ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет18/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   142

53

түсіп  тұр,  адамдар  ол  көлеңкелерді  көріп,  қатаң  дыбыстарды  естиді. 

Жер  үстіндегі  нақты  өмірді  білмегендіктен,  үңгірдегі  адамдар  нағыз 

өмір осы деп ойлайды. Бірақ ұзақ ойланыстан кейін олардың біреуінің 

көлеңкелер  әлемінде  өмір  сүріп  жатқанын  түсінуі  мүмкін  болса,  ал 

екіншісі  аяқ-қолын  босатып  алып,  жер  бетіне  шығуы,  ал  көздері 

жарыққа үйренген соң, нақты адамдарды, ал содан кейін Күннің өзін 

көруі мүмкін. Бұл мифтен қандай философиялық қорытынды шығады?

1.  Болмыстың  әртүрлі  деңгейлерінің  болуы.  Егер  үңгірдегі 

көлеңкелерді сезімдік болмыс деп қарасақ, онда жер үстіндегі адамдар 

мен заттар – шынайы болмыс, Ал Күн – мақсат-мұратқа сай Игілік.

2.  Танымның  әртүрлі:  сезімдік,  ұғымдық  және,  ақыр  соңында, 

түйсіктік  деңгейлерінің  мүмкіндігі  арқылы  болмыстың  соңғы 

негіздемелеріне қол жеткізу.

3.  Құндылық  тұрғысынан  бағалау  мүмкіндігі:  сезімдік  болмыста 

өмір сүру – үңгірде өмір сүруге тең, рухани биіктерге көтерілу – шы-

найы болмыстағы әртүрлі мағыналы өмірге парапар, ал Күн – Жоғарғы 

Игіліктің нышаны.

Сөйтіп,  Платон  Әлемнің  объективтік-идеалистік  түсінігін  дүниеге 

келтірді. Бірақ ол үшін  ең  қиыны осы екі: заттар мен идеялар әлемін 

ұштастыру  болды.  Іс  жүзінде  идеялардың  материалдық  емес  әлемі 

заттардың  сезімдік  материалдық  әлемін  құра  ала  ма?  Платон  бұл 

мәселені келесідей жолмен шешті: материя – ол ежелден келе жатқан, 

бейберекеттік жағдайындағы инерциялы нақтылық. Идеялар әлемінің 



парадигмалары (үлгілері) бойынша, Демиург (грек мифологиясының 

ұста-Құдайы)  бейберекеттікті  әлдебір  ұйымдасқан  тәртіпке  келтіре 

отырып, инертті материядан табиғат заттарын және денелерін жа-

сап  шығарады.  Идеялар  әлемі  –  парадигма  –  мәңгі,  кемеліне  жеткен 

болып саналады. Демиург та, Құдай сияқты, мәңгі жасампаз болып та-

былады, ал сезімдік тән әлемі – шынайы болмыстың көшірмесі сияқты 

өтпелі, жетілмеген, идеялар әлемінің өзіндік «көлеңкесі» іспетті.

Платонның  грек  мифологиясына  жүгінуі,  әлбетте,  оның  филосо-

фиясының осал жағы болды, сол үшін оны кезінде: «Платон – досым, 

бірақ шындық – қымбатырақ», – деп Аристотель сынға алған.

Қазіргі  заманғы  білім  деңгейімен  мәселе  келесідей  түрде  көрінеді. 

Нақты өмірде болатын әрбір зат бұл дүниеге өзінің қайталанбас, өзіне 

тән  болмысымен  келеді.  Бұл  әлемде  бір-бірінен  ажырата  алмайтын 

екі  құм  қиыршығы  немесе  қылтанақ  та  болмайды.  Бірақ  сонымен 

қатар олардың көптеген ортақ жақтары, сапалары да бар, соларға бола 

олардың  өзара  әрекеттесуі  орын  алады.  Танып-білу  барысында  адам 




54

олардың осы ортақ жақтарын жалпылай (абстракциялай) отырып, зат-

тар  туралы  түсініктерді  қалыптастырады  және  тіл  арқылы  жеткізеді. 

Мысалы, адам деген ұғым бүгінгі таңда Жер бетінде өмір сүріп жатқан 

6,7 млрд адамды қамтиды. Нақты тірі адам ерте ме, кеш пе, өледі, ал 

адам  ұғымы  қалады.  Бірақ,  егер  бұл  тірі  адамдар  өмір  сүрмесе,  адам 

ұғымы  да  болмас  еді.  Әңгіме  Платонның  мақсат-мұратқа  сай  Әлемі 

туралы  емес,  жиынтығында  әлдебір  мұрат-мақсатқа  сай  әлемді 

құратын ұғымдар туралы болып отыр. Платонның еңбегін одан кейін 

ғана  түсінік-ұғымдардың,  олардың  табиғатының,  бір-бірімен  өзара 

әрекеттесуінің  ерекше  егжей-тегжейлілікпен  зерттеле  бастағанынан 

көруге болады.

Платонның таным теориясына келсек, онда оның негізінде анам-

нез (грекше – anamnesis – еске түсіру) жатыр. Адам тәннен және жаннан 

тұрады. Бірақ жан жердікі емес, ол идеялар Әлемінен шыққан. Жерге, 

яғни нақты бір адамның денесіне түсіп, ол көгілдір аспанның шексіз-

шетсіз  көкжиектеріне  тұңғиық  тереңнен  көз  сүзетін  тұтқынды  еске 

түсіреді.  Мысалы,  оқушы  бір  математикалық  есепті  шығарып  отыр 

дейік. Ол зердесіне күш салады, ал егер оның жаны идеялар әлемінде 

математикалық теңбе-теңдіктердің қалай болғанын еске түсірсе, онда 

оқушының басына есептің шешімі келе қалады.

Сезімдік  таным  көбіне-көп  алдамшы,  өйткені  бұл  тән  әлемінің  өзі 

тұрақсыз, өтпелі. Сондықтан Платон оны докса (грекше doxa – пікір) 

деп  атайды.  Бірақ,  егер  сезімдік  тәжірибенің  деректері  түсініктерге 

негізделсе,  онда  ғылым  қақпалары  (грекше  episteme  –  жазу,  ғылым) 

ашылады.

Алайда бізді идеялар әлемімен жақындастыратын ғылым ғана емес. 

Одан  да  әлеуеттірек  күш  бар  –  ол  Эрос,  яғни  сүйіспеншілік.  Олар 

екі  әлемді  байланыстыратын  көпірлер  іспетті.  Даналықты  сүю  деп 

түсінілетін философияның өзі шындыққа, жақсылыққа және әсемдікке 

деген сүйіспеншілік болып шығады.

Платонның  ойынша,  сүйіспеншіліктің  алғашқы  баспалдағы 

жыныстық махаббат, тән сұлулығына ұмтылу, сонымен қосылу болып 

табылады, соның нәтижесінде жаңа өмір бастауы пайда болады, адам-

зат тегінің ажалсыздығы қамтамасыз етіледі.

Екінші сатыда сүйіспеншілікті ары қарай асқақтату, енді адамның 

тәніне  емес,  жанына  ұмтылу  орын  алады.  Қазіргі  заманғы  термин-

дер тілімен айтқанда, бұл – оларды өзара байытып тұратын басқамен 

терең  байланыс  орнатуға  талпыну.  Нәтижесінде,  адамның  жанына 




55

Шындықтың, Жақсылықтың, Әсемдіктің ұрықтары себіліп, білімдерге, 

өнерге, әділеттілікке ұмтылу пайда болады.

Үшінші  сатыда  сүйіспеншілік  жанымызды  Ғажайыппен  және 

Игілікпен біріктіре отырып, бізді Идеялар әлеміне жеткізеді.

Платон  әлеуметтік,  саяси  философия  саласында  да  айтарлықтай 

із  қалдырды.  Ойшыл  қоғамды  түсіндіруге  жеткілікті  дәрежеде  терең 

мағына береді. Егер жан-жануарлар өздеріне қажеттілердің барлығын 

табиғаттың  өзінен  дайын  күйінде  табатын  болса,  ал  адамдар  өз 

мұқтаждықтарын  жалғыздан-жалғыз  қанағаттандыра  алмайды,  адам 

үшін қажеттінің бәрі бірдей табиғатта дайын күйінде табыла бермейді. 

Сол себепті адамдар бір-бірімен өзара әрекеттесе, еңбек өнімдерін ай-

ырбастай  отырып,  еңбектенеді,  қоғам  құрады.  Бір  адамдар  егін  ексе, 

екіншілері  құрылыс  салады,  үшіншілері  етік  тігеді,  төртіншілері 

оқытады, бесіншілері емдейді және т.с.с.

Өз  заманындағы  қоғамның  дағдарыс  жағдайын  қанағат  тұтпаған 

Платон мақсат-мұратқа сай мемлекет құру идеясын ұсынады. Онда 

тең  құқықты  адамдардың  қоғамдық  тобының  (сословие)  негізгілері 

үшеу:  басқарушылар,  тәртіп  сақшылары  және  қатардағы  қауым-

дастар.  Бұлайша  жікке  бөлуді  ол  ақыл,  ерік  және  құмарлықтар 

орын  алатын  адам  жаны  құрылымына  сүйеніп  жасаған.  Мемлекетті 

жан  дүниелерінде  даналық  басым  адамдар  басқаруға  тиіс,  өйткені 

басқарудың өзі әділеттілік және ізгілік негізінде жүзеге асырылады. 

Демек,  қоғамды  философтардың  басқарғаны  дұрыс.  Жауынгерлердің 

жаны  құмарлыққа  толы  болуға  тиіс,  ал  жұртшылықтың  басым 

көпшілігінің жаны құмарлыққа, ләззатқа құштар.

Бірақ  ең  қызықтысы  билеушілер  мен  жауынгерлердің  жеке  мен-



шігі  болмауға  тиістігі  болып  отыр.  Олар  толықтай  мемлекет  тара-

пынан  қамсыздандырылады.  Олай  болмаған  жағдайда  билеушілер 

заңдарды  өз  пайдасына  қарай  өзгерте  бастайды,  ал  жауынгерлер 

қаруларын өз азаматтарына қарсы кезейтін болады. Бірақ меншік қай 

жерде ұялайды? Отбасында. Демек, бұл топтардың отбасылары да, ба-

лалары да болмауға тиіс. Әрине, бұл ақылға сыймайды.

Екі  мыңжылдық  өткеннен  кейін  Платонның  кейбір  идеялары  XX 

ғасырдың  тоталитарлық  қоғамдарында  жүзеге  асты.  Бұрынғы  Кеңес 

Одағындағы  мемлекеттің  рөлі,  шамасы,  платондық  мемлекеттегіден 

тіпті кем болмаған-ау. Барлық экономиканы жаппай мемлекеттендіріп, 

жеке  меншікті  жойып,  большевиктердің  «әйелдерді  қоғамдық  жа-

сауы»  ғана  қалған-ды.  Бірақ  әділетті  қоғам  құруға  бәрібір  қолдары 

жеткен  жоқ.  Мемлекеттің  қыспағы  астында  миллиондаған  адамдар 



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау