ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет22/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   142

65

Ол  үшін  патша  зергерге  біршама  алтын  береді.  Тәж  дайын  болғанда, 

патша алтынның бір бөлігін басқа бір арзандау металмен ауыстырып 

қойған  шығар  дегендей,  зергерге  күдік  келтіреді.  Шебер  кәззаптық 

жасамағанына  ант-су  ішкен  соң,  патша  бәрін  анықтауды  Архимедке 

тапсырады.  Бұл  мәселеге  көп  уақыт  басын  қатырған  ол  бірде  ванна-

да  жуынып  жатып,  оған  терең  бойлаған  сайын,  судың  көбірек  асып 

төгілетінін  байқайды.  Басына  келген  шешімге  қуанғаны  соншалық, 

ол:  «Эврика!  Эврика!»  («Таптым!  Таптым!»)  –  деп  айғайлаған  бойы 

далаға  жүгіріп  шығады.  Содан  кейін  ол  тәждің  салмағындай  алтын 

кесегін тауып алып, оны су толтырылған ыдысқа батырады да, қанша 

судың  арнасынан  асып  төгілгенін  белгілеп  алады.  Тәжді  де  солай 

тексереді. Бұл жолы су көбірек төгіледі. Сөйтіп, ол тәждің таза алтын-

нан  жасалмағанын  анықтайды,  өйткені  алтын  кесегінің  салмағындай 

болғанмен,  оның  көлемі  үлкендеу  еді,  демек,  құрамында  жеңіл 

металдың қоспасы бар.

Бұл  Архимедтің  өзі  ашқан  жаңалықтарының  бірі  болды:  әртүрлі 

материалдардың өздеріне тән салмақ күштері бар.

«Тұйық бет және цилиндр туралы» деген трактатында Архимед өзіне 

тән  екі  әдісті:  көбінесе  түгесу  (тауысу)  әдісі  деп  аталатын  үйлесімдік 

әдісін және фигуралардың аудандары мен көлемдерін табуға мүмкіндік 

беретін қисынсыздыққа келтіру (reduction ad absurdum) әдісін ұсынды. 

Бұл мәселеге ол «Шеңбер өлшемі туралы» деген еңбегін де арнаған.

Статика мен гидростатика «Жазықтықтардың тепе-теңдігі туралы», 

«Жүзіп жүретін денелер туралы», «Механикалық теоремалар туралы» 

еңбектерінде  көрініс  тапса,  «Құм  қиыршықтарын  санау»  трактаты 

арифметикалық әдістерге арналған.

Архимед  еңбектерінің  осы  қысқа  тізбесінің  өзі-ақ  оның  антика 

әлемінде  қандай  алып  болғанын  көрсетеді.  Бір  таңғаларлығы,  оның 

математикалық  еңбектері  антика  заманында  аса  танылмады.  Әртүрлі 

механизмдерді  ойлап  тапқаны  –  оны  үлкен  даңққа  бөледі.  Біздің 

заманымыздың IX-X ғасырларында оның еңбектері араб тіліне, ал XII 

ғасырда араб тілінен латын тіліне аударылды.

Антика  дәуірінің  ең  атақты  астрономы  клавдий  птоломей 

(б.з.  100-175  жылдары  шамасы)  болды.  Ол  әлемнің  аристотельдік 

суретінің  әлемнің  ғылыми  суретіне  айналуын  аяқтап  шықты.  Өз 

тұжырымдамасын  ол  көбінесе  «Альмагест»  деген  арабтандырылған 

атауымен  таныс  болған  «Мегале  синтаксис»  («Ұлы  құрылыс»)  деген 

трактатында баяндаған. Ұзақ бір жарым ғасырға созылған әлемнің бұл 

суретінің (оны, әрине, Аристотель-Птоломейдің әлемді философиялық-



66

ғылыми  суреттеуі  деп  атау  дұрысырақ  болар  еді)  келесі  ғылымдар, 

философия, дін үшін талассыз болғаны анық.

Қазіргі заманғы американдық ғалым Роберт Р.Ньютонның «Клавдий 

Птоломейдің қылмыстары» (орыс тілінде 1985 жылы шықты) деген мо-

нографиясына соқпай өтуге болмайды. «Синтаксисті» егжей-тегжейлі 

талдап  алып,  ол  Птоломей  негіздеген  барлық  бақылаулардың  жалған 

екендігі  туралы  қорытындыға  келеді.  Өзге  астрономдарға  телініп 

жүрген басқа да көптеген бақылаулар өтірік болып шығады. Автордың 

пікірінше, жазылған кез келген басқа жұмыстарға қарағанда, «Синтак-

сис» астрономияға артық зиян келтірген, өйткені қағидаландырылған 

бұл  «теория»  геоцентризмді  жеңу  жолындағы  ең  бір  қуатты  тежегіш 

болды, ол Коперниктің гелиоорталық жүйесін әзірлеуін қиындатты.

Бірақ,  бір  қызығы,  Птоломей  «Төрткітап»  деген  кітап  жазып,  онда 

жалған ғылымды (астрологияны) жүйеге келтірген. Сол уақытта оның 

орасан  зор  маңызы  болды,  ал  бүгінгі  күні  де  оны  көпшілік  адамдар 

қорғауға  бейім,  ал  астрологтарды  алсақ,  олар  –  ғалымдар  тарапынан 

қатаң сынға ұшырағанына қарамастан, ең бір танымал тұлғалар.

Сөз  жоқ,  біздің  заманымыз  тұрғысынан  алғанда,  Птоломей 

мұрасының  көпшілігі  ақылға  қонымсыз  көрінеді,  бірақ  бұл,  біздің 

көзқарасымыз  бойынша,  оның  ғылым  үшін  істегендерін,  әсіресе 

оның  тәжірибелік  әдістерін  және  Қайта  өрлеу  дәуірі  мен  кейінгі 

дәуірлердің тәжірибелік ғылымы үшін үлгі болған деректерді кестелеп 

ұйымдастыруын  ешбір  кемсіте  алмайды.  Ғалымның  беделі  14  ғасыр 

бойы дау тудырған жоқ.

Қорытындылай келе, төмендегіні атап көрсету қажет:

а)  гректердің  ұлылығы  –  әлемді  мифологиялық  тұрғыда  түсінуді 

қанағат  тұтпай,  олардың  сол  кездегі  әлемнің  шекті  негіздемелеріне 

ақылмен  жетуге  ұмтылуында  жатыр.  Олар  адам  ақылының  (Номос) 

заңдарын  құдайлардың  заңдарынан  (Темис)  ажырата  алды,  кейіннен 

бұның ғылымның дамуы үшін орасан зор маңызы болды;

ә)  алайда  әлемнің  алғашқы  негіздерін  табиғаттың  әртүрлі  сти-

хияларымен  (су,  от,  ауа  және  т.б.)  теңестіруге  байланысты  «архе» 

бағдарламасы  тиісті  нәтижелер  бермеді.  Солардың  негізінде  әлемнің 

біртұтас монистік суретін жасау мүмкін болмады;

б)  ауыр  дене  еңбегіне  жиіркенішпен  қараған  ертедегі  гректер  тек 

табиғаттың  абстракциялық  (дерексіз)  философиясын  құра  алды; 

табиғаттың даму заңдарын зерттейтін физика ертедегі грек өркениеті 

топырағында бүршік жармай-ақ кетті.




67

2-тарау. әлемДік таРиХтың ОРта ғасыРлаРынДа 

ғылым мен ФилОсОФиЯның Дамуы

2.1. Ортағасыр дәуірінің ерекшеліктері туралы.

сенімдегі философия 

Тарихшылар  әлемдік  тарихтың  Орта  ғасырларына  Батыс-Рим 

империясының құлауынан (V ғасыр) бастап, Қайта өрлеу дәуіріне (XIV-

XVI)  дейінгі  кезеңді  жатқызады.  Бұлайша  жіктеудің  негіздемесіне 

өндіру тәсілінің өзгеруі, яғни құлиеленушіліктен феодализмге өту са-

лынады.


Философтар есепті христиандықтың пайда болуынан (I ғасыр) Қайта 

өрлеу дәуіріне дейін жүргізе және рухани хал-ахуалдың өзгеруі негізіне 

пұтқа  табынушылықтан  (көп  құдайға  табынушылыққа  негізделген 

діннен)  монотеизмге  (бірқұдайлыққа)  өтуді  сала  отырып,  біршама 

басқадай  көзқарас  ұстанады.  Алғашқысы,  яғни  тарихшылардың 

көзқарасының кеңірек таралғанын айтқан жөн. Бірақ бұл аса маңызды 

емес. Маңыздысы, біздің көзқарасымыз бойынша, сол уақытта қоғамда 

не болғанын, қандай экономикалық, саяси, дүниетанымдық факторлар 

жаңаның пайда болуын тудырғанын түсіну немесе, голландық тарих-

шы  Йохан  Хёйзинганың  (1872-1945)  сөздерімен  айтқанда,  «шұғыласы 

кейіннен өзінің толық жарқырап көрінуіне жеткізген тұрмыс салтының 

сол жаңа идеялары мен формаларының қалай туғаны және гүлденгені» 

маңыздырақ  (Хейзинга  Й.  Осень  Средневековья.  –  М.:  Наука,  1988.  – 

5-бет).


Жаңа дәуірдің I ғасырына қарай Ертедегі Грекия мен Ертедегі Рим-

нің  қандай  рөлі  болғанын  еске  түсіріп  көрейік.  Сол  уақытқа  қарай       

Грекия  өз  ықпалынан  толықтай  айырылып  болды,  грек  демокра-

тиясының  дағдарысы  ұлы  өркениет  тап  болған  шыңырауға  әкеп 

соқтырды. Римде бұл дағдарыс шын мәнінде үздіксіз болды, ал б.з.д. 

I ғасырдың соңына – біздің заманымыздың I ғасырының басына қарай 

оның ушыққаны соншалық, барлық таптар ішінде «ақырзаман» орнай-

тындай күйге жеткізді.

Палестинаны  да  қосқанда,  Жерорта  теңізі  жағалауларын  түгел 

жаулап  алып,  Рим  билеушілері  барлық  жерлерде  ғасырлар  бойы 

қалыптасқан өмір салтын қиратты. Империяның азаматтары болып тек 

римдіктер танылды, ал қалған басқаларының барлығы – мемлекеттің 

құзырындағы  міндетті  салық  төлеушілер  болды.  Римдіктер  басып 

алған  халықтарға  өздерінің  саяси  құрылымын,  өздерінің  соттарын, 




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау