323
Мәтіннің негізгі ойын қалай анықтаймын?
Мәтіннің негізгі ойын анықтау үшін көп нәрсені білу шарт емес, тек
мәтінді оқу барысында қойылатын бірнеше сұрақтарды есте сақтау
керек.
«Мәтін авторын не қызықтырады?» деген сұрақ арқылы алдымен мәтін
тақырыбын, сонан соң автордың өз алдына қандай міндет қойғанын
анықтап алыңыз.
«Автор таңдаған тақырыбы арқылы не айтқысы келді?» деген сұраққа
жауап іздеп көріңіз. Автор белгілі бір мәлімет бергісі келді ме, қандай
да бір мәселеге байланысты өзінің көзқарасын жеткізгісі келді ме, әлде
өзекті мәселеге баса назар аудартқысы келді ме?
Автордың дүнтетанымына, қабылдау ерекшелігіне назар аударыңыз.
Ол қандай тәсілмен заттарды, құбылыстарды бағалайды, қандай
тәсілмен оқырманның назарын соларға аударады? Авторлық ұстанымы
бар проблемалар ауқымы – мәтіннің негізгі мақсаты мен идеясы болып
табылады.
«Неге автор дәл солай ойлайды?» деген сұраққа жауап беріңіз. Өзінің
ұстанымы мен көзқарасының дұрыстығын негіздеу үшін қандай
дәлелдер қолданған? Мәтінді оқу барысында сөйлемдердегі негізгі
сөздерге назар аударыңыз. Осылайша, негізгі ойды анықтау оңайға
түседі.
Соңында, автор қандай тұжырымдар жасайтынын анықтаңыз. Мәтіннің
негізгі ойы автордың қорытындысы түрінде жиектеліп, оқырманға
ұсынылуы мүмкін.
Мәтіннен өзіңізге керек нәрсені емес, автордың шығарманы жазудағы
негізгі мақсаты мен түпкі мұратына назар салып оқыңыз. Сонда
мәтіннің негізгі ойын анықтау оңай болады.
Мәтін стильдері деген не?
324
Стиль – сөйлеушінің (жазушының) белгілі бір тақырыпқа қатысты сөз
саптауы немесе лебіздің тілдесу үстінде сөйлеуші қойған коммуникативтік
мақсатқа лайық құрылған түрі.
Мәтін стильдері дегеніміз – қаламгердің жазу мәнері, мәтінді оқырманға
жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануы, ой түйінін ашу
тәсілі.
Қазақ әдеби тілінің бес түрлі стильдік тармақтары қалыптасып сараланған:
білім мен ғылым саласында – ғылыми стиль, құқықтық салады – ресми іс-
қағаздар стилі, әдебиет пен өнерде – көркем әдебиет стилі, бұқаралық
ақпарат саласында – публицистикалық стиль, тұрмыстық қарым-қатынаста –
сөйлеу тілі стилі.
Мәтін түрлері
Кейде бір мәтінде мәтіннің бірнеше түрі кездесуі мүмкін. Мысалы, әңгімелеу,
пайымдау, суреттеу мәтіндері бірнеше абзацтан тұратын мәтінде кездесе
алады. Сол себепті мәтіннің бұл үш түріне байланысты сұрақтар тек қысқа
мәтіндер немесе мәтіннің белгілі бір азатжолына қатысты сұралады.
Бұдан бөлек мәтіннің қызметі жағынан екі түрі бар: ауызша және жазбаша.
Жазба мәтіндерді екі топқа бөлуге болады: көркем әдеби мәтіндер және
ақпараттық-танымдық мәтіндер.
Көркем әдеби мәтіндер 2 түрлі:
1) Ақынның жан тебірентетін өлеңдері (лирика, ода, элегия, баллада, сонет).
2) Оқиғасы бар әңгіме, дастан, мысал, романдар, халық ауыз әдебиетінің
үлгілері (жар-жар, айтыс, жұмбақ, жаңылтпаш) және сахна қойылымдарының
мәтіндері (комедия, трагедия, драма)
Ақпараттық-танымдық мәтіндерге 5 түрлі білім беруші мәтіндер жатады:
1) Ғылыми мәтіндер: монография, реферат, анықтама, нұсқаулық, т.б.
2) Публицистикалық мәтіндер: мақала, интервью, сұхбат, сын, т.б.
3) Тарихи мәтіндер: тарихи мақалалар, ізденістер, зерттеулер, т.б.
4) Биографиялық мәтіндер: естелік, очерк, күнделік, хат, биография, т.б.
5) Философиялық мәтіндер: қанатты сөздер, ғибратты әңгімелер, ойлар, т.б.
325
Мәтін үлгілері
Оқу сауаттылығы пәнінде сіз оқып отырған мәтіннің қолдану аясы жағынан
қай түрге жататынын, қандай үлгіде жазылғанын анықтауыңыз қажет.
1. Жарнама, Танымалдығын арттыру, жұрт назарына ілігу мақсатында
біреу немесе бір нәрсе туралы таратылған мәліметтер. Мысалы: ұялы
телефонның жарнамасы.
2. Хабарлама. Құлақтандыру ретінде хабарландырулар.
3. Мәлімдеме. Белгілі бір оқиға туралы ресми хабарлама.
4. Өсиетнама. Жасы үлкен немесе парасатты, білімді , тәжірибелі адам
тарапынан өзінен кейінгілерге, жасы кішілерге айтылатын ақыл, кеңес,
ғибрат, үлгі, өнеге.
5. Мақала. Белгілі бір газетте, журналда, жарияланатын ғылыми,
публицистикалық, көлемі шағын шығарма.
6. Хат. Біреуге немесе бір мекемеге хабар жіберу үшін жазылып қойылған
не жөнелтілген мәтін.
7. Ақпарат. Бір зат не құбылыс жайлы дерек, хабар, мәлімет. Мысалы, кез
келген техникалық затты қолдану, қауіпсіздік ережелері туралы
нұсқаулық.
8. Аңыз. Өмірде болған адамдарды, тарихи тұлғалардың бастан
кешкендері туралы ел аузындағы әңгіме.
9. Шешендік сөз. Қазақ ауыз әдебиетіндегі әрі көркем, әрі шағын
дидактикалық жанр; ғибраттылық мәні, өнегелі ой-тұжырымы бар,
айрықша тапқырлық танытатын нақыл сөз.
10. Эссе. Әдеби, философиялық, әлеуметтік және басқа да тақырыпта еркін
түрде жазылған жүйеге салынбаған, ғылыми емес очерк.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.һttp://strategy2050.kz/book/post/id/52/ «PISA Халықаралық зерттеуі»
Әдістемелік құрал-Астана :ҰББСБО,2013.
2.Оқу сауаттылығы .Алматы: «EduCon»Education Consulting , 2017 ж. 1-
кітап
326
3.Оқу сауаттылығы .Алматы: «EduCon»Education Consulting , 2017 ж. 2-
кітап
4.Оқу сауаттылығы .Алматы: «EduCon»Education Consulting , 2017 ж. 3-
кітап
5.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна
Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.
ISBN 9965-26-096-6
№140 ГИМНАЗИЯ: БАСҚАРУ МЕНЕДЖМЕНТІ
Темурбаева Сафура Сәлімгерейқызы
директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
М.Мақатаев атындағы №140 гимназия,
Алматы қ.
Түйін
«140 гимназия: басқару менеджменті» тақырыбындағы баяндамада
гимназияда атқарылған жаңа форматтағы шаралар жайлы мәлімет беріледі.
Жаңаша басқару менеджментінің білім сапасын арттыру мен дарынды
балаларды дамытуға ықпалына тоқталады.
Автор «Ұстаз-Оқушы-Ата-ана» үшітігі жұмысының жаңаша білім беруге
әсеріне тоқталады. Ұстаздардың және оқушылардың шығармашылық
ізденістері мен гимназияның іс-тәжірибесімен бөліседі.
Резюме
В докладе на тему «140 гимназия: менеджмент управления» даются
сведения о проделанных мерах по новому формату в гимназии.
Делается акцент на менеджмент нового управления по повышению
качество знания и развитию одаренных детей.
Достарыңызбен бөлісу: |