Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi



жүктеу 1,29 Mb.
бет1/8
Дата17.11.2017
өлшемі1,29 Mb.
#705
  1   2   3   4   5   6   7   8

Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi


Семей қаласының Шәкәрiм атындағы Мемлекеттiк университетi

3 деңгейлі СМЖ құжат

ПОӘК

ПОӘК 042-18.1.32/01-2013



ПОӘК

«Хор орындау негіздері, құрамды хор және хор сыныбы

» пәнінен оқу жұмыс бағдарламасы

1 баспа

050106 «Музыкалық білім» мамандығы бойынша

оқитын 1, 4 курс студенттеріне арналған

Хор орындау негіздері, құрамды хор және хор сыныбы

пәндерінен оқу-әдістемелік жинағы


Семей 2013 оқу жыл


Алғы сөз

1 Құрастырған Уразова Ж.А., Шәкәрiм атындағы Семей Мемлекеттiк университетiнiң «Музыкалық білім» кафедрасының аға оқытушысы

«28» «08»2013 ж.
2 Талқыланды

2.1 Шәкәрiм атындағы Семей Мемлекеттiк университетiнiң «Музыкалық білім» кафедрасында

Хаттама «29» «08» 2013 жыл, № 1.
Кафедра жетекшiсi ___________ Б.К.Бодауова
2.2 Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде

Хаттама «05» «09» 2013 жыл, № 1.


Төрағасы ______________ Т.Ш.Ахметова
3 Бекiтiлдi

Университеттiң оқу-әдiстемелiк кеңесiнiң мәжiлiсiнде мақұлданды

Хаттама «18» «09» 2013 жыл, № 1.
ОӘК төрағасы _____________ Искакова Г.К.


Мазмұны.


  1. Кіріспе.------------------------------------------------------------- 4

  2. Глоссарий.--------------------------------------------------------- 6

  3. 1- курс 1,2 - семестр практикалық сабақтың тақырыптары- 8

  4. 4- курс 7,8 - семестр практикалық сабақтың тақырыптары-42

  5. Курс аралық емтихан талаптары--------------------------------77

  6. Студенттердің оқытушымен бірге өздік жұмыстарының тақырыптары.------------------------------------------------------77

  7. Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары---------78

8. Қолданылатын әдебиеттер тізімі------------------------------- 79

Пәнге кіріспе.
Хор - ұжымдық сипаттағы орындаушылықтың негізгі түрі. Ол оқушылардың ән айту мәдениетін жетілдіріп, олардың музыкалық жағынан ғана емес, жан‑жақты дамуына жағдай жасап, рухани дүниесіне әсер етіп, жеке тұлға ретінде қалыптасуына негіз болатын өнер түрі деп сипаттайды

“хор” деп – шығармаларды көркем тілмен бірнеше дауыстың үндескен әуені арқылы идеялық мазмұнын бұзбай, нақтылы түрде тыңдаушыға жеткізетін және хор айтудың техникалық орындау шеберлігін игерген, әсемдеу жағынан толық мағлұматы бар ұжым.

Пәннің мақсаты: Студенттердің хорда ән салу шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ хормен жұмыс істеу әдістерін меңгеру, дидактикалық принциптер мен ән айту кезінде адам организімде жүретін психофизиологиялық поцесті байқай отырып, жаттығу. Студенттердің өз бетінше хордағы вокалдық дағдыларды үйрену және музыкалық жағынан жетілу,оларды дирижерлық хор білімі дағдаларын іс-тәжірибеде қолдану.

Пәннің міндеттері:



  • студенттерде шығармаларды жоғары кәсіби деңгейде көркем орындау дағдыларын және хор ұжымымен жұмыс істеуге қажетті есту қабілеттерін, вокалдық-хор дағдылырын дамыту;

  • студенттерді шетел және қазақ сазгерлерінің хор шығармашылығының озық үлгілерімен, сондай-ақ халық әндері мен халық сазгерлерінің шығармашылығымен таныстыру;

  • 1 және 4 курс студенттері үшін хор мен жұмыс істеу іс-тәжірибесін ұйымдастыру;

  • хормен ойдағыдай іс-тәжірибелік жұмыс жасау үшін студенттер жаттауға арналған шығарманы жан-жақты талдау жасауға машықтандыру;

  • музыка мен мәтін авторларының өмірбаяны жайлы мәліметтер, шығарманың шыққан кезеңімен, оның мазмұнымен, шығарманың идеялар мен көркемдік ерекшіліктерін білу, танысу;

  • музыкалық – теориялық жағынан сараптай білу дағдысы, оның барысында форма ладотынальдік жоспар әуенінің сипаты мен метроырғақты құрылым, гармония, айтылу фактурасы, интервалика сияқты музыкалық мәнерлік құралдарын аша білуге дағдылану;

  • вокалды- хор талдауы: хордың типі мен түрі, партиялар мен олардың диапазоны, тесситурасы, интонациялық, мақымдық- ырғақтық және басқа киындықтар, тыныс алуды анықтау, бөлу, жоғарғы интонациялық дыбыс деңгейін қалыптастыруды үйрену;

  • вокалды хор дағдылары: ән айту қалпы, тыныс алу, дыбыс шығару тәсілдері, дыбыстың шығу түрлерімен (қатаң және ұяң атака) танысу;

  • вокалды- хор техникасын меңгеру: дыбысталу түрлері, тыныс алудың түрлері, дикция, артикуляция, фразировка, динамика және нюанстарды меңгеру;

  • хордың дыбысталу сапасы: ансамбль, дыбысталу қатары (строй), дыбыс бояуы (тембр), дыбысталу күші сияқты әдістерді меңгеру;

  • хормен орындаудағы стильдік бағыттар: музыкалық стиль, орындаушылық стильдерді ажырата білуге дағдылану;

  • хормен шығарманы орындау сапасы: шығарманың мәтінімен байланысы, аспаптық сүйемелдің ерекшелігі, ұжымдық сезімінің қалыптасуы, дирижердың алатын орны жайлы мәлімет алу.


Глоссарий.
Хор – шығармаларды көркем тілмен бірнеше дауыстың үндескен әуені арқылы идеялық мазмұнын бұзбай, нақтылы түрде тыңдаушыға жеткізетін және хор айтудың техникалық орындау шеберлігін игерген, әсемдеу жағынан толық мағлұматы бар ұжым

Хор партиялары – хорды құраушы дауыстар: сопранолар (1;2); альттер (1;2); тенорлар (1;2); бастар (1;2) және кей хорларда сирек кездесетін октавистер.

Хордағы дивизия – хордағы партиялардың уақытша екіге бөлінуі.

Ансамбль – тұтас орындаушылықтың өзара байланысқан түрін және стройдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, интонациялаудың дәлдігі, дыбыс бояуы мен дыбыс күші жағынан үйлесімділік.

Дыбыс қатары (строй) – хордағы дыбысталудың сапасы, яғни ходың құлақ күйін келтіру, интонациялық жағынан таза, нақты айтуды айтымыз.

Артикуляция – сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелерінің қызметін атқаратын вокалды - хор техникасының маңызды құраушысы.

Дикция – вокалдық хор дикциясы әрбір даусты және дауыссыз дыбыстарды анық айтып, сөз бен сөйлемдерге дауыс екпінін дұрыс қоя білуді музыкадағы мәнерліліктің көркемдік құралдарын пайдалана отырып, оның мазмұның, идеясын тыңдаушыға жеткізе білуді, сезімге әсер ету дағдысын айтамыз.

Бірыңғай хорлар – бірыңғай дауыстан тұратын хорларды айтамыз. Олар бірыңғай ерлер және әйелдер хоры.

Аралас хор – көп дауысты ерлер мен әйелдер партияларынан тұратын хор ұжымын айтамыз.

Динамика – көркем шығарманың өзіндік сипаты, құрылысы, көркемдік техникалық өзгешелігі, дыбыс күшінің құбылу жолдарының сипаттамасын айтамыз.

Музыкалық екпін – латын тілінен аударғанда “темп” уақыт деген мағынаны білдіреді.

Резонатор – дыбыстарды қалыптастырып, оның сыртқа шығуына ықпал ететін мүшелер жиынын айтамыз.

Регистр – тембрлік қасиетке байланысты біріккен дыбыстар жиыны.

Сопрано – жоғары әйелдер дауысының сипаттамасы және хордағы партияны айтамыз.

Альт – төменгі әйелдер дауысының сипаттамасы және хордағы партияны айтамыз.

Тенор – жоғары ерлер дауысының сипаттамасы және хордағы партияны айтамыз.

Бас – төменгі ерлер дауысының сипаттамасы және хордағы партияны айтамыз.

Тональдік – берілген шығармадағы негізгі тон, немесе ладтың дыбыс биіктігінің сипаттамасы.

Унисондық дыбысталу – дауыстардың мінсіз біртұтастылыған көздейді, хор партиялары өзара біріккен кезде дыбыс күші, бояуы, интонация және сан алуан штрихтарды қолдану жағынан біркелкі орындауды қарастырады.

Тесситура – дауыс диапазонына қатысты әуен дыбыстарының биіктік ара­‑қатынасы.

Интонациялық тазалық – әуеннің немесе музыкалық шығарманың әр дыбысы биіктігі жағынан таза, нақты және көркем орындалуын қарастырады.

Фраза – шығармадағы белгілі бір ойды білдіретін, аяқталған үзіндіні айтамыз.

Фактура – музыкалық немесе хор шығармаларының құрылысы мен сипатына байланысты бөлінуі және көркемдік бейнелілігі жағынан, техникалық ерекшелігі жағынан өзгешелігін айтамыз.

Партитура – шығарманың толық ноталық үлгісін айтамыз.

І - семестр

1,2 - тақырып: Хорға арналған арнайы жаттығулар.

Жаттығулар, көп дауыстылық

Жоспар:


  1. Унисондық дыбыс шығаруға арналған жаттығулар.

  2. Октавалық унисонның ерекшеліктері.

  3. Күрделі жаттығуларды меңгеру.

Жаттығулар‑ хор сабағының құрамдас, ажырамас бөлігі. Тікелей жаттығулар арқылы хордағы вокалдық дыбысталу жүйесі қалыптастырылады. Олар белгілі бір жүйеде құрылып, оқушылардың әншілік дағдылырының даму екекшелігіне сәйкес қолданылады.

Хорындағы дауыс қыздыру жаттығулары 20‑30 минуттай жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар жаттығулардың барлығын тік тұрып орындау қажет. Олардың әрқайсысы белгілі бір мақсатты қөздеуі шарт. Және де оларды әр сабақ сайын ауыстырып жаңартудың қажеті жоқ, ‑ дейді К. Никольская‑Береговская. Өйткені балалар өзіне таныс әрбір жаттығудың мақсатын, талаптарын біле отырып, оларды одан әрі сапалы, дұрыс орындауға тырысады. Сөйтіп жаттығудың орындалу деңгейі жоғарылай түседі. Жаттығулар жиынтығы музыкалық сауаттылықпен тікелей байланысты болуы қажет. Сонымен қатар жаттығулар берілген шығармаға байланысты таңдалады, көп жағдайда хор жетекшісі сол шығарманың қиын деген жерлерін жаттығу ретінде қолданады.

Жаттығу дегеніміз мақсаттың өзі емес, ол хор дағдыларын жетілдіруші басты құрал екендігін естен шығармау қажет. Осыған қатысты белгілі дирижер‑педагог А.В. Свешников өзінің іс‑тәжірибесімен бөлісе отырып, мынадай кеңес береді: “ хорымен жұмыс жасау кезінде ешбір сүйемелдеусіз, дауысты “а” дыбысын әндету қажет. Өйткені адам өз табиғаты бойынша ешбір кедергісіз, табиғи ашық әндетеді, ал “а” дыбысы әндетуге ең қолайлы, жағымды естілетін дыбыс болып табылады”. Ансамблмен жұмыс жасаудың алғашқы сабақтарынан хор жетекшісі вокалдық техникасы жағынан жаттықтыру үшін, көп жағдайда, 3‑4 тактіден құралатын музыкалық үзінділерді таңдайды немесе өз ойынан құрастырады (кіріспе, динамика, агогика, түрлі штрихтар). Осындай музыкалық мысалдар міндетті түрде белгілі бір мақсат көздейді, мысалы, таза унисонды қалыптастыру немесе дикцияны дамыту. Осыған сәйкес қойылатын талаптар да өзгеріп жатады. Музыкалық мысалдарды хор мүшелері бір не екі дауыста орындауы мүмкін. Бірақ хор сабағында бірізділік принципіне сәйкес қарапайым жаттығуларынан бастап, біртіндеп күрделендіру қажет. Мысалы, алғашқыда “ми” және “соль” дыбыстарын жеке‑жеке унисонмен айтқызу, содан кейін екі дыбысты қосып, терциялық интервалды жасатуға болады.

Жаттығу кезінде музыкалық дыбыстын бірқалыпты шығуына, тыныстын дұрыс алынуына және жуан дауысты дыбыстардың еркін созылып, ал дауыссыз дыбыстардың анық қысқа айтып орындалуына үнемі мән беріп отырған жөн. Әрбір буындағы дауысты дыбыстың дұрыс айтылуын қадағалау керек. Дикцияны жаттықтыру үшін әртүрлі буындарды (ди, да, ри, ра, мо, му т.б.) ақырын және жылдам айтқызу өте -мөте пайдалы. Интонацийның таза болуына ерекше көңіл аударған жөн.

Хор басқарушы бұларды, ен алдымен, қысқа және жеңіл әрі жай айтылатын жаттығулардан бастағаны дұрыс. Себебі, баяу созып айту әншінін өзін бос ұстап, дауыстың еркін шығуына мүмкіндік жасайды. Жаттығуларды бірте-бірте күрделендіріп, әншілердің дауыс аппаратын бір жүйеге келтіру жағынан да унемі қадағалап отыру қажет.

Хорға қатысушы әншілердін, жеке дауыстары жақсы болғанымен, ән айту кезінде тынысты дұрыс ала білмесе хор өзінің мүмкіндіктерін толық көрсете алмайды. Әншінің тынысты дұрыс ала білуі оның әнді орындағанда, қиналмай еркін айтуына көмектеседі, ән айтқанда иықты көтермей демді ішті ұстап тұрып, аз кідіріп барып тыныс алғаннан кейін бірден бастап кету керек.

Мұндай кідіріс әншілердің демін реттеуге және әнді дережердың қолына қарап, бір мезгілде бастауға мүмкіндік береді. Ән айтқанда демді үнемдеп пайдалану керек. Демді дұрыс алудың тәсілін хор жетекшісінің іс жүзінде көрсеткені дұрыс.

Хорға бірінші рет кірген жас әншінің дауыс диапазоны дәл өзінің дауыс партияларына сәйкес үлеспей қалады. Мұның себебі әншілік бағытта жаттықпағаннан болады. сондықтан үйірме бастығы әншілердің дауыстарын жеке байқап дауыс партияларына сәйкес үлестіру жағынан өте сақ болуы керек. Егер де әншілердің дауысы өзінің диапазонына қарай бөлінбесе әншілердің дауыстарын тез бұзып алуы мүмкін. Сондықтан ең алдымен әншілердің дайыстарымен танысып байқап алған жөн. Хорға кірген әншілердің дауыстарын дұрыс айыру үшін үйірме бастығы мүмкіншілігіне әншілермен алдымен біраз жаттығу жұмыстарын жүргізеді.

Алғашқы жаттығу жұмыстарын бүтін, жарты, ширектік ноталарды дыбыстарды, әндетіп айтудан бастау керек. Бұл жаттығу жұмыстары түрліше болуы мүмкін.

Мысалы, дыбыстарды бүтін ноталармен айту, дыбыстарды квинта маңында, гамма бағытымен төменнен жоғары, жоғарыдан төмен қарай айтып жаттығу. Мұнымен қатар дыбыстарды кіші арпеджиомен де айтып жаттығуы керек. Қысқасы үйірме бастығы өзі де ән сала білуі және әншілердің дауыстарын жақсы біліп, оларды өз дауыстарына қарай дауыс партияларына бөле білуі керек. Жаттығуға мынандай мысалдар келтіреміз.

дұрыс айыру үшін үйірме бастығы мүмкіншілігіне әншілермен алдымен біраз жаттығу жұмыстарын жүргізеді.

Алғашқы жаттығу жұмыстарын бүтін, жарты, ширектік ноталарды дыбыстарды, әндетіп айтудан бастау керек. Бұл жаттығу жұмыстары түрліше болуы мүмкін.

Сұрақтар.


  1. Жаттығу дегеніміз не?

  2. Арнайы және қыздыру жаттығуларына мысал келтіріңіз?

  3. Көп дауысты ән айтуға машықтану.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Димитривский Г.А. Хор және оны басқару. А.1988

  2. Әбеуова К. Хор жүргізу. А. 1993

  3. Хроведение В.И.Красношеков. М. 1969


3 - тақырып: Ән айту қалпы, тыныс алу түрлері

Жоспар:


  1. Ән айту қалпы.

  2. Әншілік тыныс алу.

  3. Тыныс алу түрлеріне сипаттама.

  4. Дыбыстық қалыптастырумен байланысты қабілеттері.

Ән айту қалпы дегеніміз - Әншінің мойын мен бас аумағының дұрыс орналасуы, ол әншінің жақсы ән айтуына көмектеседі.

1- ші тоқталатын сұрақ, бұл, әнші ән айтқан кезде қалай орналасады: әнді тұрып айта ма, әлде отырып айта ма соған байланысты.

Ән айтудың ең кең таралған түрі «тұрып айту». Хордың қатысушылары да концертке дәл осындай қалыпта шығады. Бұл жағдай сонымен қатар дұрыс әншілік қабілеттің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Ән айтушы кеудесін көтеріп түзу тұру керек. Тұратын қалып қалыпты болуы қажет. Басты артқа не қисайтып ұстамай түзу ұстап тұру керек. Бастың түзу болуы гортанның толық еркіндігін және мойынның бұлшық етін қатайтып, дұрыс дыбыс шығаруға әсерін тигізеді. Жалпы алғанда, мұндай жағдайға жету үшін барлық бұлшық еттер бос болу қажет.

Хормейстерлердің айтуы бойынша, хор сабағын «тұрып» жүргізу керек.

Бұл жұмыс күнінен кейін келген қатысушылар үшін өте қиын. Сондықтан да, тәжірибеде хормен ән айту оқытулары отырып жүргізіледі. Бұл жағдайда да мойын мен бастың орналасуы тұрған кездегідей болуы керек. Басшы әншілер аяқтарын алдында тұрған орындыққа салмауын, іштің бұлшық еттерін еркін қозғалтуын қадағалау керек. Әншілердің аяқтары еденде нық орналасуы керек.

II Әншілік тыныс алу.

Демалу ән айту кезінде маңызды мәнге ие болады. Ол дыбыстың қайнар көзі, және ән айту сапасын вокальды - техникалық және көркемдік жағынан жақсартуға көмектеседі.

Әншілік демалу қарапайым белгіден өзгешеленеді. Солайша демді ішке алу және дем шығару біздің еркімізден тәуелсіз болады. Ал әншілік демалуда ол реттеліп отырады. Ішкі демалу көлемі бойынша әншілік демалудың ауасы қалыпты түрде жай орындайды.

Әншілік демалу кеуделік клетка және ішпен шығып отырады. Әншілік демалудың негізгі түрлері кеуделік және кеудебрюшорлық кеуделік демалуда орта және төменгі аумағында кеуделік клеткалар кенейеді. Кеуде брюшорлық демалуда кеуделік клетка алдыға көтеріліп, іштін алдынғы бөлігі қозғалады.

Кеуде мүшелері ән айту мақсаты үшін үздік болып табылады. Ол жақсы сапалы дыбыс шығару үшін қолданылады. Жеке тұлғалық хорда кеуде клеткасының жоғарғы бөлігі және тікті иықты жоғары көтерілетінің айтады. Мұндай тыныс алу түрлері өз еркіменен болмайды, сондықтан жоғары кеуде клеткасына күш түсіреді. Әншінің дауысын тез жоғалтады және дыбыс сапасына әсер етеді.

Ән айту кезінде ауа қалай жұту керек, ауыз және танау арқылы гегеналық көзқарас бойынша танаумен тыныс алу дұрыс болып табылады. Мұндай тыныс алуда танаудың жұқа қабатынан өткен ауа оны жұмсартады, ауызбен тыныс алғанда ауыздың сілекей қабатшасы және гортаны тамақта прешение тудырады және жөтел пайда болады. Ән айтуда танаумен демалу барлық кезде мүмкін бола бермейді, ол біршама уақытты талап етеді, оны қолдану тек ән айтудың алдында ғана және баяу темпті шығармаларды айтқан кездегі үзілісте ғана мүмкін болады. тәрбиешінің көрсетуі бойынша әншілік мақсаты үшін ауызбен танаудан бір мезгілде қолайлы болмақ. Демді ішке тартуға кеткен уақыт шығарманың темпіне байланысты. Баяу темпті шығарманы орындағанда жылдам темпіден қарағанда көп уақыт кетеді. Демді ішке тартудың бұл принципті барлық хордың тату және бірмезгілдік қойылымын қамтамасыз етеді. Бейнелеген қабылдау хор толық тактімен айта бастағанда болады демді ішке тартуға бірінші дыбыс қанша созылса, сонша уақыт кетеді. Демді ішке тарту қалыпты және баяу типті шығарманы орындау кезінде толық болса, жылдам темпті шығарманы орындағанда қысқа және толқыныс болады. жеке тұлғалық хорда демді ішке тарту шумен жиі бақыланады. Демді ішке алу қысқа болса шу қаттырақ болады. бұл әншінің нағыз қабілетінің жоқтығын білдіреді. өзінің қор ұжымын шусыз талғамға сәйкес тендіру қажет. Әншілік тыныс алу кәдімгі тынас алудан көп өзгешілікке ие әнші көп ауа жұтса өзіне көп күш түсіреді және бұл дыбыстың сапасына әсер етеді және қате интонацияға әкеліп соғады. Жұтылған ауаның көлемі әр жеке оқиғада өзгеше болуы керек. Жиналған ауа музыкалық фразаның ұзақтығына әсер етеді, музыкалық фраза ұзақ болған сайын көп ауа жұту керек. Хорда музыкалық фразада бір рет демалу жетпей қалатын кездер болады. Музыкалық фразаның ұзақтығына әсер етеді. Музыкалық фраза ұзақ болған сайын көп ауа жұту керек. Музыкалық фразадан бір рет демалу жетпей қалатын кезде болады. музыкалық фразаны жоғары регистерде орындай демалуға байланысты. Егер хор партиясының барлық әншісі бір уақытта дем алса, олар кезек – кезек тыныс алу керек. Тәжірибеде мұндай дем алу кезектік немесе септік деп аталады. Әнші өзінің партиясына абай болу керек және ол жалпы дыбысталуды бұзбау керек әншінің демалысы барлық кезде белсенді болуы қажет. Солғын дыбыс алу болдырмау керек, ол дыбыс сапасын нашарлатады, ән айту үшін тыныс алудың және демді ішке тартудың құрылымы маңызды.

Сапалы әншілік дыбысты қалыптастыру үшін тыныс алудың біркелкілігі және оны үнемді түрде шығару болып табылады. Ауаны өкпеден шығарып және ол үздіксіз болуы қажет, бұл міндетті шешудің жақсы жолы ол демді ішкі тартқан кездегі, мұны тыныс алу кезіндегідей сақтап қалу керек.

III Дыбысты қалаптастыру мен байланысты қабілеттер.

Хордың басшысының ұжым мүшелерімен вокальдық жұмысында бірінші кезектегі міндеті әншілердің әнді ешқандай айғай-шусыз айтуын қадағалау. Айғай-шуды ән деп есептейтіндер өте қатты қателеседі. Айғай мен ән айту дауыстың табиғи тембрін бұзып, хордың екпіндік дыбысталуына және орындаудың мәнерлілігіне кері әсерін тигізеді. Одан өзге, ол әншілердің даусына зиянын тигізеді. Хор басшысы әншілердің форсировкасыз ән айтуын қадағалау керек. Дауыстарды дұрыс құрастыру вокальдық мәдениетті қалыптастырады және дауыстылардың дұрыс құрылмауының себебі хордың дыбысталуының кейіпсіздігі. Дауыстылардың сапасы ауыздың ашылуы және тілдің ауызда орналасуына байланысты. Хор басшысы өз әншілеріне ауыздың қозғалысын жақсарту қабілетін үйрету қажет. Ән айтушының тілі аузында төменгі тістің алдыңғы түбірлеріне жабысып, ауызда тегіс түрде орналасу керек. Ол жұмсақ болу керек және оған ешқандай күш түспеуі қажет. Тілдің мұндай жағдайы әншінің гортаннына қолайлы жағдай тудырады.

Ән айтудағы дауыстылар тіпті сөзде де қалыптасу керек. Ән айтуда оларды жасырын негізде қалыптастыру қажет. Дыбыстың жасырынуы, оның кейбір айналымына байланысты. Ол бастық резонаторда пайдалануды бағыттайды. Дыбыстың аймағы және дауыстылардың бірдей талғамы әр хор партиясының бір тембрлік дыбыстауында дауыстарды қамтамасыз етеді. Хордың әншісі жүзулік ән айту қабілетіне ие болу керек. Дауыстың дірілі- бұл үлкен вокальдық кемшілік, тремоляция өзіндік бөлек дауыс. Жаңа бастап жүрген жас әншілер көп жағдайдағы тремолияция нашар орындауында.

Хордың мүшелерінің дыбысты дұрыс ести білуіне үлкен мән берілді. Олардың дыбыс сапасының қабілеттігін дамыту керек. Мұндай қабілеттілік «вокальды есту» деп аталады. Вокальдық музыкалық қабілет әнші үшін үлкен мәнге ие. Дамытушылық вокальдық музыкалық қабілет хор әншісінің нашар дыбыстан жақсы дыбысты айыруға мүмкіндік береді, бұл вокальді мәдениетке ие болудың шарты. Сондықтан да хор басшысы ұжым мүшелерінің музыкалық қабілетін жақсарту керек. Егер хор басшысы жақсы қабілетке ие болса, ол өз дауысы мен сол фразаны не дыбысты көрсету керек.

Әншілік қабілет дыбыс қалыптасуға, дикцияға байланысты. Дикция бұл вокалды техникалық қабілет ол хор әншілеріне сөзді түсінікті айтып, тыңдармандарға орындалатын шығарманың әдеби текстін жеткізу үшін қажет.

Ән айту дауысты дыбыста негізгі болып табылады.

Сұрақтары:


    1. Ән айту қалпы дегеніміз не?

    2. Әншілік тыныс алуға сипаттама беріңіз?

    3. Дыбысты қалыптастырумен байланысты қабілеттер жайлы мағлұмат беріңіз?

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Музыка әлемі 2008 №1

  2. Әсембекова Хорға арналған шығармалардың кейбір ерекшеліктері.

  3. Дмитриевский Г.А. Хор және оны басқару. А.1998.

  4. Әбеуова Хор және оны басқару. А. 1997


4,5,6,7-тақырыптар: Дауыс аппараттарын қыздыру жаттығулары.

Legato, non legatoлық жаттығулар. Стаккаттолық, моркатталық жаттығулар. Гармониялық жаттығулар аккордтары.

Жоспар:


    1. Дауыс аппараттарын қыздыру жаттығулары.

    2. Legato, non legatoлық жаттығулар.

3. Стаккаттолық, моркатталық жаттығулар.

4. Гармониялық жаттығулар аккордтары.

Жаттығу-дайындық жұмысының ең бастапқы бөлімі болып саналады. Оларды атқару қызметіне байланысты үш топқа бөліп қарастырамыз:


  1. дауыс шымылдығын қыздыру;

  2. түрлі вокалдық дағдыларды игеру және шеберлкті шыңдау;

  3. жатталатын шығармадағы қиындақтардың алдын алу және қателіктерді түзеу;

Солардың ішіндегі дауыс шымылдығын қыздыру түрі қарапайымнан күрделендіре түсу принципіне негізделеді, яғни жаттығудың оңай түрінен бастап, біртіндеп күрделендіріп, көлемін ұлғайтып, дыбыс күшін өсіріп, түрлі нюанстерді еңгіземіз. Сонымен қатар жаттығулардың көмегімен дауыстың жылдамдығын, жүрдектілігін арттыру арқылы дыбыс қатарларын тегістеп, жоғарғы резанаторларды пайдалану әдісін меңгеруге жағдай жасалынады.

Ал орындалатын шығармаға байланысты жаттығулар әуендік, гармониялық ырғақтық деп ажыратылады. Осы тұрғыда хор жетекшесінің дұрыс бағыт бере отырып, жүйелі жүргізген жаттығулар оқушыларға музыкалық теория мен хор үнділігінің элемент терін меңгеруге, кәсіби дәрежесін өсіруге бірден‑бір ықпалын тигізеді.

К.Никольская‑Береговская “Начальный этап обучения пению в хоре старшеклассников” атты мақаласында тікелей хор сабағында қолданылатын вокалдық жаттығуларға қатысты қойылатын талаптарды жан‑жақты қарастырады:

1) жаттығуларды қарастыратын шығармаға сәйкес таңдау қажет, яғни жаттығулар вокалдық‑ хор міндеттерін көздеуі шарт.Сонымен қатар арнайы хор дағдыларын дамытуға, таза интонациялауға негізделген ( унисонды, терцияны әндету) жаттығуларды міндетті түрде қолдану қажет.

2) жаттығулар оқушылардың вокалдық хор дағдыларын одан әрі жетілдіре алатындай, талап‑ міндеттерді күрделендіре түсетіндей дәрежеде болуы қажет, яғни бірізділік принципіне сәйкес құрылады.

3) жаттығулар оқушылардың мүмкіндігіне, дайындық дәрежесіне сәйкес келуі қажет.

4) жаттығуларды оқушыларға ыңғайлы примарлық (еркін сөйлеудің аумағы) зонада айтқызу қажет. Бірақ оқушылардың диапазонын ұлғайту үшін жаттығу диапазонын біртіндеп кеңейтеміз.

5) жаттығуларды сүйемелдеусіз орындатуға тырысу қажет.

6) жаттығуларды таңдау кезінде “қарама‑ қайшылық” принципін ескеру қажет. Мысалы, қарама‑ қарсы нюанстерді салыстыруға негізделген жаттығулар ( легато мен стаккато) немесе гамманы төменнен жоғары, жоғарыдан төмен әндету.

Вокалдық жаттығуларды таңдаудың өзі екі принципке негізделеді:

1) дауыс аппаратын психологиялық және физиологиялық тұрғыдан жұмыс үрдісіне даярлау, біртіндеп қыздыру;

2) вокалдық хор дағдыларын дамыту, мәдениетті және көркем дыбыстау мәнерін қалыптастыру.

Дауысты жатықтыру кезінде үн диапазондарының орталық тұстарынан бастаған жөн. Жоғары немесе төмен ноталардан аулақ болған абзал. Өйткені төменгі және жоғарғы регистрлер дауысты қажытады, қысым түсіреді. Алғашқы кезеңде өтпелі ноталарды талап етпейтін жаттығулардан, яғни орта регистрден бастау қажет. Мысалы, жоғары және төмен бағытта хроматизмді , яғни жарты тон бойынша жылжуды ұсынуға болады.

Ән айтудың негізін дауысты дыбыстар құрайды. Оларды хорда орындау оқушылар үшін қиындық келтіреді, өйткені хор өнері дауысты дыбыстарды “академиялық” мәнерінде, яғни көмкеру арқылы әдемі, мәдениетті етіп орындауды талап етеді. Сондықтан да хор жетекшісі дауыс қыздыру кезінде дауысты дыбыстарға байланысты арнайы жаттығуларды жасатуы қажет. Жаттығу кезінде дауыстыларды дауыссыздармен біріктіріп, буын түрінде немесе өздерін жалаң айтып дағдыландыруға болады. Әрбір жаттығуға нақтылы мақсат қойылып, ол қандай да болмасын белгілі бір кемшілікті жоюға негізделуі керек, тек сонда ғана олардың пайдасы тиеді.

Вокалды хор дикциясында кейбір езулік дыбыстар “ашық” деп аталады. Оларға “а”, “ә”, “е”, “и”, “і”, “я” жатады. Бұл дыбыстарды әнде жабыңқырап, яғни ерінді шеңберлей жинақылап айтуы тиіс. Ол үшін ашық дыбыстарды еріндік дауысты дыбыстарына жуықтап айту қажет. Осылайша хор шығармасында барлық дауысты дыбыстарды бірыңғай желіні сақтап орындау‑ ерінді көбіне жинақы ұстап, олардың формасын бей‑берекет өзгерте бермеуін қадағалауға байланысты. Бұл әрине, көп жаттығудың нәтижесінде пайда болатын дағды.

Әртүрлі дауысты дыбыстарды бірыңғай вокалдық желіні сақтап айту үшін қолданылатын жаттығудың бірі: ма‑ме‑ми‑мо‑му немесе да‑де‑ди‑до‑ду буындарын бір нота биіктігінде әндету. Мақсаты: вокалдық позицияны қалыптастыра отырып, унисондық дыбысталуды дамыту.

Мұндай жаттығуларды әннен де келтіруге болады, яғни шығарманың бір үзіндісін жаттығу ретінде қолдану. Хор жетекшісі ұзақ ноталарды әндеткенде, сол ноталарға тура келіп тұрған дауысты дыбыстарды аяғына дейін, өзінің негізгі үн сапасын жоймай, басқа дыбысқа өңін айналдырып жібермеуін қадағалаған жөн. Ол үшін сол дауыстыларға тән ерін формасын аяғына дейін сақтау қажет.

Кенеттен жасалынатын нюанстер (subito forte, subito piano) бір үлеске ертерек көрсетіледі. Ал legato‑ны (дыбыстарды өзара байланыстырушы белгі) көрсетуде білезік буындары маңызды рөл атқарады.

Жалпы легато мен стаккато қимылдары технологиясының едәуір айырмашылықтары бар, яғни легатода негізгі ролді ішкі үлестік қозғалыс алады және нүктелері жұмсартылған, ал стакккатода керісінше, ішкі үлестік қимыл қысқартылған, нүктелері өте белсенді, серпінді болып келеді.

Осылайша стаккатоны жүргізу барысында легатоға қарағанда басқаша қол қимылдар қолданылады: бұл штрих өте қысқа дем алғанды, белсендірек, өте өткір нүктені және азғантай қол қозғалысының көлемін талап етеді. Осыдан барып қолдардың позициясы да дирижерлаудың әдеттегі қол қимылының орнынан сәл жоғарырақ болуы мүмкін, ал қол қоспасына аздап түсірілген шынашақ тірек болады. Қол қоспасы білекпен бірге қысқа екпіндер тастауға мүмкіндік бере сәл көтеріледі. Стаккато мен легато штрихтарын орындау барысында “дирижерлық нүктелер” екі жағдай да саусақтың ұшымен немесе бүкіл қол қоспасымен орындалса да, олар сапасы жағынан әр түрлі сипатта беріледі (ал легатода сонымен қатар барлық қолмен беріледі). Бірақ легатоның нүктелері жұмсақ, жабысқақ болады.

Сұрақтар:


  1. Жаттығулар неше топқа бөлінеді?

  2. Штрихқа байланысты жасалатын жаттығуларды ата?

  3. Гармониялық жаттығулардың хорда алатын орны жайлы айтып бер?

Қолданылған әдебиеттер:

    1. Димитривский Г.А. Хор және оны басқару. А.1988

    2. Әбеуова К. Хор жүргізу. А. 1993

    3. Хроведение В.И.Красношеков. М. 1969


жүктеу 1,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау