ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет240/660
Дата19.04.2022
өлшемі2,22 Mb.
#38219
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   660
ғылым тарихы мен философиясы

ғылым 

мен  мәдениеттің

  дамуы  негізінде  қоғамның  өмір  сүруінің  бар-

лық  жақтарын 

жаңарту

,  ғылымның  озық  жетістіктерін  бұқара 

халықтың  кең  топтарының  санасына  енгізу  және  сол  арқылы  оларды 

надандық  пен  қараңғылықтан  азат  ету.  Сол  уақытта  адамның  ақыл-

парасатының  шығармашылық  күш-қуатына  деген 

сенім

  пайда  бол-

ды.  Ағартушылардың  «Sapere  aude!»  –  «Даналыққа  ұмтыл!»,  яғни 

«Өз ақылыңмен өмір сүр» деген ұраны – нақ сол адам ақылына сенім 

дегенді  білдіреді.  Бізге  алдымызда  адамзаттың  бақытты  болашағы  – 

қоршаған  дүние  мен  өздерін  талант-дарындары  арқылы  өзгерте  оты-

рып, кез келген тәуелділіктен азат адамдар құратын жарқын болашақ 

күтіп тұрғандай болады.




152

Өз  заманында  марксизм  Ағартудың  кейінгі  буржуазиялық 

революциялардың рухани негіздерін қалыптастырудағы рөлін көрсете 

отырып, оны өте жоғары бағалаған.

XX  ғасырдағы  неміс  философтары  М.Хоркхаймер  мен  Т.Адорно 

«Ағарту  диалектикасы»  деп  аталатын  кітаптарында  ағартушыларды 

ақылдың  әрекет  шеңберін  кеңейту,  адамдарды  қорқыныш  пен 

надандықтан  азат  ету  және  оларды  өз  тағдырларының  шынайы 

қожайындарына  айналдыру  қажеттігіне  үндеуді  атап  көрсетті.  Олар 

ғылымның қоғамды түбегейлі өзгерте алатын күшіне сенді.

Ағартудың  тағы  бір  ерекшелігі  мынада:  бұл  жерде  орасан  үлкен 

сызбанұсқалар  немесе  тұжырымдар  жасаудан  гөрі,  басты  назар 

зерттеліп әзірленетін ілімдердің іс жүзіндегі идеологиялық жағына ау-

дарылды. Олай болса, олардың идеологиясының ерекшеліктерін қарап 

көрейік:

1.  Ақыл-парасат  үстемдік  құратын  білімдар  адамзаттың  жарқын 

болашағына деген сенім.

2.  Ғылыми негізделген сыннан өткізу арқылы адамдарды ескірген 

әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің бұғауынан азат ету.

3.  Ғылым  мен  техниканың  өркендеуіне  кең  жол  ашу  қажеттігі, 

Ағарту  бағдарламасын  жасауға  ұмтылу,  ғылым  мен  техниканың 

болашақта бақытты қоғам құрудағы рөлін насихаттау.

4.  Адамның табиғи, бөлінбес және азаматтық құқықтарын қорғау.

5.  Философияны  дәлелденбейтін  абстрактілік-метафизикалық 

жүйелерден азат ету.

6.  Дінді сынап-мінеу және материалистік философияны насихаттау 

арқылы адамдарды соқыр діни наным-сенімдерден азат ету.

Сөйтіп,  Ағартудың  басты  ерекшелігі  –  феодализмге  қарсы 

бағыттылық, әлеуметтік өзгерістер бағдарламасын жасау және адамның 

жаңа мақсат-мұратын қалыптастыру болып табылады. Осы мақсатпен 

ағартушылар  Ф.Бэкон  сызып  берген,  әлеуметтік  прогресті  ғылыми 

прогреспен байланыстыратын «ғылымдардың данышпандықпен қайта 

қалпына келуін» жүзеге асыруды жөн көрді.


жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   660




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау