Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет20/36
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15350
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36

3. Оқыту құралдарын ата. 
4. Оқыту əдістерін топтастыру немесе классификациялаудың жолдарын көрсет. 
5. Аудивизуалдық оқыту құралдары дегенді қалай түсінесің? 
6.  Аудивизуалдық оқыту құралдарының артықшылықтары неде? 
 
№26 дəріс тақырыбы: Мектепте оқытуды ұйымдастыру формалары 
Жоспары: 
 1. Оқытуды ұйымдастыру формалары жəне оларды классификациялау. 
2. Оқытуды ұйымдастырудың сыныптық-сабақтық формасы. 
3. Қазіргі сабаққа қойылатын жалпы талаптар. 
1. 
Оқытуды  ұйымдастырудың  формалары  –  белгілі  бір  тəртіпте  жəне  режимде 
жүзеге  асырылатын,  мұғалім  мен  оқушылардың  келісілген  іс-əрекетінің  сыртқы  көрінісі. 
Олар  əлеуметтік  шартталған,  дидактикалық  жүйелердің  дамуымен  байланысты  пайда 
болады жəне жетілдіріледі.  
 
Оқытудың 
ұйымдастыру 
формалары 
əр 
түрлі 
өлшемдер 
бойынша 
классификацияланады: 
-  оқушылардың санына қарай: бұқаралық, ұжымдық, топтық, шағын топтық, жекелік; 
-  оқу орнына қарай: мектептік жəне мектептен тыс формалар; 
-  мектептік  оқыту  формалары:  сабақтар,  шеберханада,  мектеп  жанындағы  тəжірибе 
участкісінде, лабораториядағы т.б. жұмыс; 
-  оқыту  уақытының ұзақтығына қарай; сыныптағы сабақ /45 минут/, қосарланған сабақ 
/90 минут/, əр түрлі ұзақтықтағы сабақтар. 
Мектептік  даму  тарихында  əр  түрлі  оқыту  жүйесінде  бір  басым  оқыту  формасы 
қолданылды:  жекелік-топтық  /орта  ғасыр  мектептерінде/,  өзара  оқыту  /Англиядағы 
белланкастер жүйесі/, оқушылардың қабілетіне қарай саралап оқыту /мангеймдік жүйе/, 
бригадалық  оқыту  /совет  мектебінің  20-шы  жылдары/,  американдық  «Трамп  жоспары», 
онда уақыттың 40% үлкен топтарда /100-150 адам/, 20% - кіші топтарда, жəне 40% дербес 
оқуға бөлінді.  
 
Дүние жүзінде ең көп тараған оқытудың сыныптық-сабақтық жүйе болды, ХҮІІғ. 
пайда  болып,  міне  үш  ғасыр  бойы  дамып  келе  жатыр.  Оның  контурын  неміс  педагогы 
И.Штурм  /1537-1582/  жасады  ал,  Я.А.Коменский  /1592-1670/  оның  теориялық  негізін 
салып, практикалық технологиясын жүзеге асырды.  
 
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша формалары бар: 
-  лекция; 
-  семинар; 
-  пəндік үйірмелер; 
-  топсеруен; 
-  факультативтер; 
-  кеңес; 
-  қосымша сабақтар; 
-  үй тапсырмасы; 
- оқытудың жекелік формасы.  
Бақылау сұрақтары 
1.  Оқытуды ұйымдастыру формасы дегеніміз не? 
2.  Оқыту формаларын классификациялаудың негізі неде? 
3.  Оқытуды ұйымдастырудың сыныптық-сабақтық формасының ерекшелігі неде? 
4.  Қазіргі сабаққа қойылатын жалпы талаптар ата. 
5.  Оқытуды ұйымдастыру формалары жəне оларды классификациялау. 
6.  Оқу жұмысының формасын қандай белгілер сипаттайды? 
 


№27 дəріс тақырыбы:Мектептегі сабақ туралы түсінік. 
Жоспары: 
1. Мектептегі сабақтың типтері. 
2. Сабақтың құрылымы. 
3. Дəстүрлі емес сабақтар жəне оларды талдау. 
4. Мұғалімнің сабаққа даярлануы. 
1.Сабақты классификациялаудың негізіне оқу мақсаты, оны өткізудің əдісі немесе 
оқыту  процесінің  құрамдас  буындары  жатады.  Осыған  қарай  сабақтың  əр  түрлі  типтері 
ажыратылады.  
 
Танымдық  іс-əрекеттің кезеңдеріне қарай сабақтың типтері
-  кіріспе сабақтар 
-  материалмен бастапқы таныстырудың сабақтары 
-  ұғымдарды қалыптастырудың, заңдарды орнатудың сабақтары  
-  алған білімді практикада қолдану сабақтары  
-  дағдылар сабағы 
-  жалпылау жəне қорытындылау сабақтары  
-  бақылау сабақтары  
-  аралас сабақ  
Оқыту əдістеріне қарай сабақтардың типтері:  
-  сабақ-əңгіме  
-  сабақ-лекция 
-  кино сабағы 
-  лабораториялық сабақ 
-  іс-əрекеттің түр-түрімен сабақ 
Дидактикалық міндеттеріне қарай сабақтың типтері: 
-  оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы 
-  іскерлікті жəне дағдыны қалыптастыру сабағы       
-  білімді жалпылау жəне жүйелік сабағы  
-  қайталау, бекіту немесе білімді, іскерлікті, дағдыны кешенді қолдану сабағы  
-  бақылау-тексеру сабағы  
-  аралас сабақ  
 
 
Бақылау сұрақтары 
1.  Оқу жұмысының формасын қандай белгілер сипаттайды? 
2.  Оқытуды ұйымдастыру формалары қандай өлшемдер бойынша анықталады? 
3.  Мектептердің  даму  тарихында  оқыту  ұйымдастырудың  қандай    формалары 
қалыптасты? 
4.  Оқытуды  ұйымдастырудың  сыныптық-сабақтық  жүйесі  қандай  ерекшеліктермен 
сипатталады? 
5.  Сабақ типтерге қандай ерекшеліктері бойынша жіктеледі? 
6.  Сабақтардың негізгі типтерін көрсет. 
 
№28 дəріс тақырыбы: Мектепте оқытуды ұйымдастыру формалары 
Жоспары:  
1. Қазіргі сабақ құрылымының моделі. 
2.  Сабақта саналы тəртіпті орнату мəселесі. 
3. Сабақты бақылаудың жəне оны талдаудың үлгі бағдарламасы. 
4. Үйдегі оқу жұмысы, оған қойылатын талаптар. 
 


1.Қазіргі сабақ құрылымының моделі. 
 
ІІ. Оқушылардың жаңа білімді игеру үрдісі: 
 
ІІІ. Түсіну үрдісі: 
 
ІҮ. Жаңа білімді ұғыну үрдісі: 
 
Ү. Жаңа білімді жалпылау жəне жаңа ұғымдарды бұрыңғы меңгерген жүйеге енгізу: 
 
ҮІ. Сабақта білімді бекіту жəне қолдану: 
 
ҮІІ. Сабақтың қорытынды бөлімі: оқушылар қызметінің мазмұндық жағын бақылау.  
3. Үй тапсырмасы жəне оның орындалуын түсіндіру.                                 
 
  
 Сабақты  əрбір  оқушы  іспен  айналысатындай  етіп  жүргізу  керек,  себебі  кідірістер,  бос 
отыру тəртіпсіздікке жағдай жасайды.  
Оқушылардың 
оқу-танымдық 
қызығушылығын 
оқу 
жадығатының 
мазмұнымен, 
проблемалық  жағдаятты  (ситуация)  құру  арқылы  туғызуға  болады.  Сабақтың  ырғағын 
қадағалаңыз,  нашар  оқушыларға  өз  күшін  тексеруге  жағдай  жасаңыз.  Бүкіл  сыныпты  өз 
зейін аяңызда ұстаңыз.  
 
І – кесте  
Сабақтың элементі 
Талаптардың мазмұны 


Мақсаттары 
1.Əрбір  сабақ  мақсатты  бағытталған  болуы  керек.  Олар 
оқушыға білім беруге, тəрбиелеуге жəне дамытуға тиісті. 
2. Сабақ өмірімен тығыз байланысты болуы керек. 
3. Сабақ пəнге қызығушылықты дамытуға тиісті. 
Мазмұны 
1.  Сабақтың  мазмұны  ғылыми  түрде  болып,  пəннің 
ғылыми  негіздерін  меңгеруді  қамтамасыз  етуп,  оның 
қазіргі мəселелерімен таныстыруға тиісті. 
2.  Сабақта  пəнді  оқытудың  барлық  ұстанымдары  өз 
көрінісін табуға тиісті. 
Оқушылардың оқу 
іс-əрекетінің 
əдістері 
Оқытудың əдістері мыналарды қамтамасыз ету керек: 
1.  Оқушылардың белсенді танымдық іс-əрекетін; 
2.  ой мен сезімнің бірлігін; 
3.  Оқытудағы проблемдік ыңғайды; 
4.  Сабақтың эмоционалдығын. 
Оқыту əдістері мыналарды есепке алады: 
1.Оқытудың қазіргі техникалық құралдарын пайдалану; 
2.Практикада  білімді  қолдануды  іске  асыратын  əр  түрлі 
тапсырмаларды пайдалану; 
3.Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру, т.б. 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау