3. әлемнің қазіргі заманғы синергетикалық көпқырлы бейне-
сіне өту.
XX ғасырдың ең соңында (14.12.1900 ж.) М.Планк электр-
магниттік сәулелердің қоршаған ортада біртіндеп емес, топ-топ болып,
үздік-үздік таралатыны туралы ғылыми болжам ұсынды. Сәулелердің
топтарын ол квант деп атады.
E = hy
формуласының ашылуы да –
соның еңбегі. Мұнда: (h) – М.Планк ашқан табиғи констант, ал (y) –
энергия шығаратын нақты дене тербелістерінің жиілігі. Нәтижесінде,
кванттық механиканың пайда болуының негізі қаланды, ал 1900
жылғы желтоқсанның 14-і атомдық физиканың туған күні саналады.
Э.Резерфорд 1911 жылы Күн жүйесін үлгілейтін өзінің планетарлық
атом теориясын құрды. Атомның ортасына оның ядросы орналасады,
ал оның айналасында әрқайсысы өз орбитасында жылжитын электрон-
дар жүреді. Ядроның заряды – оң, электрондардікі – теріс.
Э.Резерфорд гравитация күшінің орнына электр энергиясын ала-
ды. Атом ядросының электр зарядтары Менделеев кестесінде алатын
орнына қарай анықталады. Соған сәйкес, электрондар ядроны айнала
қозғалады, яғни тұтастай алынған ядро – бейтарап. Бір қарағанда, бұл
үлгі қызықты болып көрінеді, бірақ ол электродинамика заңдарына
қайшы келді.
Бұл қайшылықты шешу мақсатында Н.Бор 1913 жылы кванттық
теорияны негізге алып, атомның жаңа теориясын құрды. Ол кезде ол
маңызды екі қағидаға сүйенді:
а) әрбір атомның бірнеше орнықты электрондық орбитасы бар, со-
лар бойынша айналғанда, электрон энергия шығармайды;
ә) электрон бір орбитадан екіншісіне өткенде, энергия шығарылады
және қабылданады.
Н.Бордың теориясы бір протоннан және бір электроннан тұратын
сутегі атомының қызметін түсіндіре алғанмен, одан күрделірек атом-
дар қызметін түсіндіре алмады. Көп ұзамай, кванттық теорияның
өркендеуі бұл мәселені де шешті. Оның себебі электронның толқындық
табиғатында жатты.
Электронның толқындық қасиетін зерттеу ғалымдарды таңғал-
дырды: электрондық толқын 10-8 дәреже см құрайды, ал толқынды
атомның өзінің көлемімен салыстыруға болады. Мәселе өз орбитасын-
да айналу үшін кез келген белгілі жүйелердегі бөлшектің бар жүйенің
көлемінен көп есе кіші болуға тиіс екендігінде жатыр. Мысалы, егер
Жердің көлемін алып қарап, оны Күнмен салыстырсақ, онда оның одан
миллион есе кіші екенін көреміз. Сонымен, электронды кеңістіктегі
368
әлдебір нүкте деп қарау мүмкін емес екен: оның ішкі құрылымы
бар және ол жағдайға қарай өзгеріп тұрады. Ал бүгінгі күні ғылым
электронның құрылымы туралы ештеңе айта алмайды.
А.Эйнштейн алғашқылардың бірі болып М.Планк идеясын
қабылдады және соның негізінде өзінің
Достарыңызбен бөлісу: |