164
бастапқы себебі ретінде танылмаған Құдайдың бар екенін негізге
алып, деизмнің негізгі қағидаларын сүзгіден өткізді.
Демокрит пен Эпикурдың атомистік көзқарастарын құптай оты-
рып, Вольтер дүние элементтерін өткізбеушілік және ұзындық
қасиеттері бар материалдық түпнегіз деп санады. Ньютон ашқан 1-ші
заңға сүйеніп, ол табиғатты: органикалық емес және органикалық
материяның барлық формалары әлемге 1-ші механикалық соққы бер-
ген сыртқы күштің әсерімен қозғалатын сағат механизміне ұқсатып
қарастырды.
Вольтер бойынша, адам – негізі табиғаттық тіршілік иесі, оның тән
мен қанда өмір сүруден басқа өмірі болуы мүмкін емес. Сол себепті
адамдар бақытты болатын қоғам құру қажет, ол үшін әлеуметтік
қатынастарды ақыл-парасат пен әділеттілік бастауларында қайта құру
керек.
адамның ұлылығын Вольтер оның әлемді танып білу және
өзгерте алу қабілетінен көрді. Оның ойынша, өз-өзін сақтау түйсігі,
өз-өзін сүю адамдарды бір-бірінен алшақтатпайды, керісінше, бір-
бірлеріне жақындастырып, араласуға және жақсы көруге септігін
тигізеді. Адам жеке-дара өмір сүре алмайды. Ол – қоғамдық тіршілік
иесі. Қоғамды нығайта отырып, еркек пен әйелдің негізіндегі табиғи
байланыстар сәбилердің дүниеге келуіне жеткізеді.
Вольтер өне бойы өзіне: «Егер Әлем материалдық денелерден тұрса,
онда адамның жаны қайдан пайда болды?» – деген сұрақ қоятын. Ой-
шыл өзінің сұрағына өзі: «Жан – адамның сезу және ойлау қабілеті. Ал
олай болса, тәннен бөлек, оған тәуелсіз өмір сүре алатын жан туралы
менің ешқандай түсінігім жоқ», – деп жауап беретін. Бұндай көзқарас,
әрине, дінге қарсы бағытталған. Ал ең қызығы, Вольтер өзінің бұл
тезисін дін жолымен дәлелдеуге әрекет етеді: «Егер мына ғажап Әлемді
Құдай жаратса, онда неге біз Ол материяға да сезетін және ойлайтын
қабілет берген деп жорамалдай алмаймыз?». Өз заманының жараты-
лыстану ғылымында жеткен жетістіктеріне сүйене отырып, ол адам
жанының әртүрлі сезімдерін түйсіктермен, жүйке жүйесі және мимен
ұштастырады. Жан-жануарлардың да миы, жүрегі, бауыры және басқа
ағза мүшелері бар болғандықтан, олар да сезінеді, мүмкін, көмескі
болса да, өздерін қоршаған дүниені түсінетін шығар.
Вольтер «табиғи дінді» жақтаушы болып шықты, яғни ол солай деп
барлық адамзатқа ортақ мораль ұстанымдарын түсінді. Моральдың
басты ұстанымын ертедегі данышпандар: «Өзіңе басқалардың
не істегенін қаласаң, өзің оларға да соны істе», – деп, әлдеқашан
тұжырып қойған. Осыдан келіп, әртүрлі ескі наным-сенімдерді,
165
клерикализмді, әсіресе католик шіркеуінің тәртіптерін өткір сынап-
мінеу («Жексұрындарды таптаңдар!») шығып отыр. Сонымен қатар
ол атеизмді де сынға алған. Белгілі «Философиялық сөздікте» ол:
«Атеизм билік басындағылардың қолында болса, ол – аса қауіпті
құбыжық; қағазбасты ғалымдардың өмірі кіршіксіз таза көрінгенмен,
олардың атеизмі де қауіпсіз емес, өйткені олар отырған орындары-
нан шығып, лауазымды адамдарға да жетуі мүмкін; фанатизм сияқты
жойқын болмағанмен, атеизм де қашанда ізгілік үшін қатерлі», – деп
жазды («Вольтер. Философские сочинения. – М.; 1988. – 645-бет).
Әрине, Вольтер еркін ойлау дегеннің синонимі болатын атеизмді емес,
кейіннен «айбынды» деп аталған атеизм туралы айтқан. Белинскийдің
сөзімен айтқанда, Вольтер «әжуа-келемеж құралымен Еуропадағы фа-
натизм мен надандықтың өртін сөндірді...». Ал француз әдебиетінің
классигі Ромен Роллан: «Вольтердің «Жексұрындарды таптаңдар!»
деген ескі ұранын еске түсіріп көріңдер және оны қазіргі заманның
жексұрындарына қолданып көріңдер», – деп жазды.
Вольтер – әлемдік тарихтың маңызы туралы алғаш ойлан-
ғандардың бірі. Бұл жерде ол: «Әлемді пікірлер билейді», яғни
билеушілердің ойы, идеялары әлемдік тарихтың беталысын айқын-
дайды дейтін ұстанымды берік ұстанады. Алайда мәні «пікірді
халықтың басым көпшілігі қолдауға тиіс» деген қағида болып
табылатын маңызды қосымша енгізеді. Барлық бақытсыздықтар,
күйзелістер, озбырлық көпжылдық әлемдік тарихта билік басын-
да болғандардың арсыз саясатымен түсіндіріледі. Бұл жерде оның
көзқарасы дұрыс, бірақ ішінара ғана.
Вольтер – оптимист. Ол өзінің ағарған заманына үмітпен қарайды.
Ғылымның дамуы, өнердің жетілуі, ақылға негізделген философиялық
идеялар бұқара халықтың санасын өзгерте отырып, оның ортасына кең
және терең ене бастаған. Бұл оның жүрегінде жамандықтың тамыры-
на балта шауып, адамдардың жақсы өмір сүруіне жағдай жасайтын
«білімдар дана билеушілер» пайда болады деген үміт отын жағады.
Тарих – ұлы ұстаз. Ғасырдан-ғасырға Вольтер де ұлы болып
қалып отыр. Француздардың Құрылтай жиналысының шешімі бо-
йынша Вольтердің өртелген сүйегінің күлі 1791 жылы Францияның
ұлы адамдарының Парижде құрылған Пантеонына қойылғаны
кездейсоқтық емес.
Француз ағартушыларының ішіндегі аса көрнекті тұлғалардың
бірі – философ, өнер теоретигі, жазушы, саяси қайраткер жан-жак
Руссо (1712-1778) болды. Ол сонымен қатар ұсақ буржуазияның идео-
166
логы деген атқа ие болған. Руссо қоғамдық келісімнің Гоббс жасаған
тұжырымын айтарлықтай дамытқан. Ол табиғатынан азат адам-
ды қанауға қарсы шыққан. Қанау, оның ойынша, жұртшылықтың
бір бөлігінің надандығы, адамды қорлауы себепті орын алған және
орын алып келеді. Жас Руссо жеке меншіктегі және мемлекеттік
құрылыстағы теңсіздікті көрді. Сол себепті ол адамдарға Табиғатқа
оралуға кеңес берді.
Кейіннен философ басқа көзқарасқа ауысады: қоғамдық келісім
теңсіздікті жеңуге мүмкіндік береді. Руссо халықты егеменді деп жа-
риялайды, халықтың егемендігі шеттетілмейді және бөлінбейді; заң
шығарушы билік халыққа тиесілі болуға, ал атқарушы билік оның
өкілеттігін білдіруші ғана болуға тиіс.
Руссо туралы айтқанда, екі мәселеге назар аудару қажет.
бірінші. Әлеуметтік-философиялық ой тарихында Руссо қашанда
Вольтермен қатар қойылады. Бірақ олардың қарым-қатынастары
әрдайым риясыз, ашық бола қойған жоқ. Керісінше, пікірлерінің
қарама-қайшылығы қашанда орын алатын. Ал олардың бір-бірінен
толық қол үзуі: Руссоның «Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда
болуы және негіздері туралы ойлар» (1755) деп аталатын іс жүзіндегі
басты трактатын Вольтердің қабылдамағаны былай тұрсын, ол жа-
йында, әсіресе Табиғатқа оралу жөнінде және «табиғи жай-күйдің»,
яғни үйлер де жоқ, баспаналар да жоқ, қандай да бір меншік те жоқ
жағдайдың артықшылығы туралы ойларын өткір сынға алып және
теріс баға бергенінен кейін болды.
Руссодан трактаттың бір данасын алған соң, Вольтер оған француз
тілінде сыпайы түрде, бірақ жеткілікті дәрежеде қатқыл сөздермен хат
жолдады, онда: «Мен Сіздің адам тегіне қарсы жаңа кітабыңызды ал-
дым және соған ризамын. Осындай қабілеттерді біздің барлығымызды
ақымақ етіп көрсету үшін пайдалану жағдайы бұрын-соңды болмап
еді. Сіздің кітабыңызды оқыған әрбір адам еңбектеп жүруге тырысатын
болды. Бірақ ондай әдетімнен алпыс жыл бұрын арылғандықтан, мен,
«бақытсыздыққа қарай», ол әдетіме қайтадан орала алмайтынымды
сеземін. Канданың жабайыларын іздеуге де шыға алмаймын, өйткені
бойымдағы ауруларыма қарап, еуропалық хирургтің қызметіне жүгіну
қажеттігін сеземін, себебі ол жерлерде соғыс жүріп жатыр және біздің
үлгіміз ол жабайыларды біздің өздеріміз сияқты жаман етеді...» – деп
жазды.
Вольтердің аталған шығарманы осылай бағалағаны әділетті болды
деуге болмайды. Алайда Руссоның өзі де «табиғи жай-күйді» адамдар
Достарыңызбен бөлісу: |