Ќазаќстан республикасыныњ Білім жѕне Ѓылым Министрлігі


зертханалық жұмыс. Қатардың таңдамалы көрсеткіштері



жүктеу 5,19 Mb.
бет4/53
Дата14.01.2018
өлшемі5,19 Mb.
#7460
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53


1.2 зертханалық жұмыс. Қатардың таңдамалы көрсеткіштері.
Мақсаты: қатардың таңдамалы көрсеткіштер негізінде қатардың спаттамасын беруді білу.

Қысқаша теориялық анықтама:

Экономикалық құбылыстарды, процесстерді, объектілерді зерттеу барысында жиынтық түсініктері анықталады.

Басты жиынтық – зерттеуге жататын барлық объектілер.

Таңдамалы жиынтық – басты жиынтықтан таңдап алынған кейбір бірліктер.

Басты жиынтық көлемі сансыз көп болуына сәйкес, таңдамалы жиынтықты анықтау тиімді. Сондықтан, таңдамалы бақылауды өткізу мақсаты – таңдалған бірліктер қасиеттері бойынша жалпы жиынтық бірліктеріне сипаттама беру.

Басты жиынтықтың көлемі N әріппен белгіленеді, таңдамалы жиынтық көлемі – n.

Зерттелінетін жиынтықтың элементтері – белгі немесе варианта деп аталады, Белгіленуі – Xi.

Жиынтықтағы варианталарды зерттеу үшін, оларды вариациялық қатарлар ретінде жазады. Вариациялық қатарлардың екі түрін ажыратады – дискреттік және интервалдық вариациялық қатар.

Вариациялық қатар – берілген варианталардың және оларға сәйкес келетін жиіліктердің өсу немесе кему ретімен орналасуы. Дискреттік вариациялық қатарда варианталар дискретті белгілер ретінде анықталады, ал интервалдық вариациялық қатарда варианталар үздіксіз белгілер ретінде анықталады.

Дискреттік вариациялық қатар анықтама бойынша құрылады.



Интервалдық вариациялық қатарды құру үшін Стерджесс формуласын қолданады: мұндағы - сәйкесінше қарастырылып жатқан жиынтықтың максималды және минималды варианталары; - интервал ұзындығы, 1+3,322lgn интервалдың тиімді саны.

Вариациялық қатарларды графикалық суреттеу үшін келесі бейнелер пайдаланады:

ПОЛИГОН – дискреттік және интервалдық қатарларды бейнелеуге арналған график. Координаталар жүйесінде Х бойымен варианталар, У бойымен жиіліктер алынады.

ГИСТОГРАММА – тек қана интервалдық қатарды бейнелейді. Координаталар жүйесінде Х бойымен интервалдар, У бойымен жиіліктер алынады.

КУМУЛЯТА – жинақталған жиіліктер қисығы. Координаталар жүйесінде Х бойымен варианталар, У бойымен жинақталған жиіліктер алынады.

ОГИВА – кумулятаға керісінше, Х бойымен жинақталған жиіліктер, У бойымен варианталар алынады.



Есептің қойылуы: Қатардың таңдамалы көрсеткіштерін Microsoft Excel бағдарламасында есептеу.

Шешімі:

  1. Microsoft Excel бағдарламасын іске қосу.

  2. Бастапқы деректерді 1.4 суреттегіндей енгізу


Сурет 1.4 - Бастапқы деректер




  1. Деректерді дискретті қатар ретінде топтастырамыз және кестеге толтырамыз (1.5 сурет)


Сурет 1.5 - Дискретті үлестірім қатар




  1. Жиілікті (ni) есептеу үшін СТАТИСТИЧЕСКИЕ категориясынан - СЧЕТЕСЛИ функциясын пайдаланамыз.

- D2 ұяшығын белгілеу – Вставка-Функция командасын орындау; Статистические категориясынан СЧЕТЕСЛИ функциясын таңдау;

- «Аргументы функции» терезесінде «Диапазон» өрісін А1:А10 ұяшықтар диапазонымен толтыру, «Критерий» өрісінде – 11300 (С2 ұяшығы);

- D3:D8 ұяшықтарына формуланы көшіру

- барлық жиіліктерінің сомасын есептеу (1.6 сурет)


Сурет 1.6 - Дискретті үлестірім қатар




  1. Қатардың көрсеткіштерін есептеу үшін СТАТИСТИЧЕСКИЕ категориясынан келесі функцияларды пайдаланымыз.

Арифметикалық орташа – СРЗНАЧ функциясы

Дисперсия – ДИСПР функциясы

Орташа квадраттық ауытқу – СТАНДОТКЛОНП функциясы

Мода – МОДА

Медиана – МЕДИАНА

Ассиметрия коэффициенті - СКОС

Эксцесс көрсеткіші – ЭКСЦЕСС

Көрсеткіштер мәндерін қосымша кестеге толтыру (1.7 сурет)


Сурет 1.7 - Қатар көрсеткіштерін есептеу




  1. Нәтижесінде:


Сурет 1.8 - Көрсеткіштер мәндері

Қорытынды жасау.
Бақылау сұрақтары:


  1. Microsoft Excel бағдарламасы көмегімен қатарларды талдау қалай орындалады?

  2. Қатарды талдау функцияларын атап өтіңіз.

  3. Нүктелік бағалау дегеніміз не?

  4. Интервалдық бағалау дегеніміз не? Нүктелік және интервалдық бағалардың айырмашылығы неде?

  5. Анықталған ықтималдық дегеніміз не?

  6. Сенімділік интервал деп нені атайды?

  7. Статистикалық гипотеза дегеніміз не?

  8. Статистикалық критерий деп нені атайды?

  9. Статистикалық гипотезалар түрлерін атап өтіңіз.

  10. Бірінші және екінші ретті қателердің мәні неде?


Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар:

Тапсырма 1. Төменде берілген деректер негізінде интервалдық қатар құрып, орташа көрсеткіштерін нүктелік және интервалдық бақылау.


Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері


Облыс

2004 жыл

Акмола

3824

Актөбе

3777

Алматы

3655

Атырау

3758

Шығыс-Қазақстан

3591

Жамбыл

3969

Батыс-Қазақстан

3768

Қарағанды

3770

Қостанай

3942

Қызылорда

3709

Манғыстау

3735

Павлодар

3713

Солтүстік Қазақстан

3903

Оңтүстік Қазақстан

3896

Астана қ.

3641

Алматы қ.

4309

жүктеу 5,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау