330
басты назарда ұстайтыны - білім жетілдіру, өзін-өзі дамыту жұмыстары
болып табылады.
Білім берудің әлемдік көшінен қалыс қалмау мақсатында, «...Мұғалім
- тек білім беруші ғана емес, баланы өмір сүруге үйретуші» - деген, Жүсіпбек
атамыздың даналық сөзін ұран етіп, 3-деңгейлік курсты тәмамдаған
Нұрғали Асанұлы, Әсем Жанатқызы, Кәмшат Мәлікқызы, Жанар Қасиетқызы
– сынды 9стаздар - шеберлік сабақтар өткізудің майталмандары.
Білім атты кеннің жауһарын жиюда тәрбие кемесінің желкенін жетістікке
бұрған, аталмыш ұстаздардың еңбегі ұшан-теңіз. Заман талабына сай
ақпараттық желіде гимназияішілік шығармашыл ұстаздардың қоғамдастығы
құрылған. Ақпараттар, хабарландыру, жаңалықтар, жетістіктер желі арқылы
қолжетімді әрі жедел түрде таратылуда. Сіздер аталмыш деңгейлік курсты
бітірген ұстаздарымыздың соңғы 3 жылда жинаған электрондық қорын
мониторингін арқылы көріп отырсыздар.
331
Шеберлік сабақтар, Лессон стади, оқушылардың шығармашылық
жұмыстары, ұстаздардың шығармашылық жұмыстарының қоры, әдіс-
тәсілдер копилкасы, сергіту сәттерінің қоры - жыл сайын жинақталып,
кемелдене түсуде.
«Жақсы мұғалім мектепке жан бітіреді» деген Ахмет атамыздың даналық
сөзін ұстанып, ІІ екінші деңгейлік курсты бітірген ұстаздарымыз - Сафура
Сәлімбайқызы, Зухра Назарқызы, Сәуле Амангелдіқызы, Жанар Ерденқызы
– іскер коучтар, білімді тәлімгерлер, тамаша ұйымдастырушылар мен
үйлестірушілер.
332
333
Гимназияішілік қана емес, аудан, қала, республикалық деңгейде коучинг
сабақтар өтікізіп, қоғамдастықта, әріптестіктік ынтымақтастықта жұмыс
жасап келеді.
Коучинг
сабақтар, тәлімгерлік жұмыстар, оқушылардың мен
ұстаздардың шығармашылық жұмыстары, әдіс-тәсілдер копилкасы, сергіту
сәттерінің қоры, өткізген сабақтары бойынша орта және қысқа мерзімді
жоспарлардың электронды қоры жинақталған. Жыл сайынғы өсу
динамикасы көріп отырсыздар.
«Тәжірибе мен бақылау - әрбір адамға ашылған ақылдың көзі» деген екен
ғұламалар. Заман талабына сай, оқи жүріп іздену, өзін-өзі бақылау – қазіргі
білім беру жүйесінің бөлінбес бөлшегі. Осы мақсатта 1- деңгейлік курсты
Базаркүл Кемелбайқызы, Айкүміс Сайлауханқызы, Ажар Хамзақызы, Ләйла
Өмірзаққызы, Жазира Еділқызы, Айгүл Елжасқызы, Гүлбану Сәрсенбайқызы,
Арай Бақытбекқызы, Жанар Өмірбайқызы, Салтанат Берікқызы тәмамдады.
334
335
Жаңашылдықтың жалынымен жылынып, шығармашылық өрлеудің
шыңына бет түзеген, аталмыш ұстаздар У.Шекспирдің «Пікір күшті болса, іс
те күшті болмақ...» деген даналық сөзін ұстанады.
Берген бағыт-бағдарлары құнды, ұсынған жоспарлары жүйелі, нақты әрі
гимназия мақсатына сай ұстаздарымыздың жұмысындағы өрлеу рейтингісін
көріп отырсыздар.
336
Бұл жаңа форматтағы ұстаздар тобын - тренерлер легі жалғайды.
«Әрекетіміз дұрыс болу үшін оған баратын жолымыз қандай болуы керек
екенін анықтап алуға тиіспіз» деген Әл-Фарабидің даналық сөзін тұмар еткен
тренерлеріміз Базаркүл Кемелбайқызы, Жазира Еділқызы, Айгүл Елжасқызы
- гимназияның талантты ұстаздарын әдістемелік тұрғыда қаруландырып қана
қоймай, дарынды тұлғаны дамытудың жаңаша, тың жоспары арқылы
гимназия ұжымын жетістіктерге бастауда.
«Өмірдің мәңгілік мұғалімі – тәжірибе» деп, Гете айтқандай, тәжірибеге
негізделген тренерлердің гимназияны дамытуға бағыттаған жоспарының
жобасын алдарыңызға ұсынып отырмыз!
Осынау
шығармашыл
ұстаздардың
жаңа
легі
мен
гимназия
оқушыларының, ата-аналардың сұранысы бойынша гимназияішілік
мониторинг жарияланған. Атқарған іс-шаралары мен жұмыс нәтижесіне
337
сай, бағалау критерийлері бекітіліп, кез келген жұмысқа мониторинг
жасалады.
Гимназияішілік жалпы сынып жетекшісінің мониторингін жасау үшін,
мәселенки, қарапайым сынып журналдарының толтырылуына да рейтинг
бекітілген. Сыныбындағы оқушылардың кітап пен дәптерінің тазалығы,
жеке бас гигиенасының талапқа сай болуы, жалпы адами құндылықтарды
бойына сіңіруі мен өзін-өзі басқара білуі, әдебі мен оқушылық құзыретін
ескере отырып жасалған жалпы мониторинг арқылы сынып жетекшісінің
тұлғалық бейнесінің рейтингісі айшықталады.
Осыдан келіп әр оқушының өсуі мен дамуын қадағалайтын жеке
мониторингтер жасалады, қазіргі таңда 1700 оқушының әрбірінің жеке
мониторнгі мен портфолиосы бар. Оқушы мен ұстаз арасындағы алтын көпір
– ата-аналар жиналысына ата-аналардың қатысу рейтингісі де жасалып
отырады.
Жалпы, ата-аналар жиналысының жаңа форматта өтуі – гимназияішілік
жоспардың күн тәртібінен түспейді. «Ата-ана – ұстаз-оқушы» үштігі
жиналыстарды дауыс беру, керібайланыс арқылы бағалап отырады.
Сондай-ақ, «Ата-ана – ұстаз-оқушы» үштігінің үлгілі, үздік жобасы ретінде
гимназия ішінде тұсау кесілген «Ашық сабақтар керуені жобасына»
тоқталып өтейік.
Педагогикалық менеджментті барынша шынайы әрі жаңаша бағытта
жүргізуді мақсат тұтқан жобаның ерекшелігіне тоқталар болсақ:
Достарыңызбен бөлісу: |