Сақтандыру шарты - өзіне тиесілі сақтандыру төлемдерін төлеуге міндетті сақтанушы мен сақтандыру оқиғасы болған жағдайда сақтандыру өтемін төлеуге міндетті сақтандырушының арасында жасалған келісім. Сақтандыру шартты сақтанушы сақтандыру төлемін төлеген сәттен, ал оның мерзімін ұзарта отырып төлесе, егер шартта немесе міндетті сақтандыру туралы заңды өзге жағдай көзделмесе, сақтандыру жарнасы бірінші рет төленген кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.
Сақтандыру мүддесі – қоғамдық өндірістің тәуекелдік сипатына, сақтандыру қорғауына байланысты сақтандыруға қатысуға деген экономикалық мүдделілік және мұқтаждылық, сондай – ақ мүліктің құруына немесе жойылуына байланысты келтірілген зиянның орнын толтыруға төленетін сақтандыру сомасы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |