Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Педагогикалық психологияның жас ерекшелік психологиясынан олардың зерттеу объектісінің ортақ болғаны немен айрықшылынады?
2. Педагогикалық тәжірибеде қандай зерттеу эдістері күнделікті қолданылады?
3. Нормативтік бағытталған тест жүргізу критерийлері
бағытталған тест жүргізуден немен айрықшылынады және осы екіншісінің педагогикалық тэжірибеде қолданылуының басымдылығы неде?
4. Тестерді қолдану педагогикалық психологияда неліктен этикалық сипатқа ие?
5. Педагогикалық психологияның міндеттері осы ғылымның қазіргі заманда дамуымен қандай ара қатынаста?
Әдебиеттер:
1. Выготский Л.С. Педагогическая психология. М., 1991.
2. Крутецкий В.А. Основы психологической психологии. М., 1972.
3. Талызина Н.Ф. Педагогическая психология. М., 1998.
4.Немов Р.С. Психология. Книга 2 . М., 2000г.
5.Зимняя И.А. Педагогикалық психология. М., Логос; Алматы: 2005.
6.Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері. Алматы. 1962.
7.Крутецкий В.А. Психология обучения и воспитания школьников. М:; 1976.
8.Айсмонтас . Педагогическая психология. М:; 2000.
Тақырып: Педагогикалық психологияның әдіснамалық негіздері.
Оқыту процесіндегі адамның психикалық дамуының әлеуметтік –методологиялық негізі. Психикалық дамуда оқыту мен тәрбиенің алатын орны.
Іс -әрекет пен оқытудың өзара байланысы. Іс -әрекет пен сананың өзара байланысы. Тұлғаның дамуын басқарудағы тәрбие және оқыту.
Негізгі категориялар: психика, оқыту, тәрбие, іс -әрекет, сана, тұлға.
Оқушылардың ақыл-ой және жеке тұлғасының дамуының жас ерекшеліктері
Кез келген білім беру жүйесінде білім алушы адам үйренуші бо-лып табылады. Осы түсінікте адамның өзі басқалардың көмегімен оқидыі, яғни, ол білім беру процесінің белсенді субъектісі бола түрып, барлық қарастырылған субъектілік сапалармен, қырлармен сипатталады.
Әр оқушы жеке түлғалық және іс-әрекеттік ерек-шеліктерге, яғни, тума қабілеттердің , интеллектуалдық іс-әрекеттің, когнитивті стильдің, галап қою деңгейінің, өзін-өзі бағалаудың, жұмысқа қабілеттілік ерекшеліктеріне; іс-эрекетті орындау ерекшеліктеріне (жоспарлау, ұйымдастыру, дәлдік және т.б.) ие болып келеді. Әр үйренуші өз іс-әрекетінің, соның ішінде оқу іс-эрекетінің стилімен, оған деген қатынасымен, оқытылуға жарамдылығымен сипатталады.
Сонымен бірге, барлық үйренушілер білім беру жүйесінің бел-гілі бір сатысында бастапқы, жалпы жэне тек оларға тән ерекшелік-гермен, қырлармен сипатталады. Бүл, әр білім беру сатысы, эдетте, адам өмірінің белгілі бір кезеңімен теңестірілуімен түсіндіріледі.
Жас ерекшеліктік кезеңдерге бөлу психологиядағы күрделі жэне бір жақты шешілмейтін проблемалардың бірі болып келеді (А. Валон, Ж. Пиаже, В. Штерн, П.П. Блонский, Л.С. Выготский жэне т.б.)
Бүкіл дүние жүзінде үйренушілерді, олар оқитын (оқушылар, гимназистер, реалистер, студенттер) білім беру жүйесінің сипа-тына сэйкес атайды. Осы атаулардың ішінде оқытудың жасы мен сатысына сәйкес одан да бөлшекті белгілеулерді ажыратады. Бұл бір, үйренушінің субъектік болмысын элеуметтік мәдени жэне жас ерекшеліктік кезеңдерге бөлудің негізінде жатқан, мэдени-тарихи дифференциация. Ол баланың, мемлекеттің қоғамдық институттардағы (мекемелердегі) іс-эрекет сипатымен байланысты. Осыдан білім беру сатыларындағы кезеңдердің атауы да шығады - мектепке дейінгі, мектеп жасы (кіші, орта, жоғары), сту-денттік. Бұл субъектілердің 6-дан 22-23 жасқа дейінгі жас сатысындағы кезеңдерге бөлудің педагогикалық өлшемдері жайлы куэландырады. Келесі кезеңдерге бөлу жалпы қабылданған болып есептеледі: мектепке дейінгінің алдындағы жас (3-5 жас), мектепке дейінгі (5-7 жас), кіші мектеп жасы (7-11 жас), жеткіншек (орта мектеп) жасы (11-15 жас), ерте жастық шақ, не-месе жоғары мектеп жасы (15-18 жас) жэне студенттік кезең (кеш жастық шақ, ерте кемелді жас) -17-18 - 22-23 жастар (Б.Г. Ананьев бойынша).
Осыған сэйкес, әр білім беру кезеңдерінің типтік субъектері мектепке дейінгі, кіші мектеп оқушысы, жеткіншек, жоғары сы-нып оқушысы, студент болады. Бұл жерде, адам өміріндегі эр кезеңі оның көрсеткіштері ретінде болатын көптеген фактор-лардың жиынтығымен анықталады. Д.Б. Эльконин дамудың өзін, жэне оның кезеңцерін де шарттаушы негізгі үш факторларды, көрсеткіштерді атайды. Әр жас, немесе кезең, келесі көрсеткіштермен сипат-талады:
1. дамудың белгілі бір әлеуметтік ситуациясымен немесе осы
кезеңде баланың үлкендермен қатынасқа түсуінің нақты фор-
масымен;
2. іс-эрекеттің негізгі немесе жетекшітипімен (бала дамуының
белгілі бір кезеңдерін сипаттайтын іс-әрекеттің бірнеше алуан
түрлері бар!;
3. негізгі психикалың жаңа құрылымдармен (әр кезеңде олар
жекеленген психикалық процестерден түлға қасиеттеріне дейін
болады)»
Осы көрсеткіштердің барлығы Д.Б. Эльконин бойынша, өзара әрекеттесудің және өзара эсер етудің аса күрделі қатынастарында орналасқан. Л.С. Выготский үшін дамудың негізгі өлшемі жаңа қүрылым болса, онда іс-эрекеттік тұжырымдаманы дамытушылар Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов үшін іс-эрекеттің же-текші типі негізгі болып табылады. А.В. Петровский анықтаушы өлшем деп дамудың элеуметтік ситуациясын, яғни, саналы ортаны, қауымдастықты есептейді.
, Д.Б. Эльконин психикалық дамудың жас ерекшеліктік кезеңдерін жэне іс-эрекеттің алты жетекші түрлерін анықтады: 1) үлкендермен тікелей - эмоционалдық қарым-қатынас, 2) заттық-манипулятивтік іс-эрекет, 3) рөлдік ойын, 4) оқу іс-әрекеті, 5) интимді-түлғалық қарым-қатынас, 6) оқу-кэсіби іс-әрекет.
Оқушы мен студентті оқу іс-эрекетінің субъекті ретінде қарастыру Д.Б. Эльконин тезистеріне сүйенеді: баланың жетек-ші іс-әрекеті (ойын, оқу іс-әрекет, түлғалық қарым-қатынас, т.б.)белгілі бір элеуметтік ортада, даму ситуацияларында өтеді, бұл жиынтығында психикалық жэне түлғалық жаңа қүрылымдарды қальштастырады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Кіші жэне жоғары сынып оқушыларының оқу мотивациялары
немен ажыратылады?
2. Адам дамуының қандай жас ерекшеліктік кезеңі оның оқу іс-
эрекеті субъектінің позициясына эсер етеді?
3. Д.Б. Эльконин бойынша психикалық дамуды жас кезеңдерге бөлу ?
4. Психологиялық жаңа құрылымдардың мәні неде ?
Әдебиеттер:
1. Мухина В.С. Детская психология. М., 1985.
2. Немов Р.С. Психология. Книга 2 . М., 2000г.
3. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. М., Логос; Алматы: 2005.
4. Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері. Алматы. 1962.
5. Петровский А.В. Жас ерекшелік және педагогикалық психология.
Тақырып: Қазіргі кездегі білім беру.
Ғылым, білім түсініктері.Білім көп аспектілі феномен ретінде. Қазіргі кездегі оқытудың негізгі бағыттары. Білім беру жүйесі адамды оқьпу жэне тэрбиелеуді көздеуші білім беру процесінде дамиды жэне қызмет атқарады, нақты айтқанда, оқу-тәрбие беру процесінде. Білім беру процесс ретінде адамның саналы өмірінің аяғына дейін тоқтатылмайды. Ол мақсаты, мазмұны, формасы бойынша үздіксіз түрленіп отыра-ды. Білім берудің үздіксіздігі қазіргі уақытта оның процесуалдық жағын сипаттай келе, оның негізгі ерекшелігі ретінде шығып отыр.
Білім беруде дэстүрлі оқытумен қатар басқа бағыттар да қалыптасты: проблемалық оқыту; бағдарламаланған оқыту; ой-еңбегі іс-әрекеттерін сатылы қалыптастыру теориясы-на негізделген оқыту (П.Я. Гальперин, Н.Ф. Талызина); алгоритмизацияланған оқыту (Л.Н. Ланда); белгілік-контекстік тип бойынша дамыта оқыту (А.А. Вербицкий), жобалық оқыту жэне т.б. Қазіргі уақытта В. Оконь атап өткендей, оқыту көпжақты процесс, ол оның бағыттарының эртүрлі элементтерін қамтиды. Оқытудың көпжақтылығы білім беру жүйесінің әрбір сатысы үшін, оқытудың эрбір нақты жағдайы үшін бағыттың қайсысының болмасын басымды жақтарын қолдануға мүмкіндік береді, ол оқушы мен педагогтың жеке психологиялық ерекшеліктерінің мүмкіндіктеріне сэйкес жүзеге асырылады. Жалпы түрінде оқытудың көпжақтылығын В.Оконь оны құрастырушылардың эр түрлерінің жиынтығы ретінде .ұсынған: оқыту тэсілдері, сабақ беру әдістері, т.б. Осындай әрбір жинақ оқытудың бағытын анықтайды.
Қазіргі замандағы білім берудің қарастырылған бағыттары: дэстүрлі, проблемалық, бағдарламаланған (бихевиористік негізде жэне ой-еңбек әрекеттерін сатылап қалыптастыру теориясының негізінде), оқытудың алгоритмизациялануы, белгілік-контекс-тік оқыту «таза» күйінде, бастапқы нұсқасында сирек жүзеге асырылады. Олардың эрқайсысы басқасының элементтерін қамтиды. Мысалы, ой-еңбек эрекеттерін сатылап қалыптастыру теориясының негізінде оқыту мен белгілік-контекстік оқыту мэселе қоюшылықты, проблемалық тапсырамаларды кіргізеді; дэстүрлі оқыту контекстіліктің элементтерін кіргізеді, т.б.
Оқытудың осы бағыттарының теоретикалық негіздемеленіп қосылуы білім беру процесінің негізгі сипаттамаларын шығармашы-лықтық тұрғыдан қолдануды шын мәнінде жүзеге асыра алады: оның басқаруға көнуін, меңгерудің психологиялық ерекшеліктерімен салыстырылуын, атап айтқанда оқушылардың ақыл-ой қызметінің ерекшеліктерімен, бағдарламаланушылық, белсенділік, өз бетімен эрекет жасаушылық жэне оқушылардың жеке бастарының ерекешеліктерін ескеру.
Оқытушы мен оқушының өзара байланысының өзіндік негіздемесі бойынша контакті жэне қашықтан оқыту. Саналыльщ (интуитивизм) принципінің негіздемесі бойынша оқыту тэжірибені игеру сипатына қатысты бөлінеді. Білім беру процесінде басңарудың орын алуы негіздемесі бойынша оқыту а) оған негізделетін (мысалы, дәстүрлі оқыту)
жэне б) басқаруды меңгерудің негізгі механизмі ретінде қарастыратын (ой-еңбегі эрекеттерін сатылап қалыптастыру теориясы, бағдарламалан-дырылған, алгоритмизацияланған оқыту) болып екіге бөлінеді. Оңытудың болашақ ңызметпен байланысы негізі бойынша
белгілілік-контекстік, немесе контекстік оқыту (А.А. Вербиц-
кий) жэне дәстүрлі контекстен тыс оқыту. Оқытуды ұйымдастыру тэсілі негізі бойынша оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін қамтитын түрі мен дәстүрлі
(ақпараттық, мэлімет берушілік) оқыту түрі бөлініп шығуы.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Қазіргі замандағы білім берудегі негізгі беталыстар мен принциптер қандай?
2. Қазіргі замандағы білім берудің негізгі бағыттарының тәжірибеде қолдану ерекшеліктері қандай ?
Әдебиеттер:
1. Выготский Л.С. Педагогическая психология. М., 1991.
2. Крутецкий В.А. Основы психологической психологии. М., 1972.
3. Талызина Н.Ф. Педагогическая психология. М., 1998.
4.Немов Р.С. Психология. Книга 2 . М., 2000г.
5.Зимняя И.А. Педагогикалық психология. М., Логос; Алматы: 2005.
6.Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері. Алматы. 1962.
7.Крутецкий В.А. Психология обучения и воспитания школьников. М:; 1976.
8.Айсмонтас . Педагогическая психология. М:; 2000.
Тақырып:Оқу іс -әрекетінің қалыптасуы және құрылымы.
Оқыту: жалпы сипаттама. Педагогикалық психологияда, педагогикада, жалпы дидакти-када міндетті түрде білім беру процесінің екі, өзара байланысты жақтары ажыратылады: оқытушы, тэрбиелеуші жэне үйретуге жарамдылық, яғни педагогтың қатысуымен жүзеге асырыла-тын оқыту жэне сөздің ең жалпы мағынасында үйрету немесе нақтырақ айтқанда, оқушының қатысуымен жүзеге асырылатын оқу. Оқыту осы терминнің ең жиі пайдаланылатын мағынасында отбасы, мектеп, жоғары оқу орны, қауымдастықтың арнайы үйымдастырылған жағдайында қоғамдық-тарихи, әлеуметтік тәжірибені басқа адамға (адамдарға) мақсатты бағытталған, біртіндеп беруі.
Бұрын айтылғандай, оқудың жалпы теориясының негізін қалағандар Я.А. Коменский, И.Г. Песталоцци, А. Дистервег, И. Гербарт, біздің елімізде - К.Д. Ушинский, П.Ф. Каптерев, С.Т. Шацкий, А.П. Нечаев, М.Я. Басов, П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, сонымен қатар XX ғасырдың ортасындағы отандық және шетелдік педагогикалық психологияның көрнекті өкілдері Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, И. Лингарт, Й. Ломпшер оқу іс-эрекетінің психологиялық теориясын қалыптастырып, ол Ресейге ғылыми басымды болған. Оны жетіл-дірушілер - Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, А.К. Маркова, П.Я. Гальперин, Н.Ф. Талызина жэне т.б. (оның психологиялық негізі, іс-әрекет теориясының кең контекстінде Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн еңбектерінде қаланған, ал нақты мазмұнын А.Н. Ле-онтьев тұжырымдаған) оқыту теориясына жаңа проблема қойды: іс-эрекет субъектінің өзінің әрекеттер үрдісінде өзгеруі, яғни, эрекеттің жалпыланған тэсілдері арқылы оқу міндеттерін орын-дау барысында танып отырған пэннің объективті қасиеттерінін қайта өндіретін эрекеттер процесінде өзгеруі. «Оқу іс-эрекеті» түсінігі үнемі бір жақты түсінік деп айтуға келмейді. Кең мағынада алғанда ол кейде үйренудің, оқудың жэне тіпті оқытудың синонимі ретінде жөнсіз қарастырылады. Тар мағынада, Д.Б. Эльконин бойынша - кіші мектеп жасындағы жетекші іс-әрекет түрі. Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, А.К. Маркова жұмыстарында «оқу іс-эрекеті» түсінігі, субъектінің оқу пэніне деген, С.Л. Рубинштейн бойынша түсіндірілетін, бүкіл оның барысындағы ерекше «жауапкершілік қатынаспен» теңестіріле отырып, іс-әрекеттік мазмұн мен мағынаға толады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Оқу іс-әрекетінің пэндік мазмұнына не жатады?
2. Оқу іс-әрекетінің құрылымында оқу эрекеттерінің қандай
түрлері бөлінеді жэне оған не негіз болады?
3. Оқыту, оқу үйрену ұғымдарының айырмашылығы неде ?
4. Оқу міндеттерінің қүрамына не жатады?
Әдебиеттер:
1. Выготский Л.С. Педагогическая психология. М., 1991.
2. Крутецкий В.А. Основы психологической психологии. М., 1972.
3. Талызина Н.Ф. Педагогическая психология. М., 1998.
4.Немов Р.С. Психология. Книга 2 . М., 2000г.
5.Зимняя И.А. Педагогикалық психология. М., Логос; Алматы: 2005.
6.Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері. Алматы. 1962.
7.Крутецкий В.А. Психология обучения и воспитания школьников. М:; 1976.
8.Айсмонтас . Педагогическая психология. М:; 2000.
Тақырып: Оқыту және дамыту арақатынасы.
Адамды оқыту мен дамытудың арасындағы байланыс -педагогикалық психологияның ең бір маңызды проблемасының бірі. Оны қарастыру барысында: а) дамытудың өзі күрделі инволюциялық-эволюциялық алға жылжушы қозғалыс болып табылады, оның жүру барысында адамның өзінде ілгерінді - ке-йінді интеллектуалдық, түлғалық, мінез-к^лықтық, әрекеттілік өзгерістер жүреді (Л.С. Выготский, Б.Г. Ананьев); б) дамыту, эсіресе түлғалық өмірдің өзі тоқтаған сәтіне дейін тоқтамайды, ол тек бағыты, қарқындылығы, сипаты мен сапасы бойын-ша ғана өзгеріп отырады. Дамытудың ортақ сипаттамалары: қайтымсыздық, прогресс-регресс, бірқалыпсыздық, алдыңғының жаңада сақталынуы, өзгеру мен сақталудың бірлігі болып табылады. Психикалық дамуды анықтаушы факторлар ретінде В.С. Мухина оның алғышарттарын, дамудың шарттары мен бай-ланыстарын жэне баланың ішкі позициясын қарастырады .
Білім берудің кез-келген жүйесінің негізгі мақсаты - білім алушы (оқушы) түлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең ал-дымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның психикалық жэне жалпы алғанда, түлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен қатар оның негізі және қүралы болып табы-лады. Оқыту мен дамытудың ара қатысының сипаты туралы сұрақ та маңызды. Бүл сүраққа жауап педагогикалық психология үшін өте маңызды. Отандық психологияда Л.С. Выготский тұжырымдаған жэне ісрттеушілердің көпшілігі күптайтын көзқарасты үстанады. Бұл кезқарасқа сэйкес, оқыту мен тэрбиелеу баланың психикалық да-муында жетекші рөл ойнайды. «Оқыту дамуда тек қана жуық ара- да болатын салдар ғана емес, алыс болашақта болатын салдарға ие болады, оқыту тек қана дамудың соңынан ғана, онымен қатарласа жүріп отыра алады, ол дамудың алдына түсіп, оны ары қарай итермелеп, онда жаңа қасиеттер туғызып жүре алады». Дамудың қарастырылған проблемалары бірқатар сүрақтардың жауабы болып отыр: түлғаның психикалық дамуының жал-пы бағыттары қандай, оның қозғалтушы күші не, дамудың элеуметтік жағдаяты қандай, ол қандай негізгі бағыттар бойынша жүреді. Кез-келген тип бойынша жүзеге асырылатын оқыту, егер ол басқарылатын жэне өзінің негізгі мақсаты — оқушы түлғасын дамытуға, оның психикалық дамуына қол жеткізгісі келсе, осы сэттердің барлығын ескере алмауы мүмкін емес.
Мотивацияның, өзіндік бақылаудың қалыптасуы. Оқыту және дамытудың арақатынасы туралы ғалымдардың көзқарастарына, ақыл-ой дамуына қатысыты зерттеулер, оның даму деңгейлеріне, тұлғаның даму мәселесіне қатысты А.В.Петровский, Л.И.Божович және т.б. еңбектері.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. «Үйрету», «оқу», және «оқу әрекеті» деген ұғымдар арасында
қандай айырмашылық бар?
2. Оқыту және дамудың арақатынасы қандай ?
3. Дамытудың ортақ сипаттамасын атаңыз ?
4. Дамудың қозғаушы күштері туралы теорияларды атаңыз.
Әдебиеттер:
1. Ильясов И.И. Структура процесса учения. М., 1986.
2. Лингарт Й. Процесс и структура человеческого учения. М., 1970.
3.Зимняя И.А. Педагогикалық психология. М., Логос; Алматы: 2005.
4.Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері. Алматы. 1962.
5.Крутецкий В.А. Психология обучения и воспитания школьников. М:; 1976.
6.Айсмонтас . Педагогическая психология. М:; 2000.
Тақырып: Білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеру процесі.
Меңгеру оқытудың (оқу, оқу іс-эрекеті) барлық теориялары, тіпті ол жеке процесс ретінде ажыратылғанына немесе оқумен теңестірілгеніне қарамастан, негізгі түсінігі болып та-былады. Меңгеру өз тарапынан күрделі, көп мәнді түсінік бола отырып, түрлі позициялар, түрлі бағыттар көзқарасы тарапынан түсіндірілуі мүмкін.
Біріншіден, меңгеру - «өзіне телу» арқылы адамның даралық тэжірибені тауып алуы, А.Н. Леонтьев терминдерінде элеуметтік-мэдени, қоғамдық-тарихи тәжірибені білімдердің, мағыналардың, эрекеттің (сондай-ақ іскерліктер мен дағдылардың) жалпыланған тәсілдерінің, адамгершілік нормалардың, мінез-құлықтың эти-калық ережелерінің жиынтығы ретінде қалыптастыру жолдары, механизмі. Осындай меңгеру адамның бүкіл өмір сүру барысын-да бақылауы, жалпылауы, шешім қабылдауы жэне өз эрекеттері нэтижесінде жүзеге асады. Бүл жерде өз эрекеттері қалай жүргені — өздігінен бе, элде білім беру жүйелерінің арнайы жағдайларында ма, ол маңызды емес.
Екіншіден, меңгеру - адамның күрделі интеллектуалдық іс-эрекеті, оған материалды қабылдауы, мағыналық өңдеуі, сақтау мен қайта өңдеуді қамтамасыз ететін барлық таным процестері (сенсорлық-перцептивтік, мнемологиялық) жатады.
Үшіншіден, меңгеру - бұл оқудың, оқу іс-эрекетінің нэтижесі. Оқу материалының меңгерілуінің беріктігі,жүйелілігі,сапалылығы туралы айтқан кезде зерттеушілер көбінесе дэл нәтижелік жақты есепке алады. С.Л.Рубинштейн бойынша, оқу іс-эрекетіне қатысты меңгеру, оның мазмұны, «оқыту процесінің орталық бөлігі» ретін-де болады. Онымен қоса, В.В. Давыдов бойынша, «ғылыми білім-дерді жэне оған сәйкес іскерліктерді меңгеру іс-әрекеттің негізгі мақсаты жэне басты нәтижесі ретінде болады» С.Л. Рубинштейн бойынша, меңгеру процесінің келесі саты-лары бөлінеді: «...материалмен алғашқы танысу немесе сөздің ксң мағынасында оны ңабыдау, оны магыналау, оны бекіту бойынша арнайы жұмыс және ең соңында материалды иг-ру — практикада қолдана отырып онымен түрлі ситуацияларда операциялау мүмкіндігі мағынасында. Осы сатылардың әрқайсысы келесімен байланысты жэне мұғалім-оқушы өзара эрекеттесуінің сипатымен шартталған. Олардың әрқайсысы меңгерудің аяққы эсерін анықтайды. Оқу материалы-мен танысудың бастапқы кезеңі немесе онымен «алғашқы кезде-су», бүкіл меңгеру процесінде үлкен мағынаға ие. Осы кезеңде қабылдаумен, дэлірек айтқанда, апперцепциямен шартталған нэрсе де маңызды. Ол «тұлғалының қабылданып отырғанға де-ген белсенді саналы қатынасын қамтиды» жэне олардың массасына теңестірілмейді.
Қабылдаудың өзі мағыналауды қамтиды. Ой жұмысы «қа-былдауды бар жағынан қүлаштайды: оның алдын алады, оған қосылады және оның үстінен қондырылады» [194, 2 т., 87 б.]. Мағыналау - бұл екінші кезең. Ол біріншіге ене отырып, үшінші кезең - есте сақтаудың негізі болып табылады. Оқу материалын есте сақтау, С.Л. Рубинштейн бойынша, тек үнемі мағыналау, жаңа мағыналық байланыстарға түсу ғана емес, сондай-ақ осы метриалды қайта мағыналау болып табылады.
Меңгерудің төртінші кезеңі - практикада қолдану, тек оқу нәтижесі ғана емес, сондай-ақ білімдерді игеру, оларды бекіту, берік ереже-лерді қалыптастыру тәсілі болады. С.Л. Рубинштейннің меңгерудің осы кезеңінде білімдерді игеру оқуға емес, басқа практикалық мақсаттарға бағытталған деген пікірі орынды. Бүл - «білімдер мен іскерліктер өзге сапаға ие болатын өмірлік контекст».
Көптеген зерттеушілердің көрсетуіндей, сэйкес дағдыларды игерумен бірігетін білімдер жүйесін игеру «оқытудың негізгі мазмұны жэне маңызды міндеті» ретінде қарастырылады (С.Л.убинштейн). Алайда, дағды проблемасы әлі күнге дейін бір жақты түсіндірілмейді - оның фетишизациясынан бастап (бихевиоризм, необихевиоризм) іс-жүзіндегі елемеуге дейін (когнитивті психология). Сонымен бірге, дағды меңгеру процесінде орталық орынның бірін алатыны айқын.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Оқу іс-эрекетін меңгеруден, ал меңгеруді - дағдылар
қалыптасуынан не ажыратады?
2. Дағдының «жасалу» термині неліктен «даму» терминіне
қарағанда осы процесті нақтырақ бейнелейді?
3. Үйренуге қандай негізгі факторлар эсер етеді?
Әдебиеттер:
1. Ильясов И.И. Структура процесса учения. М., 1986.
2. Лингарт Й. Процесс и структура человеческого учения. М., 1970.
3. Талызина Н.Ф. Педагогическая психология. М., 1998. Гл. 6.
4. Якунин В.А. Психология деятельности студентов. М., 1994.
5.Зимняя И.А. Педагогикалық психология. М., Логос; Алматы: 2005.
6 .Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері. Алматы. 1962.
Тақырып: Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы.
Қарым-қатынастың жалпы сипаттамасы. Қарым-қатынасқа берілетін анықтамалар. Қарым-қатынас немесе коммуникация деп аталатын процесс - аса кең жэне сиымды түсінік. Бұл саналы жэне саналанбаған вербалды байланыс, ақпарат алу мен беру, оның өзі барлық жер-де және үнемі байқалып отырылады. Қарым-қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым-қатынас адамдар қарым-қатынасының жекеше түрі (мысалы, іскерлік (бизнескоммуникация), отбасылық қарым-қатынаспен және т.б. салыстырғанда). Оған осы өзара эрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру процесіне тэн қасиеттері де лайық. Сондықтан, педагогикалық қарым-қатынасты анықтамас бұрын, алдымен қарым-қатынасты жалпы феномен ретінде сипаттаушыларды қарап шығайық.
Қарым-қатынас мэнін анықтау үшін, соңғы он жылдарда дамытылған, оның функционалдық жэне деңгейлік ұйымдасуы жайлы ұсынулар маңызды болып шықты (Б.Д. Парыгин, Г.М. Андреева, А.А. Бодалев, А.А. Брудный, А.А. Леонтьев, Б.Ф. Ло-мов, Л.А. Карпенко, В.Н. Панферов, Е.Ф. Тарасов, Я. Яноушек жэне т.б.). мысалға, қарым-қатынасты «мазмұны бірлескен іс-әрекет үшін қолайлы түрлі қатынастар көмегімен ақпарат алмасу мен өзара түсіну болып келетін адамдардың өзара эрекеттесуі» ретінде анықтай отырып [160, 1626.], В.Н. Панферов қарым-қатынастың төрт сэтін бөлген: байланыс, өзара әрекет, таным, өзара қатынас жэне осыған сэйкес қарым-қатынасты зерттеуде төрт келісті үйғарады: коммуникативтік, ақпараттық, гностикалық (танымдық) жэне реттеуші. Б.Ф. Ломов қарым-қатынастың үш жағын (функцияларын) сипаттайды: ақпараттық-коммуникатив-тік, реттеуші-коммуникативтік жэне аффективтік-коммуникатив-тік жэне де өзіндік коммуникативтік компоненттің хабарды алу мен беру ретінде, мінез-қүлықты реттеу мен қабылдаудың, бастан кешірулердің болуы ретінде, яғни аффективті компонент ретінде міндеттілігін атап көрсетеді. Педагогикалыққарым-қатынастың өзгешелігі ең алдымен, оның көп объектілі бағыттылығынан көрінеді. Ол тек үйренушілердің өзара эрекеттесуінің өзінде олардың түлғалық дамуы мақсатына бағытталмаған, сондай-ақ, педагогикалық жүйенің өзіне не-гіз болып табылатын, оқу білімдерін игеруді ұйымдастыруға жэне осы негізде шығармашылық іскерліктерді қалыптастыруға бағытталған. Осыған орай, педагогикалық қарым-қатынас кем дегенде үш бағыттылықпен сипатталады: оқудағы өзара әрекет-тесудің өзіне, үйренушілерге (олардың қазіргі жағдайлары, да-мудың болашақтағы бағыттары) және игеру пәніне (меңгеру). Педагогикалық қарым-қатынас анықтамасы. Қазіргі кезде кең таралған келіс бойынша қарым-қатынаста оның коммуникативтік, интерактивтік жэне перцептивті жақтары
Достарыңызбен бөлісу: |