5.4 «Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын одан әрі нығайту» бастамасы. Аудандық маңызы бар қалаларда 2 мыңнан астам тұрғыны бар ауылдарда, қалалар мен ауылдық округтерде, тәуелсіз бюджет және жергілікті
өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншіктері енгізілетін болады. 2020 жылдан бастап осы нормалар барлық елді мекендерде жұмыс істейтін болады. Бұл халықты жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге тартуға мүмкіндік береді.
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді органын құру мәселесі пысықталады, бұл жергілікті қауымдастықтың бюджетті бекітуге қатысуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінің кіріс көздерін одан әрі арттыру мәселесі де пысықталады. Мәслихаттардың бюджеттік процесс бөлігіндегі құзыретін арттыру бойынша іс-шаралар іске асырылатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |