ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет93/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   142

277

Адам өміріне қауіп төнетін жағдайда жан дүние серпілісі орын алады, 

терең күйзеліске түскен кезде, адам осы дүниедегі өзінің қайталанбас 

болмысының мәнін тауып, түсінеді.

Егер Хайдеггер мен Ясперс өздерін діни ойшылдарға жатқыза оты-

рып, қиын-қыстау жағдайларда Құдайға үміт артуды ұсынса, ал «экзис-

тенциализм» терминін ғылыми қолданысқа енгізген француз филосо-

фы жан поль сартр (1905-1980) адамды тіпті де қорғансыз кейпінде 

көреді.  Сартр  атеистік  экзистенциализмнің  өкілі  болды.  Оның  таны-

мал  болған  еңбегі  «Болмыс  және  ештеңе»  экзистенциализмнің  басты 

құжатына айналды.

Сартр  мен  оның  серіктестері  француздардың  Қарсылық  қоз-

ғалысының  қайраткерлері  және  идеологтары  болды,  сол  себепті 

азаттық мәселесін аса маңызды деп санады. Ницше сияқты, Сартр да: 

«Құдай жоқ, Құдай өлген және адам азат», – деп мәлімдеді. Сартрдың 

ойынша, адам ешқандай жағдайларға қарамастан, азат та, құл да болып 

қала алады. Қолына кісен салынған адам азат бола алса, ал еркіндікте 

өмір сүріп жатқан, тұрмыс жағдайы әбден жақсы адамның да құл бо-

луы ғажап емес.

еркіндік  ұғымы  экзистенциализмдегі  негізгі  түсінік  бол-

ды.  Еркіндік  адамның  тектік  қасиеті  болып  табылады.  Еркіндік, 

марксизмдегідей,  «танылған  қажеттілік»  емес  немесе  «табиғи 

дарындылықты ашу» да емес, ол – адамның шынайы экзистенциясы, 

оның  тіршілік  етуінің  тәсілі  болып  табылады,  өйткені  ол  –  өз-өзінің 

жобасы.  Адам  өзін  –  өзінен  тудырады.  Адам  –  өзінің  себеп-салдары 

да (causa sui). Бұл дүниеде ештеңе де адамға билік ете алмайды. Бірақ 

еркіндік – таңдау емей, немене?! Ол қалағаның бәрін таңдауға ерікті.

Бұл  жерде  басымызға  экзистенциализмді  анархизмнің  әлдебір 

нұсқасымен  теңестіретін  бір  ой  келе  қалады.  Алайда  ж.п.сартр 

Еркіндік  –  тұлғаның  өзінің  де,  басқа  адамдардың  да  алдындағы 

адамгершілік  жауапкершілігінің  үлкен  ауыртпашылығы  екенін 

айтады.  Міне,  сондықтан  қазіргі  заман  әлемінде  адамдар  өзіне 

жауапкершілік  алғысы  келмей,  еркіндіктен  қашады.  Таңдау  жасап 

қана, яғни еркіндікті іске асыра отырып, адам өзін терең түсінуге, сол 

арқылы басқаларды түсінуге жетеді.

Адам  болмысының  маңызды  ерекшелігі  –  трансценденция  –  өз 

шектерінен шығу болып табылады. олай болса: «Шектерінен шығып, 

тұлға  қайда  ұмтылады?»  –  деген  сұрақ  туады.  Экзистенциализмнің 

діни  нұсқасы  (К.Ясперс,  Г.Марсель)  трансценденттікті  Құдаймен 

теңдестіреді. Демек, тұлға шынайы еркіндікті Құдайдан тауып, Оны-

мен бірігуге ұмтылады. Белгілі орыс экзистенциалисі н.а.бердяевтің 




278

ойы  бойынша,  адам  –  табиғи  әлемдегі  «әлдебір  үйлесімсіздік»,  тәні 

мен  рухы  бар,  қарама-қайшылықтардан  өрілген  тіршілік  иесі.  Сол 

себепті оны қажеттілікпен  түсіну  үшін,  одан  жоғары тұрған  тіршілік 

иесінің  –  Құдайдың  болуы  талап  етіледі.  Алайда  бұл  адам  Құдайға 

біржақты тәуелді дегенді білдірмейді. Философия адамның құдайшыл 

және  Құдайдың  адамшыл  екенін  көрсетуге  тиіс,  өйткені  Иса  Мәсіх 

(Христос)  адам  ретінде  туды.  Құдай  –  ол  рух.  Демек,  рухани  қарым-

қатынаста ғана адамдар осы дүниедегі өз болмысының мағынасын аша 

алады. Діни экзистенциализмнің адамгершілік сипаты да осында. 

Экзистенциализмнің  атеистік  нұсқасы  (Ж.П.Сартр,  А.Камю)  тран-

ценденциализмді  ештеңе  емеспен  теңдестіріп,  оны  (ештеңе  еместі) 

адамның  терең  құпия  экзистенциясы  санайды.  Сөйтіп,  экзистенция 

өз  аясында  шектелген,  уақытша  адами  өмір  сүретін  ештеңе  емеске 

ұмтылу болып шықты.

Еуропалық  өркениет  дағдарысы  XX  ғасырда  ақыл-парасатқа 

және  рухани-адамгершілік  құндылықтарға  сенімсіздік  тудырады. 

Экзистенциализмнің  өтпелі  ойы:  ақыл-ой  негізінде  ғылыми-техника-

лық  өркендеу  ары  қарай  дамуы  шамасына  қарай  адам  өмірін  нашар-

латып,  болмысын  орнықсыздыққа  келтіреді.  Қатыгездік,  зорлық-

зомбылық  ілесе  жүрген  қоғамның  ары  қарай  қиындай  беруі  адамнан 

өз болмысын ұғынуды, ішкі жан дүниесіне терең талдау жасауды та-

лап етеді. Бұл оқшауланған әлемге адам өзінің рухани табандылығын 

қарсы  қоя  алады.  Егер  осылай  болса,  онда  қазіргі  заман  адамы  үшін 

ең  маңыздысы  табиғат  немесе  таным  философиясы  емес,  –  адамның 

тіршілік етуі философиясы. Адам заттардың ішіндегі зат емес, ол зат-

тай байлыққа жетудің де, танымның да құралы емес, ол – субъект – 

еркін, өздігінен жетілген, жауапкершілікті болмыс. 

Бұл  гуманитарлық  білімнің  негізінде  экзистенция  (тіршілік  ету) 

және  эссенция  (мән,  мағына)  түсініктері  жатыр.  Егер  кез  келген  жа-

нуар бұл дүниеге өзінің мәнімен бірге тіршілік етуге келсе, онда адам 

бұл  дүниеге  алдымен  тіршілік  етуге  келіп,  көп  жыл  өткеннен  кейін, 

көптеген  сынақтардан  өте  отырып,  өзінің  мәнін,  яғни  болмысының 

мағынасын табады.

Көріп  отырғанымыздай,  экзистенциализмнің  әртүрлі  өкілдерінің 

әлеуметтік-саяси  ұстанымдары  бірдей  емес,  бірақ  олардың  барлығын 

бір-ақ  нәрсе  –  осы  күрделі  және  қарама-қайшылықтарға  толы  әлемде 

адамның нақты да шынайы өмір сүруіне деген орасан мүдделілік және 

алаңдаушылық біріктірген-ді.



Экзистенциализм  осы  замандағы  барлық  гуманитарлық  ғылым-

дарды жаңа деңгейге көтерді.


279

8.9. Фрейдизм: саналы және санадан тыс әрекет мәселесі.

неофрейдизм

XX ғасырда ғалымдардың назарын адамның психикасында болатын 

санадан  тыс  қуатты  қабат  (қыртыс)  өзіне  аударды.  Оған  алғаш  көңіл 

бөлген – австриялық дәрігер, психолог және философ зигмунд (Шло-



мо)  Фрейд  (1856-1939)  болды.  Ұзақ  жылдар  бойы  есі  ауысқандардың 

психикасын  зерттей  келе,  ол  олардың  мінез-құлқындағы,  іс-

әрекеттеріндегі санадан тыс импульстердің үлкен рөлі бар екенін тап-

ты.  Нәтижесінде,  «психоталдау»  дүниеге  келіп,  науқастарды  емдеу-

де  айтарлықтай  табыстарға  қол  жетті.  Бұл  ғалымға  шабыт  беріп,  ол 

психоталдаудың  негізгі  ережелерін  қоғамға  және  мәдениетке,  оның 

ішінде философияға да таратты. З.Фрейдтің негізгі еңбектері – «мен 

және Ол» ( бұл жерде де: ОЛ – орысша ОНО. – Аудармашы), «тотем 

және тыйым» және басқалары.

Адамның  көптеген  құпия  тілек-қалаулары  және  ұмтылысы  санаға 

бағынбайтын  әрекет  қойнауларында  жататын  болып  шықты.  Оларды 

білу, табу адамды гипноз, яғни жасанды ұйқы жағдайына келтіргенде 

мүмкін  болады,  сондай-ақ  кейбір  байқаусызда  айтылып  қалған 

сөздерден, дене қимылдарынан, түс көруден де байқалады.

З.Фрейд бойынша, адам психикасы үш деңгейден тұрады:

1.  Ego (лат. – Мен, яғни тұлғаның сана-сезімі).

2.  Super  ego  (лат.  –  ең  жоғарғы  Мен,  яғни  әлеуметтендіру  бары-

сында  тұлғаның  санасына  енгізілген,  адамның  мінез-құлқының  ішкі 

реттелуінде  маңызы  бар  әлеуметтік  нормалар  мен  құндылықтар 

жиынтығы). 

3.  Libido  (лат.  –  құштарлық,  құмарлық).  Оған  адамның  бойын-

да  санадан  тыс  жолмен  өтіп  жататын  барлық  психикалық  үдерістер 

(түйсіктер,  көзсіз  құмарлықтар,  әрекеттер,  сезіну  және  тілектер 

және  басқалары)  жатады.  З.Фрейд  кейде  оны  екі  әріппен:  «Id»  деп 

белгілейді.  Оның  ойынша,  санадан  тыс  әрекеттің  өзегі  –  адамның 

барлық  психикасын  әрлендіріп,  «Меннің»  ерекшеліктерін  тудыратын 

оның жыныстық энергиясы.

З.Фрейдтің  пайымдауынша,  егер  адам  психикасының  (Id)  терең 

қабаты өмірден рақат, ләззат алуға ұмтылса, ал сана-сезімі (Ego) өмір 

жағдайларына бейімделуге тырысады. Нәтижесінде, олардың арасында 

өне  бойы  қарама-қайшылықтар  туып  отырады.  Егер  адамның  тәрбие 

барысында алған Super ego қасиеті ерекше күшті болып шықса, онда 

ол ләззат алуды көздейтін, санаға бағынбайтын импульстердің сыртқа 

шығуына кедергі тудырады. Бұндай жағдайда адамның жүйке қызметі 




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау