ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет23/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   142

68

салықтар  жүйесін  күштеп  таңды.  Басқыншылардың  жазалаушы 

көздерінен  ешкім  де  таса  қалмады.  Тек  жергілікті  ақсүйектер  ғана

салыстырмалы  түрде  белгілі  бір  шамада  тәуелсіздіктерін  сақтай 

алды,  бірақ  оларды  халықтың  тағдыры  толғандырмады.  Сезімдік 

ләззаттардан жол іздеп, олар рақат өмірге берілді. Ал Рим аристокра-

тиясы ештеңеге де араласпады.

Сырттай  барлығы  жақсы  көрінгенмен,  экономикалық  және  саяси 

дағдарыс  жағдайдың  аса  қиын  екенінен  хабар  беріп,  құлиеленушілік 

құрылыстың  тиімсіздігін  көрсетті.  Оған  рухани  дағдарыс:  ырым-

шылдықтарға  сенудің  және  көзбояушылықтардың  адам  айтқысыз 

көбеюі,  терең  скептицизм  (шүбәланушылық),  түңілу,  бірдеңені  өз 

күшімен өзгертудің мүмкін екендігіне сенбеушілік қосылды.

Бұл  дағдарыс  әсіресе  Рим  провинцияларының  бірі  –  Иудей-

де  өзін  ерекше  қырынан  көрсетті.  Қиын  да  ұзақ  күресте  қол  жеткен 

мемлекеттілік  римдік  басқыншылық  нәтижесінде  құрып  тынды.  Ал 

вавилондық  және  мысырлық  тұтқыннан  кейін  бұл  өзгеше  қайғылы 

жағдайға  жеткізді:  қоғамды  толық  ашыну,  күйіну  жайлады.  Бұндай 

көңіл күйі еврей халқының мессияға – Рим билігінің құтқарушысына 

деген сенімімен үйлесім тапты.

Алайда жаңа идеологияға аластатылғандар мен езілгендер ғана зәру 

емес-тін.  Оған  деген  қажеттілікті  әлеуметтік  билеушілер  де  сезінді, 

өйткені  жалпы  дағдарыс  нәтижесінде  олар  да  тарихи  жоспарлардан, 

ертеңгі күнге деген сенімнен ажырап қалды. Апаттан енді адамдар да, 

Олимп құдайлары да, тіпті ұлттық тәңірлер де құтқармайтынын олар 

түсінді. Енді жаңа, әлеуетті күш қажет болды.

Міне,  дәл  осындай  жағдайда  христиандық  –  құлиеленушілік 

құрылыстан феодализмге өтудің рухани негізі пайда болды.

Біздің  бұдан  аз  уақыт  бұрынғы  тарихымызда  (кеңес  заманы 

тұсында)  Ортағасыр  философиясын  зерттеп  білуге  жеткілікті  көңіл 

бөлінбеді,  өйткені  ол  «идеологиялық  түсініктерге»  байланысты  бол-

ды. Сол себепті Ортағасыр дәуірі терминдерде: «артқа шегіну», «діни 

надандық»,  «өндірістік  күштер  дамуындағы  тоқырау»,  «халықты  ру-

хани  бағынышты  ету»,  «еркін  ойлаушылықты  басып-жаншу»  деп 

бағаланды.

Бүгінгі  таңда  жаңа  әлеуметтік-саяси  ахуал  жағдайында  әлемдік 

тарихтың  аталған  кезеңі  жаңаша  мәнге,  сипатқа  ие  болды.  Егер 

өндірістік күштер туралы сөз қозғасақ, онда біз құлдықтың жойылуына 

байланысты айтарлықтай ілгерілеушіліктің орын алғанын байқаймыз. 

Рас,  шаруалар  дворяндыққа  тәуелді,  заңдық  тұрғыда  соларға  байлау-




69

лы болды, бірақ олардың өз отбасылары, жер телімдері, ұсақ малдары 

және басқадай мүліктері бар еді. Олар тіпті болмағанда өз жерлерінде 

өндірістің дамығанына мүдделі-тін.



ғылым  мен  техникада  да  өзгерістер  орын  алды.  Қытайда  VI 

ғасырдан  бастап  фарфор  өндірісі  дамыды,  ал  1041  жылы  алғашқы 

баспа  станогы  пайда  болып,  шарап  спирті  өндіріле  бастады.  Солер-

нода  (Италия)  1010  жылы  алғашқы  медициналық  мектеп  ашылды. 

XII  ғасырдан  бастап  темір  соқа  шығып,  енді  жер  өңдеу  түбегейлі 

жақсарды.  Жел  тиірмендері,  сәл  кейін  су  тиірмендері  ойлап  та-

былды.  XIII  ғасырдан  бастап  адамдар  көзәйнектердің  шыныларын 

тегістеуді  үйренді,  оқ-дәрі  пайдаланылатын  құралдар  пайда  болып, 

механикалық сағаттар жасалды.

Университеттердің  ашылуы  тамаша  жаңалық  болды.  1215  жылы 

Париж  университетінің  Жарғысы  жарияланып,  кейіннен  Падуа,  Бо-

лонья,  Флоренция,  Оксфорд,  Прага  университеттері  (салыстырыңыз: 

Ресейде – 1725 ж., Қазақстанда – 1934 ж.) есіктерін айқара ашты. Осы 

фактілердің барлығы Орта ғасырларда қоғамның қарқынды дамығанын 

дәлелдейді.

Шын мәніндегі теориялық жаратылыстануға келер болсақ, онда 

ортағасырлық ғалымдар алдымен антикалық ойшылдардың еңбектерін 

зерттеп  білумен,  кейіннен  соларды  түсіндірумен  айналысты.  Өмір 

ғалымдардың алдына әртүрлі заттардың қасиеттерін зерттеу мәселесін 

қойды,  бұл,  бірінші  кезекте,  олардың  меншікті  салмағын  анықтауға 

байланысты  болды.  Хорезмнен  шыққан  ғалым  Әл-Хазани  тиісті 

техникалық аспаптар мен құрал-жабдықтарды жасап алып, 50 заттың 

меншікті  салмағын  анықтауға  қол  жеткізді  және  өз  жетістіктерін 

«Даналық салмақтары туралы кітап» (1121 ж.) деген еңбегінде егжей-

тегжейлі  сипаттап  жазды.  Егер  арабтардың  әлемдік  ғылым  мен 

мәдениетке  сіңірген  еңбегі  туралы  айтсақ,  онда  Әбу-Миамардың 

«Зидж  Әбу-Миамар»  атты  еңбегі  сол  замандағы  астрономияның  биік 

шыңы  болды.  Әл-Батанидің  астрономиялық  кестелері  (алғаш  рет  ол 

енгізген синустар мен косинустар) латын тіліне аударылып, Батыстағы 

оқу орындарының негізгі оқу құралына айналды. Ибн-Юнус маятникті 

сағаттар ойлап тапса, ал Әбу-Мұса Жабыр химия ғылымының негізін 

салушы  болып  саналады.  Зәкәрия  Разидің  медицина  саласындағы 

еңбегі  де  оқулық  ретінде  латын  тіліне  аударылды.  Ал  философияға 

келсек, ол жайында біз кеңірек айтатын боламыз.

Ортағасырлық  ғылымда  қозғалысты  ары  қарай  зерттеуге  ерекше 

назар аударылғандықтан, олардың кинематикалық және динамикалық 




70

түрлері  ажыратылатын  болды.  Т.Брадвардайн  «Қозғалыстардағы 

жылдамдықтар  тепе-теңдігі  туралы»  деген  еңбегінде  (1328  ж.) 

себептеріне  байланысты  болатын  қозғалысты  оның  нәтижесіне  бай-

ланысты  қозғалыстан  ажыратып  көрсетуге  әрекет  етеді  (қараңыз: 

В.П.Котенко. История и философия классической науки. – М.: Акаде-

мический проект. 2005. – 48-52-беттер).

Париж  университетінің  ректоры  Жан  Буридан  өз  оқушыларымен 

бірлесіп,  тасталған  дененің,  сонымен  қатар  қозғалыстың  салыс-

тырмалылығы мәселелерімен айналысты. Ол: «Ғаламның қақ ортасын-

да Жер әрқашан тыныштық күйде болды ма?» – деген сұрақпен басын 

қатырса,  ал  Николай  Орем  бұл  сұраққа  жауап  ретінде:  «Жер  тәулік 

бойы қозғалады, ал аспанның ондай қасиеті жоқ», – дегенге жол беруді 

жөн санайды. В.П.Котенконың: «Нақ осы зерттеулер XV ғасырда Ко-

перник теориясының пайда болуының нақты негізін құрайды», – деген 

тұжырымымен келісуге болады (жоғарыда аталған жұмыс, 50-бет).

Ортағасырлық  ғалымдар  физиканың  оптика  сияқты  саласына 

да  айтарлықтай  үлес  қосты.  Әбу  Әли  ибн  әл-Хайсанның  (еуропа-

ландырылған есімі – Әлхазен) «Оптика қазынасы» атты еңбегі біздің 

заманымызға  да  жетті.  Онда  ол  әлемдік  тарихта  алғаш  рет 

физиологиялық  тұрғыда  көз  жанарының  жұмыс  атқаруы  механизмін 

көрсетіп  берді.  Оның  мәні  мынада:  заттардан  шашыраған  сәулелер 

көздің  қарашығына,  содан  кейін  ғана  нерв  талшықтарына  түседі. 

Әлхазен темірден айналардың әртүрлі: томпақ, иілген, цилиндр іспетті, 

сүйір және тұйық беттік тұрпаттарын жасады. Сондықтан бүгінгі күні 

де  Батыс  ғылымына,  оның  ішінде  Роджер  Беконға,  Иоган  Кеплерге, 

Исаак Ньютонға зор ықпалы болған Әлхазен араб әлемінің ірі физигі 

саналады.

Табиғаттың  эмпириялық  (тәжірибеге  ғана  негізделген)  филосо-

фиясының  алғашқы  бүршіктерін  біз  Оксфордтан  табамыз,  онда 

квадривизм  –  арифметика,  геометрия,  музыка  және  астрономия 

құрметтелетін.

Ағылшын  ғалымы  Роберт  Гроссетест  (Үлкен  бас)  XIII  ғасырда-ақ 

физика  саласындағы  өз  жаңалықтарымен  танымал  болып  үлгірген-

ді.  Мысалы,  «Кемпірқосақ  туралы»  атты  еңбегінде  кемпірқосақтың 

жарық  сәулелерінің  су  тамшыларына  шағылысуы  нәтижесінде  пайда 

болатынын көрсетіп, табиғаттың осы құбылысы туралы толғанған.

Оның шәкірті Роджер Бэкон (1214-1292) сол уақытта-ақ үш (үлкен, 

кіші  және  үшінші)  шығармадан  тұратын  білімдер  энциклопедиясын 

жасауға  әрекеттенген.  Оның  бірінші  бөлімінде  Р.Бэкон  Шындықтың 

жолында тұрған кедергілерді өзінің көзқарасы тұрғысында баяндайды 



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау