Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей каласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет
Жаратылыстану ғылымдар факультеті
Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық ілімдері мен әдістелері кафедрасы
«ӘСКЕРИ – ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗДЕРІ»
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
«050104- Бастапқы әскери дайындық»
мамандығына
Семей 2013ж.
Құрастырушы: Ибраев Б.М.- аға оқытушы
Әскери патриоттық тәрбиені өткізу мен ұйымдастыруда келешек бастауыш әскери дайындығы оқытушы-ұйымдастырушысына қажетті әдістемелік білім мен дағдыны барлық оқу орны сабақтарында, оқу-далалық жиындарда, қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерінде және сабақтан тыс уақытта пайдалана алуы көзделеді.
Бастапқы әскери дайындығы оқытушы-ұйымдастырушысы мамандығы бойынша студенттерді дайындаудың бірден–бір негізгі пәні «Әскери патриоттық тәрбие негіздері» пәні. Әскери-патриоттық тәрбиені ұйымдастыру мен өткізу үшін бастапқы әскери дайындығын болашақ оқытушы-ұйымдастырушысы ретінде студенттерге қажетті әдістемелік білімдер мен дағдылар оқу орнындағы барлық сабақтарда, оқу-алаңдарында, қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерінде және сабақтан тыс уақытта қалыптастырылады.
Әскери-патриоттық тәрбиелеу сабақтары, дәрістер, семинар және іс жүзінде сабақтарда техникалық құралдарды пайдаланып оқыту формалары негізінде өткізіледі. Материалды оқыту кезінде оқу сұрақтары мәселелерін кең түрде тәжірибелеу керек.
2006 жылғы қабылданған ҚР МЖМБС және типтік бағдарламаға сәйкес жасалынған.
©.Семей қ. Шәкәрім ат. Мемлекеттік университет
1. ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТТАМАСЫ – SYLLABUS
Оқытушылар туралы мәліметтер:
Ибраев Б.М. – аға оқытушы
1.2 Пән туралы мәлімет:
Әскери патриоттық тәрбие негіздері
Барлығы 3 кредит
Өткізу орны –3 ғимарат
Оқу жоспарының көшірмесі:
Курс
|
Семестр
|
Несиелер
|
Дәріс
|
Семинар
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақы
лау түрі
|
3
|
6
|
3
|
30
|
15
|
45
|
45
|
135
|
емтихан
|
1.3 Пререквизиттері:
Жоғары оқу орны студенттері пәнді бастамай тұрып жалпы білім беретін орта оқу орындарында Алғашқы әскери дайындық сабақтарында және Бастапқы әскери дайындық негіздері, саптық дайындық пәндерінің білім көлемінде берілген курсқа дейін жалпы түсініктемені білуге тиіс.
1.4 Постреквизиттері:
Әскери патриоттық тәрбие негіздері курсын оқып болғаннан кейін алынған білімдері педагогикалық қызметттерінде, Бастапқы әскери дайындық сабақтарының орта мектептерінде өткізуде, сондай-ақ келешекте, Оқпен атыс, Әскери заңдылық, Тактикалық дайындық, Әскери педагогика және психология негіздері пәндерін оқуда, Сондай-ақ әскери соғыс өнері пәнін терең түсінуде бұл пән көп көмектеседі.
1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:
БӘД бакалаврын дайындау кезінде – «Әскери патриоттық тәрбие негіздері» пәні бойынша әскери патриоттық тәрбиені өткізу мен ұйымдастыруда келешек бастапқы әскери дайындығы оқытушы-ұйымдастырушысына қажетті әдістемелік білім мен дағдыны барлық оқу орны сабақтарында, оқу-далалық жиындарда, қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерінде және сабақтан тыс уақытта пайдалана алуы көзделеді.
Бастапқы әскери дайындығы оқытушы-ұйымдастырушысы мамандығы бойынша студенттерді дайындаудың бірден–бір негізгі пәні «Әскери патриоттық тәрбие негіздері» пәні. Әскери-патриоттық тәрбиені ұйымдастыру мен өткізу үшін бастапқы әскери дайындығын болашақ оқытушы-ұйымдастырушысы ретінде студенттерге қажетті әдістемелік білімдер мен дағдылар оқу орнындағы барлық сабақтарда, оқу-алаңдарында, қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерінде және сабақтан тыс уақытта қалыптастырылады.
Әскери-патриоттық тәрбиелеу сабақтары, дәрістер, семинар және іс жүзінде сабақтарда техникалық құралдарды пайдаланып оқыту формалары негізінде өткізіледі. Материалды оқыту кезінде оқу сұрақтары мәселелерін кең түрде тәжірибелеу керек.
Мұның өзі патриоттық білімнің негізін салатын бастапқы әскери дайындық мұғалімдерінің кәсіби даярлықтарына жоғары талаптар қойып, оларды жаңа ғылыми идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын, қазіргі заманғы технологиялық процесті басқара алатын маман ретінде қалыптастыру мәселесінен туындайды.
Жоғары оқу орындарында таяу уақыттарға бағытталған талаптарға сәйкес жоғары оқу орындарында әскери патриоттық тәрбие беру жолдарын айқындап, бастапқы әскери дайындық мұғалімдерінің кәсіби даярлығын үнемі жетілдіріп отыру аса қажет.
Осынадай қалыптасқан жағдайда еліміздің педагогтарын жаңа бағыт, яғни бастапқы әскери дайындықты оқытуды жүзеге асыру бойынша даярлау мәселесі күн тәртібінде тұр. «Әскери патриотық тәрбие негіздері» оқу-әдістемелік құралы өзінің мазмұнын да оқытуды саралаудың мәні, оның бастапақы әскери дайындық практикасындағы генезисі, еліміздің мектептеріндегі жинақталған тәжірибе, оны ұйымдастырудың жолдары мен бағыттары сияқты негізгі сұрақтарды қамтыған.
Курсты оқытудың мақсаты мен міндеттері.
«Әскери патриоттық тәрбие негіздері» тарауын оқып-үйренудің мақсаты — Оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қызметіне практикалық дайындау, әскерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз Отанына деген мақтаныш сезім және оны қашанда қорғауға дайын болу, студенттерді аталған пәннің әдісі мен тәсіліне оқыту негізіне жатады. Әскери патриоттық тәрбиелеуді өткізу мен ұйымдастыруда келешек бастауыш әскери дайындығы оқытушы-ұйымдастырушысына қажетті әдістемелік білім мен дағдыны барлық оқу орны сабақтарында, оқу-далалық жиындарда, қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерінде және сабақтан тыс уақытта пайдалана алуы керек.
Аталған пәнді меңгергенде студенттердің білуі керек: орта оқу орындары оқушыларын әскери-патриоттық тәрбиелеу негіздері; бастауыш әскери және дене шынықтыру дайындығы сабағы барысында және сабақтан тыс уақытта оны өткізу формалары мен әдістері; жаппай қорғаныс және спорт жұмыстарын, өткізу әдістемесі мен ұйымдастырылуы;
- «Қалқан», «Ұлан» және т.б. ойындардың өткізілу әдістемесі мен ұйымдастырылуы;
- орта жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде, кәсіптік-техникалық училищеде оқушылармен әскери-патриоттық тәрбие шараларын өткізуді жоспарлау және іске асыра білу;
- халқымыздың соғыс және еңбек даңқы орындарына саяхат жасау;
- соғыс және еңбек ардагерлерімен, әскер мен флот сарбаздарымен, сонымен бірге жауынгер-интернационалистармен кездесулер;
- теориялық конференциялар мен пікірталастар өткізу;
- «Қалқан», «Ұлан» және т.б. әскери-спорттық ойындарды өткізу;
- әскери оқу орындарына түсуге кандидаттарды таңдау және дайындау;
- әскер ісі негіздерін меңгеру бойынша әскери-техникалық үйірме жұмысы мен ұйымдастыруда басшылықты іске асыру.
Әскери-патриоттық тәрбиелеу сабақтары дәріс, семинар және іс жүзіндегі сабақтарда техникалық құралдарды пайдаланып оқыту формалары негізінде өткізіледі. Материалды оқыту кезінде оқу сұрақтары мәселелерін кең түрде тәжірибелендіру керек.
Семинар барысында әр түрлі орта оқу орындарындағы әскери-патриоттық тәрбиелеуді ұйымдастыру, бастауыш әскери және дене шынықтыру дайындығы оқытушы-ұйымдастырушысының жұмыс тәжрибиесі үлгілерін талқылау.
Жоғары оқу орнына бекітілген базалық мектептер оқушыларымен ереже бойынша тәжірбиелік сабақтар кәсіптік-педагогикалық практика уақытында өткізіледі.
Курсты зерттеу барысында студенттерге қойылатын талаптар:
Студент зерттеу циклінде:
– зерттеуші пән бойынша конспектілер жасауға міндетті;
– жоғары оқу орындарының бастапқы әскери дайындық –студенттеріне арналған негізгі оқу құралдарын пайдалана отырып, дәрістік материальдарды оқу негізінде курстық теориялық сұрақтарын зерттеуге;
- алған білімін ғылыми және мерзімдік баспаларда жарияланған материалымен көмегімен жетілдіріп отыруға;
- алған білімдері бақылау жұмыстары тесттер көмегімен тексеру;
- Қазақстан Республикасының Бастапқы әскери дайындық мамандығы туралы заңы мен мемлекеттік арнайы бағдарламаларын білу және зерттеу.
- Студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Қатыспаған сабақтар оқу-әдістемелік кешен көлемінде қарастырылған талаптарға сәйкес тапсырылады. Студент сабақтан кешікпей келуге, оқыту процесіне белсенді қатысуға міндетті.
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу
№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсырма мақсаты және мазмұны
|
Ұсыныл-атын әдебиетер
|
Орындау
мерзімі
|
Бақы
лау түрі
|
Балдар
|
Есеп беру түрі
|
Тапсыру уақыты
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
1
|
Реферат
|
Тақырып бойынша негізгі баяндама
|
7,8,9,10.
|
2 Апта
|
Ағым
дық
|
5(үй тапсырмасы негізінде)
|
Реферат
|
Қантар айы
|
2
|
Реферат
|
Әскери патриоттық тәрбие беру әдістемесі.
|
7,8,9,10.
|
3 Апта
|
Үй жұмы
сы
|
5(үй тапсырмасы негізінде)
|
Реферат
|
Ақпан айы
|
3
|
Реферат
|
Қоғамдық идеялдық консолида
ция– Қазақстан
ның өр
кениеттенуінің шарты
|
7,8,9,10.
|
3 Апта
|
Аралық
|
5(үй тапсырмасы негізінде)
|
Реферат
|
Ақпан айы
|
4
|
Реферат
|
ҚР-ның мемлекеттік концепциясы
ның бір бағыт
тылығының
қалыптасуы
|
7,8,9,10.
|
4 Апта
|
Ағым
дық
|
5(үй тапсырмасы негізінде)
|
Реферат
|
Наурыз айы
|
5
|
Реферат
|
Орта оқу орнындағы әскери-патриоттық жұмыс мазмұны.
|
7,8,9,10.
|
4 Апта
|
Үй жұмы
сы
|
5(үй тапсырмасы негізінде)
|
Реферат
|
Наурыз айы
|
6
|
Реферат
| Халықтың әскери және еңбек дәстүрінде жастарды тәрбиелеу
|
7,8,9,10.
|
2 Апта
|
Аралық
|
5(үй тапсырмасы негізінде)
|
Реферат
|
Сәуір айы
|
7
|
Реферат
|
БӘД және басқа сабақтарда оқушы жастарға ӘПТ беру.
|
7,8,9,10.
|
2 Апта
|
Ағым
дық
|
5(үй тапсырмасы негізінде)
|
Реферат
|
Сәуір айы
|
8
|
Реферат
|
Сабақтан тыс уақытта оқу
шы жастарға
ӘПТ беру.
|
7,8,9,10.
|
1 Апта
|
Үй жұмы
сы
|
5(үй тапсырмасы негізінде)
|
Реферат
|
Мамыр айы
|
9
|
Реферат
|
Жаппай қорғаныс және спорт жұ
мысын өткізу процесінде оқу
шыларға ӘПТ беру
|
7,8,9,10.
|
1 Апта
|
Аралық
|
5(үй тапсырмасы негізінде)
|
Реферат
|
Мамыр айы
|
10
|
Емтихан
|
Кешенді тексеру
|
|
|
Ағым
дық
|
|
Тест
|
|
1
.7 Әдебиеттер тізімінің мазмұны:
Негізгі әдебиеттер:
«Әскери міндеттілік және әскери қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8- шілдедегі Заңы.
«Қазақстан Республикасының Әскери Доктринасы»10.02.2000ж.
«Основы военно-патриотического воспитания» г.М., 1988г. Г.В.Средин
«Военно-патриотическое воспитание молодежи», г. М., 1991г. Ю.И. Дерюгин
«Военно-патриотическое воспитание учащихся на занятиях по НВП» г.М.,1988г. К.М. Катуков
Оорганизация внеклассной работы по начальной военной подготовке и военно-патриотическому воспитанию учащихся / Под ред. Ф.Е.Штыкало- М., Просвещение, 1985г.
Президентские тесты по физической готовности населения РК. Постановление Правительства от 24 июня 1996г. № 774.
Положение о Военно-спортивных играх «Щит», «Улан» др.
Типовое положение об оборонно-спортивных оздоровительных лагерях. - М., Воениздат, 1987г.- с. 6-8.
Основы военной психологии и педагогики А.В.Барабанщиков.- М., Просвещение, 1988.
Военная педагогика и психология М., Воениздат. 1986. А.В.Барабанщиков.
Военная педагогическая психология .-М., Воениздат, 1986г.
Педагогическая культура офицера. М., Воениздат, 1985г. А. В. Барабанщиков, С.С. Муцинов.
Формирование личности офицера, - М., Воениздат, 1986г. В.П.Иванов.
Военная педагогика. – М., Воениздат, 1983г.
16.Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 200 Жарлығы.
1.8 Баға туралы ақпараттар білім бағасы:
Ағымдық бақылау:
- Дәріс және практикалық сабақтарға қатысу;
- Дәріс және практикалық сабақтарға конспект жазу;
- Практикалық сабаққа белсенді қатысу;
Аралық бақылау:
- СОӨЖ орындау (әдістер жасау, кесте толтыру т.б.)
Үй тапсырмасы:
рейтинг шкаласы.
Бақылау түрі
|
Балдар
|
Ағымдық бақылау
|
20
|
10
|
Аралық бақылау
|
30
|
20
|
Үй жұмысы
|
10
|
30
|
Қорытынды бақылау
|
40
|
40
|
Барлығы:
|
100
|
100
|
Білім бағалау критериялары
%-тік тақырыптар
|
критериялар
|
0 - 49
|
Жоспар бойынша сабақ тақырыптарын толық білмейді. Көп қателіктер жібереді.
|
50 - 74
|
Жауабы дұрыс, бірақ толық емес. Жоспар бойынша сабақ тақырыбын және мағанасын терең түсінбеуі. Алған білімінен қорытынды шығара алмайды.
|
75 – 89
|
Жауабы толық дұрыс. Ұсынылған әдебиеттерге сәйкес тақырып мазмұнын түсініп, дұрыс талқылайды. Өз ойына қорытынды жасап, түсінгенін жеткізе біледі.
|
90 – 100
|
Жауабы толық дұрыс. Ұсынылған әдебиеттер бойынша тақырыпты жақсы талқылайды, өз ойына қортынды жасап, алған білімін дұрыс жеткізе алады. Барлық сұрақтарға дұрыс толық жауап береді.
|
1.9 Курстың саясатымен процедурасы:
Студенттер міндеті сабақтарға үзбей қатысу, пән бойынша тапсырмаларды кестеге сәйкес орындау және әдебиетпен кітапхана мен интернет-залында өзіндік жұмыстар орындау.
Сабаққа кешігу, келмеу және аудиторияда басқа адамдардың білім алуына кедергі келтіретін жүріс-тұрыс үшін жауапкершілік «Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың ішкі ережелерімен» анықталады. Студенттің өзінің қатысуынсыз қорытынды бақылау өткізілмейді. Емтиханға келмеу жағдайлары ҚарМУ-дың оқу процесін ұйымдастыру ережелерімен реттеледі.
Зерттеу барысында студенттерге қойылатын әкімшілік талаптар:
1.
|
Мерзімінде рефераттың дайын болмауы
|
5 балл шегеріледі.
|
2.
|
Мерзімінде қосымша баяндаманың болмауы
|
2 балл шегеріледі
|
3.
|
СОӨЖ болмауы
|
Сабақ тақырыбына сәйкес балдар шегеріледі
|
4.
|
Аралық бақылауда болмауы
|
8 балл шегеріледі.
|
5.
|
Сабаққа кешігулер, сабаққа қатыспаулар
|
Ағымдық бақылаудан балдар шегеріледі
|
Достарыңызбен бөлісу: |