366
Сади Карно 1824 жылы
термодинамиканың екінші бастауы
–
энтропияның өсуін, Ғаламда ыдырайтынын ашты. Соған сүйене
отырып, А.Эддингтон энтропияның ғарышта уақыт ағымының
бағытын анықтайтыны туралы идеяны, ал Р.Клаузиус
«ғаламның
жылулық ажалы»
идеясын алға тартты, өйткені ғарыштың бірте-
бірте термодинамикалық тепе-теңдігін орнататын суынуы орын
алады. Әлемнің осындай пессимистік бейнесі көптеген қарама-
қайшылықтарды тудырды.
Кант-Лапластың Күн жүйесінің жаратылуы туралы ғылыми бол-
жамы пайда болуымен қатар, соған қатысты діни көзқарастарға
сенімсіздік туа бастады. «Егер әлем мәңгі өмір сүрсе, онда осы уақытқа
дейін неге термодинамикалық тепе-теңдік орнамаған?», «Егер әлемде
энтропия үдерісі, барлығының ыдырауы жүріп жатса, онда неге табиғи
өмірде термодинамиканың екінші бастауына қарсы бағытталған
күрделендіру, өсу жүріп жатыр?» – деген әбден орынды, әділ сұрақтар
туды. Бұл сұрақтар XIX ғасыр ғалымдарының бас ауруына айналды.
Олар XX ғасырдың екінші жартысында ғана шешімдерін тапты.
Дж.Максвелль ашқан электр-магниттік үдерістер заңы да дәл солай
бірқатар қиын сұрақтарды туғызды. Бәрінен бұрын, қандай түпнегіздің
электр-магнит толқындарын тарататыны жайындағы сұрақтың жа-
уабы маңызды болды. Ғалымдар Аристотельдің эфир туралы идея-
сын жандандыруға мәжбүр болды, бірақ ол үшін эфирдің өзара бір-
бірін теріске шығаратын сипаттамасы болуы керек еді: бір жағынан,
ол өзгеше қатты болуға тиіс, өйткені толқынның жылдамдығы өте
жоғары, екінші жағынан, ол кеңістікте жылжитын орасан үлкен ғарыш
нысандарына кедергі келтірмеуге тиіс.
Бұл эфир жайындағы ғылыми болжамның шынайылын тексеруді
қажет етті, ал оны А.Майкельсон іске асырды. Ол 1887 жылы Жер-
ге бойлай және көлденең жіберілген сәулелердің интерферометрлік
салыстырылуын жүргізді және қозғалыссыз эфир теорияларынан
шығатын нәтижелердің расталмайтыны туралы қорытынды жасады.
Сөйтіп, ұзақ 2000 жылдық өмір сүрген тарихы бар эфир ұғымы кел-
меске кетті.
Термодинамика және электр-магнетизм заңдарының ішінен кезінде
қара денеден бөлінетін жылудың қысқа толқынды болатыны туралы
қорытынды жасалды. Алайда зерттеу нәтижелері олардың керісінше
екенін дәлелдеді. Теориялық жетістіктер мен нақты тәжірибелік
деректердің арасындағы қарама-қайшылықтар
«ультракүлгін апат-
тар»
деген ат иеленді. Бұл мәселенің шешімі XX ғасырдың алғашқы
жылдары табыла бастады. Осының бәрі әлемнің механистік бейнесіне
367
елеулі, түзетуге келмейтін зиян келтірді. Ол бірте-бірте сарқылып
бітті.
Достарыңызбен бөлісу: