Қазақстан республикасының білім және ғылым


Семинар  сабақтардың мазмұны



жүктеу 1,36 Mb.
Pdf просмотр
бет11/14
Дата19.11.2018
өлшемі1,36 Mb.
#20684
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

 

33 


Семинар  сабақтардың мазмұны 

1.Алғы сөз 

2. Семинар  сабақтардың тапсырмалары 

2.1 Семинар  сабақ 1........................................................................ 

2.2 Семинар  сабақ 2........................................................................ 

 2.3 Семинар  сабақ 3........................................................................ 



 

Алғы сөз 

Семинар  латынның  "  seminarium  "  деген  сөзінен  шыққан.  Семинар  ертедегі 

грек, рим мектептерінде диспут, комментарий, қорытынды түрінде өтілген. 

Қазіргі  заманауи  ЖОО-да  семинар  сабақтарының  кеңтараған  3  типін 

ажыратуға болады: 

1) Ағымдағы семинар 

2) Жекеленген семинар 

3) Арнайы семинар 



Ағымдағы  семинар  –  бірінші  курста  жүргізіледі.  Мақсаты  –студенттерді 

өзбетінше  жұмыстың  ерекшелігімен,  таныстыру,  әдебиеттермен  қайнар  көздерімен 

таныстыра отырып, олармен жұмыс жасаудың әдістерін үйрету. Себебі, тәжірибеден 

белгілі болғандай, бірінші курс студенттері бірден бірнеше әдеби қайнар көздермен 

жұмыс  жасай  алмайды,  қажетті  материалды  іріктеу,  оған  талдау  жасау,  тақырыпқа 

сәйкес  материалдарды  табу  сияқты  жұмыстар  қиындқ  туғызады.  Сондықтан  әдеби 

қайнар  көздермен  жұмыс  жасауды  үйретуге,  ғылыми  мәселелерді  шешуге 

шығармашылықпен  қарау,  семинар  сабағына  дұрыс  дайындалу  дағдыларын 

қалыптастыруға  ерекше  көңіл  бөлу  керек.  Семинар  сабағына  дайындалудың  келесі 

кезеңі  -  реферат  дайындау,  тақырыпты  анықтау,  оқи  білу,  талдау,  талқыға  салу. 

Күрделі  оқу,  тәрбие  міндеттері  2-4  курстарда  жүретін  саминар  сабақтарыңда, 

әсіресе,  4-5  курстардағы  арнайы  семинар  сабақтарында  студенттерде  меңгерілетін 

материалға деген зерттеушшік көзқарас қалыптасады.  

Арнайы  семинар  белгілі  бір  ғылым  саласы  бойынша  жоғары  курстарда 

өтіледі. Егер жүргізуші оқытушы тәжірибелі болса, онда ол студенттерді ұжымдық 

формада  ойлай  білу  мен  шығармашылықпен  жұмыс  жасауды,  ситуацияларды 

құрастыру,  оларды  шеше  білу,  моделдеу,  бағалау,  өзара  сын  секілді  іс-әрекеттерді 

қалыптастырады.  Семинар  сабактарының  маман  даярлауда  маңызы  зор,  себебі 

әртүрлі,  күрделі  міндеттерді  шешуге  мүмкіндік  туғызады,  студенттердің 

шығармашылықпен  жұмыс  істеу  қабілетін  дамытады.  Семинар  сабағында 

студенттер ғылыми ақпаратты меңгереді, ғылыми жұмыстарды жазу, өңдеу дағдысы 

мен  іскерлігін  дамытады,  материалды  ауызша  немесе  жазбаша  түрде  айтып,  жазып 

беру өнерін игереді.  



Семинар  сабағының  бірден-бір  мақсаты:  -  лекцияда  алған  білімді  терең 

ұғыну,  мәселелерді  шешу,  проблемалық  ситуациялар  мен  есептерді  ойластыру, 

құрастыру,  талдау,  өз  позицияларын  айқыңдап,  анықтау.  Семинар  сабағына 

дайындықтың  бастауы  -  әдебиетпен  жұмыс  істеу,  талқыланатын  мәселелер  мен 

сұрақтарға  дайындалу.  Семинар  сабағы  озінің  әдістемесімен,  яғни  әдістемесінің  әр 

түрлі,  көпқырлығымен  ерекшеленеді.  Семинардың  жоспары,  қарастырылатын 

сұрактар  алдын-ала  белгілі  болады,  онымен  студенттер  алдына-ала  танысады.  Сол 

бойынша барлығы дайындалады. Келесі бір әдісі  - белгілі бір тақырыптарға, белгілі 




 

34 


бір  студенттер  арнайы  дайындалады.  Бұл  жағдайда  оқытушы  студент 

баяндамасының  өз  бетінше  шығармашылықпен,  жауапкершілікпен  жұмыс  істеу 

деңгейін  бағалайды.  Қалған  студенттер  тек  тыңдаушының  ғана  рөлін  орындамау 

үшін,  топтың  белсеңділігін  (сабақ  үстіңдегі)  арттыру  үшін,  оқытушы  тақырыпқа 

байланысты,  мүмкіндігінше,  көптеген  қосымша  сұрақтар  дайындауы  керек. 

Семинарға  дайындалу  үшін  оқытушы  негізгі  және  қосымша  әдебиеттердің  тізімін 

береді.  Семинар  сабағын  өткізгенде  оқытудьщ  дидактикалық  қағидалары 

орындалуы  тиіс.  Атап  айтқанда:  Оқытудың  тәрбиелігі,  яғни  болашақ  мамандыққа 

деген  қызығушылығын  дамыту,  арттыру  өзін-өзі  тәрбиелеу,  кәсіби  тұрғыдан 

тәрбиелеу;  Оқытудың  гылымилығы  -  ғылымның  соңғы  жаңалықтары,  жаңашыл 

мұғалімдер 

тәжірибесі 

оқытудың 

жаңа 


технологиялары, 

педагогикалық 

инновациялық,  педагогикалық  терминдер,  студенттердің  ғылыми  көзқарасы  мен 

педагогикалық  тұрғыдан  ойлай  білу  қабілеттерін  қалыптастыру;  Оқытудагы 

саналылық - қағидалар мен зандылықтарды саналы түрде ұғыну, оларды іс-жүзінде 

пайдалана  білу;  Теорияның  практикамен  байланысы  -  теориялық  материалдарды 

бекіту,  байқаумен  байланысы,  т.б.  қорытындылап,  тұжырымдауды,  нақты 

іскерліктерді  қалыптастыру,  т.б.  Семинар  сабақтарының  сапалылығын  анықтайтын 

критерийлер:  мақсатқа  бағыттылығы  -  теориялық  материалды  болашақ  кәсіби  іс-

әрекетте,  материалды  нақты  іс  жүзінде  қолданумен  байланыстыру;  жоспарлау  - 

басты  мәселелерді  бөліп  алу;  ұйымдастыру  -  пікірталас,  пікір  алысуды  қолдау, 

студенттердің  жауаптарына  талдау  жасау;  семинарды  жүргізу  стилі  -  белсенді; 

оқытушының  студенттермен  қарым-қатынасы,  талап  қоя  отырып,  құрметтей  білу 

немесе бейтараптық; студенттердің оқытушыға қарым-қатынасы - сыйластық, өзара 

сын;  топты  басқару  -  оқытушыньщ  топта  өзін-өзі  еркін  ұстауы,  сенімділік,  әділдік 

немесе  керісінше  көп  ескертулер  жасауы,  дауысын  көтеру,  топта  тек  бірнеше 

студентпен  ғана  жұмыс  істеуі,  т.б.  Оқытушының  қорытындысы  -  кәсіби 

шеберлікпен,  сенімділікпен  немесе  керісінше;  Студенттердің  жазба  жұмыстарын 

үнемі,  жүйелі  түрде  жүргізу  немесе  керісінше.  Кептеген  жағдайларда  семинар 

сабактарында  іскерлік  ойыңдар,  тренингтер  ұйымдастырылады  (мамандыққа 

байланысты). 

 

Семинар сабақ 1 

Тақырыбы -  

Құзреттіліктері - 

Қарастырылатың  сұрақтар және мәселелер  - 

Студенттердің дайындап келген  материалдарды  қарастыру 

Бақылау сұрақтары 



Студентке берілетін тапсырмалар: 

1.  Конспект 

2.  Баяндама 

3.  Ауызша баяндау 

 

 


жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау