ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет132/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   142

392

қажетсіздігін,  Оның  адамның  жүрегінде  екенін  айтады.  Құдай  –  ол 

адамның ар-ожданы. 

«Homo Aesteticus» та адамның маңызды анықтамасы болып табы-

лады.  Қапырық  ыстық  күндердің  бірінде  батып  бара  жатқан  Күн  аса 

үлкен және қызыл күрең жарты аспанға айналады. Бұл ешбір адамды 

жайбарақат қалдыра алмайды. Ал кез келген жануар бұны байқай ал-

майды. Адам әсемдікке таңданғаннан шабыттана отырып, Табиғаттың 

ұлылығы туралы тұтас поэма жазып тастауы мүмкін. Сонымен, адам – 

әсемдікке ұмтылған тіршілік иесі.

Голландиялық  философ  И.Хейзинга  адамды  «Homo  Ludens»  – 

ойын  ойнайтын  адам  деп  айқындады.  Өлім  халінде  жатып  та,  адам 

«өлетін  адамның»  рөлін  ойнайды.  Ойын  арқылы  ғана  жануарлардың 

төлдерінің  ырықсыз  сезімдері  оянады,  ересек  жануарлар  ойын  ойна-

майды. Ал адам өмірінің ақырына дейін әртүрлі рөлдерді ойнайды.



«Homo  Electus»  –  тік  жүретін  адам  дегеннің  де  терең  мағынасы 

бар.  Бізді  тудырған  архантроптар  ағаштардан  жерге  түсіп,  артқы 

аяқтарына  тұрғанда,  бұл  нағыз  революция  болды,  өйткені  олардың 

босаған  алдыңғы  аяқтары  құрал  жасау  барысында  адамның  шебер 

қолдарына айналды: олар көз микрохирургиясынан бастап, өзі жүретін 

экскаваторға дейін барлығын да жасай алады. Мынадай жағдайды көз 

алдыңызға  елестетіп  көріңіз:  жер  бетінде  барлық  адамдар  ғайып  бо-

лып, адамның бір ғана қолы қалған дейік. Сонда жерден тыс ақыл оны 

көрген бойда жер бетінде ақыл болғанын түсіне қояр еді, өйткені қол – 

адамның ақылынан туған туынды.

Француз  философы  Э.Кассирер  адамды  «Homo  Simbolicus»  деп 

атады, өйткені адам өзін символдардың – нышан-белгілердің әлемімен 

қоршады.  Сіз  машинада  келе  жатқаныңызды  және  алдыңыздан  ор-

тасында  кірпіш  бейнеленген  дөңгелек  белгіні  көргеніңізді  елестетіп 

көріңіз. Сіз дереу тежегішті басасыз, өйткені ары қарай жүруге болмай-

ды. Мысалы, Прометейдің бейнесі – адамды сүюдің, адамгершіліктің 

белгісі болса, Сизиф бейнесі – ауыр да мағынасыз тер төгудің белгісі. 

Ал  Қозы  Көрпеш  пен  Баян  Сұлу  –  мөлдір  де  таза  романтикалық 

сүйіспеншіліктің бейнелері.

Ф.Ницше адамды «уәде беруші хайуан» десе, Ж.Ж.Руссо «бұзылған 



хайуан» деп атайды.

Адам  өзгеше  күрделі  тіршілік  иесі  болғандықтан,  ондай 

анықтамалардың  санын  ары  қарай  да  көбейте  беруге  болар  еді.  Біз 

өз  тарапымыздан:  «күлетін  адам»,  «адам  –  жылай  білетін  тіршілік 

иесі», «адам – өлетінін білетін тіршілік иесі» және т.б. дер едік. Бірақ 



393

«У.Оккама  ұстарасы»  бізге  мәндерді  қажеттіден  жоғары  өсіре  беруге 

болмайтынын  айтады.  Осыны  есімізде  ұстап,  адамға  кең  анықтама 

беріп  көрейік:  адам  –  қоршаған  ортаны  танып  білуге  қабілетті  және 

соның  негізінде  еңбек  құралдарын  жасай  алатын,  еңбек  ету  бары-

сында  өзінің  әртүрлі  қажеттіліктерін  қанағаттандыра  отырып, 

қоршаған  әлемді  өзгерте  алатын  саналы  тіршілік  иесі.  Адамның  біз 

жоғарыда  айтып  өткен  барлық  қалған  қасиеттерін  осы  анықтамадан 

шығаруға болады.

Адам  –  қарама-қайшы  тіршілік  иесі.  Бір  жағынан,  ол  –  дене  және 

оған, басқа тірі тіршілік иелері сияқты, ауа, су, азық, ұрпақ жалғастыру 

және т.б. қажет. Екінші жағынан, ол рух та болып табылады: ол әлем 

туралы  ойға  шомады,  қоғамда  өз  орнын  табуға  тырысады,  қуанады, 

ренжиді, жаңа бірдеңе ойлап табады, жақсы көреді немесе жек көреді 

және  т.б.  Егер  хайуандар  ырықсыз  сезімдер  арқылы  қозғалса,  ал 

адам  өзін  әлеуметтік  нормаларға  бағындырады,  ол  өз-өзін  бақылауда 

ұстауға қабілетті.

Әйткенмен  адамның  бұл  ішкі  қарама-қайшылығы  әртүрлі 

философиялық ілімдерде түрліше ұғынылады. Мысалы, ортағасырлық 

философия,  бір  жағынан,  рух  иеленуші  адамды  тіпті  Құдайдың 

деңгейіне дейін жеткізсе, ал тән ретінде хайуаннан да төмен бағалайды.

жаңа  дәуір  философиясында  бұл  мәселеге  қатысты  қарама-

қайшы екі: биологиялық және әлеуметтік редукционизм (мағлұмат) 

көзқарасы пайда болады.

Биологиялық  редукционизм  адамның  мәнін  оның  тәнімен  байла-

ныстырады. Оны нәсілшілдіктен, ломброзиандықтан,

1

 әлеуметтік дар-



винизмнен, әлеуметтік биологиядан көруге болады.

нәсілшілдік өз нәсілінің басқалардан артықшылығын көрсетуге 

ұмтылады. Басқа ұлттарды отарлау негізінде еуропалықтар басқаларды 

жетілмегендер  деп  санайтын  ақ  нәсілшілдікті  тудырды.  Тәуелсіздік 

алуы  барысында  ақ  нәсілшілдікке  қарсы  қара  нәсілшілдік  шықты. 

«Негрлік» тұжырымдамасында қара адамдардың әлемді сезімдер мен 

ырықсыз  сезімдер  арқылы  игеретініне,  олар  музыкалық  ырғаққа, 

спортқа  көбірек  бейім  дегенге  сендіру  басым.  Сары  нәсілшілдік  ақ 

адамдар  пісе  қоймаған,  ал  қара  адамдар  күйіп  кеткен  деп  санайды. 

Бүгінгі  таңдағы  жаһандану  үдерістері  нәсілшілдіктің  қалдықтарына 

аяусыз  соққы  беру  үстінде.  Адамзат  барлық  халықтар  тарих  үніне 

1  Ломброзиандық  –  қылмыстық  жүйеде  Чезаре  Ломброзо  атымен  аталған  теория,  оған 

сәйкес,  қылмысқа  биологиялық,  анатомиялық-физиологиялық  факторлар  итермелейді  деп 

саналады.



394

өздеріне  тән  жауаптарын  беретін  маңызды  фактіні  көрсетіп  отыр. 

Әлемнің  жоғары  дамыған  елдерінің  қатарында  бүгінгі  күні  Оңтүстік 

Африканы (қаралар), Жапонияны (сарылар), Германияны (ақтар) атауға 

болады. Адамзаттың ортақ біртұтас генетикалық тамырлары олардың 

бір-бірлерімен  үйлесімділігінен  (мулаттардың,  метистердің  дүниеге 

келуі) көрінеді. Кейде үйреншікті өмірде кездесіп қалатын адамдардың 

нәсілшілдік  пиғылдары  («қисық  көздер,  «қара  қожалақтар», 

«аққұлақтар»  дегендерді  айту  сияқты)  адам  өресінің  төмен  деңгейін 

немесе оның ұлтшылдық «ауруға» шалдыққанын көрсетеді.

Өткен  ғасырдың  басында  италиялық  психиатр,  антрополог  Че-



заре  ломброзо  қылмыскерлердің  өздерінің  биологиялық  табиғаты 

бойынша  қазіргі  адамдардан  төмен  тұратыны  туралы  идеясын 

ұсынды.  Олардың  жақ  сүйектері  ауыр,  қалың  қастары  бірігіп  кеткен, 

маңдайлары тар, қолдары ұзын болып келеді. Ондай адамдар қашанда 

әлеуметтік  ауытқушылықтарға  жақын  болғандықтан,  қылмысқа 

оп-оңай  барады.  Қылмыстарды  зерттеушілердің,  психиатрлардың 

кейінгі зерттеулері ондай тұжырымдардың толығымен негізсіз екенін 

көрсетті.  Қылмыскерлік  –  әлеуметтік  құбылыс.  Солай  болғанмен, 

ондай көзқарастарды ұстанатын адамдар әлі де бар.

әлеуметтік 

дарвинизм 

«өмір 


сүру 

үшін 


күрес», 

«тұқымқуалаушылық», «іріктеу» сияқты санаттарды қолдануға тыры-

сады.

әлеуметтік  биология  жоғары  ұжымдасқан  жануарлардың  да 

«әлеуметтік  қасиеттері»  бар  екеніне  сендіреді.  Мысалы,  жануар-

лардың  альтруистік  (төлін  қорғау  үшін  жануардың  өзінің  мерт  бо-

луы;  үйір  немесе  табын  ішіндегі  өзара  қамқорлық,  өзара  көмек 

сияқты)  ырықсыз  сезімдері  Ч.Дарвиннің  эволюциялық  теориясының 

іргелі  қағидаларына  қайшы  келеді.  Іс  жүзінде,  өмірді  сақтап  қалу 

мақсатында  дербес  организмнің  қоршаған  ортаға  бейімделуінен 

үйірдегі өзара көмек қажеттіктері тумайды. Оның бұл ойымен келісуге 

болады.  Сондықтан  ол  тиімді  эволюцияның  қоршаған  ортаға  дербес, 

ұжымдасып  және  үйір-үйір  болып  бейімделу  арқылы  мүмкін  бола-

тынына  сендіреді.  Олай  болса,  әлеуметтіктің  бастамасы  алдымен 

алғашқы  қауымдық  үйірде  пайда  болады.  Ондай  идеялар  даму  тео-

риясына  қайшы  емес,  өйткені  жаңаның  ұрықтары  қашанда  ескінің 

қойнауында жатады. Алайда бұдан әлеуметтік туралы алысты болжай-

тын,  маңызды  негіздері  биологиялық  үдерістерге  кететін  қорытынды 

жасаудың қажеті жоқ.



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау