ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет243/660
Дата19.04.2022
өлшемі2,22 Mb.
#38219
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   660
ғылым тарихы мен философиясы

«пантеисти

-

кон»

  кітабында  ол:  «Барлығы  –  бірбүтіннен,  ал  бірбүтін  барлығынан 

пайда  болды.  Солай  болған  соң,  Ғалам  ұзындығы  бойынша  шексіз, 

тұтастай  алғанда,  қозғалыссыз  және  мәңгі  өмір  сүру  және  болашақта 

мәңгі болу мағынасында – бір мезгілде бұлжымас және қажетті», – деп 

жазды. 


Оның  бұл  идеялардың  еуропалық  философияның  дамуына  үлкен 

ықпалы болды.

«Адам  еркіндігінің»  қызықты  тұжырымдамасын 

антони  кол

-

линз

  (1676-1729)  ұсынды. 



«адам  еркіндігі  туралы  философиялық 

зерттеулер» 

деген басты еңбегінде Құдайдың бастапқы рухани себебі 

мен  рөлін  тани  отырып,  ол  әлемнің  жаратылуына  өзінің  көзқарасын 

деизм тұрғысынан баяндап қана қойған жоқ, сонымен қатар Адамның 

тіршілік  қарекетіндегі  қажеттіліктің  рөлін  асыра  көрсетіп,  оның 

еркіндігіне  қарсы  шықты.  Оның  басында  пайда  болатын  идеялардың 

барлығы – сыртқы материалдық денелер мен күштердің ықпал етуінің 

нәтижесі.  Біз  олардан  азат  емеспіз.  Шындыққа  жету  де  біз  зерттеп 

жатқан  сыртқы  дүние  нысандарының  табиғатына  байланысты.  Іс-

әрекетке  келсек,  онда  пайда  болған  кез  келген  сыртқы  тосқауыл  бір 

сәтте  оны  тоқтата  алады.  Тіпті  біздің  ұмтылыстарымыз  бен  қалау-

ниеттеріміз  де  табиғат  қажеттілігіне  тәуелді:  біз  оларды  сырттан  та-

бамыз.

Адам  еркіндігіне  бөгет  болатын  сыртқы  факторларға  қарамастан, 



бәрібір  де  «басқа  түр»  бар.  Адам  өзіне  ұнайтынды  таңдай  алады 

және  соған  қол  жеткізу  үшін  әрекет  етеді.  Адам  Әлем,  ондағы  өзінің 

орны  туралы  әбден  еркін  ойлай  алады.  Бірақ,  ақыр  соңында,  біздің 

барлық ойларымыз бен іс-әрекеттеріміз заттардың нақты табиғатымен 

шектеледі.

Әйтсе де ең бір тамаша нәрсе – ол адамның азат, еркін ойы, өйткені 

соның  нәтижесінде  заттардың  шындығы  ашылады.  Еркін  ой,  бірінші 

кезекте, діни қағидаларды сынау үшін қажет, өйткені әлі күнге дейін 

қатып  қалған  діни  қағидаттар  төңірегіндегі  айтыс-тартыстар  тоқтар 

емес.  Мысалы,  Құдай  –  дене  ме,  дене  емес  пе?  Ол  адамға  ұқсай  ма, 

ұқсамай  ма?  Ол,  мүмкін,  ашулана  немесе  қуана  алатын  шығар?  Ол 

қатыгез бе, әлде мейірімді ме?




155

Бір адамдар Құдайдан түскен деп Библияны көрсетсе, ал екіншілері 

Құранды,  үшіншілері  Авестаны  және  басқаларын  айтады.  Христиан 

Құдайының  үштігін  (Әке,  Ұл,  Қасиетті  рух)  қалай  түсінуге  болады? 

Өлімнен  кейінгі  өмір,  жұмақ  пен  тозақ,  бастапқы  күнә  дегендер  не? 

Барлық осы сұрақтар бойынша әлі күнге дейін пікірталастар толастар 

емес. Сол себепті адам үшін еркін ойлау, діни адасушылықтардан ары-

лу ауадай қажет.

А.Коллинз  адамдарды  төзімділікке  (толеранттыққа)  шақыра  оты-

рып, діни фанатизмнің кез келген түріне қарсы шығады. «Діни қарама-

қайшылықтарға  бола  әлемдік  тарихта  қаншама  қан  төгілді!»  –  деп 

қынжылады ойшыл. Бүгінгі күнгі адамзат үшін бұл мәселелер мен ой-

лар маңыздылығын жоғалтты ма, сірә?

Деизмнің  келесі  бір  жарқын  жақтаушысы  болған  философ,  жара-

тылыстанушы,  химик 

Джозеф  пристли

  (1733-1804)  еді.  Ол  оттегін 

ашты,  хлорлы  сутегі  мен  аммиакты  тапты,  фотосинтезді  сипаттады 

және ағылшын философы және дәрігері, қауымдасқан психологияның 

негізін салушы Дэвид Гарклидің (1705-1757) ілімін ары қарай дамытуға 

үлкен үлес қосты.

«Материя және рух туралы зерттеулер» (1777) деген шығармасында 

Пристли табиғат – материалдық, рух материяның қасиеті деп сендіреді. 

Пристли 

материя

  деп  ұзындығы,  тартылыс  және  кері  тебу  күші  бар 

түпнегізді санайды. Материя инертті емес, ол барлық мүмкін болатын 

күштерге толы. Егер сіз материядан тартылыс және кері тебу күштерін 

тартып алсаңыз, онда оның өзі де жоғалады.

адамның

  табиғатында  бір-біріне  қарсы  тұратын  тәуелсіз  жақтар 

жоқ  –  ол  толығымен  материалдық  дене  болып  табылады.  Жүйке 

жүйесінсіз және мисыз ешқандай да идеялар мен сезімдер болмайтын 

еді.  Осы  ойларының  өздері-ақ  Пристлидің 


жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   660




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау