ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет57/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   142

170

Француз  ағартушылары  саңлақтарының  ішінен  философ-энци-

клопедист,  жазушы,  әлемдік  мәдениеттің  көрнекті  қайраткері  Дени 

Дидроны  (1713-1784)  бөліп  көрсетпеуге  болмайды.  Оның  қызуқанды 

ұйымдастырушылық қызметі нәтижесінде 35 томдық «Энциклопедия 

немесе ғылымдардың, өнерлердің және кәсіптердің түсіндірме сөздігі» 

жарық көріп, онда ғылымның аса маңызды жетістіктері, саясат, құқық 

саласындағы  жаңа  идеялар  көрініс  тапты.  «Энциклопедия»  француз 

қоғамының ғана емес, сонымен қатар Еуропаның да, тұтастай алғанда, 

Солтүстік Американың да рухани түлеуінде баға жетпес рөл атқарды.

Дидроның шығармашылық өмірбаянында, әдетте, үш мәселе ажы-

ратылып көрсетіледі.

Біріншісі  «Энциклопедияның»  жарық  көруіне  байланысты.  Оны 

адам  айтқысыз  қиын  жағдайларда  жазуға  тура  келді:  тыйым  салу, 

астыртын, құпия жұмыс істеу, материалдың орасан үлкен көлемі үлкен 

қиындықтар  тудырды.  Дидро  барлық  мақалаларды  түгелге  жуық 

түзетіп, дұрыстап жазып шықты және өзі де 1751 жылдан 1780 жылға 

дейінгі кезеңде 1200-ден астам мақала жазды (онікі – орасан зор еңбек, 

басқа біреудің өмірі де жетпес еді). 

Екінші  мәселе  –  ол  «Көзі  көретіндерге  өсиет  ретінде  соқырлар 

туралы  хаттар»  (1749)  деген  еңбегінен  (сол  үшін  бірнеше  ай  Вен-

сен  қамалында  қамауда  да  отырып  шықты)  бастап,  «Физиология 

элементтері» (1875) шығармасында өз көзқарастары мен ұстанымдарын 

анықтап,  баяндап  бергені.  Оның  замандастарының  көпшілігі  Әлемге 

деистік көзқараспен қараса, Д.Дидро дәйекті материалистік ұстанымға 

көшті.

Әлемнің түпнегізі – біреу және ол – материя, ал оның себептері – 



ішінде, сол себепті, оны танып білу үшін, Құдай идеясына жүгінудің 

қажеті  жоқ.  Материяны  ешкім  жаратқан  жоқ  –  ол  өз  заңдылықтары 

негізінде  мәңгі  өмір  сүріп  келеді.  Материяның  өмір  сүру  тәсілі  – 

қозғалыс,  біз  оларды  бір-бірінен  ажырата  алмаймыз.  Бүкіл  әлем 

қозғалыста: бір заттар құрып жатады, олардың орнына екіншілері пай-

да болады. Материя өзіне тән қарама-қайшылықтардан келіп шығатын 

ішкі күштерге толы.

Материяның  «бөлшегі»  ретінде  атомды  емес,  ол  өзі  белсенді 

күш  берген  молекуланы  таңдайды.  «Материя  және  қозғалыс  туралы 

философиялық қағидалар» деп аталатын еңбегінде ол «кез келген мо-

лекуланы әрекеттің: ауырлық немесе тартылыс; ішкі күш әрекеттері..., 

барлық  басқа  молекулалардың  оған  қарсы  әрекеті  дейтін  үш  тегінің 

шоғырлануы деп қарау керек» екенін жазған. Бірақ ол кезде әрекеттің 



171

басты себебі деп ол ішкі күшті санайды. «Дене өз бетінше әрекетсіз» 

дейтін  пікір  –  бұл  қорқынышты  қателік».  Ішкі  күшті  білдіретін 

нәрсе  –  ол  қозғалыс.  Бірақ  бұл  күш  белсенді  де,  енжар  да  болуы 

мүмкін.  Осыдан  келіп  орын  ауыстыру  –  қозғалыс  деп  емес,  нәтиже 

деп  қана  түсіндіріледі.  Бірақ  тартылыс  пен  қозғалысты  ғана  Дидро 

материяға  жатқызып  қоймайды,  оның  ойынша,  дамудың  жеткілікті 

биік дәрежесінде көрінетін, бірте-бірте түйсікке, қабылдауға, зердеге, 

ойлауға айналатын сезімділік те материяға жатады.

адам  мәселесін  Дидро  оның  қалыптасуы,  яғни  тарихи  тәсілді 

қолдана  отырып  жетілуі  тұрғысынан  қарайды.  Адамның  санасы 

Құдайдың  сыйы  емес,  ол  –  материяның  дамуы  жолдарында  туған 

құбылыс.  Ол  өмірдің  күрделенуі,  қиындауы  нәтижесінде  пайда  бола-

ды.

Ойшыл адамның өзімшілдік табиғатын мойындайды, бірақ ақылдың 



көмегімен  оның  шектелуі  мүмкін  деп  санайды.  Адам  басқалардың 

мүдделерін түсінуге және өз қалау-ниеттері мен мақсаттарын ақылмен 

шектеуге қабілетті.

Келісім  теориясына  сүйене  отырып,  Д.Дидро  сол  уақытта 

қалыптасқан «король билігі – Құдайдан» дейтін пікірдің негізсіздігін 

көрсетеді.  Ол  король  билігін  конституция  арқылы  шектеу,  шіркеудің 

ықпалынан босаған зайырлы билік тағайындау керектігін айтады. 

Үшінші мәселе – бұл ойлаудың сократтық сипаты, ол әсіресе оның 



сұхбаттарында, яғни ойшылға сол жылдары қоғамның озық бөлігі кең 

талқылап  жатқан:  табиғат  пен  тәрбиенің,  қажеттілік  пен  еркіндіктің, 

қажеттілік  пен  кездейсоқтықтың  оған  ашылатын  ішкі  қарама-

қайшылықтарын  ашып  көрсетуге  мүмкіндік  беретін  әңгімелерінде 

ерекше  байқалады.  Сонымен,  «Жиен  Рамо»  және  «Жак-фаталист  пен 

оның  қожайыны»  атты  роман-сұхбаттарында  кейіпкерлердің  басынан 

кешкендері  ғана  емес,  олардың  өзара  айтыр-тартыстары  да  автордың 

назарында  болды.  Жактың  фаталист  және  «күлудің  де,  жылаудың 

да  керегі  жоқ,  түсіну  керек»  деп  үйрететін  Спинозаның  шәкірті 

аталуы  жайдан-жай  емес.  «Жиен  Рамода»  сұхбаттың  кейіпкері  – 

композитордың жиені Ж.Ф.Рамо өзінің мақсаты, ұстанымы жоқтығынан 

таймайды, өйткені, оның ойынша, оған тән күнәлар көп ұзамай өмірдің 

жалғыз тірегі деп танылатын болғандықтан, оларды «табиғат өзі рет-

теп қойған». Тәрбие ештеңені де өзгерте алмайды, өйткені «табиғатты 

есіктен қуып шықсаң – ол терезеден қайтып енеді». Алайда ары қарай 

кейіпкердің  көзқарастары  өзгереді:  ол  бұрынғы  пікірлерінен  бас  тар-




172

тып,  енді  адамның  табиғатын  жақсы  жаққа  қарай  өзгерте  алатын 

дұрыс тәрбиенің қажет екенін айта бастайды.

Дидро  сословиелік  теңсіздікке  шұғыл  қарсы  шығады.  «Табиғатта 

жан-жануарлардың  барлық  түрлері  бір-бірлерін  жейді;  қоғамда  бір-

бірін  сословие  құртады.  Барлықтарының  заң  алдындағы  теңдігін 

орнату  керек,  салтанатты  өмір  сүруге  де,  кедейшілікке  де  жол  бер-

мей,  меншікті  біркелкі  бөлу  қажет».  Дидро  бірқатар  еңбектерінде 

басқарудың  республикалық  формасына  құлық  танытқанмен,  бірақ, 

тұтастай алғанда, ол халық өкілеттігі сақталатын шектеулі монархия-

ны жақтайды.

«Энциклопедияны»  шығарудағы  Дидроның  серіктесі  жан  лерон 



д’аламбер  (1717-1783)  философ-ағартушы  ғана  емес,  сонымен  қатар 

белгілі  математик,  ғылым  тарихын  зерттеуші  де  болды.  «Энцик-

лопедияға»  кіріспе  мақалалары  ретінде  ол  «Ғылымдардың  шығуы  

және дамуы туралы очерк» жазып, келіп түскен мақалаларды Дидро-

мен  бірге  түзетумен  айналысып,  аталған  еңбектің  физика  және  ма-

тематика  бөліктерін  жүргізді.  Қазіргі  заманғы  механиканың  іргелі 

принциптерін  дамытуға  д’Аламбер  айтарлықтай  үлес  қосты.  Оның 

еңбектері  ұлы  математик,  механик,  физик  Леонардо  Эйлер  (1707-

1783),  ағайынды  Бернуллилер:  ықтималдық  теориясының  шекті 

теоремаларының бірінің авторы Якоб (1654-1705) және XVIII ғасырдың 

ірі математигі Иоганн (1667-1748); дифференциалдық теңдеу жөніндегі 

жұмыстардың авторы Алекси Клод Клероның (1713-1765) еңбектерімен 

бірге математикалық физиканың негізін қалады.

Сұйықтық қозғалысының теориясы, үш дене тапсырмасы, Жер ну-

тациясы   (тербелісі), Айдың қозғалысы, желдің қозғалысы теориялары 

бойынша, сондай-ақ музыка теориясы бойынша классикалық еңбектер 

де д’Аламберге тиесілі.

Ойшылдың 

философиялық 

көзқарастарын 

«Философия 

элементтері»  деп  аталатын  жұмысынан  байқаймыз.  Сапалы  біртекті 

материямен  бірге,  ол  материалдық  емес  белсенді  түпнегізді,  оның 

ойынша,  адамның  рухани  қызметінде  көрінетін  бастапқы  негізді  мо-

йындайды. Сезіну осы рухани бастауға байланысты. Рухани бастау – 

адамның «Мен» деген мәні.

Д’Аламбер  заттардың  мәніне  ой  арқылы  ену  мүмкіндігін  жоққа 

шығарды және сол терістеуді ол Құдайға да қатысты таратты.

Д’Аламбердің саяси сенімдері бірқалыпты болды.

поль  анри  гольбах  (1723-1789)  та  философиялық  көшбасшы-

энциклопедистердің  бірі  болды.  Оның  Париждегі  салоны  іс  жүзінде 




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау