182
ойлаудың баламасы болуға тиіс. Сынның болашағын негізге алып,
Кант әртүрлі салаларда: ғылымда, іс жүзіндегі ұтымдылықта, этика
мен эстетика салаларында әрекет ететін ақыл-ойдың іргелі теориясын
құрды. «Кант – еш күмәнсіз ұлы, дара тұлға, – деп жазды И.В.Гёте
ойшыл туралы. – Соның ілімі ғана кейіннен біздің, немістердің,
мәдениетіне ықпал етуін жалғастырды және бәрінен тереңірек бой-
лады... Бірде-бір ғалым негізін Кант салған сол философиялық ұлы
қозғалысты батылы барып теріске шығара алмады».
Канттың ұлы мұрасын жақсырақ түсініп және бағалау үшін, оның
өмірбаянына көз жүгірткеніміз дұрыс. Кант әлжуаз бала болып өсті.
Орасан күш-жігерінің және өз өмірін қатаң да нық тәртіпке салуының
нәтижесінде ол сексен жасқа жетіп қана қойған жоқ, сонымен қатар
ғылыми ерлік те жасады. Немістің ұлы ақын-жазушысы Г.Гейне
Кантқа өзінің өмірбаяндық тамаша мақалаларының бірін арнап, онда:
«Иммануил Канттың тарихын бейнелеу қиын, өйткені оның өмірі де,
тарихы да болған жоқ. Ол Кенигсбергтің тыныш та оқшау көшесінде
бірқалыпты қарапайым, тіпті бойдақтың жалпылама дейтіндей өмірін
бастан кешті... Сол жердің ғибадатханасындағы үлкен сағат, жерлесі
Иммануил Кантқа қарағанда, өзінің күнделікті сыртқы қызметін
қорқынышсыз және бірқалыпты орындады деп айта алмаймын.
Төсектен тұру, таңертеңгі шай, жазумен айналысу, дәрістер оқу, түскі
ас, серуендеу – осының бәрі белгілі бір уақытта орындалып отыра-
тын және көршілері Иммануил Кант соның құрметіне әлі күнге дейін
«Философтың алаңы» деп аталатын шағын жөке алаңына бет алатын
кезде, уақыттың үш жарымды көрсетіп тұрғанын анық білетін...» – деп
жазды.
1745 жылы жергілікті университетті бітірген соң, И.Кант жараты-
лыстану мәселелерімен айналысып, астроном, физик, географ ретінде
заманының ірі ғалымына айналды. Сол кезеңдегі қызметінің маңызды
жетістігі – И.Канттың газ-тозаң бұлттарының құйын тәрізді айналуы
нәтижесінде Күн жүйесінің пайда болуы туралы ғылыми болжамы
болды. Материалдық бөлшектердің тартылыс күшіне қарай олардың
көбеюі, қысымның артуы орын алып, соның нәтижесінде от тұтанады,
яғни жұлдыздар құралады.
Ал жұлдыздар – онша үлкен емес қара денелер, олардың ішкі
қысымының күші жануға келтірмейді.
1770 жылға қарай И.Кант өзін философия үшін «пісіп-жетілгендей»
сезінді. Ол алдына төрт маңызды сұрақ қойды:
183
– мен нені біле аламын? Бұл – таным теориясының (гносеоло-
гия) сұрағы;
– менің не істеуім керек? Бұл – этиканың, яғни мораль
теориясының сұрағы;
– мен не нәрсеге үміттене аламын? – Бұл – теологиялық сұрақ
(Құдайға сенім).
– ештеңеге қатыссыз, өз-өзінен алынған адам не, сонда? Бұл –
философиялық антропологияға қатысты сұрақ.
Осы сәттен бастап өмірінің ақырына дейін ойшыл осы сұрақтардың
жауабымен айналысады. Олардың негіздемесі оның: «таза ақылды
сынау» (1781), «нақты ақылды сынау» (1788), «пайым қабілетін
сынау» деп аталатын үш кітабында берілген.
Назар аударсаңыз, И.Канттың барлық кітаптарында сынау сөзі орын
алған. Сондықтан да шығармашылығын зерттеушілер оның өмірін
сынауға дейінгі (оның жаратылыстанумен айналысқан кезі) және сы-
нау кезеңі (оның философиямен айналысқан кезі) деп екіге бөледі.
«мен нені біле аламын?» деген сұраққа жауап бере отырып,
И.Кант таным теориясында «коперник төңкерісін» жасады. И.Кант
адамның білімін екі: апостериорлық (тәжірибелік) және априорлық
(адамға кез келген тәжірибенің алдында берілген) түрге бөледі. Өзінің
іс жүзіндегі, яғни моральдық философиясында ол нақты бар нәрсені
емес, болуға тиіс нәрсені ойға алып отыр.
Таным теориясында Кант екі: трансценденталдық және транс-
ценденттік санатты жиі пайдаланады.
Трансценденталдық деп ол қандай да бір тәжірибенің алдында
берілген және тәжірибелік білімнің өзін алуды қамтамасыз ететін
ұғымдарды, ал трансценденттік деп тәжірибелік білім шектерінен
шығып кетуді түсінеді.
Келесі екі түсінік: «зат – өзінде» және «зат – біз үшін».
«Зат – өзінде», яғни зат өзімен-өзі дегенді білдіреді, оның ішкі
мәні – ноумен. Ал «зат – біз үшін» деген – ол заттың сыртқы жағы,
заттың құбылысы немесе көрінуі, яғни феномен.
Адам өзінің сезімдері және пайымдау парқы арқылы осы әлемнің
құбылыстарын тани алады. Ал ноумендік дүниені (яғни зат өзімен-
өзі дегенді) танып білу мүмкін емес, біз олардың өмір сүруін және
біздің сезімдерімізге әсерін ғана бақылай аламыз. Ноумендік дүние
деп И.Кант біздер ұмтылатын және қашанда жақындай түсетін,
бірақ ешқашан жете алмайтын мақсат-мұраттарды және рухани
184
құндылықтарды түсінеді. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – теология, яғни
Сенім саласы.
И.Кантқа дейін танымның негізін ойшылдар адамның қиялшыл
қабілетінде деп санап келсе (гректің «теория» сөзінің өзі «қиялға
берілу» деп аударылады), енді Кант танымды адамның белсенді
әрекет ететін мәнімен байланыстырады. Өзінің априорлық (тәжірибеге
дейінгі) берілген формалары көмегімен адам оларды бір ретке келтіре
де, Әлемді құрастыра да алады.
Шын мәнінде, таным теориясында И.Канттың жасаған «Коперник
төңкерісі» деп біз осыны айтамыз.
И.Канттың таным теориясы сезінуге әсер ететін әртүрлі
құбылыстарға (феномен) талдау жасаудан басталады. Сезімдік қиялға
берілудің априорлық формалары – кеңістік пен уақыт көмегімен адам
оларды бір тәртіпке келтіреді. И.Кант бойынша, кеңістік пен уақыт –
сапасы жоқ, біртекті және бітпейтін ұзындықтар. Сезімдік қиялға
берілудің таза формалары (трансценденталиялар) тәрізді, олар –
мүлтіксіз, бірақ адам қолымен істелетін тәжірибемен қосылғанда, –
шынайы, нақты. Егер кеңістік сезімдік қиялға берілудің сыртқы
формасы болса, онда уақыт – ішкі формасы, өйткені уақыт ағымын
ішімізден санап қана «ұстап тұра» аламыз. Кеңістік пен уақыт –
математикалық таным бұлағының мәні. Егер геометрия негізінде
кеңістік жатса, онда арифметика мен алгебра негізінде уақыт жатыр,
өйткені есептеп шығару, есеп жасау – тек уақыт шектерінде орында-
лады.
Алайда сезімдік қиялға берілу, содан шығатын кез келген
тәжірибе әрдайым толық емес, кездейсоқ болып табылады, ал бізге
нақты, жалпыға бірдей және қажетті білім алу қажет. Оған ақыл-
парасаттың И.Кант санат деп атаған априорлық формалары жеткізеді.
Олар да бізге тәжірибеге дейін берілген. Олардың қатарына ол «сан»,
«сапа», «қатынас», модальдық» және тағы басқаларын жатқызады.
Оның үстіне, ақыл-парасаттың әр санаты үш таған арқылы, мысалы,
сан – «бірлік, көптік және тұтастық»; сапа – «нақтылық, терістеу және
шектеу» арқылы ашылады. Сөйтіп, И.Кант алғаш рет танымдағы
санаттардың зор маңызына назар аударады.
Сонымен, санаттар бізге сезімдік қиялға берілу көмегімен алынған
құбылыстарды ой елегінен өткізуге және оларды жалпыға бірдей
және қажетті болу деңгейіне көтеруге көмектеседі. И.Кант бойынша,
сезімдік қиялға берілусіз бізге заттар берілмес еді, ал пайым-пара-
Достарыңызбен бөлісу: |