ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет556/660
Дата19.04.2022
өлшемі2,22 Mb.
#38219
1   ...   552   553   554   555   556   557   558   559   ...   660
ғылым тарихы мен философиясы

энер

-

гияны  сақтау  заңы

  да  бар-тын.  Осы  заңға  сүйеніп,  А.Эддингтон 

жұлдыздардың  жану  себебін  ашатын  теорияны  ұсынды.  Ол  оны 

гравитациялық  қысымнан  көрген.  Тек  XX  ғасырда  жұлдыздар 

қойнауында  болып  жататын,  сол  кезде  протон  гелийге  айналатын 

термоядролық  әрекеттерде  орын  алатын  құбылыстың  шынайы  себебі 

ашылды.



366

Сади  Карно  1824  жылы



  термодинамиканың  екінші  бастауы

  – 


энтропияның  өсуін,  Ғаламда  ыдырайтынын  ашты.  Соған  сүйене 

отырып,  А.Эддингтон  энтропияның  ғарышта  уақыт  ағымының 

бағытын  анықтайтыны  туралы  идеяны,  ал  Р.Клаузиус 

«ғаламның 

жылулық  ажалы»

  идеясын  алға  тартты,  өйткені  ғарыштың  бірте-

бірте  термодинамикалық  тепе-теңдігін  орнататын  суынуы  орын 

алады.  Әлемнің  осындай  пессимистік  бейнесі  көптеген  қарама-

қайшылықтарды тудырды.

Кант-Лапластың  Күн  жүйесінің  жаратылуы  туралы  ғылыми  бол-

жамы  пайда  болуымен  қатар,  соған  қатысты  діни  көзқарастарға 

сенімсіздік туа бастады. «Егер әлем мәңгі өмір сүрсе, онда осы уақытқа 

дейін неге термодинамикалық тепе-теңдік орнамаған?», «Егер әлемде 

энтропия үдерісі, барлығының ыдырауы жүріп жатса, онда неге табиғи 

өмірде  термодинамиканың  екінші  бастауына  қарсы  бағытталған 

күрделендіру, өсу жүріп жатыр?» – деген әбден орынды, әділ сұрақтар 

туды. Бұл сұрақтар XIX ғасыр ғалымдарының бас ауруына айналды. 

Олар XX ғасырдың екінші жартысында ғана шешімдерін тапты.

Дж.Максвелль ашқан электр-магниттік үдерістер заңы да дәл солай 

бірқатар қиын сұрақтарды туғызды. Бәрінен бұрын, қандай түпнегіздің 

электр-магнит  толқындарын  тарататыны  жайындағы  сұрақтың  жа-

уабы  маңызды  болды.  Ғалымдар  Аристотельдің  эфир  туралы  идея-

сын  жандандыруға  мәжбүр  болды,  бірақ  ол  үшін  эфирдің  өзара  бір-

бірін  теріске  шығаратын  сипаттамасы  болуы  керек  еді:  бір  жағынан, 

ол  өзгеше  қатты  болуға  тиіс,  өйткені  толқынның  жылдамдығы  өте 

жоғары, екінші жағынан, ол кеңістікте жылжитын орасан үлкен ғарыш 

нысандарына кедергі келтірмеуге тиіс.

Бұл  эфир  жайындағы  ғылыми  болжамның  шынайылын  тексеруді 

қажет  етті,  ал  оны  А.Майкельсон  іске  асырды.  Ол  1887  жылы  Жер-

ге  бойлай  және  көлденең  жіберілген  сәулелердің  интерферометрлік 

салыстырылуын  жүргізді  және  қозғалыссыз  эфир  теорияларынан 

шығатын  нәтижелердің  расталмайтыны  туралы  қорытынды  жасады. 

Сөйтіп,  ұзақ  2000  жылдық  өмір  сүрген  тарихы  бар  эфир  ұғымы  кел-

меске кетті.

Термодинамика және электр-магнетизм заңдарының ішінен кезінде 

қара  денеден  бөлінетін  жылудың  қысқа  толқынды  болатыны  туралы 

қорытынды  жасалды.  Алайда  зерттеу  нәтижелері  олардың  керісінше 

екенін  дәлелдеді.  Теориялық  жетістіктер  мен  нақты  тәжірибелік 

деректердің  арасындағы  қарама-қайшылықтар 

«ультракүлгін  апат-

тар» 

деген ат иеленді. Бұл мәселенің шешімі XX ғасырдың алғашқы 

жылдары табыла бастады. Осының бәрі әлемнің механистік бейнесіне 



367

елеулі,  түзетуге  келмейтін  зиян  келтірді.  Ол  бірте-бірте  сарқылып 

бітті.


жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   552   553   554   555   556   557   558   559   ...   660




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау