25
«Білімнің биік шаңырағы» атты университет түлектерінің қатысуымен өткен поэзия
мерекесі (30 наурыз 2018 ж.);
«Абай әлемі» республикалық шығармашыл жастар фестивалі (24-25 сәуір, 2018 ж);
«Әз-Наурыз Абай ауылында» атты жалпыуниверситеттік мерекелік іс-шара (14 сәуір
2018 ж.);
Алматы қаласы студенттері арасында қазақша күрестен оздырылған «Университет
барысы» қалалық чемпионаты (16 мамыр, 2018 ж.);
«Абай үні» қайырымдылық акция-марафоны (24-30 мамыр, 2018 ж.).
Салауатты өмір салты мен көпшілік спортты дамыту мақсатында үлкен іс-шара
ұйымдастырылуына үлкен көңіл бөлінуде.
Күз маусымында «Көктем-күз-2017» ұлттық студенттік лигада өнер көрсеткен футзал
бойынша құрама команда, алдағы 2018/2019 оқу жылының күз маусымында өнер көрсететін
«Көкпар ұлттық жастар лигасы» бойынша команда жасақталды, студенттік клубтар, жаңа спорт
залдар іске қосылды.
Есеп беру кезеңінде 6 мыңнан астам студенттер қатысқан 25 спорттық іс-шара ұйымдас-
тырылған болтын. Оның ішінде: «Денсаулық күні» жалпыуниверситеттік спартакиада (21
қазан 2017 ж., 35 команда, 750 спортшы), «Тән сұлулығы – ұстазда» жалпыуниверситеттік спорт
фестивалі (1-2 желтоқсан 2017 ж., спорттық жарыста участвовали сборная команда ректорат
құрама командасы және 7 институттар командасы), тау басындағы «Медеу» мұз айдынында
өткен университет студенттеріне арналған «KazNPU Stars» спорттық мерекелік іс-шарасы (6
желтоқсан, 2017 ж., концерттік нөмірлер, флешмоб, командалық жарыстар, мұз айдынындағы
ойын-сауықтар, 500-ден астам студенттер қатысқан жаппай конькимен сырғанау),
футболдан қ азақстан эстрада жұлдыздары мен университет студенттері арасында оздырылған
«Жұлдызды футбол» жолдастық матчы (14.04.2018 ж.).
«Денсаулық-2018» спартакиадасында (9-13 қаңтар 2018 ж.) волейбол, үстел теннисі,
шахмат, футзал, коньки және шаңғымен сырғанау спорт түрлері бойынша 300-ге жуық универ-
ситет оқытушылары мен қызметкерлері өзара сайысқа түсті. Спартакиада жеңімпаздары
(Өнер, мәдениет және спорт институтының «Өнер ұландары» командасы, Филология және
көптілді білім беру институтының «Полиглот», Математика, физика және информатика институ-
тының «Физмат - 90» командалары) кубктармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен
марапатталды. «Спорттық Алматы» ауқымды қалалық бағдарламасы шеңберінде Алматы
қаласының 8 ЖОО оқытушылары арасында оздырылған спартакаиадада Абай атындағы
ҚазҰПУ ПОҚ командасның жеңісі спорттық жетітіктердің ішіндегі бірегейі деп бағалауымызға
болады.
Университетіміздің спортшылары қалалық, республикалық, халықаралық жарыстардың
бірнеше дүркін жеңімпаздары атанды. «Парасат» қалалық кәсіподақтық мекемесінің Алматы қ.
ЖОО арасында оздырған қалалық спартакиадада университет құрама командасы жүлделі I
орынға ие болды (19.05.2018 ж.).
Бірінші университеттік спорттық ойындарда университетіміздің студенттері грек-рим
күресі бойынша Айжарқынов Нұржан және Алжаппаров Самат ІІІ орын жеңімпаздары
атанып, дзюдо жарысы бойынша Барах Мейрамбек ІІІ орынды иеленсе (5-10 сәуір 2018 ж.,
Әзірбайжан, Баку қ.), Жазы Азия ойындарында еркін күрестен 1 курс магистранты Давлумбаев
Адилет қола жүлдегері атанды (16 тамыз-2қыркүйек 2018 ж., Джакарта қ., Индонезия).
Жастар саясаты бағыты бойынша есеп беру кезеңінде 40-тан астам іс-шара өткілген болатын.
Олар: «Студетенттік қатарға қабылдау», Төле би көшесі күнінін тойлау, Студенттік апталық,
Бірінші Президент кітапхана көрмесіне экскурсия, «Күзгі бал», бала Жамбылдың поэтикалық
кеші, Ректор балы, «Студенттік көктем, «Біліммен болашаққа» салтанаты дипломдар табыстау
кеші.
Студенттерге әлеуметтік қолдау және білім алушыларға сапалы қызмет көрсету мақсатында
«Бірыңғай терезе» қағидасы бойынша «Шапағат» орталығы ашылды, №1 оқу корпусының
асханасына, №5 оқу корпусының акт залына, барлық жатақханаларға жөндеу жұмыстары
жүргізілді.
26
2017/2018 оқу жылында 1 894 білім алушы жатақханалармен қамтамасыз етілді.
Әлеуметтік-мәдени саясат білім алушылардың интеллектуалды, рухани-адамгершілік
және физикалық тұрғыдан дамуына жағдай жасуға және жастардың тың бастамаларын қолдауға
бағытталады.
Университ жастарының демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Апорт» КТК команда-
сы, даярлау бағытында қосымша білім беру бойынша 16 («Атамекен» пікірсайыс клубы,
«ПедХИМ», «Қырмызы қыздарай», «Лидер», «Жас қалам», «АруАрт» және т.б.), 8 үйірме
(«Математика», «Мәнерлеп оқу», «Физика» және т.б.), С.Сейфуллин атындағы әдеби-шығарма-
шылық бірлестік, жастар жобасының бірі «Мейірім» қайырымдылық клубы волонтерлық
қозғалысы жұмыс жасасайды.
В 2017/2018 оқу жылында университет жанынан Алматы қ. «Волонтерлар лигасы» қоғамдық
қорының ұяшығы ашылған болатын.
Студенттер арасындағы ұлтаралық бейбітшілік пен достықты сақтау мақсатында 2011
жылдан бастап университетімізде «Бірлік» студенттер Ассамблеясы жұмыс жасайды,
2016/2017 оқу жылы «Бірлік» ассамблея құрамында 31 түрлі ұлт өкілдерінен студенттер
жұмылдырылды.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша профилактикалық жұмыстардың құқықтық аспекті-
лері әзірленіп, «Академиялық адалдық» кодексі бекітілді, «Саналы ұрпақ» клубы іске қосылды.
2017/2018 оқу жылында студенттік құрылыс жасағына 60 жұмысшы жауынгерлер
қабылданса, «Жасыл Ел» еңбек жасағына – 73 студент, ал қабылдау комиссиясы жұмыстарына –
24 студент қабылданды.
Университетіміздің осындай игі істері барысында 157 студент еңбекпен қамтамасыз етілді.
Тәлімгерлік жүйе. 2017/2018 оқу жылы 576 тәлімгер студенттер тағайындалды. Қысқы
мектеп аясында тәлімгерлерге методикалық көмек көрсету және тәлімгерлік жүйесінің тиімділі-
гін арттыру мақсатында жастардың физикалық белсенділігін арттыру, жеке тұлғаның психоло-
гиялық, тәлімгерлік жүйе мәселелеріне арналған «Тәлімгерлер мектебі» (8-9 қаңтар 2018 ж.)
семинары өткізілді.
Семинар жұмысына 150-ге тарта тәлімгерлер қатысты. Жұмыстар өзара пікір алмасу,
интерактивті білім беру технологиялары және командалық жұмыс әдістерін қолдану арқылы
ұйымдастырылды. Семинар қорытындысы бойынша тәлімгерлерге сертификаттар табысталды.
Жазғы мектеп аясында Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жатар саясаты департаменті
«Біріншікурстықтардың бейімделуі бойынша Абай атындағы Қаз ҰПУ стратегияларын
жүзеге асыру» атты семинары өткізіліп (29 маусым, 2018 ж.), семинар жұмысына 70 тәлімгер
қатынасқан болатын.
Студенттер мен қызметкерлерді әлеуметтік қорғау және қолдау жұмыстары. Жетім
балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған студенттер қатарына әлеуметтік және
материалдық тұрғыдан қолдаукөрсету мәселелерін үлкен көңіл бөлініп отыр.
2017/2018 оқу жылында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сондай-
ақ халықтың әлеуметтік әлсіз санатты студенттерге бюджеттен тыс қаражат есебінен
әлеуметтік және материалдық қолдау көрсету ретінде:
517 студентке оқу төлемақысына жеңілдіктер жасалды, оның ішінде халықтың әлеуметтік
әлсіз санатынан саналатын ақылы негізде оқитын
504 студентке әлеуметтік – мөлшері 10% - дан
50%-ға дейін жасалса, ақылы негізде оқитын 13 толық жетім студентке тегін білім алуға
ауыстырылды;
білім беру гранты бойынша оқитын 45 жетім балаларға тегін тамақтану ұйымдастырылып,
ай сайын 20 мың теңге көлемінде материалдық көмек беріледі;
білім беру гранты бойынша 45 жетім білім алушыларға тегін тамақ ұйымдастырылды, ай
сайын 20 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек беріледі;
мүмкіндігі шектеулі
38 студентке тегін медициналық көмек көрсету ұйымдастырылды;
21 студент тегін жатақханамен қамтамасыз етілді;
туберкулезбен ауырған 3 студентке тоқсан сайын 15000 теңге көлемінде материалдық