ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет30/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   142

89

Қоғамның  жай-күйі  және  дамуы  халифке  тәуелді  болғандықтан, 

Әл-Фараби  билеушінің  жеке  басына  аса  қажетті  алты  қасиетті  жеке 

бөліп көрсетеді:



даналық,  яғни  билік  жүргізу  халықтың  тарихи  тәжірибесіне, 

дәстүрлеріне,  адамгершілік  ізденістеріне  сүйене  отырып,  терең  ой-

толғаныстар негізінде жүзеге асырылуға тиіс;

білімділік,  яғни  басшы  өз  заманының  талаптарына  жауап  беруге 

әзір, озық білімді адам болуға тиіс;



тапқырлық, яғни жаңа жағдайда, күрт өзгерістер туғанда қоғамда 

пайда болған мәселелердің шешімін жедел табуға қабілетті болу;



болашақты  көре  білу,  демек,  бүгінгі  күнді  ғана  емес,  алыс 

болашақта не болатыны туралы да ойлау;



сөзбен  халықты  шабыттандыра  білу,  оның  істерін  игі  мақсаттарға 

бағыттау;



денсаулығының  мықты  болуы,  өйткені  оған  үлкен  күш  және 

жауапкершілік  жүктеледі,  әсіресе  соғыс  қимылдары  орын  алған 

кезеңдерде.

Бірақ  барлық  осы  қасиеттердің  ішінен  ең  бастысы  ретінде  Әл-

Фараби даналықты әділетті бөліп көрсетеді.

Көріп  отырғанымыздай,  бұдан  мың  жылдан  артық  уақытта  өмір 

сүрген  Әл-Фарабидің  ойлары  бүгінгі  күні  де  өзектілігін  жойған  жоқ. 

Кеңірек айтқанда, қай дәуірді алсақ та, философия тарихы ешқашанда 

«ескірмейді»,  онда  жинақталған  ойлар  жаңа  шығармашылық 

ізденістерге шабыт береді.



2.6. ибн-сина мен ибн-Рушд

Ортағасырлық  ірі  ғалым-энциклопедистердің  бірі  әбу-әли  ибн-



сина (980-1037) Бұқараға жақын жерде дүниеге келген. Ұлты – тәжік. 

Еуропаландырылған  есімі  –  авиценна.  Негізгі  еңбектері:  «логика», 



«метафизика», «Риторика» («Шешендік») және басқалары.

Ибн-Сина  әлемнің  білімді  адамдарына  өз  қызметінің  екі  жағымен 

танымал: ол дәрігер және философ. Оның «Сауығу кітабы» төрт ғасыр 

бойы еуропалық студент-дәрігерлердің қойын кітапшасы болған.

Оның  философиялық  идеяларына  тоқталар  болсақ,  оның  болмыс 

туралы  ілімі  де  эманация  қағидасына  сүйенеді.  Әлем  Алланың  – 

бастапқы себептің жан-жақты жетілуіне және кемерінен асып төгілуіне 

байланысты  пайда  болған.  Алғашқы  себеп  кемерінен  аса  отырып, 

иерархиялық тәртіппен Әлемдік Ақыл-парасатты, Жанды, қозғалыссыз 



90

Аспан әлемдерін және, ақырында, Ай астындағы, біз өмір сүріп жатқан 

әлемді  тудырады.  Көріп  отырғанымыздай,  Ибн-Синаның  көзқарасы 

Әл-Фарабидің болмыс туралы түсініктеріне жақын.

Ибн-Сина  болмыстың  «өмір  сүру»  және  «мән»  сияқты  санаттары-

на айтарлықтай көңіл бөлген. Алғашқысы – нақты, ал мән – дерексіз 

(абстрактілі).  Мысалы,  жер  бетінде  өмір  сүретін  нақты  тірі  адамдар, 

аттар,  иттер  және  басқалары  бар.  Ал  олардың  мәні  «адамдық»  және 

«хайуандық»  ұғымдарды  құрайды  –  олар  жалаң,  дерексіз.  Әлемнің 

нақты денелері мен заттары бұл дүниеге келеді және уақыт өте келе – 

кетеді, ал олардың мәндері қалады, өйткені олар мәңгі және кемеліне 

келген.


Табиғатта  бар  заттар  мен  денелер  ықтимал,  болуы  мүмкін  бол-

мыс  қана  болып  табылады,  өйткені  олардың  өзіндік  негіздемелері 

жоқ.  Олар  бұл  дүниеге  жағдайлардың,  кездейсоқтықтардың  тоғысуы 

нәтижесінде келеді. Негізінде, олардың пайда болмауы да мүмкін. Ал 

егер қажеттіні, яғни бар болуды қарастырсақ, онда Ол бар және оның 

болмыссыздығы  (болмаушылығы)  мүмкін  емес,  өйткені  оның  өмір 

сүруінің өзіндік негіздемелері бар. Ол – Алла.

Ибн-Сина  «жоқтан  бар  жасау»,  яғни  әлемді  жоқтан  тудыру 

қағидасын сынға алады. Егер Құдай бұл әлемді жоқтан тудырса, онда: 

«Ол осыған дейін не істеген?» – деген сұрақ туады. Егер Оның осыған 

дейін «ештеңе жасағысы келмесе», онда Құдайдың Бар Ізгілігі жойы-

лады.  Ал  егер  «жасай  алмаса»,  онда  Оның  Құдіреттілігі  қайда?  Бұл 

жағдайда  Жан-жақты  жетілгендік  қағидасына  айтарлықтай  нұқсан 

келеді, ал егер Құдайдың кемістіктері бар болса, онда Ол өзінің ғажап 

Мәнін жоғалтады.

Ғұламаның бұл сынынан маңызды қорытындылар келіп шығады. Ол 

Жаратушы ретіндегі Құдайды жаратылған Табиғатқа қарсы қоймайды. 

Құдай  Алғашқы  себеп  болып  табылатындықтан,  материалдық  Әлем 

Құдайсыз өмір сүре алмайды, ал Ол, өз кезегінде, материалдық Әлемсіз 

өмір сүре алмайды. Бұндай ұстаным, негізінен, пантеизмге (Құдайды 

Табиғатпен біртұтас деп сендіретін ілім) жақын.

таным  туралы  ілімінде  Ибн-Сина  әлемді  логика  (оны  кез  кел-

ген  ғылымға  кіріспе  деп  мойындай  отырып)  арқылы  танып  білу 

мүмкіндігіне  ерекше  назар  аударады.  Ол  адамның  жан-дүниесінде 

әлеуетті ақыл-парасаттың бар екенін мойындайды. Адамның қоршаған 

әлемдегі заттардың мән-мағынасын ашып көрсете білу мүмкіндігі бар. 

Бірақ бұл – өте күрделі үдеріс. Таным түйсік сезімдерінен басталады: 




91

ол оны «сезімдік тәжірибе» деп атайды. Жалпы қорытындыларға адам 

зерттеліп жатқан нәрселердің қасиеттерін салыстыру арқылы келеді.

Шындық – заттардың ішкі мәні. Әрбір заттың шындығы өзіне тән 

асылдығын құрай отырып, оның өмір сүру ерекшеліктерінен көрінеді. 

Логика  бізге  заттардың  мәнін  ашуға  көмектеседі,  сол  арқылы  біз 

дара  және  жалпы  деген  ұғымдар  туралы  ойлай  аламыз.  Жалпы  дара 

заттардың мәнін құрайды.

Өзінің  әлеуметтік-саяси  көзқарастарында  Ибн-Сина  әділеттілікке 

айтарлықтай  көңіл  бөледі  және  оны  кез  келген  қоғамның  орнық-



тылығына  негіздеме  болады  деп  санайды.  Данышпанның  ойынша, 

егер қоғам әділетсіз жолмен басқарылатын болса, онда халық қарулы 

көтеріліске шығып, ондай үкіметті құлатуға құқылы.

Арабтілді  аристотелизмнің  дамуын  аяғына  дейін  жеткізген  ұлы 

араб философы ибн-Рушд (1126-1198) Испанияда, Кордово қаласында 

дүниеге келген. Ұлты – араб, латынша есімі – аввероэс. Кейіннен оны 

Данте  «білгіштердің  ұстазы»  деп  атаған.  Оның  негізгі  еңбектері: 

«алғашқы  қозғаушы  туралы»,  «терістеуді  терістеу»,  «аспан 

денелерінің қозғалысы жайында» және басқалары.

болмыс  туралы  ілімінде  ибн-Рушд  Әлемнің  мәңгілігі  мен 

шексіздігі туралы айтады. Сөз жоқ, ол өз заманының ұлы болды және 

Құдайды мойындады. Алайда философия мен діннің арақатынасы ту-

ралы мәселені зерттей келе, оларды алған бағыттарында ұқсас деп са-

нады. «Философия – ол діннің серігі және қандас туысы, олар табиғаты 

бойынша  серіктер  болса,  мәні  мен  тума  бейімділігіне  қарай  достар 

болып  табылады»,  –  дейді  ойшыл  (А.В.Сагадеевтен  дәйексөз.  –  Ибн-

Рушд.  –  М.,  1973.  –  198-бет).  Философияның  да,  діннің  де  зерттейтін 

тақырыбы – Құдай, бірақ Ол туралы мүлдем әртүрлі ойлайды. Сөйтіп, 

егер  ұмытпасаңыздар,  философияны  «Құдай  сөзінің  қызметшісі»  са-

найтын  схоластикадан  Ибн-Рушд  жоғары  көтеріле  білді.  Егер  Құдай 

шындықтың  мәңгі  бастауы  болса,  онда  материя  –  мүмкін  болатын 

әлемнің мәңгі бастауы. Егер Құдай мәңгілік болса, онда Ол жаратқан 

Әлем де мәңгілік. Құдай – қажетті бар болушылық, бар болуы мүмкін 

материяға  бітім-пішін  бере  отырып,  оны  шындыққа  айналдырады. 

Дүниеде ештеңе де пайда болмайды және құрымайды: өзгеру барысын-

да зат басқа затқа айналады. Егер материя заттардың ішкі мүмкіндігін 

құраса, ал пішін оны сыртқы іске асуға, шындыққа айналуға келтіреді.

Ибн-Рушд ары қарай Аристотельдің: Пішінсіз материя жоқ және ма-

териясыз пішін жоқ» деген негізгі қағидасын жетілдіреді. Егер біз мате-

рияны пішіннен ажыратып бөле алмасақ, онда мүмкіндік пен шындық 

та  біртұтас,  олардың  айырмашылығы  салыстырмалы  ғана.  Әлем 




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау