386
өсімдіктер мен жануарлардың адамға қажетті бағытта өзгеруі
мүмкіндігі туған).
Сонымен, генетика тірі организмдерде болып жататын
тұқымқуалаушылық және өзгеру үдерістерін мақсатқа сай меңгеру
үшін зерттейді. Генетиканың негізгі ұғымы – ген, ол жасушадағы
молекулалық құрылым болып табылады. Химиялық құрамы жағынан
ол, негізінен, азот пен фосфордан құралған нуклеиндік қышқылдардан
тұрады. Ген жасуша өзегінде орналасқан.
Бүгінгі таңда генетика селекционерлермен бірге алынған жаңа ор-
ганизмдерден пайдалысын іріктеп алу, тұқымқуалаушылық деректің
берілу механизмдерін жетілдіру мақсатында тиімді будандастыру жол-
дарын іздестіріп жатыр.
Азаматтардың денсаулығын сақтау үшін, медицинада генетиканың
мүмкіндіктері тұқым қуалайтын аурулармен, қоршаған ортадағы
мутагендік жағдаймен күрес жүргізуге бағытталған. Соңғы
онжылдықтар ішінде өнеркәсіптің өркендеуі, химиялық жолмен
түзілген көптеген жасанды материалдар өндірісі және басқадай фактор-
лар қоршаған ортаның адамдардың денсаулығына теріс әсерін тигізіп
жатқан мутагендік әлеуетін өршітті. Мысалы, жыл сайын әлемде
75 миллионға жуық нәресте дүниеге келсе, оның 1,5 миллионының
гендерінде ауытқушылық байқалады. Бұл факторлардың барлығы
генетиканың алдына үлкен міндеттер қояды. Генетиканың дамуы өмір
мәнін терең түсінуге, оның жаңа формаларының тууына себеп болмақ.
4.4. антроптық қағида.
биосаладан ноосалаға көшу мәселелері
Өзгеше күрделі құбылыс ретінде өмірдің қоршаған ортаға тигізетін
ықпал-әсері көп. Соның нәтижесінде жердің беті өзгерді және біздің
планетамыз ғарышта өте әдемі, көгілдір денеге айналды. Жер бетіндегі
өмір жансыз материямен өзара әрекетке түсіп, өне бойы өзгерісте және
дамуда болатын тұтас жүйені құрды.
Тарихи тұрғыда өмірдің өзгеруі тірі тіршіліктің формалары арасын-
да айырмашылықтардың артуына, олардың өзара байланыстарының
күрделенуіне келтіреді. Қоршаған ортаға бейімделе, онымен заттек-
тер, энергия және ақпараттар алмаса отырып, өмір биогеоценоздар
(экожүйелер) туғызады. Мысалы, Оңтүстік Қазақстанның экожүйесінің
Солтүстік Қазақстан экожүйесінен айтарлықтай айырмашылығы
бар. Биогеоценоздар өсімдіктермен қоректенетін жануарлардан бас-
387
тап, тамақтың қорытылуына қатысатын микроорганизмдерге дейін,
биосаланың кіші үлгілері болып табылады.
Біріге отырып, әртүрлі биогеоценоздар биосала – жер бетіндегі
өмірдің супержүйесін құрайды.
Көрнекті орыс ойшылы А.И.Вернадский биосала түсінігіне
жаңаша жарық берді. Егер оның алдындағы ғалымдар биосалаға
өмірдің бір-бірлерімен байланысты барлық формаларын жатқызса, ал
А.И.Вернадский, одан өзге, биосалаға миллиардтаған жылдар өмір
сүруі барысында өмірдің жер бетінде тұрақтап қалған қалдықтарын
жатқызды.
Мысалы, мұнай деген не? Ол – миллиардтаған жылдар өмір
сүру барысында теңіздер мен мұхиттардың түбінде жинақталған
планктондардың қалдықтары. Таскөмір деген не? Бұл – ерте заман-
дарда болған, дін аман сақталған бұрынғы ормандардың қалдықтары.
Жердің беті өсімдік әлеміне қажетті табиғи заттарға, – олардың өздері
алдында болған өмірдің қалдықтары емес пе, – толы. Кез келген орга-
низм қоршаған ортадан өзіне қажетті химиялық элементтерді алады,
өзі өлгеннен кейін кері қайтарады.
Қазіргі заманғы жаратылыстану коэволюция (бірлесе өзгеру, даму)
ұғымын тудырды. коэволюцияның көмегімен әртүрлі организм-
дер бір-бірлерімен өзара әрекеттесе отырып, өмірдің жүйелі бірбүтін
ретінде дамуына себеп болады. Бұл ұғымның осы заманғы адамзат
үшін әдістемелік мағынасын асыра бағалау мүмкін емес. Егер біз
өзіміздің ары қарай дамуымызда өмірдің әртүрлі формаларын тұтынуға
ғана бағыт алсақ, онда оны құртып тынуымыз әбден мүмкін, ал оның
орнына біз бірлесе даму мақсатында жыл сайын экожүйеге көбірек
көңіл бөлуге, оның хал-ахуалының жақсаруын қамқорлыққа алуға
тиіспіз. Сол жағдайда ғана біз Табиғатпен үйлесімділікке жетеміз және
ноосалаға – ақыл-парасатпен игерілетін салаға жол ашылады.
Сөйтіп, өзінің миллиардтаған жылдар бойы дамуы барысында өмір
«ақылды жануарлар» деп аталатындардың шыңына шығып, өзінің
миллиондаған әртүрлі формаларын тудырды. Олардың қатарына
маймылдарды, иттерді, пілдерді, дельфиндерді, киттерді және т.б.
жатқызуға болады. Олардың кейбіреулері өз дамуында сынақтар мен
қателіктер, өмір сүрген кезінде әлдебір жаңашылдыққа үйрену,
қоршаған ортаға икемді бейімделу арқылы нақты ойлау деңгейіне
жетті. Зоологиялық күшке негізделген табындық өмір пайда болды.
Жоғарыда аталған жағдайлардың барлығы да материя қозғалысының
биологиялық формалары аясында өмірдің жеткен жоғарғы
388
шыңдары болды – жетілудің ары қарайғы мүмкіндігі сарқылып бітті.
Өмірдің ары қарай дамуы үшін «біртінділіктің үзілуі» және санаға
секіру үшін, әлдебір «түсіргіш ілмек» қажет болды. Ол адамның пай-
да болуына байланысты еді. Ал түсіргіш ілмек деп климаттың күрт
өзгеруін айтсақ, соның нәтижесінде архантроптар (ерте замандар-
да өмір сүрген, қазба жұмыстары арқылы табылған адамдар) жерге
түсуге мәжбүр болды да, алдыңғы аяқтары босап, кейіннен адамның
қолдарына айналды. Сананың пайда болуының шешуші факторы –
алғашқы адамдардың бірлесе еңбек ету үдерісінде еңбек құралдарын
жасауы және жүйелі түрде пайдалануы болды. Сөйтіп, материалистік
философияда сананың пайда болуы қоғам мен адамның өздерінің
антропосоциогенез деп аталған шығу тегімен тығыз байланыста
қарастырылады. Бұл үдерістің терең мәні өмірдің қалыптасуының
биологиялық формадан әлеуметтік формаға секіруінде жатыр.
Ондай мүмкіндік климаттың өзгеруіне, ормандардың сиреуіне,
соның нәтижесінде маймылдардың жерге түсуге мәжбүр болғанына
байланысты ашылды. Артқы аяқтарымен тұрып, олар алдыңғы
аяқтарын босатып, жемісті қағып түсіру немесе жауларынан қор-
ғану үшін, олармен құрғақ бұтақтарды, тастарды ұстайтын болды.
Мыңжылдықтар өте келе, маймылдардың алдыңғы аяқтары адам-
дардың қолдарына ұқсай бастады.
Ф.Энгельс атап айтқандай, еңбек құралдарын жасау және жүйелі
түрде пайдалану бұл үдерісте шешуші рөл атқарды. Олай болса, бұл
үдерісті ойша қайта құрып көрейік. Ең қарапайым тас құрал – «ашель
шапқысы».
1
Сырттай сәбізге ұқсайтын бұл құралдың төменгі бөлігі
сүйір болып келеді. Ондай құралды жасау үшін, тасты тасқа ұра оты-
рып, құралдың қарадүрсін кейпін қашанда есте сақтау керек, онсыз
құрал жасау мүмкін емес; екіншіден, лайықты тасты табу үшін, өзен
бойын жағалап ұзақ жүру керек; үшіншіден, ол тасты басқа таспен
ұрып, оны өңдеу қажет; бұл аңғарымдылық пен сақтықты дамыта-
ды: ақырын ұрсаң – тас сынбайды, қатты ұрсаң – қақ айырыла сына-
ды. Сонда өкінішке ұқсас сезім пайда болады. Ол өзін өзен жағасына
баруға итермелеп, қайтадан лайықты тас іздеуге мәжбүр болады, – ерік-
жігер дамиды. Енді ол мақсатына жетеді, – құрал дайын, оның бойын-
да қуанышқа ұқсайтын сезім пайда болады. Бірақ егер құралдың шет-
шеті біркелкі шабылмаса, ол пайдалануға қолайсыз болып, тез сынады.
1
«Ашель шапқысы» – палеолит дәуіріндегі адамдардың тастан жасаған еңбек құралы
Франциядағы Сент-Ашель деген жердің атымен аталған.
Достарыңызбен бөлісу: |