2. ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
Дәрістің мақстаы - сақтандырудың экономикалық мәнін және өмірдегі қажеттілігін жеткізу.
Тақырып: Сақтандырудың мәні,мақсаты
1.1.Сақтандыру мәні,мақсаты.
1.2.Сақтандыруда қолданылатын түсініктер мен ұғымдар.
1.3.Сақтандыру функциялары,нысаны.
Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастардың айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс стерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
қатынастардың ықтималдық сипаты;
қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда – мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру – қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы
Сақтандырудың қаржыдан және несиеден ажыратып тұратын белгілі бір ерекшеліктері бар:
1. Сақтандыру қатынастарының ықтималдық сипатымен байланысты ақшалай
қайта бөлудің болуы. Сақтандыру оқиғаларының болуымен және зардаптарымен байланысты сақтандыру қорының қаражаттарын пайдалану.
2. Сақтандыру қатысушылар арасындағы тұйық қайта бөлу қатынастары.
3. Қаражаттарды аумақ бойынша, сол сияқты уақыт бойынша қайта бөлу.
4. Сақтандыру төлемдердің сақтандыру қорына қайтарылушылығы. Сақтандыру – бұл шаруашылық субъектілеріне келтірілген материалдық шығындарды өтеу және азаматтарға ақшалай көмек көрсетуге арналған сақтандыру қорының ақшалай жарналары есебінен оны құру бойынша оған қатысушылар арасындағы ерекше тұйық қайта бөлу қатынастарының жиынтығы.
1.2.Сақтандыруда қолданылатын түсініктер мен ұғымдар.
Сақтандыру – сақтанушылардың сақтандыру жағдайлары салдарынан шеккен залалдарын өтеу үшін сақтандырылушылардың жарналары есебінен сақтандыру қорының құрылуына байланысты осы қорға қатысушылардың арасында туындайтын қайта бөлу қатынастарының жүйесі. Мүлікті сақтандыру, жеке басты сақтандыру, жауапкершілікті сақтандыру , кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру , әлеуметтік сақтандыру түрлеріне бөлінеді және міндетті, ерікті сақтандыру нысандарында жүзеге асырылады. Сақтандыру түрлері кәсіп орындардың, ұйымдардың, азаматтардың нақты сақтандыру мүдделерін ескереді, сақтандыру объектілері мен заттарының кең щеңберін түрлі сақтандыру жағдайларынан сақтандырмалық қорғаумен қамтуға мүмкіндік береді.
Сақтандыру агенті – берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және соның тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
Достарыңызбен бөлісу: |