6
пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге
асыру;
5) ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да,
маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.
ЖОО бітірушісінің жалпы құзыреттері жалпы білімділікке, әлеуметтік-
этикалық құзыреттерге, экономикалық және ұйымдастыру-басқару
құзыреттеріне, арнаулы құзыреттерге қойылатын талаптар негізінде
қалыптасады.
Жалпы білімділікке қойылатын талаптар:
1) ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның
қалыптасуына ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары (әлеуметтік, гуманитарлық,
экономикалық) пәндері саласында базалық білімінің болуы;
2) заманауи техниканы қолдану дағдысының болуы, кәсіптік қызметте
ақпараттық технологияларды қолдана білуі;
3) күнделікті кәсіптік қызметке және магистратурада білім алуды жалғастыруға
қажетті жаңа білімді меңгеру дағдысының болуы.
Әлеуметтік-этикалық құзыреттерге қойылатын талаптар:
1) қоғамдық пікірге, дәстүрге, салтқа, қоғамдық нормаларға негізделетін
әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу және өзінің кәсіптік қызметінде оларға
сүйену;
2) іскерлік этика нормаларын сақтау, мінез-құлықтың этикалық және құқықтық
нормаларын игеру;
3) Қазақстан халықтарының дәстүрі мен мәдениетін білу;
4) әлемнің басқа халықтарының дәстүрі мен мәдениетіне толерантты болу;
5) Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамасының негіздерін білу;
6) қоғамның әлеуметтік даму үрдістерін білу;
7) түрлі әлеуметтік жағдайларда саналы түрде дұрыс бағыт ұстана білу;
8) командада жұмыс істеуге қабілетті болу, өзінің көзқарасын дәлелдей алу, жаңа
шешімдер ұсына білу;
9) ортақ келісімге келе білу, өз пікірін ұжым пікірімен ұштастыра білу;
10) кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылу.
Экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне қойылатын
талаптар:
1) экономикалық білім негіздерін меңгеру, менеджмент, маркетинг, қаржы және
т.с.с. жөнінде ғылыми түсінігінің болуы;
2) экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары мен әдістерін, экономикадағы
мемлекеттік сектордың рөлін білу және түсіну.
Өзгерістер мен белгісіздіктердің динамизмі жағдайында әлеуметтік,
экономикалық, кәсіби рөлдердің ауысуына, географиялық және әлеуметтік
ұтқырлыққа байланысты дайындыққа қойылатын талаптар:
1) заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білу және әлемдік экономикадағы
қарқынды түрде өзгеріп отыратын құбылыстар мен процестерге бейімделе білу;
2) кәсіптік қызметке байланысты түрлі жағдайларда икемді де ұтқыр болу;
3) белгісіздіктер мен қауіп-қатер жағдайында экономикалық және ұйымдастыру
сипатындағы шешімдер қабылдау дағдыларының болуы.
Арнайы құзыреттер жоғары білімнің әр мамандығы бойынша кәсіптік
7
стандарттар негізінде жұмыс берушілер талаптары мен қоғамның әлеуметтік
сұраныстарын ескере отырып анықталады.
Міндетті минимум мен жоғары оқу орны ұсынатын оқу жүктемесінің көлемі
аясында алынған білім деңгейі әртүрлі бақылаулар арқылы қамтамасыз етіледі.
Студенттердің оқу жетістіктерін бақылауды және олардың оқу пәндері немесе
модульдер бойынша білімін бағалауды оқу процесінің межелік кезеңдерінде (әр
академиялық кезең мен оқу жылы аяқталған кезде) Офис регистратор (бөлім,
сектор) жүргізеді және бақылау мен бағалау оқытудың қорытынды нәтижесіне
бағытталуы тиіс.
Офис регистратор білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын есепке
алады, ол студенттердің бекітілген үлгідегі транскрипінде көрінеді.
Транскрипт студентке білім алудың кез келген кезеңінде оның жазбаша өтініші
негізінде беріледі.
Бітірушілердің білімін, шеберлігін, дағдысын және құзыреттерін бақылау оларды
қорытынды аттестаттау кезінде жүзеге асырылады.
ЖОО бітірушілерін қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде және
мамандықтардың оқу жоспарында қарастырылған кезеңде мамандық (мамандықтың
оқу пәндері) бойынша мемлекеттік емтихан(-дар) тапсыру және/немесе дипломдық
жұмыс (жоба) қорғау нысанында өткізіледі.
Жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған тұлғаларға
«бакалавр» академиялық дәрежесі және/немесе біліктілік беріледі және қосымшасы
(транскрипт) бар мемлекеттік үлгідегі диплом тапсырылады.
Жоғары оқу орны бітірушіге дипломға жалпыеуропалық қосымша (Diploma
Supplement) бере алады.
8
А Қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Халықаралық гуманитарлық –техникалық университеті
«БЕКІТЕМІН»
Оқу-ісі жөніндегі проректор
______ ___ (аты-жөні)
«___»_________20__г.
«шифр – мамандық атауы»
мамандығы бойынша жоғары оқу орнының студенттеріне үшін
«пәннің атауы» пәнінің
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
ШЫМКЕНТ - 20__