Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



жүктеу 3,47 Mb.
бет12/25
Дата17.11.2017
өлшемі3,47 Mb.
#1000
түріНұсқаулар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25

5.3 Тапсырма
5.3.1. Темір-цементит диаграммасын салу, фазалық және құрылымдық құраушылардың анықтамасын беру.

5.3.2. Көлденең ЕСF, PSK сызықтарының бойында жүретін реакцияларды жазу және осы сызықтарды сипаттау.

5.3.3. Құрамында әртүрлі мөлшердегі көміртегі бар қорытпаларда жүретін өзгерулерді қарастыру.
5.4 Бақылау сұрақтары
5.4.1 Феррит, цементит, аустенит деген не?

5.4.2 Перлит, ледебурит деген не?

5.4.2 Темір-цементит диаграммасында ЕСF сызығында жүретін

өзгерісті көрсету.

5.4.3 Темір-цементит диаграммасында PSK сызығында жүретін

өзгерісті көрсету.

5.4.4 Диаграмма бойынша бірінші, екінші, үшінші текті цементиттің

бөлініп шығатын сызықтарын көрсетіп, түсініктеме беру.

5.4.5 Эвтектоидтық және эвтектикалық өзгерістердің мәні.

5.4.6 Ликвидус және солидус сызықтарын көрсету және сипаттау.



      1. Құрамында 0,5% және 4,5% көміртегі бар қорытпалардың суыну

процесін сипаттау.

6 Зертханалық жұмыс «КӨМІРТЕКТІ БОЛАТТЫҢ МИКРОҚҰРЫЛЫМЫН ОҚЫП, ТАЛДАУ»


6.1 Жұмыстың мақсаты
6.1.1 Болаттың құрылымымен танысу, игеру.

6.1.2 Болатты құрылымы бойынша кластарға бөлу.

6.1.3 Болатты қолданылуы бойынша кластарға бөлу.

6.1.3 Болатты таңбалау принциптерін игеру.

6.1.4 Болат құрылымын суретпен бейнелеп үйрену.
6.2 Жабдықтар мен аспаптар
6.2.1. Дайындалған ысылмалар.

6.2.2. МИМ-7, МИМ-8 микроскоптары.

6.2.3. Микроқұрылымдардың суреттері жинақталған фотоальбом.

6.2.4 Мемлекеттік стандарттар (МСТ).


6.3 Теориялық мәліметтер
Құрамында 2,14%-ға дейін көміртегі бар темір мен көміртегінің қорытпасы болат деп аталады. Болаттың құрамында көміртегіден басқа тұрақты кірме элементтер - марганец, кремний, күкірт, фосфор болады. Олардың мөлшері мемлекеттік стандарттармен (МСТ380-94, МСТ1050-88, МСТ1435-99) шектелген.
6.3.1 Болаттың құрылымының сипаттамасы.

Болаттың құрылымының құрастырушыларына феррит, перлит, цементит жатады. Құрылымы таза ферриттен тұратын қорытпа техникалық темір аталады.



Феррит – көміртегінің -темірдегі ену қатты ерітіндісі. Ферритте көміртегінің еру мөлшері 0,02 %. Микроскопта жарық, ақшыл түйіршіктер түрінде көрінеді. Кристалдық торы - көлемді центрленген куб (КЦК), қаттылығы HB 800-1000 МПа.

Перлит – аустениттің ыдырауынан туындаған өнім, феррит пен цементиттің механикалық қоспасы. Микроскопта күңгірт тілікше тәрізді болып көрінеді. Қаттылығы- HB 1200-1800 МПа. Құрамындағы көміртегі 0,8%.

Цементит – темір мен көміртегінің химиялық қосылысы, формуласы Fe3C. Құрамындағы көміртегі 6,67%. Кристалдық торы - күрделі ромбалық куб. Қаттылығы НВ 7500-8000МПа. Микроскопта перлит түйіршіктерін қоршап жатқан жарық, жіңішке ақ тор түрінде көрінеді.
Темір-цементит Fe-Fe3C диаграммасының төменгі сол жақ бұрышы болаттың құрылымындағы фазалық өзгерістерді және оның құрамындағы көміртегінің мөлшеріне байланысты құрылымының өзгеру температураларын көрсетеді. Құрылымына қарай болат келесі кластарға бөлінеді:

- эвтектоидқа дейінгі, %С < 0,8, құрылымы феррит пен перлит (Ф+П), (6.1-суреті,а);

- эвтектоидты, %С = 0,8, құрылымы перлит, (П), (6.1-суреті,б);

- эвтектоидтан кейінгі, %С > 0,8, құрылымы перлит пен цементит (П+Ц), (6.1-суреті,в);




а – эвтектоидқа дейінгі болат, феррит (ақшыл бөлшектер) және перлит (күңгірт бөлшектер),  х 500; б  – эвтектоидты болат, перлит, х 1000; в – эвтектоидтан кейінгі болат, перлит және цементит (ақшыл торға ұқсас)  х 200.
6.1-сурет.Болаттың микроқұрылымы
жүктеу 3,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау