ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет124/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   142

369

Тәжірибе жасау барысында жай бөлшектің орны анықталса, сол бойда 

оның қозғалысы бұзылады да, ол ғайып болады.

Механика  заңдары  тұрғысынан  алғанда,  бұл  жағдай  ақылға 

қонымсыз болып көрінеді. Бірақ бұл жерде мына жағдай ескерілмеген: 

адам  –  макроәлемнің  тіршілік  иесі,  ал  микроәлемде  мүлдем  басқа 

кеңістіктік-уақыттық  өлшемдер  әрекет  етеді.  Сол  себепті  адам 

микроәлемнің онда болып жатқан үдерістерді дәл бейнелейтін үлгісін 

жасай  алмайды.  Микроәлемнің  қасиеттерін  бөлшек  немесе  толқын 

ретінде бөлек-бөлек зерттеуге ғана болады. Бөлшек ретінде қарағанда, 

оның  энергетикалық  зарядын  және  қозғалу  шамасын,  ал  толқын 

ретінде  қарағанда,  оның  кеңістікте  орналасуын  анықтауға  болады. 

Бөлшектің белгілі бір мөлшер аясында болуы ықтималдығын болжауға 

болады. Ендеше, кванттық механиканың ықтималды-статистикалық 



үдерістермен  байланыстылығы  туралы  қорытынды  айдай  айқын  бо-

лып шықты.

Н.Бордың  қосымшалық  қағидасы  жайында  бірер  сөз  айтайық. 

Оның айтуы бойынша, «бөлшек пен толқын ұғымдары өзара бір-бірін 

толықтырады,  сонымен  қатар  бір  мезгілде  бір-біріне  қарама-қайшы». 

Мәселенің  қиындығы  мынада:  микроәлем  үдерістерін  зерттеген-

де,  біз  макроаспаптар  мен  құралдар-жабдықтарды  пайдаланамыз 

да,  бір  аспаптардың  көмегімен  бөлшектердің  толқын  сияқты  сипат-

тамаларын  аша  аламыз,  ал  екіншілері  арқылы  кванттық  қасиеттерін 

ашамыз.  Сөйтіп,  зерттеу  барысында  біз  екі  бейне  аламыз  және 

шығармашылықпен  түрлендіре  және  оларды  бір-бірімен  толықтыра 

отырып, микроәлем туралы ортақ көзқарастар тудырамыз.

Әлемнің  осы  замандағы  ғылыми  бейнесін  құруға  а.Эйнштейн 

үлкен еңбек сіңірді. Біз салыстырмалылық теориясын айтып отырмыз. 

Ол  1905  жылы  төмендегі  ережелерге  сүйене  отырып,  салыстыр-

малылықтың жеке теориясын (СЖТ) құрды:

а)  вакуумдағы  жарықтың  жылдамдығы  материалдық  денелер  мен 

құбылыстар  координаттарының  барлық  жүйелері  үшін  бірдей;  шекті 

тұрақты  шама  (констант)  –  секундына  3000  шақырым  (жарықтың 

жылдамдығымен  салыстырғанда,  секундына  340  метр  құрайтын 

дыбыстың  жылдамдығының  төмендігі  соншалықты,  оны  іс  жүзінде 

есепке алмауға да болады);

ә)  координаттың осындай жүйелерінде табиғат заңдары да бірдей.

Жоғарыда аталған ережелер негізінде әлем туралы жаңа көзқарас 

пайда болып, әлемнің айқын ғылыми бейнесі болмыссыздыққа кетті.

Біріншіден, ньютондық дара кеңістік пен уақыттың күні бітті, өйт-

кені әрбір материалдық жүйенің өз есептеу жүйесі бар болып шықты.



370

Екіншіден,  Ньютонның  қашықтан  әсер  ету  (ғарыш  денелерінің 

бір-бірлеріне  бір  сәттік  әсер  етуі)  қағидасына  да  күшті  соққы 

берілді, өйткені әлемдер бар шекті табиғи тұрақты шама – жарықтың 

жылдамдығы қаншалықты жоғары болса да, бәрібір оның шегі бар.

А.Эйнштейннің ойынша, егер ғарышта қозғалатын дене жарықтың 

жылдамдығына  жақындаса,  онда  оның  кеңістіктік  өлшемдерінің 

қысқаруы, уақыттың баяулауы, жиынның (масса) күрт өсуі орын ала-

ды. Ғарыштық үдерістердің ағып өту жылдамдығы қашанда шектеулі 

болғандықтан,  онда  бір  мезгілде  болатын  оқиғалар  жоқ.  Ғарыштағы 

әрбір  жүйенің  өз  уақыт  өлшемдері  (есептеуі)  бар.  Мысалы,  егер  жас 

жігіт жерде жас әйелі мен бір жастағы сәбиін тастап, бір жылға жарық 

жылдамдығымен ғарышқа ұшқанын көз алдымызға елестетіп көрсек, 

онда  жерге  оралғанда,  оны  оның  жасынан  да  үлкен  ұлы  қарсы  ала-

ды.  Әлбетте,  бұл  –  теориялық  қиял  ғана.  Аталған  идеяны  іс  жүзіне 

асырмақ  болсақ,  ғарыш  кемесінің  жылдамдығы  өскен  сайын,  ол 

біртіндеп жоғалатын нүктеге айналар еді.

А.Эйнштейн  1916  ж.  салыстырмалылықтың  жалпы  теория-

сын  құрды.  Ол  жұлдыздар  сияқты  орасан  үлкен  ғарыш  денелерінің 

өздерінің  бүкіләлемдік  тартылыс  (гравитация)  күшінің  көмегімен 

қоршаған  кеңістікті  қисайтатынына  сендіреді.  Сөйтіп,  кеңістік 

пен  уақыттың  қасиеттері  ғарыш  денелерінің  жиынына  байланыс-

ты  өзгеріп  отырады.  Осы  көзқарас  бойынша,  2000  жыл  өмір  сүрген 

белгілі  Евклидов  геометриясының  постулаттары  әлі  күнге  дейін 

біздің  үй  құрылысы,  бау-бақшаны  белгілеу  және  тағы  басқадай  іс-

тәжірибеміздегі  қажеттіліктерімізді  қамтамасыз  ететін  жер  бетіндегі 

қарапайым кеңістік теориясы болып табылады.

Салыстырмалылықтың  жалпы  теорясына  сәйкес,  әлемде  бар-жоғы 

екі: зат және өріс шындығы бар. Олардың арасында түбегейлі сапалық 

айырмашылық жоқ. Зат – ол өрістің ұйыған күйі. Олай болса, әлемді 



өрістің біртұтас теориясын құру арқылы түсінгіміз келетін ниет пай-

да болады. Алайда ғылымда ондай теория әлі туған жоқ.

А.Эйнштейннің  аталған  идеялары  Б.Риман  мен  Н.Лобачевскийдің 

геометрияларында математикалық негіздемеге ие болды. Б.Риманның 

пікірі  бойынша,  үшбұрыш  бұрыштарының  сала  бетіндегі  жиынтығы 

180  градустан  асады  және  жүргізілген  сызыққа  басқа  парал-

лель  сызық  жүргізуге  болмайды,  олар  әрқашан  түйісетін  болады. 

Н.Лобачевский және Я.Больяй геометрияны «жалған сала», яғни ішке 

қарай  майыстырылған  геометрия  деп  зерттей  отырып,  кері  нәтижені 

дәлелдеді. 




371

Сөйтіп, қазіргі заманғы жаратылыстанудың өркендеуі кеңістік пен 



уақыттың  жаңа  релятивистік  (салыстырмалы)  тұжырымдамасын 

алға  тартты.  Бұл  тұжырымдамаға  сәйкес,  егер  ғайыптан-ғайып  бір 

күні әлем жоқ болып кетсе, онда нақты бар шындықтың (болмыстың) 

формалары ғана болып табылатын кеңістік пен уақыт та онымен бірге 

жоқ  болады.  Олардың,  Демокрит  және  басқалары  ойлағандай,  өзіндік 

мәні жеткілікті меншікті болмысы (субстанциализм) жоқ.

Зерттеулерінің  негізінде  А.Эйнштейн  жиынның  баламалылығы 

және заттың энергиясы: E = mc/2 формуласын (E – энергия, m – мас-

са (жиын), c – жарық жылдамдығы) шығаруға қол жеткізді. Бұл фор-

мула бүгінгі күні энергия сақтау заңының жалпы тұжырымы ретінде 

қаралады.

г.минковский А.Эйнштейннің кеңістік пен уақытқа қатысты идея-

сын ары қарай дамытты. Салыстырмалылық теориясына сәйкес, әлем 

бейнесінде кеңістік пен уақыт бір-бірімен үзілместей байланысқан. Де-

мек, әлем төрт өлшемді кеңістік-уақытта өмір сүреді.

Салыстырмалылықтың  жалпы  теориясы  бізге  Ғаламның  орнықты 

(стационарлық)  үлгісін  ұсынады.  Алайда  1922  жылы  а.Фридман 

Ғаламның орнықты емес үлгісінің де болатын мүмкіндігін көрсетті. 

Сол  идеяның  негізінде  «кеңейіп  жатқан  ғалам»  тұжырымдамасы 

пайда болды. Оны тәжірибе жасау жолымен Э.Хаббл дәлелдеп шықты. 

Алыс  галактикалардан  шығатын  сәулелер  ауқымын  қарай  отырып, 

ол  солардың  «инфрақызыл  сәулелерінің  жылжуын»  тапты,  ал  бұл 

Ғаламның  кеңейетінін  дәлелдейді.  Сөйтіп,  ғарыш  кеңістігіндегі  га-

лактикалар  бірте-бірте  бір-бірлерінен  алшақтайды.  Олай  болса, 

галактикалардың  қозғалыс  жылдамдығын  есептеп  шығара  отырып, 

әлемнің  пайда  болған  уақытын  анықтауға  болады.  Осыдан  келіп 

«Үлкен жарылыс» идеясы шығып, нәтижесінде, біздің Әлеміміз пайда 

болды.  Тіпті  осы  ғажап  оқиғаның  болған  уақытын  шамамен  есептеп 

шығаруға қол жетті. Бұл 13,7 млрд жыл бұрын шамасында болған деп 

айта аламыз.

Жаратылыстанудың  осы  көрнекті  жетістіктері  XX  ғасырда  Әлем 

туралы  бұрынғы  көзқарастарды  күл-талқан  етті.  Шындығында,  көп 

ғасырлар бойы ғалымдар, – жаратылыс туралы қасаң діни қағидаларды 

есептемегенде, – Әлем өзімен-өзі мәңгі өмір сүреді деп санады. Алай-

да  бұл  постулаттың  шешілмеген:  бүл  дүниеде  ештеңе  де  мәңгі  өмір 

сүрмейді, бәрі де – өтпелі дейтін қарама-қайшылығы бартұғын. Соны-

мен бірге, егер Әлемді бірбүтін деп алсақ, онда ол мәңгі өмір сүреді. 



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау