Сақтандыру объектілері мен заттары. Мүліктік сақтандырылуға жататын материалдық құндылықтар мен жеке сақтандырудағы азаматтардың өмірі, денсаулығы, еңбек қабілеттілігі сақтандыру объектілері болып табылады. Ал сақтандыру заттарына мынадай объектілер жатады: құрылыстар, ғимараттар, көлік құралдары, үй мүліктері, еңбек қабілеттілігінің жойылуы және т.б.-
7.Сақтандыру бағасы – сақтандыру объектісі ретінде құндары бар материалдық құндылықтарды көрсететін мүліктік сақтандыру термині. Сақтандыру бағалауына сақтандыру мақсатында объектінің құнын айқындау жатады. Халықаралық сақтандыруда «сақтандыру құны» деген термин қолданылады.
8. Сақтандыру ауқымы – сақтандыруға болатын объектілердің ең көп мөлшері. Мәселен, мүліктік сақтандыру бойынша белгілі бір аумақ көлемінде сақтандыруға жататын объектілердің саны не болмаса мүлік иелерінің саны сақтандыру ауқымы есептеленеді. Жеке сақтандыруда сақтандыру ауқымы сақтандыру шарты жасалынуы мүмкін жеке тұлғалар санын, не болмаса елді мекеннің тұрғындарының жалпы санын қамтиды.
9. Сақтандыру портфелі – белгілі бір аумақтағы немесе ұйымдағы сақтандырылған объектілердің саны немесе жүретін (ағымдағы) сақтандыру шарттары.
10. Сақтандыру нарығы – сақтандыру қызметін сатып алу – сату жөніндегі экономикалық қатынастардың жүйесі.
11. Сақтандыру пайдасы - сақтандыру қызметінің бағасы мен оны (қызметті) көрсетудің өзіндік құнының арасындағы айырма.
12. Сақтандыру сомасы – сақтандырылған объектілердің ақша қаражаттарының сомасы немесе сақтандыру оқиғасы орын алған жағдайда орындалатын сақтандырушы міндеттемелерінің шекті мөлшері.
19.Сақтандыру ковернотасы - сақтандырушылардың тізімі көрсетілген сақтандыру шартының жасалғанын куәлендіретін және сақтанушыға делдал тарапынан берілетін сақтандыру туралы куәлік. Сақтандыру ковернотасы сақтандырудың толығымен жүзеге асырылғанын куәлендіргенімен өзінің заңи күші болмайды.Сондықтан жаңағы делдал белгілі мерзім ішінде сақтанушыға сақтандыру полисін табыс етуге тиісті.
20.Коносамент - жүктің тасымалдануға алыну фактісін куәлендіретін және белгіленген портта оны жүкті алушыға табыс ету міндеттемесін дәлелдейтін жүкті тасымалдаушының жүктің иесіне беретін құжаты.Коносамент бірден үш көрініс табады: халықаралық саудадағы тауарларды бөлу құжаты; тасымалдау туралы шарттың жасалғанын (бар екенін) және мазмұнын дәлелдеу жөніндегі құжат; жүкті тасымалдаушы мен оны алушының арасындағы құқықтық қатынастарды көрсететін құжат.
21. Шомаж - сақтандыру оқиғасының туындауы нәтижесінде өндірісті тоқтатуға байланысты пайданың болмауын және басқа қаржылық зардаптарды сақтандыру.
22.Сақтандыру бонусы - жол апатынсыз жүргені үшін немесе ұзақ мерзім ішінде сақтандыру өтемін алуға келмегені үшін сақтандыру жарнасынан шығарылып тасталатын соманы білдіретін көлікті сақтандыру термині.
23.Сақтандыру каргосы (карго) - тасымалдаушы көлік құралдарының өз құндарын сақтандырмай, тек теңіз жолымен, әуе кеңістігінде және жерде жүретін көліктермен тасымалданатын жүктерді сақтандыру.
24.Сақтандыру каскосы (каско) - тасымалданатын жүктерді сақтандырмай, тек су кемелерін, ұшақтарды,автокөліктерді сақтандыру.
25.Сақтандыру франшизасы (франшиза) - келтірілген зиянның сомасын анықтау кезінде сақтандырушының жұмсаған шығынының мөлшеріне біршама сәйкес келетін, келтірілген зиянның орны толтырылмайтын (төленбейтін) бөлігі (қалпына келтірілмейтін мөлшері).
26. Форс - мажор – сақтанушы мен сақтандырушының өз міндеттемелерін орындаудан босауларына негіз болатын дүлей күштер мен төтенше жағдайлар.
27. Фрахт – жүктерді немесе жолаушыларды су көлігімен тасымалдау үшін алынатын төлем.
28. Чартер - фрахт шартының бар екенін куәлендіретін құжат, яғни теңіз жолымен тасымалдау шартының нысаны. Осы фрахталық мөмілелер үшке бөлінеді: 1) рейстік чартер; 2) уақытша чартер; 3) жалдау чартері.
29. Сюрвейр - сақтанушының немесе сақтандырушының өтініші бойынша жүктер мен кемелерді қарап шығатын және олардың жағдайы жөнінде қорытынды беретін эксперт.
30. Тантьема – қайта сақтандыру шартына қатысуға мүмкіндік бергені үшін қайтадан сақтанушыға қайта сақтандырушының пайдасынан берілетін комиссия, яғни сыйақы.
31. Полис – сақтандыру шартының заңи бекітілуін білдіретін құжат.
38. Сақтандырудағы квота—сақтандырушының сақтандыруға, қайта сақтандырушының қайта сақтандыруға қатысуының үлесі.
39. Сақтандыру жауапкершілігінің шегі (лимиті) - сақтандыру полисінде көрсетілген сақтандыру сомасы, яғни сақтандыру шартынан көрініс табатын сақтандырушы жауапкершілігінің ең жоғарғы шегі.
40.Ллойд – әрқайсысы сақтандыруды өз тәуекелдеріне алатын, «Ллойд» практикасында андеррайтерлер деп аталатын, жекеменшік сақтандыру корпорациясы.
41. Аннуитет – сақтандырушының өз сақтандыру жарнасын сақтандырушыға бірден немесе бөліп-бөліп төлеуі. Ал содан кейін белгілі мерзім ішінде сақтандырушының сақтанушыға қайсыбір кепілдендірілген сомасы (рентаны) төлеп отыруы жөніндегі шарт.
42. Аквизитор – сақтандыру аясына жаңадан сақтандырушыларды тартумен айналысатын сақтандыру агенті немесе делдалы (маклері).
43. Андеррайтер – сақтандыру тәуекелдерін өздеріне алуға сақтандыру компаниясынан немесе синдикатынан өкілеттілік берілген тұлға.
44.Аутсайдерслер - сақтандыру компаниялары немесе делдалдық формалары және т.б
Аутсайдерлер тиісті сақтандыру одақтарының, ассоцияцияларының мүшелері болып табылмайды және бәсекелес тарап ретінде көрінеді
45. Тарифтік ставка – нақты белгіленген ақша бірлігі мөлшерінде немесе проценттер арқылы көрініс табатын сақтандыру тәуекелінің бағасы.
46.Полис ұстаушы - сақтанушы.
47.Тәуекелдерді басқару – тәуекелдерді азайту (болдырмау) және олардың қаржылық зардаптарын жеңілдету мақсатында жүзеге асырылатын шаралар жүйесі. Батыста көбінесе, тәуекел-менеджмент деп аталады.
48. Тәуекел факторлары – зиянның болу мүмкіндігіне немесе мүмкін болатын зиянның мөлшеріне ықпал ететін сыртқы құбылыстар немесе объектілердің өздеріне тән ерекшелігі (жағдайлары)
49. Слип – қайта сақтандыру жөніндегі ұсыныс жасап отырып әрдайым қайтадан сақтанушының қайта сақтандырушыға салып жіберетін құжаты.
50.СИФ – тауардың,сақтандырудың, фрахтаның құны
51.Сақтандыру қорғауы – стихиялық опаттар мен өзгезе төтенше жағдайлардың материалдық өндіріс аясы мен жеке тұлғаларға келтірген залалдардың орнын толтыруға немесе зардабын жоюға байланысты арнайы бөлу және қайта бөлу қатынастарының жиынтығын көрсететін экономикалық категория ,сондай – ақ нақты объектілерге келтірілген зияннын орнын толтыруға және зардабын жоюға байланысты қайта бөлу қатынастарының жиынтығы болып табылады.
52. Сақтандыру тәуекелі – көп мағыналы термин болып табылады:
а.Нақты сақтандыру оқиғасы, яғни сақтандыруға жататын белгілі бір қауіп – қатер.
б. Сақтандыру оқиғасының зиян келтіру мүмкіндігі.
в.Сақтандырумен қамтылмаған, осыған орай сақтанушының тәуекелінде қалдырылған мүліктің құнының бөлігі;
г. Сақтандыру бағалауы және зиян келтіру мүмкіндігінің дәрежесі бойынша нақты сақтандыру объектілері.
53. Сақтандыр залалы – сақтандыру бағалауы бойынша толығымен жойылған немесе бүлінген бөлігінде құнсызданған мүліктің құны.Сақтандыру залаланың сақтанушыға төлеуге жататын бөлігі немесе зиянның толық сомасы сақтандыру өтемі деп аталады.Жеке сақтанудырудағы төленуге тиісті ақша қаражаттары сақтандыру сомасы болып есептелінеді.
54. Пайда алушы – шартқа немесе міндетті сақтандыру туралы заңға сәйкес сақтандыру өтемін алушы болып табылатын тұлға.
55. Сақтандыру төлемі – сақтандырылғаны үшін сақтанушының сақтандырушыға міндетті түрде енгізетін төлемі.
56. Сақтандыру оқиғасы – егір туындайтын (туындаған ) болса сақтандыру шартында сақтандыру өтемін төлеу көзделінген жағдай.
57. Қосарлы сақтандыру – бір ғана сақтандыру объектісін бірнеше сақтандырушыда сақтандыру.
58. Сақтандыру актісі – орын алған сақтандыру оқиғасының фактісі мен себебін куәлендіретін белгілінген тәртіппен жасалған құжат.
59. Сақтандыру брокері немесе маклері – сақтанушы мен сақтандырушының арасындағы делдал болып табылатын компания немесе жеке тұлға.
60. Сақтандыру пулы - әдетте өте ірі және қауіпті тәуекелдерді қабылдау кезінде тәуекелдерді бірлесіп сақтандыру үшін сақтандыру компанияларының бірігуі.
Достарыңызбен бөлісу: |