-өнімділік көрсеткіштері қаншалықты сақталғандығын тексеру үшін бағалап отырады. Егер негізгі бонитировкадан ауытқулар байқалса, оны пайдалану жоспарына енгізу жасайды.

Бонитировканың негізі – малды, оның конституциясы, экстерьері және өнімділігі бойынша бағалаумен аяқталады. қой малдарын олардың негізгі өнімділік белгілері толық көрінген уақытта бағалайды. Бонитировка нәтижесі: малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау үшін негізділік береді. Осыған сәйкес, кез келген қой тұқымын олар алғаш шағылысқа барар алдында бонитировкалау қажет. Көп жағдайда негізгі бонитировкадағы бағалау көрсеткіштері жасына байланысты өзгермейді, сондықтан оларды өмірінде бір рет қана бонитировкадан өткізеді. Жеке селекциялық жұмыс үшін таңдалған асыл тұқымды малдар негізгі бонитировкадан кейін де, жыл сайын бағаланады, ол малдың селекциялық топта алдағы уақытта да пайдаланылуына байланысты, белгілерінің көріну дәрежесін айқындау мақсатында жүргізіледі.

Тәжірбиеде бонитировканың екі түрін: жеке және кластық түрлерін пайдаланады. Жеке бонитировкалау кезінде малдың экстерьерлік, өнімділік және басқа сапаларының барлық көрсеткіштерін журналға жазып (жеке-жеке малдың) малға жеке нөмір салады, ол жеке селекциялыұ жұмысқа арналмаған барлық малдар кластық бағалаудан өтеді. Малдарды класқа бөлу негізі оның конституционалды-өнімділік ерекшеліктері бойынша әр түрлі екендігін көрсетеді. Кез келген тұқымның дамуына сол жердің табиғат жағдайы мен өнім беруіне қолайлы болса, олар өсіруге ұнамды тип малы ретінде саналады.

Елтірі бағытындағы қой тұқымынан басқа, барлық қой тұқымдары кластарға бөлу принципі келесідей:

Шаруашылықтық – пайдалы белгілер кешені бойынша ұнамды типке сәйкес келетін тұқым немесе буданды тобын І класқа жатқызады. Бұл кешендегі маңызды белгілерге – конституция типі, малдың дене бітімі пішіні мен көлемі, жүн қырқымы мен сапасы жатады.

Кешенді белгілер бойынша І класс талаптарына сәйкес келмейтін барлық малдар, селекция жұмысы үшін құнды емес малдарды ІІ және ІІІ класқа бөледі. Олардың біреуін еттілік белгілері онша дамымаса, жүнді титі малдарға жатқызады.

Асыл тұқымдық жұмыс үшін құнды емес, экстерьерінде ақауы бар, конституциясы шамадан тыс дамыған және өнімі өте төмен малдарды асылдандыру жұмысынан алынып, отардан жарамсыздыққа шығарады.

І класс сапасынан да жоғары малды элита тобына жатқызады. Элитаға бөлудің басты мақсаты – асылдандыру жұмысында жоғары сапалы асыл тұқымды мал тобын құрып, олардан құнды ұрпақ алу болып табылады.


1 Тапсырма. Қойларды бонитировкалау нұсқаулығын пайдалана отырып, биязы биязылау, етті-майлы малдарға арналған бонитировкалау кілтімен танысыңыздар.
2 Тапсырма. Қойларды бонитировкалау нұсқаулығын пайдалана отырып, биязы, биязылау етті-майлы қой малдарының әр түрлә кластарының сипаттамасымен танысып, жеке бонитировкалау кілтін мөлшерлеп жазып үйреніңіздер.
3 Тапсырма. Карточкалар бойынша әр түрлі өнім бағытындағы қойлардың бонитировкалық класы мен оларды асылдандыру маңызын анықтаңыз.
Бақылау сұрақтары.
1. Бонитировкалау кілтіндегі жүн қоюлығы мен еттік форманы айқындау дәрежесін түсіндіріңіз және белгілеңіз.

2. Бонитировкалау кілтіндегі жүн иректілігін айқындау дәрежесін түсіндіріңіз және белгілеңіз, сонымен қатар жүн ұзындығын өлшеу орны мен әдісін көрсетіңіз.

3. Жүн талшығын жіңішкелігін анықтау орны мен әдісін көрсетіңіз және бонитировкалау кілтіндегі жүннің біркелкілік дәрежесін түсіндіріп, белгілеңіз.

4. Қойларда тірі салмақ қандай жаста анықталады.

5. Қырқылған кір және таза жүн, таза жүн шығымы қалай анықталады.

6. Бонитировкалау кезіндегі биязы, биязылау етті-майлы қой кластарына сипаттама беріңіз.


6.2 Тақырып. Каракөл қозыларының бонитировкасы

Сабақ мақсаты.

Каракөл қозыларына арналған бонитировкалау нұсқаулығы бойынша, асыл тұқымдық жұмыс негізін, каракөл қозылары елтірісі типтерінің көлемі мен иректілік пішінін оқып, үйрену.


Каракөл тұқымы негізінен:

  • әр түрлі түсі бойынша: қара, сұр, көк, сұрғылт, қоңыр, қызғылт, ақ болады; түрлі түсті каракөл қойлары өз кезегінде түстері мен реңдері бойынша бөлінеді;

  • елтірілік тип: жакеттік (қаламгүл бұйра жіне ірі бұршақ); (жалпақ, бұйра), қабырғалы (қабырға немесе қырлы бұйра және жай бұйра) және кавказдық (иректілігі өсіп кеткен ір түрлі пішінді);

  • тұқым ішілік, заводтық және конституционалдық типтер, заводтық аталық із бен аналық ұя;

  • асыл тұқымдық (элита және І класс) және пайдаланушы (ІІ класс және басқа) болады;

Каракөл шаруашылығында малдарды сұрыптау қозыларды 1-2 күндік жасында бонитировкалау кезінде жүргізіледі. Қошқарлар мен саулықтарды ересек жасында қосымша ұрпағының сапасы, дамуы мен конституциясы бойынша бағалайды. Қозыларды сұрыптау кезінде: жынысы, түсі, өңі және түрі; елтірілік типтері ені бойынша бұйра көлемі (ұсақ – 4 мм дейін, орташа – 4-8 мм дейін, ірілері – 8 мм жоғары); типі; пішіні; бұйра ұзындығы; тығыздығы; шаш қоюлығы; шаштың жібектілік сипаттамасы; жылтырлығы; сурет нақтылығы; бас аяқтары мен қарын жүн өсуі; қозының тірі салмағы, конституциясы; дамуын ескереді.
1 Тапсырма. Каракөл қозыларын бонитировкалау нұсқаулығын, пайдалана отырып, бонитировкалау кілтімен танысыңыздар.
2 Тапсырма. Каракөл қозыларды бонитировкалау кезінде келесідей елтірілік типтерге бөлінеді.

  • жакеттік – қаламгүл бұйралы және ірі бұршақ бұйрасы өте жақсы көрінеді;

  • қабырғалы – қабырғалы (қырлы) бұйра және жал бұйралы;

  • жалпақ – бұйралардан тұрады, байқалмайтын теңбіл бұйра рұқсат етіледі;

  • кавказдық – ірі бұршақты, қысқа пішінді бұйралары жақсы жетілген, жандарында ұсақ бұршақ, сақина, жартылай сақина жал бұйралы бар;

Елтірілік титегі каракөл терісіне көлемі мен иректілігін пішінін анықтаңыздар. Анықталған нәтижені 6.2.1 кестеге толтырыңыз.
6.2.1 кесте. Бұйра көлемі, пішінін және типін анықтау нәтижесі.




Түсі

Бұйра көлемі, мм

Бұйра пішіні мен типі

Елтірі типі

Ұзындығы

Ені

1
















2















Бақылау сұрақтары.


1. Каракөл қозыларын бонитировкалау түрі мен жасы.

2. Қара түсті каракөл қозыларын бонитировкалау кезінде ескерілетін негізгі селекцияланатын белгілер жіне олардың айқындалу әдістері.

3. Елтірілік типтегі каракөл қозыларының жіктелуі. Жакеттік және кавказдық елтірі типтеріне сипаттама.

4. Сұр және көк түсті қозыларды бонитировкалау кезінде ескерілетін негізгі селекциялық белгілерді атаңыздар.



6.3 Тақырып. Қошқарларды шығу тегі бойынша бағалау

Сабақ мақсаты.

Қошқарларды ата тегінің өнімділік және асыл тұқымдық сапасы бойынша бағалау принциптерімен танысу.


Асыл тұқымдық табындарды малдың шығу тегі мен шежіресін терең білмей, генетика-селекциялық жұмысын жүргізу мүмкін емес. Табынмен селекциялық жүмыс жүргізудің жоғарғы дәрежесі және басқа аталық іздерден асып түсуі, оның құрамындағы малдарда әсіресе, элита бөлімінде өнімділік және асыл тұқымдық сапасы ұнамды гендер концентрациясының болуынан көрінеді. Мұндай малдарды өзара шағылыстырғанда ұнамды өнімділік белгілері басым (доминантты) ұрпақ береді.

Әрбір организм ұрықталған жыныс жасушасынан дамиды, яғни ол алдын ала болатын ұрпақта даралардың дамуына ата-аналар организміне салынған генетикалық ақпараттар арқылы мүмкіндік береді. Сондықтан, асылдандыру жұмысында, атап айтсақ, таза тұқымды мал өсіруде, әсіресе, туыстық шағылыстыруда малдарды шығу тегі бойынша бағалау мен сұрытаудың маңызы зор.

Шежіре – асыл тұқымды малды қосымша сұрыптаудың негізі ретінде және селекционер үшін оның ата-тегі жөнінде толық мәлімет алуына ықпалын тигізеді. Малды бағалау үшін, әсіресе, шығу тегі бойынша тәжірибелік қызығушылықты оның әке-шешесі және шежіредегі Екінші және үшінші қатардағы оның туыстарынан бастайды. Басқа туыстарына қарағанда әке-шешесі жөніндегі мәліметтер маңызды.

Екінші қатарлы туыстарының да ұрпақ өнімділігіне әсері айтарлықтай, бірақ біріншіден қарағанда сәл төмендеу. Ал, шежіредігі үшінші және одан кейінгі қатардағы туыстарының әсеріқатты ьілінбеідң. Кей жағдайларда олар көрінуі мүмкін. Сондықтан малдарды шығу тегі бойынша сұрыптағанда тек қана жақын туыстарын ғана емес, шежіресін толық қарастырған жөн.

Неғұрлым ата-тегінің өнімділігі жоғары дәрежеде болса, сұрыталатын мал өнімділігі соғұрлым жоғары болатындығына сенім мол болады. Шығу тегі бойынша малды сұрытауда өте жақсы малдарды таңдау - өте жақсы малдардан нақты табын құру үшін жүргізіледі

Шығу тегі бойынша сұрыптау мен бағалаудың негізгі жұмысшы материалдарына заводтық кітаптар, асыл тұқымды карточкалар, куәліктер және басқа да малдың шежірелері тіркелетін асыл тұқымды жұмыс жазбалары жатады.

Малдың шығу тегінің белгілі формадағы жазбаша түрін шежіре деп атайды. Шежіре формалары әр түрлі болады. Оның көп тараған түрі келесідей:


Шешесі

Әкесі

ШШ

ӘШ

ШӘ

ӘӘ

ШШШ

ӘШШ

ШӘШ

ӘӘШ

ШШӘ

ӘШӘ

ШӘӘ

ӘӘӘ

Бірінші қатарға ата-анасы, екіншісіне-апасы мен атасы, үшіншісіне – апа – атасының әке-шешесі жазылады. Шежірісінің сол бөлігі – шешесі, оң бөлігі – әкесі.

Арғы тегін зерттегенде әке жағынан өнімділігіндегі өзгерістерге қалай мән берсе, шеше жағын да солай қарастыру қажет. Егер малдың ата тегінде алыс туысарынан жақындаған сайын өнімділігі жқғарлай түссе ол құнды болып саналады. Сонымен қатар, малды шығу тегі бойынша бағалағанда оның белгілі бір аталық із бен аналық ұядан тарағандығы ескеріледі. Әсіресе, шежіресінде чемпиондар мен рекорттар кездессе, ол мал жоғары бағаланады.

Шежіре құндылығы, егер әке және жағынан сол көрсеткіштер қайталанса және белгілердің тұқым қуалауы нақтыланған байқалған жағдайда жоғарлайды. Шежіреге ұрпағының сапасы бойынша және жоғары бағаланған ата тегі бар малдар неғұрлым қажет.

Малдарды шығу тегі бойынша бағалағанда тек қана оның туыстарының өнімділігін ғана емес, шежіріесіндегі өнімділік және асыл тұқымдық сапаларының сәйкестігін ескере отырып, жұ таңдау нұсқасын шағылыстыру типіне әсерін қарастырады. Шежіре бойынша бағалау, асылдандыру жұмыстарының нақты міндетіндегі, сол шаруашылық өсіретін қой малдарының өнімділік дәрежесіндегі малдарды сұрыптау болып табылады. Бірақ, кей жағдайларда, сыртқы орта әсерінен сандық белгілер зор модификациялық өзгерістерге ұшырап, шығу тегі бойынша бағалау дұрыстығын төмендетеді.

Сондықтан, шежіре бойынша генетикалық бағалау ата-тегінің сапасы бойынша тұқым қуу қабілеттілігінің растығын анықтауға ғана әкеледі.

Тұқым қуу қабілеттілігін анықтау көбінесе, қошқарды ұрпағының сапасы бойынша бағалау мен алдында бағаланған барлық нәтижелер бойынша жүргізіледі.
1 Тапсырма. Шежірені негізге ала отырып, (МАК биязы жүнді советттік меринос қой тұқымы, 8 т) екі қошқардың қайсысының асылдандыру жұмысында бағалы екендігін анықтаңыздар.

№ 1032 қошқар

2 жаста, салмағы 92 кг, жүн қырқымы 14 кг, жүн қоюлығы «М», ұзындығы 9,0 см, 64 сапа, өсуі – қанағаттанарлық, класы – элита.



Ш

Жеке № 6838, 2 жаста, тірі салмағы 55 кг, жүн қырқымы 5,5 кг, жүн ұзындығы 7,5 см, 64 сапа, класы – элита.



О

Жеке № 1096, 5 жаста, тірі салмағы 104 кг, жүн қырқымы 17 кг, жүн ұзындығы 9,0 см, 64 сапа, класы – элита.



ШШ

№ 792, 4 жаста, тірі салмағы 52 кг, ж.қ. 7,1, ж.ұ. 8, 64 сапа, элита



ӘШ

№ 845, 3 жаста, тірі салмағы 45 кг, ж.қ. 16, ж.ұ. 7,5, 64 сапа, 1 кл.



ШӘ

№ 2207, 3 жаста, тірі салмағы 49 кг, ж.қ. 6,2, ж.ұ. 8, 64 сапа, 1 кл





№ 1042 қошқар

4 жаста, тірі салмағы 102 кг, жүн қырқымы 14,2 кг, жүн қоюлығы «ММ», ұзындығы 8,5 см, 64 сапа, жүн өсуі жақсы, класы – элита.


Ш

Жеке № 0225, 4 жаста, тірі салмағы 61 кг, жүн қырқымы 8,7 кг, жүн ұзындығы 7 см, 64 сапа, класы – элита.



Ә

Жеке № 1096,5 жаста, тірі салмағы 104 кг,жүн қырқымы 17 кг, жүн ұзындығы 9,0 см, 64 сапа, класы – элита.



ШШ

№ 637, 4 жаста, тірі салмағы 45 кг, ж.қ. 5,9 ж.ұ. 7,5, 64 сапа, элита



ӘШ

№ 1096 5 жаста, тірі салмағы 104 кг, ж.қ. 17, ж.ұ. 9,0, 64 сапа, элита



ШӘ

№ 2207, 3 жаста, тірі салмағы 49 кг, ж.қ 6,2, ж.ұ . 8, 64 сапа, 1 кл







2 Тапсырма. Қазақтың құйрықты ұяң жүнді қой тұқымының 5 қошқарына шежіресі бойынша баға беріңіздер.
Бақылау сұрақтары.


  1. Қой малдарының үш қатарлы ата-тегі бойынша шежіресінің сызбанұсқасын сызыңыздар.

  2. Шығу тегі бойынша бағаланатын малдың шежіресін қарап, шағылыстыру типін (туыстас немесе туыстас емес) қалай құрады7

  3. Шежіре бойынша жұп таңдау тиімділігі мен шаруашылық-пайдалы белгілердің ұрпақ бойынша позитивті берілетіндігін қалай анықтайды.

  4. Шежіресі бойынша қандай қой малдары өте жақсы деп саналады.

  5. Қой шежіресін анықтауға болатын құжаттарды атаңыздар.


6.4 Тақырып. Қошқарларды ұрпағының сапасы бойынша бағалау

Сабақ мақсаты.

Қошқарларды ұрпағының сапасы бойынша тексеруді ұйымдастыру жетістіктерін меңгеру.


Тексерілетін қошқарды 2,5 жастан кіші емес І класты, өзімен жасты саулықпен сшағылыстырады. Егер қошқарды содан кейін ІІ класты саулыққа пайдалануды жоспарласа, онда тексеруді аталған класс саулығына да жүргізуге болады. Әрбір қошқар ұрығымен таңдаусыз, сол уақытта бірдей сападағы 75-80 саулықты ұрықтандырады. Әр қошқардан негізгі бонитировкаға дейін (1 жасқа дейін) кем дегенде 30 бас бірдей жынысты төл алып, өсіруге әбден мүмкін. Мұндай жағдайда тексерілетін қошқардың асыл тұқымдық сапасын дұрыс бағалауға болады. Алынған ұрпақты жынысына (еркек және ұрғашы) байланысты жеке бағалайды, өйткені кейбір аталықтарда еркек жынысты ұрпақтарының сапасы жоғары болса, басқа аталықтародың ұрпақтарының ұрғашыларында жоғары болуы мүмкін.

Каракөл қошқарларын ұрпағының сапасы бойынша бағалауды алдағы уақытта да пайдалану жоспарланған саулықтармен жүргізеді. Әр қошқарға түсі және елтірі типі бойынша бірыңғай жұптау жүргізілсе 80-100 саулықтан, ал әр қилы болса 150-ден кем емес саулықтан бекітіледі. Тексерілетін каракөл қошқарларын ұрпағының сапасы бойынша каракөл заводтарында тері сорттағанда және туғаннан кейінгі жеке бонитировка нәтижесі бойынша бағалайды. Роман тұқымы қошқарларының асыл тұқымдық дәрежесін төлдерін туған кезде, енесінен бөлерде, 5-6 айлық жасында және 8-9 айлығында негізгі бонитировка уақытында бағалау арқылы анықтайды.

Қошқарларды ұрпағының сапасы бойынша бағалау нәтижесі белгілі бір дәрежеде оны өткізу әдщістеріне байланысты. Аталықтардың тұқым қуу қасиеттерін екі әдіспен бағалауға болады: қызы-шешесі, яғни, қыздарының сапасы мен шешелерін салыстырады; қыздары-құрдастары, бағаланатын аталық қыздарының орташа өнімділігін, басқа аталықтың құрдас қыздарының орташа өсімділігімен салыстырады. Сонымен қатар, кейде қой шаруашылығы мамандары тексерілетін әр түрлі қошқарларда алынған ұрпақтардың сапасы мен типін өзара салыстыруды пайдаланады.

Ата-ана ұрпақтарының генетикалық корреляцияциясы алыс туыстық топтан қарағанда жоғары. Бірақ, қызы-шешесі әдісі қой шаруашылығында кең қолданылмай келеді. Бұл жасқа түзету коэффициенті есебінің қажеттілігімен, яғни, егер қызы мен шешесінің өнімділіктерін бір және сол жылы салыстырса немесе күтіп-бағу мен азықтандыру жағдайлары әр түрлі болса, бірдей жастағы, бірақ әр жылдары алынған мал көрсеткіштерін салыстырумен байланысты. Көп жағдайда қажетті түзетулер мал өнімділігінің нақты көрінісін тұмандандырады немесе тіпті өзгертеді.

Биязы және биязылау жүнді қой тұқымы қошқарларын ұрпақтарының келесідей көрсеткіштері бойынша құрдастар әдісімен бағалау ұсынылады: элита және І класты малдардың тірі салмағы, бонитировка кезіндегі жүн ұзындығы мен жүн қырқымы, ұнамды титегі малдар бөлігі, қозылардың енесінене бөлу және бонитировкалау кезіндегі тірі салмағы. Сонымен қатар, қошқарлардың өзінің жыныстық белсенділігі мен ұрығының ұрықтандыру қабілеттілігін ескеру қажет.

Ұрпақтарының жүн өнімділігін жекелеп және таза (жуылған) талшықтан анықтайды. Осы бойынша жабағы құрылымы мен тығыздығын, талшық жіңішкелігі мен ұзындығын, жабағы мен штапель бойынша біркелкілігін, шайыр сапасы мен мөлшерін және т.б. бағалайды.

Қозылардың енесінен айырғандағы тірі салмағын бір аталықпен ұрықтандырған аналықтардан алынған, бірдей ұрпақтың орташа көрсеткіші бойынша анықтайды. Егер аналықтар әр түрлі аталықтармен шағылыстырылып, көп төлділігімен ажыратылса, онда ол көрсеткішке орташалау өзгеріс енгізбейді. Түзетуді ұрғашы- жалқы төл мен еркек жалқы төлдің орташа тірі салмағын ұрғашы-егіз және еркек егіз төлдердің орташа тірі салмақтарына бөлу арқылы анықтайды. Мысалы, № 425 қошқардан тараған ұрғашы жалқы төлдің енесінен ажырату кезіндегі орташа тірі салмағы 28 кг болса, ал ұрғашы-егіз – 25 кг болады, мұндай жағдайда түзету коэффициенті 1,12 (28-25) тең. Ұрғашы-егіздердің тірі салмағын осы коэффициентке көбейткенде, ол ұрғашы-жалқылардың тірі салмағына сәйкес келеді. Осы сияқты егіз төлдердің басқа да белгілеріне түзету коэффициенттерін енгізуге болады.

Ет өнімділігін бағалау үшін қозыларды бақылау бордақыға қойып, союды жүргізеді. Бордақыға енесінен ажыратылғаннан кейінгі (еркек) қозыларды әрбір тексерілетін қошқардан бес бастан кем емес мөлшерде, 45-60 күн ұзақтығында қояды.

Етті-жүнді қой шаруашылығында тексерілетін қошқар төлдерінің бақылау бордақыдағы мәліметтері бойынша 4-7 айлық жасында азық шығыны мен өсу энергиясын анықтау ұсынылады. Бұл жұмыстың мәліметтері нақты және сенімді болуы үшін, бірыңғай әдіс бойынша, мамандандырылған станция жағдайында жүргізген жөн.

Қошқардың көбею құндылығы ұрғашы туыстарының көрсеткіштері бойынша жалпылама анықталуы мүмкін. Сондықтан, қошқарлардың көбею көрсеткішіне қосымша бағалауды оның жартылай апайларының (полу сестер), ол нақты сын қыздарының төлдегіштігі бойынша жүргізу ұсынылады. Қошқарларды ұрпағының сапасы бойынша бағалағанда оның төлдегіштігімен қатар аналықты ұрықтандыру қабілеті және алынған төлдің туғаннан енесінен ажыратқанға және бонитировкаға дейінгі өміршеңдігі ескерілуі тиіс.

Қошқарлар неғұрлым маңызды селекциялық белгілері мен қасиеттерін ұрпақтарына беру дәрежесіне, яғни, асыл тұқымдық дәрежесіне байланысты келесідегідей категорияларға бөлінуі мүмкін: нақты жақсартқыштар, әр түрлі нақтылық критериі (td) +2 және одан жоғары; орташа (нейтральды) +1,9-дан -1,9 дейін; төмендеткіштер, әр түрлі нақтылық критериі 2 және одан төмен.

Асылдандыру жұмысының тәжірибесі қошқарларды шығу тегі және өз өнімділігі бойынша сұрыптауды олардың тұқым қуу қасиетін білмей жүргізу тиімсіз екендігін көрсетеді. Өйткені шежіре тұқым қуу қабілетіне толық сенімділік бере алдмайды, және фенотип әрқашан генотипте көріне бермейді. Қошқарларды ұрпағының сапасы бойынша бағалау алғашқы әдістен қарағанда күрделірек және ол жалғастыру уақытын талап етеді, бағаланатын қошқардың 2,5 жасына келгенде аяқталады. Бірақ бұған қарамастан, қошқарларды нақты көрсеткіштері бойынша бағалау да, табынды жақсартушыларды өсіретін нақты әдіс болып табылады. Сондықтан, қошқарлардың асыл тұқымдық мақсаттағы соңғы сұрыптауы ұрпағының сапасын тексеру нәтижесі бойынша жүргізілетіндігі сөзсіз. Табынға асыл тұқымдық сапасы ұрпағының сапасы бойынша; жүн өнгімділігі – жуылған талшық көлемі бойынша, ал сапасы зертханалық зерттеу нәтижесі бойынша анықталған қошқарларды пайдалану, табын өнімділігін жоғарылату мен тұқымды жақсартудағы маңызды фактор болып табылады.

Қошқарларды ұрпағының сапасы бойынша бағалауды осы мақсатқа арнайы бөлінген І класты, бірдей жастағы (2,5 жастан жас емес), өнімділіктері ұқсас аналықтар мен жүргізеді. Аналықтардың күтіп-бағу мен азықтандыру жағдайы, бірдей жастағы нақты өнімділіктері ескеріліп, жеке бонитировкадан өтуі тиіс.

Қошқарларды тексеру үшін сондай мөлшерде саулықтар алынады, өйткені әрбіреумен 1,5 жасқа дейін 30-40-тан кем емес қозы өсірілуі тиіс. Әрбір тексерілетін қошқар ұрығымен жеке жұптаусыз бірдей уақытта бас саны бірдей саулықтарды ұрықтандыруға болады. әрбір қошқарға түсетін жүктеменің біркелкілігін бақылау үшін, ұрықталған саулықтар санына өсу қорытындысы бойынша күнделікті есеп жүргізіледі, ол әр қошқардан бірдей жастағы қозы алу үшін қажет.

Қошқарларды бағалау келесідегідей әдіспен жүргізіледі:

1) Бонитировка нәтижесінде ұнамды типке жатқызылған – элита және І класты ұрпақтар саны бойынша;

2) Құрдастар әдісімен - әрбір қошқар ұрпақтары өнімділігінің көрсеткіштерін бір отар саулық көлеміндегі тексерілетін барлық қошқар ұрпақтарының орташа көрсеткіштерін салыстыру арқылы немесе әрбір тексерілетін қошқар ұрпақтарының өнімділік көрсеткіштерін жалпыц отар бойынша алынған ұрпақтардың орташа көрсеткіштерімен салыстыру жолымен;

3) «Қызы-шешесі» әдісімен - әрбір қошқар қозыларының өнімділік көрсеткіштерін шешелерінің орташа көрсеткіштерімен салыстыру арқылы;

Тексерілетін қошқарлардың асыл тұқымдық сапасын анықтағанда шаруашылық пайдалы сапасының негізгі критериінің жалпы көрсеткіші болып, олардың ұрпақтарының кластық құрамының мөлшері саналады, яғни, ұрпақтарының неғұрлым көбі элита және І класқа жатқызылса, тексерілетін қошқардың асыл тұқымдық құндылығы соғұрлым жоғары болады. Осыған орай қошқар ұрпақтарының 70%-дан астамы ұнамды типке жатқызылса, ол сапасы бойынша өте жақсы, ұрпағының 60-70% жатқызылса жақсы, ұнамды типті 50-60% құраса қанағаттанарлық, 50%-дан төмен болса – қанағаттанарлықсыз деп бағаланады.

Құрдастар әдісімен бағалау кезінде ұрпақтары барлық тексерілетін қошқар ұрпақтарының орташа өнімділік көрсеткіштерінен немесе шаруашылықтағы барлық табын ұрпақтарынан асып түссе, ол қошқар – жақсартушы болып саналады. Егер, бағаланатын қошқар өнімділігінің көрсеткіштері отар бойынша алынған ұрпақтармен немесе барлық тексерілетін қошқар ұрпақтарының орташа өнімділік көрсеткіштерімен бірдей дәрежеде болса, ол қошқар нейтралды болады. Ал төмендеткіш болып, егер тексерілетін қошқар ұрпақтарының өнімділік көрсеткіштері салыстырылып отырған құрдастарынан төмен болған жағдайда саналады.

«Қызы-шешесі» әдісі кезінде қозылардың өнімділік көрсеткіштері шешесінің жасына жеткенде (бірдей жаста) салыстырылады. Егер қозылар шешесінің жасында өнімділік көрсеткіштері бойынша асып кетсе, онда қошқар жақсартушы ретінде бағаланады. Ал қозылары мен шешесінің өнімділік көрсеткіштері бірдей жастарында тең болса, қошқар нейтралды, егер қозылардың өнімділік көрсеткіштері шешелерінен төмен болса, қошқар – төмендеткішке жатқызылады.

Қошқарлардың тұқым қуу сапасын бағалау кезінде басты назарды негізгі селекцияланатын белгілердің көріну дәрежесіне, қойдың негізгі өнімділік бағытына аудару қажет және олардың тексерілетін қошқар ұрпақтарында жеке және топтық түзетужұп таңдауда көрінуі өте маңызды.



Нейтралды деп бағаланған қошқарлар арасында ең маңызды селекцияланатын жеке белгілердің болуына байланысты жақсартушылар да болуы мүмкін. Сондықтан студент жақсартушыларды ұрпақтарының жақсы көрінетін селекциялық белгілері мен меншікті салмағын анықтау арқылы ажырата білу қажет.
1 Тапсырма. Ұрпақтардың берілген мәліметтеріне өңдеу жүргізіп, ұрпақтарының сапасы бойынша 6 бас биязы жүнді қошқарды бағалаңыздар. (төлдер жөнінде мәліметтер «Практикумның» 129-134 беттерінде келтірілген).
6.4.1 Кесте. Ұрпақтарының сапасы бойынша биязы жүнді қошқарларкы бағалау ведомосы.


Қошқарларға сипаттама

өнімділігі, кг

Алынған төл саны, бас

Ұрпақтарға сипаттама

Шешесінің өнімділігі, кг

Көрсеткіштері бойынша қошқарларды бағалау, балл есебімен









Жеке №

Тірі салмағы, кг

Жүн қ, кг

Орташа көрсеткіштері


Кластары, %

Тірі салмағы

Жүн қырқымысти

Тірі салмағы

Жүн қырқымыти

кластарына
















Тірі салмағы

Жүн қыпқымыти

ұзындығы

ээлита

II

III

жарамсыз



















1123456

8773181243541

Г506255495748


Ж6,07,06,35,57,06,7














































орташа
















































Бақылау сұрақтары.




  1. Қошқарларды ұрпағының сапасы бойынша бағалау әдістері.

  2. Тексерілетін қошқарлардың ұрпақ сапасы қандай мәліметтер негізінде салыстырылады.

  3. Қошқарлар мен ұрпақтар ұқсастығы дәрежесін салыстыру техникасы.

  4. Қыз мен шешесінің өнімділік көрсеткіштерін қалай бағалайды?

  5. Тексерілетін қошқарлар төлінің сапалық және сандық көрсеткіштерін өңдеу техникасы.

  6. Қандай қошқарлар ұрпағының сапасы бойынша, бағалау мәліметтері бойынша ең жақсы болып саналады?


VII Қой малдарын сұрыптау мен жұп таңдау

7.1 Тақырып. Сұрыптау эффектісін болжау

Сабақ мақсаты.

Студенттерді селекциялық эффекті анықтау мен селекциялық дифференциалды есепке ала отырып малдардың селекциялық тобын құруды үйрету.


Сұрыптау түсінігі (ағылшын тілі — selection) бойынша берілген түр дараларының алдағы уақытта көбеюі үшін бір бөлігінің қалуы, ал қалғандарының жойылуы. Бұл үрдіске адам немесе табиғаттың әсер етуіне байланысты сұрыптауды табиғи және қолдан деп ажыратады.

Табиғи сұрыптау түрдің табиғатта сақталуына бағытталған, бұл сұрыптаудың нәтижесінде көбеюге берілген орта жағдайына неғұрлым бейімделген даралар қалады.

Қолдан сұрыптау адам үшін ұнамды белгілері бар малдарды бөліп алу мен көбейтуге бағытталған. Қолдан сұрыптауды пайдалану табиғи сұрыптаумен бір мезгілде өтсе, кедергі келтірмейді, бірақ ол табиғи сұрыптау мақсаттарына жауап бермейді, кейде, тіпті оған қарама-қарсы болады. Қой шаруашылығы мамандарының тәжірибесі бойынша бұл сұрыптау түрлерінің қатынасы жалпы мәдени саласы мен асылдандыру жұмысы жағдайына байланысты. Асылдандыру жұмысының дәрежесі неғұрлым жоғары болса және қой малдарын күтіп-бағу мен азықтандыру бойынша зооветеринарлық талаптар толық орындалса, соғұрлым табиғи сұрыптау қабілеттілігі аз болады және керісінше.

Қолдан сұрыптаудың ең қарапайым түрі — жаппай сұрыптау. Ол бойынша табыннан алдағы уақытта әрі қарай өсіруге арналған фенотипі бойынша өте жақсы малдарды қалдырып, стандарт талаптарына сәйкес келмейтіндерін – жарамсыздыққа шығарады.

Асылдандыру жұмысының қазіргі заманғы тәжірибесінде селекцияны 1-2 ғана емес бірнеше белгілер қатары бойынша жүргізеді. Сондықтан сұрыптауды қалай жүргізу керек және қандай малдарды асылдандыруға қалдыру керек деген сұрақ туындайды? Бұл сұрақтың жауабын малдарды селекциялық белгілері бойынша табуға болады. Олар: а) бірізділік (тандемді); б) дәрежесіне тәуелсіз; в) селекциялық индекс.

Бір ізділік (тандемді) сұрыптауда малдарды бірнеше ұрпақ бойы бір ғана белгісі, мысалы, жүн ұзындығы бойынша селекциялайды. Осыдан кейін ғана, яғни бұл белгі бойынша жоспарланған дәрежеге жеткен соң, келесі белгісі бойынша селекция жұмысын жүргізуге ауысады. Бұл әдіс тиімді болғанмен кейбір кемшіліктері де бар. Тандемді сұрыптау кезінде күтілетін теориялық селекция тиімділігінің тәжірибемен сәйкесуі қиындық туғызады. Мәселен, белгілер арсында қаншалықты жағымды нәтижелер болса, соншалықты қарама-қайшылықтар болады, нәтижесінде бір белгінің жақсаруы келесі бір белгінің төмендеуіне әкеледі.

Дәрежесіне тәлелсіз сұрыптау біздің елімізде қой селекциясында маңызды болып табылады. Оны бірнеше белгі бойынша жүргізеді, бірақ оған сұрыпталатын мал сәйкес келетіндей, әрбіреуіне ең төменгі дәреже қойылады. Мысалы, цигай тұқымды І класты қой малдары үшін, ең төменгі таза қырқылған жүн — 2,0 кг, дене салмағы – 48 кг, жүн ұзындығы – 8 см болуы керек. Егер малдың бір белгісі ғана бұл талапты қанағаттандырмаса да, ол асыл тұқымды ядродан шығарылады. Селекцияның бұл әдісі бір ізділік сұрыптаудан қарағанда, әсіресе жағымды генетикалық корреляцияның болуымен неғұрлым тиімді. Бұл әдістің кемшілігі болып, бекітілген талапқа сай малдарды сұрыптау кезінде тек бір белгісінің сәйкескеуі салдарынан басқа селекциялық белгілері жақсы малдардың жармсыздыққа шығып қалуы табылады.

Селекциялық индекс бойынша сұрыптау теорияда неғұрлым тиімді болып саналады. Оның маңыздылығы, егер малдың бір белгісі ғана төмен дәрежеде болып, қалған белгілері құнды болса, ол мал селекциялық үрдістен шығарылмайды. Индекстік селекция кезінде сұрыптау олардың экономикалық маңыздылығы, тұқым қуалаушылығы және басқа беогілерімен корреляциясы (байланысы) есебінде, кешенді белгілнрі бойынша жүргізіледі.

Индекстік селекцияның жағымды нәтижесі тек, популяция саны неғұрлым көп жағдайда барлық ұрпақтар қатары үшін паративті жағдай (малдарды азықтандырудың оптималды дәрежесі) тұрақты болғанда ғана алынады.

Қой шаруашылығында тәжірибелік селекция көбінесе малды шығу тегі, коституционалды-өнімділік көрсеткіштері және ұрпағының сапсы бойынша бағалағанда ғана қалыптасады.

Шығу тегі (шежіресі) бойынша сұрыптау. Шығу тегі немесе шежіре – табынды генетикалық қалыптыстырудағы ең маңызды көрсеткіштердің бірі.

Ата-ана мен оның ұрпақтары арасында белгілі бір дәрежеде генетикалық сәйкестіктің болуы орын алады, соның негізінде, шежіреде ата тегі неғұрлым жоғары өнімді болса, мал соғұрлым құнды бағаланады.

Мал шежіресін білу селекционерге алынған малдың қай аталық із немесе аналық ұяға қатыстылығын және ол қандай жұптау жүйесі бойынша алынғандығын бағалауға көмектеседі. Осының барлығы малды селекциялық үрдісте неғұрлым дұрыс пайдалануға жол ашады.

Малды шежіресі бойынша бағалау мен сұрыптауды тура туыстарының (әкесі мен шешесі, апасы мен атасы және т.б.) және жанама туыстарының (жартылай ағасы мен әпкесі, ағасы мен тәтесі және т.б.) сапасы бойынша жүргізуге болады. Кейінгі уақытта малдарды жартылай сибстер көрсеткіштері бойынша бағалауға көңіл бөлінуле. Ол 2-4 тура туыстары бойынша бағалаудан қарағанда жанама туыстарын көп пайдаланған неғұрлым неғұрлым нақтырақ деп есептейді.

Шығу тегі бойынша сұрыптаудың белгілнр маңыздылығы мен пайдалылығы малдың тұқым қуалаушылық ерекшелігін бағалауда жоғары сенімділікке кепілдік бермейтіндігін атап кету қажет. Ол нақты суреттің көптеген генетикалық емес қатардағы факторларының әсерінен, сонымен қатар, малдың шежіресі бойынша генотипін бағалау нақтылығы гендер комбинациясы мен ажырауынан жоғары бола алмайды. Шежіре бойынша бағалаудағы малдың асыл тұқымдық құндылығының нақты жоғарғы шегі 0,71 ғана құрайды. Осындай себептердің әсерінен теориялық болжам көбінесе сәйкеспей қалады. Ұрпақтарда көбінесе репрессия пайда болады – тұқымның табындағы орташа көрсеткішке қайтуы, яғни, популяциялық орташа көрсеткішінен сұрыпталған малдар көрсеткішінің қатынасы бойынша жоғарылап, асып түсуі. Сондықтан шығу тегі бойынша сұрыптау селекцмялық үрдістің маңызды және элементі болып табылады, бірақ оны тек малдардың асыл тұқымдық сапасын қосымша бағалаушы ретінде ғана қарастырған жөн.

Өнімділігі мен экстерьері бойынша сұрыптау – бұл малды бонитировкалау кезінде эксперттік бағалау негізінде жүргізіледі. Оның негізін ең жақсы генотиптердің ең жақсы фенртиптер арасында болуы құрайды.

Қой малдарының жүн, ет, елтірі, сүт өнімдерін дамыту малдарды шаруашылыққа пайдалы кешенді белгілері бойынша сүрыптауда қалыптасады.

Сұрыптау кезінде белгілер сенына байланысты селекция нәтижесін анықтау, селекциялық қысымның ажырауы белгілердің көп мөлшерінде, әрбіреуіне пропорционалды :V~n , n – белгілер саны, сұрыптау тиімділігін төмендететіндігін көрсетті. Ал, белгілер санының молаюы кезінде сұрыптау тиімділігі бірден төртке дейін әрбіреуіне 2 есеге төмен (1:V~4=1:2) болады.

Сондықтан кешенді белгілері бойынша сұрыптауда селекцияланатын белгілер саны ең төмен болуы қажет.

Жан-жақты кешенді бағалау принципі ең басты ұнамды сапаларды, сұрыптау мен жұп таңдау жолымен неғұрлым тез дамытуды қарастыру қажет, ал басқа белгілерін көмекші, түзетуші сапада бағалап, бір жақты сұрыптаудағы ұнамсыз қасиеттерді ескеріп, дені сау, конституциясы мықты, үйлесімді дамыған малдарды алуды қамтамасыз етуі керек.

Сұрыптау тиімділігін болжау. Малдарды фенотипі бойынша сұрыптау тиімділігі селекциялық бағдарламаға оның генетикалық гетерогенділігі мен сұрыптау интенсивтілігі енгізілген популяция саны мен селекцияланатын белгілердің тұқым қуалаушылық дәрежесіне байланысты.

Сұрыптау интенсивтілігі немесе селекциялық дифференциал асыл тұқымдық мақсатта сұрыпталған малдар тобы белгілерінің орташа көрсеткіші мен сол сұрыптау жүргізілген популяция белгілерінің орташа көрсеткіші арасындағы айырмашылықты білдіреді. Мысалы, шаруашылық табынындағы барлық ұрғашы тоқтылардың орташа жүн ұзындығы 12 см-ге тең, ал жөндеу үшін сұрыпталғандарында ол – 13,5 см. Мұндай жағдайда селекциялық дифференциал 1,5 см-ге (13,5-12 см) тең.

Селекциялық дифференциалды (Sd) тұқым қуу коэффициентіне (h2 — 0,3-ке жуық) көбейту арқылы теориялық күтілетін селекциялық эффект көлемін (E): Е = h2 x Sd = 0,3 х 1,5 = 0,45 алуға болады.

Селекциялық эффект — бұл сұрыптау жүргізілген ата-аналық ұрпақтар белгілерінің орташа көлемі мен осы белгінің қызының ұрпақтарындағы орташа көлемі арасындағы айырмашылық.

Бір жылдағы селекция жауабын (Еж) селекциялық эффектті ұрпақтар арасындағы интервалға (і) бөлу арқылы анықтайды, ол қой шаршашылығында мөлшермен 3,5 жылды құрайды.

Е( 0,45)

Еж = — = 0,13 см жылына



i (3,5)

Кейде селекциялық дифференциалды абсолютті санмен емес, стандарт бірлігімен де (б) көрсеткен дұрыс, ондай жағдайда, селекциялық дифференциалды әр түрлі белгілермен салыстыруға болады, мысалы, жүн қырқымы, жүн ұзындығы мен дене салмағын.

Е = Up x I x h2,

Up ~ белгілердің фенотипті стандарттық ауытқуы;

I — селекция интенситілігі.

Осыған байланысты, селекциялық эффектке (Se) селекциялық дифференциал (Sd) көрсеткіштерімен қатар тұқым қуу коэффициенті (h2) және ұрпақтардың ауысу жылдамдығы (і) әсер ететіндігіне каракөл қойларына жүргізілген зерттеу мәліметтері мысал болады.

Асыл тұқымдық жұмыс тиімділігі қошқарларды кешенді бағалау кезінде олардың генеологиялық мәліметтері мен ұрпақтарының сапасының ерекшеліктерін еспке алған жағдайда жоғарылайды.

Асыл тұқымдық заводтарда қошқар тобының қатаң сұрыптаудан өткен, селекциялық ядро аналықтарынан өсіріп, жинақтайды.

Ал, асылдандыру совхоздары мен жеке меншік басқа формадағы асылдандыру формаларында қошқарларды өздерінің табынынан, сонымен қатар асылдандыру заводтарынан алынған малдардан жасақтайды.

Тауарлы шаруашылықтарға қошқарларды асыл тұқымдық шаруашылықтардан тұқымдық аудандастыру және отарды өсіруге арналған әдісі (таза тұқымды немесе будандастыру) бар жоспарға сай сатып алу ұсынылады.

Биязы және биязылау жүнді қошқарларды ұрпағының сапасы бойымен бағалау мен сұрыптау негізгі талаптарға сай жүргізіледі.

Биязы және биязылау жүнді қой шаруашылығында еркек малдарға 2-3 апталық жасында сұрыптауды бастайды. Осы уақытта асыл тұқымдыққа нақты жарамсыз еркек қозыларды піштіреді. Екінші рет аталықтарды енелерінен бөлу кезінде қарап, сұрыптайды. Өте жақсыларын жөндеу тобына қажеттілікпен 5-6 есе артық мөлшерде бөліп алады. Аталықтарға келесі сұрыптауды бір жасқа жеткенде, шығу тегі, жеке бонитировка, жүн қырқымы мен тірі салмағы мәліметтері негізінде өткізеді. Жөндеуге арналған еркек тоқтылардың ішіндегі ең жақсыларын ұрпақтарының сапасы бойынша тексеруге қалдырады. Олардың саны қажетті мөлшерден 3-4 есеге артық болуы тиіс.

Селекция маңыздылығы мен қабілеттілігі екі аралық ата-аналық және қызының ұрпақтары белгілерінің орташа көрсеткіші айырмашылықтарынан көрінеді. белгілердің орташа көрсеткіші, яғни жаңа белгілер мен ата-аналық ұрпақ белгілері арасындағы айырмашылық, селекция нәтижесі болып табылады және ол селекциялық эффект (SE) немесе селекцияға жауап деп аталады.

Селекциялық эффект теориясы селекциялық дифференциал (SD) мен белгілердің тұқым қуу коэффициентіне (h2) байланысты және ол келесідей формуламен анықталады:

SE= SD x h2

Селекциялық дифференциал – асыл тұқымдық мақсатта сұрыпталған малдар тобы белгілерінің орташа көрсеткіші мен сол сұрыптау жүргізілген популяция белгілерінің орташа көрсеткіші арасындағы айырмашылығы болып табылатын селекцияның интенсивтілік көрсеткіші.

Сұрыпталған малдар тобынан, яғни, селекциялық топтан алынған жаңа ұрпақтарда селекцияға жауап, күтілетін көлем мен белгілердің орташа суммасынан анықталады. Қой шаруашылығында ұрпақтар арасындағы интервал (і) орташа 4 жылды құрайды. Бір жылдағы селекцияға жауап (SE жыл) SE жыл = SE: i формуласымен анықталады.


жүктеу 2,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау