327
Автор уделяет особое внимание на работу тройки «Учитель-Ученик-
Родитель» по новому образцу преподавания. Делиться творческими
навыками учителей и учеников, а также опытом гимназии.
Summary
The report on «140 gymnasium: management of management» gives
information about the measures taken on the new format in the gymnasium.
The emphasis is placed on the management of the new management to
improve the quality of knowledge and the development of gifted children.
The author pays special attention to the work of the troika "Teacher-Student-
Parent" on a new model of teaching. Sharing the creative skills of teachers and
students, as well as the experience of the gymnasium.
Мектеп
–
жан-жақты
дамыған,
бәсекеге
қабілетті
тұлғаны
қалыптастыратын білім ордасы. Сондай білім мекемелерінің бірі - Алматы
қаласындағы М.Мақатаев атындағы №140 гимназия. Гимназия басқару
менеджментінің ұраны ретінде: «Әрбір бала – бір жұлдыз, жарқырауына
жәрдем бер!» деген даналық сөзді ұстанады. Сапалы білім берумен қатар,
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу, дамыту мақсатында «Театр
өнері», «Хор», «Вокал», «Шахмат», «Домбыра», «Хореография», «Ғарышқа
ұшу әліппесі», «Домбыра», «Фотостудия», «Сәндік қолданбалы өнер»
үйірмелері жұмыс жасайды. Шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында
«Алло, біз таланттарды іздейміз!», «Талантыммен тамсандырамын», «Әрбір
бала – бір жұлдыз» тақырыбында байқаулар ұйымдастырылады.
Гимназия шәкірттері - халықаралық, қалалық, аудандық спорттық
жарыстардың, еркін күрестен, грек-рим күресінен, таэквандодан, дзюдодан
бірнеше дүркін жеңімпаздары. «Вокал» номинациясы бойынша гимназия
оқушылары Ұзақбай Жалғас, Тастыбай Арай, Байсұлтанов Алихан,
Жақсыбай Әлішер, Донов Елдос, Болсанбек Дария - ҚР кино және музыка
өнерінде алдыңғы буын аға-әпкелерінің қатарында жүрген жас өнерпаздар,
328
Мұқағали Мақатаев атындағы стипендия иегерлері, қалалық «Үздік оқушы»,
республикалық «Звездный талант-жұлдызды талант», республикалық
«Айгөлек», «Жырлайды жүрек», «Балдаурен», «Золотой микрофон»,
«Ғұмырдария» байқауының, «Асыл мұра», «Ақ көгершін», «Таланттарды
іздейміз», «Күн шуақ» фестивалінің, «Көркем гимнастика», отбасылық сайыс
байқауларының жеңімпаздары.
Жыл сайын Алматы шаһарындағы дарынды оқушыларды «Үркер»
төсбелгісімен марапаттау рәсімі өтіп отырады. Төсбелгіге ие болу құрметі
республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар
конкурстарының
жеңімпаздарына
бұйырады.
Біздің
гимназияның
оқушылары да бірнеше жыл қатарынан «Үркер» төсбелгісінің иегерлері
атанып жүр.
Жалпы, тәрбие жұмыстарын басқару менджментіне сай мониторинг
үлгісінде бақылау басшылыққа алынған. Осы орайда, сынып жетекшілерінің
жеке мониторингі, сыныптағы әр оқушының жеке мониторингі жасалады.
Сынып жетекшісінің мониторингі жасау үшін жалпы гимназияның
әлеуетіне сай мониторинг жасалады. Соңғы үш жылдағы жетістіктерді
негізге ала отырып, қазіргі таңдағы гимназия шәкірттерінің табыс
критерийінің 70% үлескіге, ал ұстаздардың табыс критерийі 80% үлескіге
жеткендігін мақтанышпен айта аламыз.
30-дан астам «Үркер» төсбелгісі иегерлері - республикалық, халықаралық
ғылыми жоба, олимпиадалардың жүлдегерлері атанса, 150-ден астам шәкірт
ән байқауларының, 305 шәкірт би байқауларының, 110 шәкірт көркемсөз
байқауларының, 250 шәкірт күй байқауларының, 20 шәкірт шахмат
байқауларының, 150 оқушы сурет байқауларының 90 оқушы шығармалар
байқауларының жүлдегері атанса, 200-ге тарта шәкірттің мақалалары,
өлеңдері мен ой тоғаулары республикалық басылым бетінде жарық көрді.
Ұстаздар – «Жыл мұғалімі», «Ең үздік сынып жетекші», «Тілдарын»,
«Үздік оқырманы», «Үздік қазақ тілі пәні мұғалімі», «Сөз мерген», «Алтын
көмбе», «Үздік авторлық бағдарлама», «Білгірлер бәйгесі», «Қоғамдық-
329
гуманитарлық пәндердің Үздік ұстазы», «Үздік педагог», «Үздік отбасы»,
«Еңбек жолы» байқауының жүлдегерлері. Сондай-ақ, ҰБТ сарапшысы әрі
құрастырушысы, апелляциялық комиссияның, білім сапасын сырттай
бақылау комиссиясының, оқулықтарды сараптау комиссиясының, Қазақстан
Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшелері, Алматы қаласы
Әкімінің сыйақысының иегерлері. Соңғы 3 жылда ұстаздардың 300-ге жуық,
зерттеу және шығармашылық ізденіс жұмыстары, өлеңдері, ойтолғаулары,
мақалалары республикалық басылымдарда жарық көрді.
Жаңа форматтағы ҰБТ тапсыру нәтижесі бойынша орьа балл - 125
балды құрады. Республика бойынша 139 балл алған Тасан Саят
Елтайұлы да – аталмыш гимназияның 2017 жылғы түлегі.
Гимназия ұстаздары ақынның 85 жылдық мерейтойы қарсаңында
«Мектебім – білім ордасы» кітабын, гимназия оқушыларына арнайы күнделік
шығарды.
«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» -деп, Абай атамыз
айтқандай, гимназия оқушыларына 100 кітап оқу, 100 ән жаттау ұсынылған
себебі, кітап - адамгершіліктің қайнар көзі болса, ән – әдеміліктің,
адамдықтың әліппесі.
«Ұжымдаса білген ұтады» деп бекер айтпаса керек дана халқымыз. Жас
ұстазын жасытпай, ардагер ұстазын қайраттандыра түсетін ұжым –
шығармашылық ұстаздардан құралған. Ұстаздық мамандықты үлгі тұта
жүріп, қала көлемінде 2015 жылы «Үздік білім беру ұйымы» атаған жеңіп
алып, арнайы сыйақымен марапатталдық. Сондай-ақ, республикалық
«Дарынды балаларға арналған Үздік білім беру ұйымы» байқауының 2 –орын
иегері, Алматы қаласы ұстаздары арасында өткен көркемөнерпаздар
байқауының бас жүлдегері. Қол жеткізген толағай табыстар, төккен маңдай
тер мен бірлесе атқарған еңбектің жемісі деп білеміз.
М.Мақатаев
атындағы
№140
гимназия
ұстаздарынан
құралған
3 әдістемелік бірлестік пен 3 кафедраның, сондай-ақ, 59 сыныптың оқу-
тәрбие жұмысына басшылық жасайтын сынып жетекшілер бірлестігінің
Достарыңызбен бөлісу: |