ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет7/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   142

21

айқындаушы  белгілері  көп  өлшемдер  бойынша  дәстүрлі  өркениетке 

қарама-қайшы келетін әлеуметтік дамудың ерекше тұрпаты.

Техногендік өркениет радио, телевидение және компьютерлер, тіпті 

әуелі  бу  машиналары  шықпастан  көп  бұрын-ақ  басталған.  Көптеген 

ғалымдардың  ойынша,  оның  бастамасы  антикалық  мәдениеттің,  ең 

алдымен,  адамзатқа  екі  ұлы  жаңалық:  демократияны  және  алғашқы 

үлгісі  Евклидов  геометриясы  болған  теориялық  ғылымды  сыйға 

тартқан  полистік  мәдениеттің  дамуы  болып  табылады.  Әлеуметтік 

байланыстар саласындағы және әлемді танып білу тәсіліндегі бұл екі 

жаңалық өркениеттік өрлеудің болашақ, түбегейлі жаңа тұрпаты үшін 

маңызды алғышартқа айналды.

 

1.5. әлеуметтік институт ретіндегі ғылым

 

Ғылымның  әлеуметтік  институт  ретінде  қалыптасуының  ұзақ  та-



рихы  бар,  бірақ  Жаңа  дәуірде  ғана,  ғылымның  рөлі  мен  маңызының 

артуына  байланысты,  ол  ерекше  әлеуметтік  мәртебеге  айнала  бас-

тады,  яғни  өзінің  әлеуметтік  мәртебесін  алып,  осы  салада  жұмыс 

істейтін адамдардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметтік 

нормаларға  қол  жеткізуде.  Әлеуметтік  институт  ретінде  ғылымды  не 

сипаттайды?

Біріншіден, ғылымның өз басқарушы мекемелері, зерттеу институт-

тары мен зертханалары болуға тиіс.

Екіншіден,  бұл  әлеуметтік  институттың  материалдық-техникалық 

жабдықталуы  оны  қаржыландыруды,  өзінің  меншікті  бюджеті  бол-

ғанын  жорамалдайтын  көп  шығындарды  қажет  етеді.  Мемлекеттік 

қаржыландырумен  қатар,  қазіргі  заманғы  қоғамдардағы  ірі  жеке 

корпорациялардың жаңа технологиялар жасау, инновацияларды өмірге 

енгізу  мақсатында  олардың  жұмыс  істеуіне  елеулі  қаражат  сала  оты-

рып, өз тәжірибелік-конструкторлық зертханалары, технорпарктері бо-

латын мүмкіндіктері бар.

Үшіншіден,  коммуникация  құралдарынсыз,  қарқынды  ақпарат  ал-

масуынсыз ғылымның әлеуметтік институт ретінде жұмыс істей алуы 

ақылға  қонбайды.  Ол  үшін  ірі  ғалымдардың  ғылымның  бір  немесе 

басқа  салалары  бойынша  ғылыми  ізденістің  жетекші  бағыттарына 

арналған  монографиялық  зерттеулері,  мақалалары  мен  шолула-

ры,  рефераттық  жинақтары  және  т.б.  шығарылуға  тиіс.  Ғылымның 

өзекті  мәселелерін,  ғалымдардың  кәсіби  тұрғыда  өсуін  дамыту  үшін, 

ғылымның  әртүрлі  салаларының  өкілдері  жаңа  идеяларды  талқылай 




22

алатын, өз жетістіктерімен бөлісетін симпозиумдар, дөңгелек үстелдер 

ұйымдастыру жемісті болмақ.

Төртіншіден,  жаңа  күштердің  тұрақты  ағыны  –  дарынды,  ғылым 

жолын  өзінің  кәсіби  қызметінің  саласы  ретінде  таңдаған  жастар 

легі  қосылып  отырмаса,  ғылыми  қауымдастық  жұмыс  істей  ал-

майды.  Ал  оларды  университеттер  қабырғасында  даярлау  қажет, 

алайда  материалдық  тұрғыда  ғалым  еңбегінің  оншалықты  жоғары 

бағаланбайтынын есте ұстаған жөн.

Ғылыми  қауымдастық  басшылыққа  алатын  әлеуметтік  норма-

лар  мен  құндылықтарға  келер  болсақ,  онда  оның  сыртқы  өлшем-

белгілері  мемлекет  шығаратын  тиісті  құқықтық  нормалар  арқылы 

реттелетінін  айтуымыз  керек.  Сонымен  қатар  ғылыми  қауымдастық 

өзара  қарым-қатынастардың  ішкі  мәселелерін  реттейтін  өзінің  жеке 

нормалары  мен  құндылықтарын  әзірлейді,  олар,  әдетте,  «ғылыми 



этос» деп аталады.

«Этос»  –  грек  сөзі,  ол  өнеге,  мінез,  мекен-тұрақ  деп  аударылады, 

яғни ол – терминологиялық мағынасы тұрақсыз түсінік.

Ғылыми  әлеуметтану  шектерінде  «этос»  ұғымын  алғаш  рет 

американдық ғылыми әлеуметтанушы Роберт Кинг Мертон қолданып, 

«ғылыми этос» ұстанымдарының жалпылама сипаттамасын берді.

Мертонның  пікірінше,  «ғылым  этосы»  оның  институттық  құнды-

лықтарының  жиынтығы  болып  табылады.  Осы  қатардың  кейбір 

құндылықтарын атап өтейік:

а) ғылыми білімнің универсализмі. Арабтық немесе американдық 

физиканың  болмайтыны  сияқты,  ағылшын  немесе  орыс  биология-

сы  да  жоқ.  Ғылыми  таным  жетістіктері  бүкіл  адамзатқа  тиесілі, 

яғни  ортақ.  Сол  себепті  ғалым  ғылыми  зерттеулерінде  оның  жеке 

құлшыныстарынан,  көңіл  күйі  әсерлерінен,  қай  ұлтқа  жататындығы 

және  басқадай  сипаттарынан  келіп  шығатын  уәждерден  бойын  аулақ 

ұстауға  тиіс.  Ғылымда  ашылған  жаңалықтар  мұқият  бақылаудың 

және  әртүрлі  тәжірибелердің  нәтижесі  болуы  керек,  шынайылығы 

ғалымдардың  бірқатар  ұрпақтарының  көп  жылдар  бойғы  ізденістері 

арқылы  дәлелденген  ғылыми  қорытындыларға  сай  болуға  тиіс. 

Міне,  сондықтан  ғылымдағы  кез  келген  жаңалық  ашық  басылымда 

жариялануға  тиіс  және  кез  келген  адам  оның  мазмұнымен  танысып, 

сын айтуға, ұсынылған ережелердің шынайылығына күмән келтіруге 

құқылы.  Ғылыми  қауымдастық  түбегейлі  мойындаған  соң  ғана 

ашылған жаңалық ғылымда өз орнын ала алады;

ә)  ғылыми  жаңалыққа  жеткізетін  жол  –  күрделі  жол.  Ф.Бекон 

айтқандай,  ол  үшін  «өз  үңгірінің  терезесінен»  үңілуді  қойып, 




23

мәселеге  адамзаттың  қазіргі  заманғы  жетістіктері  биігінен  қарау  ке-

рек.  Ғалым  өзінен  бұрынғы  ғалымдардың  идеяларына  сүйенеді, 

ол – өз-өзін шашынан сүйреп батпақтан шығарған барон Мюнхгаузен 

емес.  Бұл  бұрынғы  ғалымдардың  да,  қазіргі  заман  ғалымдарының  да 

шығармашылық  жаңалықтарына  сондайлық  ілтипатпен,  соншалықты 

құрметпен қарауды қажет етеді. Егер ғалымды ғылыми қауымдастық 

шығармашылық ұрлық (плагиат) жасады, яғни өзгелердің идеяларын 

иеленіп алды деп айыптаса, ондай ғалымға деген жеккөрініштіліктен 

асқан ештеңе бола қоймас;

б)  сонымен  бірге  ғылымның  жетістіктері  көлеңкеде  қалып  қоюға 

тиіс  емес,  ал  қоғам  өз  «батырының  бет-жүзін  тануға»  және  оның 

қызметіне деген құрметін әркез білдіріп отыруға тиіс. Демек, жалғыз 

моральдық  қолдау  жеткіліксіз  екен.  Сол  себепті  мемлекет  оның 

зияткерлік меншігін тиісті заңдық кепілдіктермен қамтамасыз етуге 

міндетті. Ғалым өз қызметінен материалдық та, моральдық та қолдау 

көрген жағдайда ғана оның одан арғы шығармашылық қызметіне кең 

жол ашылады;

в)  ғалым  әртүрлі  сертификаттар,  марапаттар  мен  дипломдар 

және  т.б.  түріндегі  ресми  заңдық  танылуға  қол  жеткізуді  ойламай, 



шындықты  ашу  үшін  риясыз,  бәрін  бойына  сіңірген  құлшыныспен 

ілгері ұмтылуға тиіс;

г)  алдыңғы  аталғандарға  бой  алдыру  –  жең  ұшынан  жалғасу, 

сыбайласқан  жемқорлық  сияқты,  ғалымның  әртекті  пайдалар  алуға 

бағытталған  қызметінің  көлеңкелі  жақтарына  әкеп  соқтырады;  бұл 

жағдайда шындықты іздеу «арзанқолды жұмысқа» айналады;

д) сонымен, бүгінгі күні, Р.Декарттың уақытында да болғандай, бір 

немесе  басқадай  ғылыми  жетістіктерді  бағалау  кезінде  күмән,  сын



қисынды дәлелдеушіліктің ұстанымдары олардың шынайылығын та-

нып білудің таптырмайтын құралдары болып қала береді. 

Әлбетте, адамдардың мүдделері мен мақсаттары тоқайласып жата-

тын нақты өмірде жоғарыда аталған құндылықтар толығымен жүзеге 

аса бермейді. Сол себепті ғылымның нормалары мен құндылықтарына 

Мертон  жасаған  талдау  сан  рет  сынға  ұшырады.  Алайда  қазіргі  за-

ман  ғылымының  этосын  әзірлей  отырып,  Мертонның  өзектілігі  аса 

жоғары, бірақ қозғалыссыз жатқан адамгершілік-этикалық мәселелерге 

жан бітіргенімен келіспеуге болмайды. Сондықтан да әрбір ғалымның 

ғылыми этиканың жоғарыда аталып өткен құндылықтары мен норма-

ларын іс жүзіне асыруға ұмтылғаны абзал.



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау