ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет121/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   142

360

Енді  көрсетілген  әдістемелік  қағидаларға  сүйене  отырып,  әлемнің 



ғылыми бейнесінің қалыптасуын және қазіргі жай-күйін қарастырайық.

Оның ұзақ жүзжылдықтар бойындағы тар жол, тайғақ кешуі бары-

сында  түрлі-түрлі  теориялық  қағидалар  пайда  болды.  Жаңа  дәуірдің 

басында  Ф.Бэконның  аузымен  ғылыми  дүниетанымның  діни  соқыр 



сеніммен  және  надандықпен  күресу  нәтижесінде  пайда  болатыны 

айтылған.  Оның  қарсыласы  Р.Декарт  табиғатты  зерттеп  білу  бары-

сында  адам  шынайы  шындықтарды  ашуға  қабілетті  болады,  ал  ол 

шындықтар ғасырлар бойы ешқандай өзгерістерге ұшырамайды деп 

санап, адамның ақыл-парасатының күшіне сендіреді.

Алайда уақыт өте келе, ғылымның дамуына байланысты бұрынғы 

теориялық жүйелер мен тұжырымдамалар өзгере бастағанда, ғылымда 

шынайы  шындықтардың  жоқтығы,  адамзаттың  табиғат  құпияларына 

ары қарай тереңдеп енуіне қарай олардың түрлерінің өзгеретіні тура-

лы көзқарастар пайда болды (П.Дюгем (Дюэм)).

Ғылыми революцияларды жақтаушылар (Т.Кун, К.Поппер) әлемнің 

ғылыми бейнесі туралы көзқарастарымызды, пікірлерімізді ары қарай 

дамыта  отырып,  ғылымдағы  әрбір  кенет  өрлеудің  оларды  түбегейлі 



өзгертетініне сендірді.

Т.Кунның  пікірінше,  ғылымның  қалыпты  дамуы  кезеңдерінде 

қалыптасқан қағидаларға, зерттеу үлгілеріне сүйене отырып, ғалымдар 

бір  немесе  басқа  жаңалықтарды  осыған  дейін  болған  сол  жалпы 

көзқарастар шектерінде ашады. Алайда бір уақыттардан кейін ғылымда 

ашылған жаңа фактілерді ескі үлгілердің шектерінде түсіндіру мүмкін 

болмай қалады. Ғалымдардың ақыл-ойларында тоқырау, абдырау орын 

алып,  енді  олар  ескі  үлгілердің  түрін  өзгертуге  немесе  жаңаларын, 

яғни  солардың  шектерінде  жаңа  құбылыстарды  қанағаттанарлық 

түсіндіру  мүмкін  болатын  жаңа  түрлерін  құруға  әрекет  жасайды. 

Ғылым дамуындағы бұл кезеңді Т.Кун ғылыми революция деп атады.

Бүгінгі  күні  ғалымдардың  көпшілігі  ғылым  дамуының  берілген 

түсініктемесін  қабылдайды.  Олай  болса,  осындай  көзқарасты  әдіс-

темелік ұстаным ретінде алып, әлемнің табиғи бейнесінің қалыптасуы 

мен  дамуын  қарастырайық.  Оның  дамуы  үдерісінде  бірнеше  кезеңді 

бөліп көрсетуге болады:



1.  табиғи-философиялық  үлгі.  Әлем  түсінігінде  ол  ерте  заман-

да  пайда  болған.  Естеріңізде  болса,  оның  алғашқы  үлгісі  Ертедегі 

Шығыста, ұлы қытай ойшылы Лао-Цзы (б.з.д. VI ғасыр) шығармашы-

лығында туған. Оның көзқарастарына сәйкес, Әлем – бейберекетсіздік 

емес, ол белгілі бір заңдарға бағынады. Ол заңдар көруге де, естуге де 



361

болмайтын,  бірақ  барлық  жерде  көзге  көрінбей  өмір  сүретін,  дүниені 

билейтін Аспан заңдары. Оларды танып білу мүмкін емес. Ол – ДаО 

заңдары.


Әдебиетте негізі бойынша еуроцентристік болып табылатын, яғни 

әлемнің  бастапқы  бейнелері  Батыс  топырағында,  нақты  айтқанда, 

антикалық Грекияда пайда болған дейтін ұстанымның расталатынын 

өкінішпен айтуға тура келеді. Алайда ондай көзқарас, біздің сеніміміз 

бойынша,  негізсіз  болып  табылады.  Уәж  келтіріп  көрейік.  Мысалы, 

«Пифагор  алғаш  рет  қолданысқа  «космос»  (ғарыш)  ұғымын  енгізді 

және  оның  құрылымы  сандардың  арақатынасы  арқылы  айқындалады 

деп  санады»,  –  дейтін  тұжырым  айтылады  (қараңыз:  С.А.Лебедев. 

Философия науки. – М.: Академический проект, 2006. – 581-бет). кос-

мос орын тіліне, – жалпы, басқа тілдерге де, – әлем, ғалам, үйлесім, 

заңдылық  деп  аударылады.  Ал  енді  өзімізден  сұрап  көрейік:  қандай 

халықтарда  осындар  ұғымдар  тілде  болған  жоқ?  У-Вэй  (үйлесім) 

Лао-Цзының  іліміндегі  негізгілердің  бірі  болмап  па  еді?  Дәл  сон-

дай  демокриттік  «атомға»  жақын  ұғымдарды  қытай  және  үнді  фило-

софияларынан  да  табуға  болады  (ци,  пракрити).  Онда,  жоғарыда 

айтылғандарға  сүйене  отырып,  мынадай  қорытындыға  келуге  бо-

лады:  Шығыста  б.з.д.  VI  ғасырда-ақ  әлем  бейнесінің  қазіргі  заманғы 

астрофизикалық  көзқарастарға  жақын  табиғи-философиялық  үлгісі 

құрылған.

Енді  Ертедегі  Грекияға  қысқаша  саяхат  жасап  қайтайық.  Милет 

қаласында пайда болған алғашқы филсофиялық мектеп «аРХені», яғни 

әлемнің түпнегізін іздеумен айналысты. Оған біз төмендегі ойшылдар-

ды: Фалесті, анаксименді, анаксимандрды жатқызамыз. Түпнегізді 

Пифагор, Гераклит және басқалары да іздеді. Олардың ұлылығы, сірә, 

әлемді мифологиялық тұрғыда түсінуді қанағат тұтпауда, оның негізін 

өз ақылдарымен түсінуге әрекет жасауда жатса керек. Бүгінгі күні де 

ғалымдар әлемнің негізінде жатқан бастапқы құрылымды іздестірумен 

бас  қатырып  жатқан  жоқ  па?  Өкінішке  қарай,  ондай  ізденістер  әзірге 

оң нәтижелерге жеткізе қойған жоқ. «ұлы Мәртебелі Табиғат» ең терең 

құпияларын ерекше мұқият жасырып келеді.

Элеядан шыққан парменид әлемнің өзіндік бейнесін жасау жолын-

да дерексіз ойлаудың ең биік шыңдарына көтеріле алған ойшыл бол-

ды. Ойшыл шынайы әлемді: ол – жалғыз, мәңгі, жетілген, өзгермейді, 

материалдық  қоспасы  жоқ  деп  ойлау  арқылы  танып  білуге  болады 

деп  дәлелдеуге  тырысты.  Біздің  алдымызда  көсіліп  жатқан  сезімдік 

болмыс  туралы  айтсақ,  ол  материалдық,  жетілмеген,  уақытша  бо-



362

лып  саналады.  Әлемнің  ондай  бейнесі  кейіннен  Платонның  «идеялар 

әлемінен»  бастап,  ортағасырлық  ойшылдардың  теологиялық  доктри-

наларына дейін, философияның кейінгі дамуына зор ықпал етті.

Ертедегі  гректердің  табиғи-философиялық  идеяларын  қарай  оты-

рып, ой алыбы Демокритті айналып өту мүмкін емес. Оның ойынша, 

әлемнің негізінде адамның көзіне көрінбейтін сансыз ұсақ бөлшектер –

атомдар  жатыр.  Әлемде  атомдардан  және  бос  кеңістіктерден  басқа 

ештеңе  жоқ.  Бос  кеңістікке  құлай  отырып,  атомдар  бір-бірлерімен 

ұстасып,  табиғат  денесін  құрайды.  Олай  болса,  әлемде  барлығы 

да  қажеттіліктер  бойынша  іске  асады,  ешқандай  да  ерік  еркіндігі 

жоқ,  барлығы  да  атомдардың  қозғалысына  бағынған.  Оның  әлемді 

түсінудегі атомдық тұжырымдамасы – ғалымдар XX ғасырдың басына 

дейін басшылыққа алып келген үлгі болды. 

Ұлы Платон ғылымға өз «идеялар әлемін» енгізді. Шынайы әлем 

идеялардың  ең  бір  жетілген  әлемі  болғандықтан,  оның  ешқандай 

материалдық  қоспалары  жоқ.  Ал  біздің  әлеміміз  идеялар  әлемінің 

солғын  көшірмесі  ғана,  өйткені  Демиург  –  Құдай-ұста  идеялар 

әлемінің  үлгілері  бойынша  инертті  материядан  табиғат  заттарын 

қалыптастырады. Жаратылған нәрсе қашанда Жаратушы деңгейіне, ал 

көшірме тұпнұсқаға жете бермейді. Сөйтіп, екі әлем өмір сүретін бо-

лып шықты: дара, мәңгі, үйлесімге, әсемдікке, тәртіпке толы идеялар 

әлемі,  сонымен  бірге  жетілмеген,  өтпелі,  қашанда  әлдебір  өзгерістер 

болып жататын, әлденелер жоғалып, бірдеңелер пайда болып жататын 

материалдық әлем...

Әлемнің  платондық  бейнесі  ғылымның,  бәрінен  бұрын,  филосо-

фияның кейінгі дамуына үлкен ықпал етті. Ойшылдың ұлылығы оның 

алғаш  рет  әлемдік  философияда  аса  маңызды:  түсініктер  (идеялар) 



мен  заттың  өзінің  толық  сәйкеспейтіні  туралы  мәселені  көтергені 

болып табылады.

Шындығында,  тарих  алаңында  әрекет  ететін  кез  келген  ғұламаға, 

ұлы  адамға  қарап,  оның  тұлғасын  адам  ұғымымен  салыстырып 

көріңіз. К.Маркс: «Адамға тән нәрсенің барлығы да маған жат емес», – 

деп  тектен-тек  айтпаса  керек.  Алайда  адам  –  ұғымның  өзін  түсінуге 

ұмтылып, өне бойы жетілумен болатын тірі тіршілік иесі, бірақ соған 

жетпеген соң, болмыссыздыққа кетеді. Оның қасіретті тағдыры осын-

да. Қашанда ол іске асырмаған, жетпеген бірдеңе қалады...

Антика дәуірінің данышпаны Аристотель Платонның оған қымбат 

екенін, бірақ шындықтың одан да қымбатырақ екенін айтып, оның екі 

әлемін  қабылдамайды.  Әлемнің  бастапқы  бастауы,  түпнегізі  –  біздің 




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау