ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет64/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   142

191

3.  Үшінші  сатыда  «МЕН»  және  «МЕН  емес»  екеуінің  арасында, 

бір  жағынан,  шексіздікке  бағытталған,  ал,  екінші  жағынан,  ақырғы 

диалектикалық қатынастар пайда болады.

Сөйтіп,  «үлкен  «МЕН»  Әлемнің  барлық  субъектілері  мен 

объектілерін  тудырады,  бірақ  шексіз  рух  болғандықтан,  тұлға  болып 

табылмайды.

Кішкентай  «МЕНдер»  өздерінің  Табиғаттан  айырмашылығын 

түйсінген  сәтте  ғана  пайда  болатын  сана-сезімге  ие.  Олай  болса, 

объектісіз  субъект  жоқ  және  субъектісіз  объект  жоқ.  Олардың  өзара 

әрекеттерінде,  әрине,  субъект  шешуші  рөл  атқарады:  өзінің  рухани 

күштері  мен  шығармашылық  қызметіне  бола  ол  қоршаған  дүниені 

өзгертеді.  Ішкі  дарындарын  жайып  көрсетіп  қана  тұлға  еркін  бола-

ды. Адамзаттың Табиғатты игеруінің бар тарихы бір мезгілде әлемдік 

мәдениеттің қалыптасуы үдерісі де болады. Ол кезде адам Табиғатты 

игеріп және түрлендіре өзгертіп қана қоймай, өзінің табиғи негіздерін 

де жетілдіруге тиіс.

«МЕН  еместің»  құрамдас  бөлігі  болып  саналатын  Табиғатты  ай-

тар болсақ, ол – өздігінен жетілген емес, тек нысан, зат, кедергі. Ал 

«МЕН еместің» екінші бөлігі – санасы бар адамдар – өзгеше белсенді. 

Табиғаттың  кедергісіне  төтеп  беріп,  «табиғилықтың  қабығын»  арши 

отырып,  адам  оны  игеру  нәтижесінде  өзін  жетілдіре  түсіп,  үлкен 

«МЕНге»  жақындайды.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  адамзаттың  бар 

әлемдік тарихы – ол Әлемдік рух – үлкен «МЕНге» үздіксіз жақындай 

беру  болып  табылады.  Егер  олардың  қосылуы  орын  алса,  онда  бар 

әлемдік тарих аяқталған болар еді.

Кант  бастаған  болмыс  метафизикасынан  еркіндік  метафизикасы-

на  бұрылуды  Фихте  қорытындылайды.  Ойшылдың  пікірінше,  сана-

сезімнің  мәні  –  еркіндік  және  бар  жүйені  басынан  аяғына  дейін  ол 

еркіндік түсінігіне талдау жасау деп қарайды.

«Алайда сын садағы XVII ғасыр рационализмінің алыпсатарлық ру-

хына  қарсы  бағытталған  Канттың  трансценденталдық  философиясы-

нан айырмашылығы, – деп атап көрсетіледі «Жаңа философиялық эн-

циклопедияда», – Фихте идеализмнің жаңа формасын – алыпсатарлық 

трансцендентализмді  құрды»  (Жаңа  философиялық  энциклопедия. 

4-том. М.: Мысль. 252-бет). 

Фихте  іс  жүзіндегі,  яғни  практикалық  философияны  уағыздады. 

Ол  қатаң  ғылыми  болуға  және  барлық  жеке  ғылымдар  үшін  іргетас 

қызметін  атқаруға,  ғылымды  жалпылай  маңызды  нақты  білім  деп 

негіздеуге,  «ғылым  туралы  ғылымға»,  яғни  ғылым  іліміне  айналуға 

тиіс.



192

Тарихқа  субъективтік  идеалист  ретінде  енгенмен,  Фихте  «идеа-

лизм» деген сөзді қолданбайтын, ал өзінің жүйесін сыншылдық (крити-

цизм) деп атағанды жөн көретін.

Оның  этикасы  еркіндік  түсінігіне  негізделген.  Адамның 

адамгершілік  парызы,  ойшылдың  пікірінше,  өзінің  белсенділігінің 

көмегімен  еркін  болуға,  оның  үстіне,  басқалардың  еркіндігін  де 

құрметтеуге тиіс. Оның әлеуметтік мемлекет және құқық мәселелеріне 

деген көзқарасы да осыдан келіп шығады.

Фихтенің  пікірінше,  адам  –  қашанда  әлеуметтік  тіршілік  иесі,  ол 

қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Сол себепті Фихте әлемдік тарихты 

мемлекетке дейінгі, табиғаттық және мемлекеттік дейтін сатыларға 

бөлуді қабылдай алмайды. Әлем тарихында мемлекет қашанда болған. 

Алайда  мемлекет  адамнан  жоғары  тұрған  әлдебір  өзіндік  мақсат 

емес,  ол  бар-жоғы  –  қоғамдық  өмірді  ұйымдастыру,  азаматтардың 

қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ғылым мен білімді дамыту, материалдық 

игіліктерді өндіру ҚҰРалы ғана.

Олай  болса,  халықтың  мемлекет  қызметін  бақылайтын  құқы  бар. 

Халық тарапынан бақылау әркез мүмкін бола бермейтін шенеуніктердің 

теріс  пайдаланушылықтарын,  сыбайластығын  сынға  ала  отырып,  ой-

шыл мемлекет – ол озбырлық деген ойға келеді. Бірақ ол – қажетті 

озбырлық,  өйткені  қазіргі  заманғы  адамзат  онсыз  бола  алмайды.  Ал 

мыңдаған  жылдар  өткен  соң,  яғни  адамзат  адамгершілік  тұрғыда  ке-

мелденген  кезде,  мемлекеттің  ары  қарай  өмір  сүруі  қажетсіз  болып 

қалады.  Адамдардың  моральдық  жетілуі  шынайы  адамдық  ахуалдың 

орнауына келтіреді және мемлекетке, құқыққа және шіркеуге деген 

мұқтаждық жойылады.

Шамасы,  Фихтенің  нақ  осы  көзқарастары  келешек  коммунистік 

қоғамда  «жаңа  адам»  дін,  мемлекет,  құқық  сияқты  құбылыстарға 

мұқтаж болмайды деп санайтын Маркс пен Энгельске де үлкен ықпал 

еткен болуы керек.

Ойшылдың Германияны қайтадан өркендету үшін «жоспарлы эко-

номика» қалыптастыру, адамдардың еңбекке және білім алуға деген 

құқықтарын қатаң қамтамасыз ету, сыртқы сауда-саттықты мемлекет 

қолына беру сияқты мәселелерге байланысты идеялары да марксизмнің 

әлеуметтік теориясына үлкен әсер етті деп жорамалдауға болады.

Өмірінің соңына қарай Фихте әлемді  діни тұрғыда түсіну жағына 

қарай  күрт  бет  бұрады.  Егер  өз  онтологиясын  құру  барысында 

бастапқыда  үлкен  «МЕН»  деп  мәңгі  «ЕРКІНДІКТІ»,  шығармашылық 

«ӨМІРДІ»  және  т.с.с.  түсінсе,  енді  қазір  ол  болмыстың  адам  арқылы 



193

өз-өзін  тануы  орын  алады  дегенді  айтады.  Соған  қарап,  Гегель  өз 

философиялық  жүйесінің  негізіне  Фихтенің  осы  идеясын  алған  бо-

лар  деп  жорамалдай  аламыз.  Ақыр  соңында,  үлкен  «МЕН»  дара 

«Болмысқа»,  Біртұтастыққа»,  «әлеуетті  «Жарыққа»  айналып,  Құдай 

идеясына  жетеді.  Алайда,  өкінішке  қарай,  философтың  ауруы  мен 

өлімі  болмыстың  шекті  негіздемелеріне  қатысты  ізденістерінің  ары 

қарай дамуына мүмкіндік бермеді.

Адамның  орасан  үлкен  шығармашылық,  өзгертушілік  әлеуетін 

көрсете біліп, адамзаттың жарқын болашағына нық сене отырып, Фих-

те өз философиясы арқылы неміс философиясының дамуына ғана емес, 

сонымен  қатар  бүкіл  адамзат  философиясының  өркендеуіне  де  зор 

ықпал етті. Бірақ Шеллинг пен Гегель кейіннен Фихтенің идеализмін 

жеңе отырып, оның философиясын жан-жағынан сынға ұшыратты.

Субъективті идеалист Фихтеден айырмашылығы – Фридрих Виль-

гельм  Йозеф  Шеллинг  (1775-1854)  философия  тарихына  объективті 

идеалист ретінде енді. Ол өте талантты адам еді. Бозбала шағында-ақ 

ол  профессор,  тамаша  дәрісші  болып  үлгерді.  Оның  дәрістеріне  сту-

денттер  ғана  емес,  қоғамның  зиялылары  да,  тіпті  мемлекет  басшысы 

да өз нөкерлерімен келіп қатысатын.

Шеллингтің шығармашылығының бес кезеңін бөліп көрсетуге бо-

лады:

• табиғат философиясы (90 жылдардың ортасынан бастап);



• трансценденталдық немесе эстетикалық идеализм (1800-1801 жж.);

• теңбе-теңдік философиясы (1804 жылға дейін);

• еркіндік философиясы (1813 жылға дейін);

• оң философия немесе «Ашылу философиясы» (соңғы кезең).

Оларды  түсіне  білу  кілтін  ойшылдың  өмірінен  табамыз.  Ол  өзінің 

досы, романтикалық «Толқын мен тегеурін»   (бұл 

жерде 

«сезім 


толқындары»,  құштарлықтардың  тасқын  сияқты  ағыны  сөз  болып 

отыр)  қозғалысының  негізін  салушылардың  бірі  Август  Вильгельм 

Шлегельдің  әйелі  Каролина  Михаэлиске  ғашық  болады.  Екеуінің 

ғашықтығы  «асқынып»,  Каролина  Августен  ажырасып,  Фридрих-

пен  некелесіп  тынады.  Бұл  Шеллингтің  өміріндегі  үлкен  оқиға  бол-

ды,  өйткені  Каролина  ол  үшін  «сәуле  шашқан  жұлдыз»  ғана  емес, 

оның көмекшісі де, ең бастысы, ойы бір серіктесі де болған-ды. Екеуі 

Шеллингтің  жазғандарын  бірге  талқылайтын;  ол  күйеуінің  хат  алы- 

суын жүргізіп отыратын... Бірақ аяқ астынан Каролина қатты ауырып, 

көп кешікпей қайтыс болады.




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау