Педагогикалық процесс атқаратын қызметтер түрі:
ақпараттық-тәрбиеленушіні сауаттандыру;
тәрбиелік-тәрбиеленушінің тұлғалық өзгеріске келуі;
дамытушылық-тәрбиеленушінің жан-жақты кемелденуі;
аксиологиялық-тәрбиеленушінің құндылық сезіну бағдары,заттар мен құбылыстарға болатын қатынастарын қалыптастыру;
әлеуметтендіру-тәрбиеленушіні нақты өмір жағдайларына бейімдеу
Педагогикалық процестің компоненттері:
Мұғалім – арнайы дайындығы, білімі бар ұстаз, педагогикалық процесті жүргізетін маман;
Оқушы-тыңдаушы – объект және субъект ретінде қарастырады.
Педагогикалық процестің мазмұны ол адамның әлеуметтік қатынасынан туындайды. Оның мазмұнына идеология, өндіріс, еңбек, ғылым, мәдениет және т.б. жатады.
Педагогикалық процесті ұйымдастыру және басқару комплексі. Оған педагогикалық процестің мақсаты, міндеті, мазмұны, түрі, әдісі, құралы жатады.
Педагогикалық диагностика. Ұстаз бен шәкірттің тәрбие, оқу, үйрену процесін жүргізу барысында істің нәтижесін білуі.
Педагогикалық процестің нәтижесін бағалау. Оқушының іс-әрекетінің нәтижесінің қорытындысын, бағасын, сол баланы қоршаған орта, қауым береді.
Педагогикалық процестің қоршаған ортамен байланысында.
Педагогикалық процестің төмендегідей негізгі заңдылықтары бар:
оқу орнының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік экономикалық қажеттілігіне сай болады;
педагогикалық процестің мақсатқа бағыттылығы: қоғамның мақсатын айқындайды, ол әлеуметтік тапсырыс ретінде, білім беру заңдары арқылы талап етіледі;
педагогикалық процесс – екі жақты процесс, ол ұстаздар мен оқушылардың, өзара тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің әрекетімен байланысты, міндетті түрдегі екі жақты іс-әрекет;
оқушылардың шығармашылық белсенділігі – мұғалімнің мұқият ойластырған және ұйымдастырылған іс-әрекеттің нәтижесі;
педагогикалық процестің қызметі оның жасалуы мен ұйымдастырылуы оқушылар ұжымы, сонымен қатар жеке оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейлеріне сай келуіне байланысты;
педагогикалық процесс бөліктерінің мағынасы, маңыздылығы әртүрлі, олардың бір-біріне бағыныштылығы (иерархия) мен бір-біріне әсері бар;
педагогикалық процесс бір қас-қағым сәттік емес, ұзақ мерзімдік уақытқа бағытталған;
педагогикалық процестің ішіндегі қосымша жүйелердің ортасы мен өзара байланысқан бағыттарының әсері көптеген факторларды тудырады, соның ықпалы негізінде ең ақырғы, түпкі нәтиже қалыптасады.
Барлық педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтарының айқындалғандарын ескере отырып, баланың тұлға ретінде дамуының тиімді жағдайын нақтылы әлеуметтік-экономикалық жағдайларда өзіндік даму және өз орнын таба алу қабілетін қамтамасыз еткізетін, мұғалімнің тікелей басшылыққа алатын қағидаларын принциптер деп атайды. Біртұтас педагогикалық процестің принциптері – нақтыланып баратын оқу мен тәрбиеге бастау, жетекші талаптар анықталады. Қай педагогикалық процесс болмасын, өз дамуының белгілі бір ізділігіне сәйкес кезеңдерге бөлінеді. Принциптер мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға қойған негізгі талаптар болып есептеледі, олар тұрақты нысаналар болып және педагогикалық процестің қызмет істеуінде шығармашылық ықпал етеді. Негізінен принциптерде педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтары жүзеге асады. Бұл мұғалімнің теориядан практикалық әрекетке көшуі болады:
педагогикалық процестің ізеттілігі, тұлғалық-нысаңдық бағыттылығы;
іс-әрекеттің сана мен мінез-құлық бірлігін қалыптастыруға бағыттылығы;
педагогикалық процестегі іс-әрекеттерді оқушылар тұлғасын дамытудың көкейкесті қажеттілігін ескере отырып ұйымдастыру;
педагогикалық талап қоюшылықты оқушының көзқарасын оны адамдарға, құбылыстарға, процестерге қарым-қатынасын сыйлаумен ұйымдастыру;
оқушы мен ұжымның дамуында жеке даралықты, психологиялық физиологиялық жас ерекшелік пен ұлттық ерекшеліктерді ескеру;
педагогикалық басшылықты оқушылардың инциативасымен, қайраткерлігімен ұластыру; оқушылардың іс-әрекеттерде тиімді нәтижелерге жетуге көмектеседі;
ұстаздардың, оқушылар ұжымының және отбасыларының оқушыларға қоятын талаптарының үйлесімділігі;
әрбір бала үшін тиімді психологиялық ахуалдың әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету; оқушы тұлғасы мен ұжымның дамуындағы жаңа құрылымды үздіксіз бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: |