ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет63/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   142

188

Адам  өмірден  рақат,  ләззат  алуды  көздеп  қана  өмір  сүрмейді,  ол  па-

рыз  сезіміне  бола  өмір  сүреді  және  әрекет  етеді.  Рақатшылық  та, 

рақатшылық емес те адамгершіліктің белгісі бола алмайды.

Сонымен, нақты парасат адамға кесімді ұйғарым бойынша жоғары 

білім беруге қабілетті, сол арқылы ол өзінің сезімдік әлеміне (күйзеліс 

әкелетін)  сәйкес  емес,  әлемдік  адамгершілік  заңына  сәйкес  өмір  сүре 

алады.  Канттың  эвдемонизмі

1

  уақытша  ләззат  пен  рақатты  емес,  па-



рызды құп көруге негізделеді. Осындай ұстанымы болғанда ғана адам 

табиғат механизмінен азат тұлға ретінде қалыптасады.

«О, парыз! Сен неткен сәулелі, ұлы сөз едің!» – деп шаттанады Кант. 

Алайда адамға тән сезімдерсіз адамдар арасында өзара нақты қарым-

қатынас  орнамайды.  Біз  біреулерді  жақсы  көреміз,  ал  біреулерді  жек 

көреміз,  біреулерге  сыйластықпен  қараймыз.  Адам  –  робот  емес.  Сол 

себепті тек дерексіз (абстрактілік) теорияларда ғана мораль саласынан 

адамдық сезімдерді алып тастауға болады.



мен не нәрсеге үміттене аламын? Бұл – Канттың кезекті сұрағы. 

Бұл нақты әлемде ешқашанда бірде-бір адам бір ғана парыз идеясына 

бола,  толыққанды  өмір  сүре  алмайды.  Бұны  ойшыл  жақсы  түсінген-

ді.  Тек  транценденттік  шексіздік  аясында  кесімді  ұйғарымның  толық 

іске  асатынына  үміттенуге  болады.  Осыдан  ол  адам  жанының 

ажалсыздығы қажеттігін шығарады.

Құдай  идеясын  айтсақ,  қазір  де,  болашақта  да  оның  бар  екенін 

немесе  жоқ  екенін  ғылыми  жолмен  дәлелдеу  мүмкін  емес.  Бұл  – 

қашанда  ашық  сұрақ.  Алайда  ерік  бостандығы  мен  адам  жанының 

ажалсыздығы үшін қандай да бір онтологиялық, яғни болмыстық негіз 

қажет. Қисынды оймен болса да, адам әлдебір құдіретті күш бар екенін 

мойындауға тиіс. Ал егер солай болса, онда бұл – Құдай, сол себепті 

Ол бар және болуға тиіс. Сондықтан «Мен не нәрсеге үміттене ала-

мын?»  –  деген  сұраққа  Кант:  «Құдайға  деген  сенімге»,  –  деп  жауап 

береді.

«адам  деген  не?»  –  деген  сұраққа  И.Кант  қарама-қайшы  жа-

уап  береді.  Адамдар  табиғатынан  тойымсыз,  сараң,  билікке, 

басымдыққа  ұмтылады,  ештеңенің  парқын  білмейді.  Бірақ,  екінші 

жағынан,  кесімді  ұйғарымға  сәйкес,  адамдар  өздерінің  іс-әрекеттерін 

моральдық  тұрғыдан  түсіндіруге  тырысады.  Адамдар,  бір  жағынан, 

бір-бірінен  алшақтайды,  ал,  екінші  жағынан,  жақындайды,  өйткені 

1

  Эвдемонизм  –  өмір  мақсатын  адамның  бақытқа,  жақсы  тұрмысқа  жетуге  ұмтылуы  деп 



санайтын идеалистік ілім.   


189

өз  қажеттіліктерін  іске  асыра  отырып,  олар  бір-бірлерінен  көмек 

іздеуге  мәжбүр.  Нақты  өмірде  адамдар  арасында  қалыптасатын 

қарама-қайшылықтар,  жалпы  алғанда,  қоғам  тұрғысынан  тарихты 

алға  жылжытады.  Қоғамды  жетілдіру  мүмкіндігіне  қарай,  адамдар 

көбірек  еркіндік  алады  және  сонымен  бірге  қарама-қайшылықтарға 

тап болады. Айтылғандарды қорытындылай келе, И.Кант: «Адам, ша-

масы,  сондай  бір  қисық  тақтайдан  жасалған  болуы  керек:  сүргілей 

берсең, әрине, түзеледі, бірақ мүлтіксіз түзу болып шықпайды», – деп 

тұжырымдайды.

И.Канттың  тарих  философиясында  бүгінгі  күні  де  сабақ  болуға 

лайық  ережелер  бар.  Адамзаттың  тарихы  әлемдік  азаматтық-



құқықтық  ахуал  жағына  қарай  жылжып  келеді,  бірақ  бұл  әлемде 

оған толық қол жеткізу мүмкін емес. Моральдық жетілуге қарағанда, 

сыртқы  материалдық  мәдениет  әлдеқайда  жылдамырақ  дамиды.  Бұл 

адамзатқа үлкен қауіп төндіреді.

И.Кант  әлемді  халықаралық  құқық  емес,  озбырлық  билейтінін 

қынжыла айтады. Кез келген соғыс ең жоғарғы құндылық – Адамды 

жоқ  етеді.  Бір  жердің  шеңберінде  болып  жататын  қақтығыстар  мен 

соғыстарда  бұрынғыдай  адамдар  қырылып  жатқан  бүгінгі  күннің 

адамзаты үшін бұл маңызды емес пе?

Дүниежүзілік-азаматтық  ахуалды  жақындату  үшін,  барлық 

халықаралық-құқықтық 

келісімдерді 

қатаң 

сақтау 


керек, 

мемлекеттердің  бір-бірлерінің  істеріне  араласпау  ұстанымы  мүлтіксіз 

болуға тиіс. Халықтардың сауда-саттық, мәдени байланыстарын жан-

жақты, кеңірек дамыту қажет.

И.Кант неміс философиялық ойының негізін салып берді және әлі 

күнге дейін қазіргі заманғы адамзаттың рухани ахуалына ықпал етіп 

келеді.

6.3. и.Фихтенің субъективтік идеализмі және 

Ф.Шиллингтің объективтік идеализмі

иоганн готлиб Фихте (1762-1814) Йена және Лейпциг университет-

терінде  білім  алған,  бірақ  оның  санасындағы  шынайы  төңкеріс  ол 

Канттың  «Таза  ақылды  сынау»  деген  еңбегін  оқығаннан  кейін  орын 

алды.  Ол  кантшылдыққа  бой  ұрып,  соның  ықпалымен  жазған  өзінің 

алғашқы  «Кез  келген  жаңалықты  сынау  тәжірибесі»  деген  жұмысын 

алып, тікелей Кантқа барады. Оған Фихте де, оның еңбегі де жағымды 

әсер  етеді,  сол  себепті  ойшыл  бір  баспагерді  Фихтенің  мақаласын 



190

автордың  аты-жөнін  көрсетпей  басуға  көндіреді.  Ол  басылып 

шыққаннан  кейін,  жұрт  оны  Канттың  жазғаны  деп  ойлаған.  Мақтау 

пікірлерде шек болмады. Содан кейін ғана оқырмандарға шынайы ав-

тор таныстырылды. Фихтенің ұлы даңқы осылай басталды.

Фихте өзінің басты еңбегі – «жалпы ғылым ілімінің негіздерін» 

1794  жылы  жарыққа  шығарды.  Бірақ,  одан  өзге,  оның  философиялық 

идеялары:  «Теориялық  қабілеттілікке  қатысты  ғылым  ілімінің 

ерекшеліктері  туралы  очерк»  (1795),  «Жаңа  философияның  шынайы 

мәні  туралы  бұқара  жұртшылыққа  күндей  жарық  хабарлама»  (1800) 

т.с.с. шығармаларында көрініс тапқан.

Фихтенің философиялық ұстанымдарының қалыптасуына шешуші 

ықпал  еткен  екі  нәрсе  болды:  біріншіден,  неміс  халқын  Наполе-

он  үстемдігінен  азат  ету,  және,  екіншіден,  іріп-шіріген  феодалдық 

тәртіптің  қалдықтарын  жою.  Тұлға  сословиелік  тәуелділіктің  қандай 

да бір формаларына байланыссыз толық азаттықты сезінуі үшін, адам-

дарды ояту, олардың қоғамдық белсенділігін арттыру қажет.

Фихтенің адамзат белсенділігінің философиясын құруына осы се-

беп болды. Егер Кант адамның танымдағы белсенділігін негіздесе, ал 

Фихте, бәрінен бұрын, қоғамдық-саяси белсенділікті талап етеді. Неміс 

халқына қаратып, ол: «әрекет ет, әрекет ет, тағы да әрекет ет!» деген 

ұран ұсынады. Біздің білетініміздей, Ленин өз ойының желісі бойын-

ша  Фихтеге  жақын  болған  және  ол  Ресейдегі  революцияның  жеңісі-

нен кейін: «Оқы, оқы және оқы!» деген ұран жариялаған. Біздің ойы-

мызша, бұл ұрандар бүгінгі күні де маңыздылығын жойған жоқ.

Адамның  белсенділігі,  Фихтенің  пікірінше,  өзінің  терең  тамыр-

ларымен  Әлемнің  негізін  құрайтын  әлеуетті  рухани  күшке  барып 

тіреледі. Олай болса, оны табу керек.

Фихтеше, ондай бастау – шексіз-шекарасыз, таза, азат, өмірлік күш-

қуаты  мол,  рухтың  өз-өзін  танып  білуіне  бағыт  ұстаған  –  «МЕН». 

«МЕН»,  –  деп  жазады  Фихте,  –  өз  ойларында  таза  «МЕН»  дегенге 

сүйеніп, ол туралы зат арқылы анықталған емес, заттарды анықтайтын 

мүлдем дербес нәрсе деп ойлауға тиіс». Демек, рух өзінен материалдық 

дүниені тудыра алады.

Бірақ ол қалай орындалады?

1.  Басында  күші  мығым  «меннің»  ішкі  дүмпуі  нәтижесінде 

«мен – менмін» дегенді түйсінуге жетіп, өзін дәлелдейді.

2.  Содан кейін «мен» өзінен «мен емес» дегенді тудырып, оны 

өзіне қарсы қояды; «Мен емес» кішкентай «мендерден» (санасы бар 

адамдар) және табиғаттан тұрады.




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау